Қаржы және инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 10:39, реферат

Краткое описание

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптеп бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге райда борлды, әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.

Файлы: 1 файл

ИНфл и карж.doc

— 76.00 Кб (Скачать)

Қаржы және инфляция. 

Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы. 

      Экономикалық  құбылыс ретінде инфляция көптеп бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті  ақшаның шығуымен бірге райда  борлды, әрі ақшаның қызметімен тығыз  байланысты деп саналады.

      “Инфляция” термині (латынның inflatio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналасына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азаиат соғысы жылдары (1861-1865 ж. ж) қағаз долларының (“гринбектердің”) қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия иен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады.

      Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы –  тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.

      Инфляция  – ақша жүйесінің  дағдарысты жай-күйі.

      Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:

      Айналысқа артық ақшаның шығарылуы;

      Қолайсыз  төлем балансы;

      Үкіметке  сенімнің жоғалуы.

     Ұзақ  уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс  деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы  мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің  артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бқл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.

     Бүгінде инфляция бағаның өсуі нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен өткізу сферасындағы әртүрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің  қарама-қайшылықтары себепші болады. Инфляцияның әуел бастағы себебі – ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.

     Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын(себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай – монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік – саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдырысы ү бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай-ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.

     Дүниежүзілік  құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта дағдарыстары),  басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның  сыртқы факторлары болып табылады.

    Сөйтіп, көп факторлы процесс ретінде инфляция – бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі.

      Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен  байланыстырып отыру қажет, өйткені  инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:

      белгілі бір салық   нысандары мен  әдістерін қолдану;

      инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;

      мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;

      мемлекеттік берешектік көлемі.

      Нарықтық  экономика кезінде қаржы инфляциялық  процеске  бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді (инфляциялық тенденцияларды күшейте түседі).

      Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарынң көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.

      Екінші  фактор – табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады  және  рыноктағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.

      Үшінші  фактор – бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты).

      Инфляция  қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады. Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.

      Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады  және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.

      Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын шиеленістіреді.

      Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді ( 1 сызбаны қараңыз)  қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан  болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың  белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейіне жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.

Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып,экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б.

      Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың түрлі деңгейлерінің  қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді ұқсас жағдайда қаржы қатынастарының оң бағытылығы инфляция деңгейін төмендетеді.

      Инфляцияны  бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші – Ìб пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің (“нарық себеті”) белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасы арасындағы арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былайша анықталадщы. Ағымдағы жылдың бағалары индексі шегеріліп, өткен жылдың бағалары индексіне бөлінеді, сонан соң жүзге көбейтіледі:

      Iб1 – I б0

      Инфляция  қарқыны  = —————* 100

      Iб0 

      Қазақстанда тұтыну туарларының бағасы мен қызметтер  көрсетудің тарифтері өткен жылға  қарағанда былайша өсіп отырды(есе):

1990-1; 1992-2,5; 1993-30,6; 1994-22,7; 1995-1,60; 1996-1,39; 1997-1,17; 1998-1,07; 1999-1,08; 2000-1, 13.  

      Дүниежүзілік  практикада егер инфляцияның қарқыны  жарты жыл ішінді және одан жағдайда көбірек айына 50 пайыз немесе аптасына 11,5 пайыз құрса, онда мұндай деңгей әсіре инфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда бұл деңгей 1992-1995 ж.ж. ішінде айтарлықтай асып түсті.

      Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды  және инфляцияның түрлерін мынадай  критерийлер бойынша ажыратады:

      бағалар өсуінің қарқаны бойынша:

     баяу  – баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның наминалдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;

    өршімелі – баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның затталнуы өседі; әсіреинфляция – баға  жүздеген пайызға өскенде; бағамен табыстардың

арасындағы  алшақтық ұлғайа бастайды;

      бағалар өсуінің теңгерімділік  дәрежесі бойынша:

      теңдестірілген  және теәдестірілмеген инфляция, теңдестірілген инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз қалады, теңдестірілмеген инфляция  кезінде – олардың бір-біріне ара қатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне әртүрлі үйлесімде;

      болжаулық(болжап айтушылық) дәрежесіне қарай:

     күтілген, болжалды және күтілмеген;

      шығу  немесе пайда болу орнына қарай:

      импортталған  және экспортталған;

      сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі тұқыртылған инфляцияны ажыратады.

      Қаржы мен инфляцияның өзара байланысының инфляцияның екі типі бойынша бақылап отыруғы болады: сұрану инфляциясы(тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы(өндірушілер инфляциясы).

      Бірінші жағдайда ол заңи және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранысның өсуінің салдары болып табылады.

      Екінші  жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшермелердің көбеюіне, тқтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.т.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады. Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз  тоқайласады, өзін өзара толықтырады, бұл инфляциялық шиыршық деп аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің тұтылынатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырады, мұндай өнімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың қосымша өсуі талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді( 2  сызбаны қараңыз.)

      Ңарықтық  экономиканың механизмі – бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың  банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өндірістің жеке салаласында ол жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет  шығыстары немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі щаралармен туындайтын сұранымның төмендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның щығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не  бағалардың төмендеуі болады. Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, рынокта тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге міжбүр болады. Процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік жасайды.

      Монополияландырылған  экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені өндіруші – кәсіпорынның шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды, жинақтай бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді таңдай алмайды. Ол жеткізушілер тарпынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз кезегінде ары қарай технологиялық өзгетіп жасау  бойынша түпкі тұтынушыға – халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірстің құлдырауына жеткізеді.

      Жалпы инфляцияның себептері базистық қатынастардың карама-қайшылықтарына, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оының өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділіген болады.

Информация о работе Қаржы және инфляция