Қаржы және инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 10:39, реферат

Краткое описание

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптеп бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге райда борлды, әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.

Файлы: 1 файл

ИНфл и карж.doc

— 76.00 Кб (Скачать)

      Инфляция  сыртқы экономикалық қызмет тарапынан араңдатылуы мүмкін, бұл – импортталатын және экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнынп ұлттық валютада баламалы сома алады; банк  пассивтері артады, мұның өзі оларға несие операциялары және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиландырылған   ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғалыс салады.

      Экспортталатын  инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы – елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың – рыноктердегі үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және коммерциялық және орталық банктер арқылы ұлттық  ақша айлан,ысқа шығарылады.

      Инфляцияның көріну нысаны - ақшаның құнсыздануы мен өнімге, таураларға және қызметтерге бағаның көтерілуінде тұлғаналатын оны сатып алуға жарамдылығының тиісінше төмендеуі*.

      Инфляцияның табиғаты – ақшаның онымен салыстырмалы  тұлғаланатын тауар ауқымынан оқшаландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде. Ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын осының бұл қасиеті оған өзінің арналымын – тауар, төлем айналымына қызмет көрсетуге отырып, тиімді орындауға, қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді. Бірақ ақшаның бұл қасиеті мемлекет белгілеген өлшемге сәйкес оның саны мен оған қарсы тұратын құнын натуралдық – заттай компонентерінің сәйкестігі жағдайында көрінеді: 

P x Q =M x V,

Мұндағы сол жақ бөлігі қоғамдық өнім құнын, ал оң жағы ақша айналысының жылдамдығын ескере отырып ақшаның санын( М – ақша массасы, V – айналыс жылдамдығы) білдіреді.

      Ұлттық  өндірістің артуы жағдайында ұдайы өндіріс процестерінде материалдық ағындарға қалыпты қызмет көрсету үшін ақшаның саны үйлесімді өсуі тиіс, өндіріс төмендеген кезде ақшаның артық санын айналыстан алу қажет. Алайда, практикада соңғы шарт бірқатар себептер бойынша ылғи орындала бермейді, бұл себептер тиісінше инфляцияның өмір сүруінің себептері де болып табылады.

      Қазіргі мемлекет қаржы – қаражатының, бірақ  өзінің негізгі бөлігінде тауар  айналысымен байланысты емес едәуір көлемін керек ететін сан алуан  функциялар орындайды. Бұл халықтың аз қамсыздандырылған топтарын әлеуметтік қолдау шығыстары, денсаулыққа, мәдени – ақпараттық мақсаттық, білімге, басқаруға, жұмсалатын шығыстар. Кінәратсыз экономика жағдайында мұндай шығыстардың көбеюі оның өздігінің дамуына жәрдемдесуі мүмкін, өйткені тауарлардың көбеюін және ұлттық өндірістің өсуін ынталандыра отырып, тиісті өнімге, қызметтер көрсетуге, тауарларға қосымша төлем қабілеті бар сұранымды туғызады.

      Тұралаушы экономикада мұндай шараларды қаржыландыру үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың қарыздар алу жолымен жұмылдырылуы мүмкін бос ақшалары сияқты салықтық түсімдердің жетіспеушілігі сезіліп тұрады. Мұндай жағдайда бұл шығыстарды жабудың бірден-бір көзі қосымша ақша шығару(эмиссия) болып табылады.

      Өндірістік  емес сфераны қаржыландыру міндеттіліктерімен қатар мемлекет дағдарыс жағдайында көпшілік қолды тауарларға салыстырмалы төмен бағаларды қолдау қажеттігінен залалды болып табылатын өндірістік сфераның қызметін қамтамасыз ететін салаларды қолдап отырады. Бұл қолдау не шаруашылық субъектілерге тура қаржылар бөлуде, не зияндарды өтеуге берілетін жәрдемқаржыларда, не мұндай субъектілерді жеңілдікпен несиелендіруге банктердің төмен пайыздық мөлшерлемелерін өтеуге көрінеді; сондай-ақ бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерге берілетін кредиттерге кепілдік берілуі мүмкін. Барлық жағдайда, әдеттегідей, баламалы қаржы ресурстарының алынған көлемі түрінде экономикаға қажетті қайтарым әкелмейтін қосымша ақшалай қуат беру болады.

      Инфляция  өндірістік сфераға, халықтың көптеген жігінің материалдық жағдайына, инвестициялық қызметке қауіпті әсер етеді.

      Инфляцияның классикалық көзі – мемлекеттік  бюджет тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж. бюджеттің бөлігінде 20,4%, 1992-8,6%, 1993-11,9%, 1994-10,2%, 1995-17,4%, 1996-15,4%, 1997-17,7%, 1998-18%, 1999-14,3%, 2000-9,8%, 2001-6,4%  құрайды. 2002 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 4,7 млрд. теңгені( ЖІӨ-ге 0,12%) құраса, 2003 жылы ол 53,4 млрд. теңгені немесе  ЖІӨ-ге 1,2% құрады.

      Инфляцияның дамуына инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды – алғашқы мөлшерлемесі 28% қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді, экспорттық және импорттық кеден баждарын енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар аударымдарын экономиканы жаңғырту қорына( бұрын – инвестициялық қор) , халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірден көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік шараларды асығыс жүргізу мүмкіндігін туғызды.

      Инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдалынатын кредиттер бойынша пайыздарды жатқызуды  тәртібі болып табылады; кредит үшін төлемакының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала бғанын да өсуіне соқтырады.

      Айтылған  факторлар өндіріс шығындарын - өндірушілер  инфляциясының арандатушы факторларға  жатады.

      Бағалардың  артуы жағдайында халықтың, әсіресе жеке кәсіптік және әлеуметтік  топтардың әлеуметтік дәмегөйліктерінің өсуін инфляцияның даму факторы деп есептеуге болады.  

                Инфляцияға қарсы саясат шаралары 

     Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған щаралар қолдана бастайды.

      Инфляция  кезінде мемлекет іс-қимылының екі  нұсқасы болады:

      1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу;

      бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық өлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады;

      компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды  өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша  көздерініздестіреді және т.с.с.

      2) инфляцияны төмендету басу жөніндегі инфляцияға қарсы шаралардың  кешенін жүргізу.

      Инфляцияны  жою ретіндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік – экономикалық, құқықтық, инстуционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді  қамтиды десекте олардың шешушісі базалық, өндірістік – экономикалық сфера болып табылады.

      Сұраным инфляциясын жоюға ақша және фискалдық саясатты пайдаланудың біршама қатардағы макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.

      Инфляцияға  қарсы саясат – инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.

      Дефляциялық саясат – мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшермелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық  механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады . Бұл саясат  экономиканы өсуін тежейді.

      Кірістер  саясаты – бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу щегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін.

      Инфляцияға  қарсы саясат  ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін  кіріктіреді:

    1. Орталық банкті нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту.
    2. Барлық несие ресурстары қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған кредиттер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.
    3. Кредит мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық  банктің коммерциялық банктерге  резервтік талаптарын арттыру.
    4. Сондай мақсаттарда Орталық банктің кредиттерін тікелей қысқарту. 

   

       

     
 

                                                             

Информация о работе Қаржы және инфляция