Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 04:50, реферат
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздігін баянды ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің 1997 жылғы қазан айындағы “Қазақстан – 2030” деген халыққа арналған Жолдауында бұл міндеттер айқын тұжырымдалған. Осындай жауапты да күрделі міндеттерді табысты орындап шығу жолында адамзат тарихындағы саяси – экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелі билік құруы мәселелерін жете зерттеп, олардың үлгісінен тағлым алудың маңызы зор.
Сондай-ақ қыпшақтардың
оңтүстік тобы, атап айтқанда, Сығанақ
тобы ХІІ ғасырда – ақ өздерін
мұсылманбыз деп санағаны
Сонымен түркілер ислам дінін өз еркімен қабылдаған халықтардың бірі болды. В.В. Бартольдтың айтуы бойынша “бұл жерде мұсылмандар исламды қарумен таратудан бас тарта отырып, үгіт-насихаттар арқылы үлкен табыстарға қол жеткізді”. Бұл насихаттың нақтылы түрлері туралы тарихи деректердің мәліметтері өте жұтаң. Алайда түріктерге, алғашында ислам олардың өмір салтына сәйкес келмейтіндей болып көрінгендігі жөнінде мәліметтер бар. Атап айтқанда, халиф Хишаның (724-743 жж.) елшісі түрік ханына исламды қабылдауды ұсынғанда ол былай деп жауап берген дейді: “Түріктер арасында шаштараз да, етікші де, тігінші де жоқ; егер олар исламды қабылдап мұсылмандық шарттарын орындайтын болса қалай күн көрмекші?”. Бұл жауап ханның ислам негіздерінен мүлдем хабарсыз болуынан немесе оның жаңа дінді саяси себептерге байланысты қабылдағысы келмегендігінен туындаса керек, бірақ бұл сол кездегі нақты жағдайды көрсетпейтін. Өйткені, жоғарыда айтып кеткендей түріктер бұл дәуірде тек көшпелі мал шарушалағымен ғана айналыспаған, олар қалаларда тұрып, қолөнермен де, сауда-саттықпен де айналысқан. Сондай-ақ таза көшпелі тайпалар болып саналған араб – бәдеуилердің ислам дінін белсенді түрде қабылдап, осы дінді басқа халықтар арасында таратудың ең бір белсенді күрескерлері болғанын біз жақсы білеміз.
Орталық Азияның орта
ғасырлық қалаларындағы (Х
ІХ ғасырдан бастап
Орталық Азия халықтарының
Исламның тарауына
байланысты архитектурады
Х ғ. басында Хорасан
мен Мауереннаһрда пайда
Сонымен, Орталық Азия
халықтары арасында УІІІ-ХІІІ
ғғ. арасында ислам діні таралып,
орнықты. Түріктер арасында
Түркі халықтары арасында
ислам дінінің таралуын үш
кезеңге бөліп қарастыруға
1. 751 ж. Талас шайқасынан кейінгі дәуірдегі исламның тарала бастауы. Бұл кезеңде ислам, негізінен, қарлұқтар арасында, ішінара таралған еді.
2. Орта Азиядағы саманилер билігі дәуіріндегі исламның таралуы. Бұл кезеңде ислам Орталық Азияға, біріншіден саманилер әулетінің ғазауаты арқылы, екіншіден, Мауереннаһр халқының бейбіт қоныстануы арқылы және үшіншіден, сауда жолдары арқылы таралды.
3. Қарахандар дәуіріндегі исламның мемлекеттік дінге айналып, барлық түркі халықтары арасында жаппай таралуы. Бұл кезеңнің аяғында Орталық Азияның солтүстік-батыс бөлігінде, яғни қыпшақтардың арасында мұсылман дінін таратуда Қожа Ахмет Иассауи бастаған сопылардың миссионерлік қызметі ерекше орын алды.
Сонымен бітіру жұмысын аяқтай отырып мынадай қорытындылар жасауға болады. Осыдан он төрт ғасыр бұрын, яғни ҮІІ ғ. басында Мұхаммед пайғамбар жариялаған жаңа дін исламмен біріктірілген арабтар Аравия түбегінен кең тарихи сахнаға шықты. Пайғамбардың ізбасарлары, яғни халифтер тұсында олар Пиреней тауларынан Инд өзеніне дейін созылып жатқан орасан зор территорияда, көне мәдениеттердің жұртында жаңа этникалық өркениет және ұлы империя құрды. Бұл мемлекет Ұлы Македондық Александр заманынан кейін алғаш рет Шығыс пен Батыс, эллинистік Жерорта теңізі елдері, үнді – Иран және әлемі бірікті. Қасиетті құран мен рухтанған орта ғасырлық арабтар ҮІІ-ҮІІІ ғғ. көптеген елдерді еш қиындықсыз-ақ бағындырды, басқа “варвар” халықтардың жаулаушылықтарын өзгеше, арабтардың жаулап алушылықтыры жаппай қырып-жою, қиратушылықтарымен жүрмеген. Араб жаулап алушыларын күні азған ескі өркениеттерді қиратып орнына жаңа, прогресшіл өркениет орнатқан халықтардың ұлы қоныс аударуының құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыру. Халифатқа кірудің оған кірген барлық халықтар үшін айтарлықтай ақ салдары болды.
Арабтар түркілер жеріне
жаулап алу жорықтарын жасаған
жоқ, бұл жерлерді басып алу
арабтардың жоспарында
Біз қарастырып отырған
дәуірде орталық Азия
Сөйтіп арабтар мемлекетін ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбардың атымен байланысты. 661 – 750 жж. Аралығында ол мемлекетті Омейядтар әулеті, 751 жылдан – Аббастар әулеті басқарды. Мемлекет “халифат” яғни “орынбасар” “пайғамбардың” болды. Араб халифаты сегізінші ғасырдың ортасына қарай Шығыста Қытайдан – Батыстан Франктер мемлекетіне дейінгі ұлаңғайыр жерді алып жатты.
Халифаттағы барлық жер әуелде халифтың меншігі болып есептелді. Ол енді наместниктер арқылы басқарды. Наместник өзі қызмет атқаратын мерзіміне қарай пайдалануға жер үлесін алып отырды. Халықтан жиналған салықтардың есебінен ол шенеуніктер мен әскер ұстады. Бертін келе халиф жердің бір бөлігін шонжарлардың тұрақты иемденуіне берді.
Халифатта құлдар еңбегі де кеңінен пайдаланылды. Бірақ еңбекші халық бұқарасының басым көпшілігі құлдар емес, тәуелді шаруалар болды. Халиф өз басшыларымен ерекше еңбек сіңірген қызметкерлеріне жер үлестіріп беріп отырды. Ол үлес “ихта” деп атады. Ихта үшін оның иесі салық төлейтін болды. Омар халиф /634 – 644 жж./ ол иелікті меңгеруге міндетті. Егер бос жатса, өкімет қайта алып қоятын болды.
Ұшыр – жан басынан жиналатын жер салығы. Жизья – ислам дініне енбеген халықтар төлейтін ақшалай салық болды. Мұсылмандар мешіт пен дінбасылардың пайдасына зекет жинап отырды. Харадж деген егін салығы болды. Ол жиналған өнімнің үштен бірін құрайтын.
Жаулап алынған елдердің тұрғын халқына қару асынуға рұқсат етілмеді. Олар өздерінің киген киімдерімен де арабтарға ұқсамауға тиісті болды. Жаулап алушылар мұсылман емес халықтардың бәріне қосымша салықтар салып, өз әскерлерін азық – түлікпен қамтамасыз етуді міндеттеді.
Халифаттағы Мұхаммед пайғамбардың өсиетін бұрмалаушылық, әділетсіздікке жол беріле бастауы мемлекеттің әлсіреуіне әкеліп соқты. 1055 жылы Бағдадты селжук түріктері басып алса, 1258 жылы араб халифатын монғолдар құлатып тынды. Халифаттың құлауының негізгі себептерінің бірі әлеуметтік теңсіздіктің күшеюі, арабтардың дін тазалығы үшін күресуші жауынгерден жеке өз басының пайдасын ғана ойлаушы пенделерге айналуда деген тұжырым жасауға болады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Ибн – Хосров. Сафар – Намэ // Хрестоматия по история средних веков / Под. ред. Н.П. Грацианского и С.Д. Сказкина. – М., 1963 - С. - 238 – 239.
2 Ибн – Исхак. Житие посланника божьего // Хрестоматия, 1949 Т. – І. – С. 247 – 250.
3 Құран. – Медина, 1991.
4 Ал– Белазури. Книга завоеваний // М.А. Медиников. Палестина от завоевания ее Арабами . . . – СПб., 1897. – С. – 115 – 120.
5 Смасет – Намэ. Книга о правлеыи Везира ХІ столетия Низам аль- Мулька. – М. – Л., 1949. – С . 375 – 380.
6Арабские источники ХІІ – ХІІІ
вв. – Л., 1985. – С. 286 – 288.
ЗЕРТТЕУЛЕР
7 Крачковский Н. Ю. Аш – Шанфара. Песнь пустыни // Избранные произведения. Т – ІІ. – М. –Л., 1956. – С. 10 – 12.
8 Анри. Ламменс. Ислам бесігі. - Рим. 1914. – С. 50 – 52.
9 Арабский Восток и Магриб. Сб. статей. М., 1977. – С. 244 – 246.