Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 04:50, реферат
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздігін баянды ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің 1997 жылғы қазан айындағы “Қазақстан – 2030” деген халыққа арналған Жолдауында бұл міндеттер айқын тұжырымдалған. Осындай жауапты да күрделі міндеттерді табысты орындап шығу жолында адамзат тарихындағы саяси – экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелі билік құруы мәселелерін жете зерттеп, олардың үлгісінен тағлым алудың маңызы зор.
Ақыры Абдолланың орнына 100 түйе құрбандыққа шалынды (Әбді әл-Мүтәліб сәуегейдің айтқанын орындап Қағбаның ішінде Абдолла мен 10 түйе алып келді. Жеребені он рет сү рағанда 10 рет Абдоллаға шықты. Құрбандық жолы Абдоллаға түскен сайын он түйеден айдап әкеліп қосып отырды. Тек түйе саны 100-ге жеткенде жаратқан адам қанының өтеуіне осы жарайтынын білдірді.
Әбді әл-Мүтәліб қателесуден қорқып, 2 рет садақа суырды, 2 ретінде де құрбандық жебесі түйеге түсті. Енді күмәндануға негіз қалмады. Сүйтіп, Абдолла ажалдан аман қалды).
Шамамен 569 жылы Абдолланы әкесі Әминаға үйлендірді. (Әмина-“Кіршіксіз адам” дегенді білдіред). 569-570 жылдары Сананың билеушісі Абдраханың қолбасшысымен иемендіктердің Меккеге жорығы басталды. Жорыққа Эфиоп әскері қатысты . ... Бірақ олар сәтсіздіктерге ұшырады (торғайлар тас лақтырыды ; әскер шешек дертіне шалдығып, қырыла бастады. Аман қалғандарды кері қашты. Сол жылы иемендік арабтар Эфиоп әскерін елінен қуып шықты. Оларға Иран көмектесті.
Болашақ пайғамбар, құрайыш тайпасының Омейя руынан шыққан Абдолла мен Әминаның отбасында 570 жылы 29 тамызда (биыл 17-18 шілде) дүниеге келді. Мұхаммед туардан 2-3 ай бұрын әкесі өлді. Әкеден қалған мұра : бес түйе, бірнеше қой және ассирийлік күн Барақат. ...,.... көшпенді тайпаларға тәрбиеге беру дәстүрі барды. Бұл жолы Меккеге балаларды тәрбиеге алуға құрғақшылық салдарынан жоқшылыққа ұшыраған Бану-Сал, Бану-Бәкір тайпаларының әйелдері келіп еді. Олар қолақы төлемі аз бола ма, ал жесір әйел тұрмысқа шықса жаңа күйеу тіпті ештеңе татырмай ма деп әкесіз жетім Мұхаммедті алғысы келмеді [39].
Басқа пысық әйелдер баға шартына келісіп, ауқатты тәуір үйлерден бала алып жатқанда, Халима деген әйел құр қол қайтпау үшін күйеуінің рұқсатымен Мұхаммедті ала кетті. Сүйтіп, алты айлық нәресте көшпенділер қолына түсті. Сонда 4 жыл тәрбиеленді. ... Мұхаммед пен оның емшектес ағасы қозыларды қарап, үйден алыстау жерде ойнап жүрген. Бір кезде олардың жанына ақ киім киген екі адам келді.
Олар Мұхаммедтің шалқасынан жатқызып, кеуде сүйегін ашып, жүрегін шығарып алған. Жүрегінде қара дақ бар екен, соны алып тастап, баланың жүрегі мен ішкі сарайын аппақ қармен жауып тазартып, жүрегін орнына Салғанда, бұрылып кете беріпті.
Халима Мұхаммедті шешесіне қайта әкеліп береді. Алты жасқа толғанда шешесі Мұхаммедті Ясрибте тұратын нағашыларымен таныстыруға алып барады. Қайта келе жатып Әмина жол үстінде кенеттен қайтыс болып , Абва елді мекенінің жанында жерленеді.
Мұхаммедті атасы Әбді әл-Мүтәліб (Шейба) қолына алды. Ол Қағбаның кілтшісі болғандықтан уақытының көбін діни орданың жанында өткізді. Сүйікті немересі атасының жанында болады, кейде түнеп те қалатын. Әбді әл-Мүтәлібтің басқа немерелері маңайлайда алмайтын кереует Мұхаммедтің жатса-жастығы, қисайса-төсегі болды.
Қағба маңындағы діни Ғұрып, жоралғылар Мұхаммедтің көз алдында өтіп жатты.
Қағбаның күнделікті тірлігімен етене болу Мұхаммедтің бойында дінге деген, діни оқуға деген құштарлықты ерте оятты. Мұхаммед көрген-білгенін бұлжымас қағида деп түсінбей, әр сақ қиялға салынып көп ойланатын[30].
Мұхаммед сегізге толғанда “сенің табаныңа қадалған шөгір (мыңға) (тікен) менің маңдайыма қадалсын” деп отыратын абзал атасы Әбді әл-Мүтәліб қайтыс болды. Ол өлерінің алдында үлкен ұлы Әбу Тәліпті шақырып алып, Мұхаммедке қамқор болуды тапсырды.
Жиырма бес жасында Хубайли қызы Хадишаға үйленіп, тұрмыс құрған біраз жылдан соң, Мұхаммед ойламаған жерден таңғажайып бір дертке шалдықты. Дерттің сырт сұлбасы-талмаға ұқсас еді. Ғажайып түстер мен оқта-текте ұстайтын талма дерті Мұхаммед бойына жабысқан кесел емес, тылсым дүниемен байланысатын саңылау деп қабылдады. Ол жас кезінде-ақ Хадишаға үйленбей тұрып, Құдайдың жалғыздығы туралы ойға бой алдырған еді. Құдіреті күшті жаббардың жалғыздығы туралы ой сол кезде етек алған христиан, иуда діндерінде бар болатын. Мұхаммедтің ұлылығы сонда-ол Құдайдың жалғыздығын дәлелдеймін деп бас қатырмай оны әрі қарай тереңдетіп дамытты[41].
Хира тауында періште арқылы Мұхаммедтің аузына салынған бес жол сөз - Құдай болмысы туралы, Құдайдың адамға деген ықылас, пейілі туралы терең мазмұнды әңгімелерге арқау болуға молынан жарады. Рамазан айы арабтар өзара тұтатын қасиетті айы еді. Оның үстіне осы айда Алладан аян болып, оның қадір – қасиеті тіпті арта түсті. Сөйтіп, бұл орайда Мұхаммед иуда, христиан қағидаларынан әрі кетті. Мұхаммед арабтардың пұтқа табынушылық үрдісінен үзілді – кесілді бас тартып, дүниедегі ең басты философиялық мәселе – мейірім мен зұлымдық мәселесін бірбеткей шешіп, Құдай туралы түсінікті жаңаша әліптеді. Қай діннің де негізгі, түп қазығы Құдай туралы түсінік. Христиан діні Құдайды тайпа, ұлт шеңберінен шығарып оған жалпыхалықтық мән берді. Ал Мұхаммед болса, Құдайдың жалғыздығы туралы ұғымды шегіне жеткізе дамытты. Дінді теориялық жағынан бұдан әрі тереңдете түсіндіру мүмкін емес [42].
Бұдан әрі тереңдетер болсақ, дін жоғалып, философия, объективті идеализм үрдістері басталмақ. Қалай дегенмен де Құдай, дін туралы қағидаларды Мұхаммедтей терең әліптеген жан баласы болған емес. Мұхаммед алғашқы аянды 610 жылы рамазан айында Хира тауында ұйықтап жатып алды. Ол біршама күдікті халдерді басынан кешіріп барып, әлгінің түсі де, өңі де емес, Алланың аяны екеніне көзі жетті. Көзі жеткен соң өзінің ұстанған діни бағдарының дұрыс екеніне де кәміл сенді. Сөйтіп, пайғамбар – барлық жолға бет түзеп, ден қояды. Ол ұзын арқан, кең тұсауға салынбай өзінің діни жолын бірден – ақ уағыздауға кірісті [39]
Неше жылдар күдік пен күйзелісті басынан кешіп, жалықпай, талмай іздене жүріп, қолын аспанға жайып тілене жүріп тапқан дінін Мұхаммед Ислам деп атады. Ислам – “өзіңді Құдайдың еркіне тапсыру” деген сөз. Адам баласы арасында мұсылман үмметіне енген алғашқы жан – Хубайлид қызы Хадиша. Ол мұсылман дінін күйеуінің ыңғайына бола емес, өзі шын жанымен сеніп қабылдаған. Аспандағы құдіретті – Құдай, оның жердегі елшісі – Мұхаммед пайғамбар деген тұжырым оның ойынан шығып, бірден – ақ көңіліне сену керек еді, оған шүбә келтіру – Құдайға да шек келтірумен бара – бар [42].
Хадишаның ізінше Мұхаммедтің ағасы Абу Талибтың баласы Әли де, асырап алған өгей баласы Зейд те мұсылмандыққа енді. Хашім әулетінің баскөтерері Әбу Тәліптің қиын жағдайларға душар болсаң ара түсіп қолдаймын, қорғаймын деп уәде етуі – енді діни уағзаларды ашық жүргізуге мүмкіндік берді. Өз үй жайларының төрт қабырғасына қамалған жаңа оқу енді табалдырықтан аттап шығып, Мекке көшелеріне ептеп жайыла бастады. Өз ағайындары ешқайда қашпайтын, тулағанмен далаға шығып кете алмайтын, ең бастысы – жаңа дін аясына басқа аталардың өкілдерін тарту еді. Жаңа дінің шағын ғана уағызшылары Мұхаммедтің өзі бас болып осы іске жарғақ құлақтары жастық көрмей жанталаса кірісті. Құрайштардың арасынан жаңа дінге алғаш боп ден қойған Әбу Бәкір еді. Ол құрайштардың Тайм атасынан болатын. Ислам дінін өзі ғана қабылдап қоймай, ол сонымен бірге оның белсенді үгітшісі айналды. Басқа аталардан Әбу Бәкірден кейін Ислам дініне ынта қойып, қалтқысыз мойын ұсынған Әбді Шаме атасынан он үш жасар Осман ибн Афан. Әбді Шаме Меккені ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап тұрған ықпалды екі қауымның бірі [45].
Он үш жасар Османның Ислам дініне енуі - Әбу Шаме атасының іргесі сөгілуі емес – ті. Османмен бір тұста мұсылман жорасын Асад әулетінің өкілі, Мұхаммед пен Хадишаның туысы отыз жасар Әл – Зубейра да қабылдады. Ол Асад әулетінің ықпалы жоқ , қатардағы адамының бірі еді. Ал оның есесіне Зухра әулетінен Әбді ар – Рахманның Исламға бой ұсынуы елеулі жеңістердің бірі болды. Осы шамада Зухра әулетінен он жеті жасар Сайд ибн Уаққас, Тайм әулетінен жас Тальха ибн Ұбайдолла да мұсылмандықты қабылдады. Мұның бәрі Әбу Бәкірдің жігерінің арқасында жүзеге асты. Алтайда енді – енді орныға бастаған Ислам дінінің жолы теп – тегіс, даңғыл бола қойған жоқ. Алғашқыда ол жасырын түрде ағайындар арасында тарады. Содан біртіндеп қанатын жайып, шеңберін кеңейткендей болғанымен, іргеленіп күш алып кете алмады [13].
Үш жылда мұсылмандыққа өткендердің саны бар – жоғы қырық – елуге жетті. Араб тарихшылары ұзақ жылдар бойы мұсылман үмметіне алғаш енгендердің тізімін жасап келеді. Соған қарағанда жаңа дінді жақтаушылардың көбі жастар, өздері жеке бастары атақ-абыройға жете қоймағанымен, ауқатты әулеттен шыққандар да жоқ емес. Ал бір кезде тұтқын болып басы азаттық алған адамдар мен құлдардың мұсылман болғандары тым аз еді.
Құлдар мырзаларының ықпалымен жүріп тұрды. Мұхаммедті қолдаушылар негізінен өзі сияқты ұсақ саудагерлер еді [39].
Мұхаммед пен оны жақтаушылардың Иасрибке қоныс аударуы араб термининде хиджра деп аталды.
Бұл жерде Мұхаммедті оның тайпалары қабылдаған, солар кіретін жаңа діни қауымның бас уағыздаушысы, билеушісі ретінде таныды. Мұхаммедтің жағдайы қиын болды. Иасрибдтегі тайпалар көсемі оның жоғарғы діни беделін мойындағанымен, шындығында билік пен күштің барлығы солардың қолында болды. Мұхаммедтің қауымының ішкі өміріндегі ұйымдастырулардың алғашқы қадамдары өте сақтықпен жасалды.
Дінге сенушілердің жаңа қауымды құрудағы алғашқы маңызды келісімдердің бірі Мухаджирлер мен ансарлар арасындағы ағайындастық құруы еді. Бұл арадағы ағайындастық құруда оларды туған бауырластай қылып жіберді. Иасрибтағы барлық араб тайпалары ресми түрде исламды қабылдағанымен, олардың арасынан кейбіреулері сыни көзбен де қарады. Әсіресе иудиліктер жағынан оппозиция күшті болды.
Олар, әрине Мұхаммедтің құдайшылық миссиясын таныған жоқ. Мұхаммедтің Иасрибке келгеннен кейінгі жарты жылында ол мұнда мешіт салдырта бастады [44]. Иасрибтегі позициясы әбден орныққаннан кейін, оның Меккеде де қарсылық көрсететін ешкімі қалмады. Сауда жолдарының Иасриб жанынан өтетіндігіне байланысты, Меккеліктердің керуендеріне ауыр соққы жасауларына мүмкіндік берді. Көптеген нәтижесіз шапқыншылықтардан кейін, Иасрибті ұстап тұрған билігінің жеткіліксіздігінен Мұхаммед өзі шапқыншылықты басқа алады. 624 жылғы ең бірінші жеңістері Мекке мен Таиф жолындағы Нахл қаласын аздаған мұсылман топтарының алуымен аяқталды. Ал ислам тарихындағы алғашқы өлімдер, түсірген (құлдар) тұтқындар мен пайдалар туралы мұсылмандар мен ансарлар арасындағы қарулы қақатығыстар төңірегіндегі әңгімелерден көреміз. 624 ж. 15 наурызда Бадр маңында Мұхаммед пен Әбу Бәкір бастаған Мұсылмандар мен меккеліктер арасында кескілескен шайқас болды. Өте күшті қарсыласының бүйтіп тас-талқан болып жеңілуі екі жақты да таң қалдырады [41]. Мұхаммедтің екі жыл бойғы Иасрибтегі уағыздауы идеологиялық танымдылық пен ішкі сыртқы ерекшеліктердің түрін байқатты. Мұхаммедтің жеңістері көпшіліктің алдындағы оның дұрыстығын дәлелдей түсті. Иасриб қарапайым қаладан мұсылмандар үшін Мадинат ан-наби немесе Седина деген пайғамбар астанасына айналды.
Бадр түбіндегі жеңілістен Мединаға қашқан Абу Суфиан күйрей жеңілгеннен әбден кектенді. Жалғыз өзінің күшімен Мұхаммедті жеңе алмайтынын білген ол, өз жағына Тафтың сакифиттері мен ахабши бірлестігіне кіретін тайпаларды таратады. Армияның жалпы санында 3000 адам болды. Бұл армия 625 ж. 21 наурызда Мадинадан 10 км. оңтүстік-батыста орналасқан Зу–л–Хулайфы жеріне келеді [43]. Осы кездерде Медина әлі соғысқа дайын емес еді. Бірақ адам жинап үлгерген Мұхаммедтің әскері соғыс аяғында қашып үлгереді. Соғыстың Мұхаммедтер үшін жеңіліспен аяқталғанымен, оның мединелік жақтастары арасында беделі түспеді. Ал Мединаның көршілес көшпенді тайпалары Мұхаммедке, енді. Ухудадағы жеңілістен кейін де Мұхаммедтің соғыс қозғалысы бұрынғыдай шығысқа бағытталған болатын.
Ухудадағы жеңілістен кейін де Мұхаммедтің Мекке мен Медина арасындағы тайпаларға ықпалы тоқтаған жоқ. Қарсыластарына төтеп беру үшін меккеліктер Мұхаммедке қарсы ең соңғы күштерін жинады. 627 ж. наурыздың аяғында Медина жаққа қарай ондаған мың курайшиттер мен олардың жақтастарының әскері жақындап келді. Мұхаммед меккеліктердің негізгі әскер- кавалерияға қарсы Мединадан 6 км. ор қаздыртып тасады. Енді соғысты ордың ішінде өткізуге тура келеді [25]. Меккеліктер Мединада қалған курайза иудей тайпаларымен астыртын келіссөз жүргізіп жатқан кезде, Мұхаммед басқа тайпаларды өз елдеріне кетіруге итермелеген еді. Нәтижесіз болған екі апталық ордағы соғыстан кейін меккеліктер бұл жерді тастап кетеді. Осы кездерде Мұхаммед курайз тайпаларынан кек қайтарады; еркектерін өлтіріп, әйелдер мен балаларын құлдарға айналдырады. Мединедегі исламның ең соңғы қарсыластары жеңілуі осылай аяқталады.
628 ж. меккеліктер бастаған келіссөздерден кейін екі арада шабуыл жасаспау туралы шартқа келісім береді. Меккеліктердің оларды тең жағындай көріп, келісім-шартқа қол жетуі – Мұхаммедтің үлкен саяси жеңісі болды. Худайбидегі келісімінен кейін мұсылмандар Хайбар оазисін жеңіп алады. 629 ж. [23] Мұхаммед бастаған 2000 мұсылман Меккеге қажылыққа барып келеді. 626 ж. желтоқсанда курайшиттермен одақтас тайпалар Мұхаммед әскерлеріне Мекке түбінде шабуыл жасайды. Бұған жауап ретінде 630 ж. қаңтарда ол он мыңдаған әскерін Меккеге қарай аттандырады. Осымен Меккенің тағдыры шешілгендей болды, ал Абу Суфиан ислам дінін қабылдайды. 12 қаңтар күні мұсылмандар толығымен Меккеге басып кіреді. Осы кездерде Меккенің солтүтік-шығыс тауларында мұсылман шапқыншылығына қарсы хавазин мен скиф тайпалары дайындықта еді. Ай аяғында мұсылмандардың 12 мыңдық әскері, қарсыластарының 30 мыңдық әскерін үлкен қиыншылықпен жеңіп шығады. 631 ж. исламның Аравияда триумфалды түрде жүріп өтуі болды [40]. Бұл Таиф тұрғындарының ислам дінін қабылдауынан басталды да, Оталық Аравияның тайпалары мен Бахрейннен елшіліктер келе бастады. Бұл Мұхаммед ілімдерінің үлкен саяси күшке біріккенін дәлелдей түсті. Жылдың соңында Йамамның солтүстік-шығыс бөлігін қоспағанда, бүкіл Аравия түбегі ресми түрде ислам дінін қабылдап, Мұхаммед өкіметін мойындады. Мекке мұсылман дінінің орталығына, бүкіл мұсылмандардың “қасиетті” қаласына айналады. Мұхаммед мемлекет пен мұсылман мешітінің басқарушысы болды.