Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлғаның түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 14:37, курсовая работа

Краткое описание

Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.

Оглавление

Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------------------3
I –тарау. Заңды тұлғаның ұғымы
1.1. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға түсінігі---4
1.2. Заңды тұлғаларды құру және тіркеу тәртібі --------------------------------------6
1.3. Заңды тұлға түрлеріне жалпы сипаттама -----------------------------------------8
II –тарау. Коммерциялық ұйымдар
2.1. Шаруашылық серіктестіктің құқықтық жағдайы және түрлері-------------10
2.2. Акционерлік қоғамның, еншілес және тәуелді акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы қызмет тәртібі--------------------------------------------------------14
2.3. Өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорынның түсінігі------------------17
III –тарау. Коммерциялық емес ұйымның түрлері мен құқықтық жағдайы.
3.1. Мекеме мен қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері---------19
3.2. Қоғамдық қор және тұтыну кооперативі------------------------------------------20
3.3. Діни бірлестік пен жеке кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды
тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгiнің ұғымы-----------22

Қорытынды-----------------------------------------------------------------------------------23
Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------------------------------------24

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс З.т. түрлері.doc

— 175.00 Кб (Скачать)

Азамат тек бiр ғана сенiм серiктестiгiнiң толық серiктесi бола алады.
      Сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес толық серiктестiктiң қатысушысы бола алмайды.

Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi. Осы ережеден өзгеше жағдайлар осы Кодексте және заң актiлерiнде көзделуi мүмкiн.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң салымдарды толық қоспаған қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша әрбiр қатысушының салым салмаған бөлiгiнiң құны шегiнде ортақ жауапты болады.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны шектелмейдi.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жалғыз қатысушы ретiнде бiр адамнан тұратын басқа шаруашылық серiктестiгi бола алмайды.

Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн серiктестiк қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп танылады.

Қатысушылар жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерi жарғыда көзделедi.

Қатысушылардың бiрi банкрот болған жағдайда оның серiктестiк мiндеттемелерi жөнiндегi жауапкершiлiгi, егер құрылтай құжаттарында жауапкершiлiктi бөлудiң өзгеше тәртiбi көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлiнедi. [1.5., 5]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.    Акционерлік қоғамның, еншілес және тәуелді акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы қызмет тәртібі.

Акционерлiк қоғамдар туралы Қазақстан Республиқасының заңына сәйкес өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражаттарды тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңи тұлға акционерлiк қоғам деп танылады.

Қаржы қатынастарынын акционерлiк қоғамға сәйкес белгiлi бiр ерекшелiктерi акцияларды өндiрiстiк және коммерциялық қажеттiлiктердi қаржыландыру ретiнде қолданғанда көрiнедi. Бұған акционерлiк қоғамдар қызметiнiң ұйымдық нысандарының әр алуандығы (халықтық акционерлiк қоғам) мүмкiндiк туғызады. Қаржыны ұйымдастыруға акциялар категорияларының (кәсiпорынның акциялары, еңбек ұжымының акциялары, акционерлiк қоғамдардың акциялары), олардың түрлерiнiң (артықшылықты, жай акциялар) әр алуандығы әсер етедi.

Акционерлiк қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырылған тәртiппен анықталады. Таза табыс (салықтарды төлегеннен кейiн) қоғамның қарамағында қалады және акционерлердiң арасында дивидендтер түрiнде бөлiнедi, резервтерге, өндiрiстi дамытуға немесе қоғам жиналысының шешімiмен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады. [1.6.,3]

Меншiктiң акционерлiк нысаны экономикалық жағынан дамыған елдерде тиiмдi жұмыс iстеуде және дүниежүзiлiк практикада көпшiлiкке танылған нысан болып табылады. Ол ұсақ меншiк иелерiнiн көпшiлiгiн — акция ұстаушыларды қазiргi кезеңде кәсiпорындардын немесе салалардың қаражаттарын неғұрлым тиiмдi қалыптастыруға қатысуға араластырады (тартады), қаржы ресурстарының қызметтін аса басымырақ сфераларына қайта құйылымына мүмкiндiк жасайды. Акционерлiк нысаннын құндылығына қаражаттарды жеке иелерi үшiн, тiптi жеке қаржы институттары үшiн қиын болатын жеткілiктi iрi кәсіпорындарды құру мүмкiндiгi жатады. Акционерлiк кәсіпорынның көлемi тек оның нарықтық сұранымның ауқымымен, басқарушылықпен, рыноктың даму перспектива-ларымен ғана сәйкестенедi. [2.8.,45]

Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.      

Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тәртiп пен жағдайларда ортақтасып жауап бередi.

Қоғамның барлық акцияларын бiр акционер сатып алған жағдайда акционерлiк қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе.

Акционерлiк қоғамның құқықтық ережелерi, акционерлердiң құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекске, заң құжаттарына сәйкес белгiленедi. Мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру жолымен құрылған немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады. Заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкiн. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi) мен жарғы акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарында осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған мәлiметтер болуға тиiс.  Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары нотариаттық куәландырылуға жатады.

Құрылтай шартының күшi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап тоқтатылады. Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi және оны қалыптастыру тәртiбi, сондай-ақ оны ұлғайту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады. Акционерлiк қоғам шығаратын бағалы қағаздардың түрлерi заң актiлерiнде белгiленедi.

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және оларды орналастыру Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес айқындалады.

Акционерлік қоғам қамтамасыз етілген облигациялар және қамтамасыз етілмеген облигациялар шығаруға құқылы. Акционерлiк қоғам купондық және дисконттық облигациялар шығаруға құқылы. Облигациялар шығарудың шарттары мен тәртiбi бағалы қағаздар рыногы туралы заңдармен белгiленедi. Бағалы қағаздар бойынша табысты төлеудiң нысаны, тәсiлi және тәртiбi акционерлiк қоғамның жарғысымен немесе бағалы қағаздар шығарылымы  проспектiсiмен заң актiлерiнде көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып белгiленедi. Акционерлiк қоғам қоғамның мынадай акциялары бойынша:

1) өз капиталының терiс мөлшерi кезiнде немесе, егер қоғамның өз капиталының мөлшерi дивидендтердi оның акциялары бойынша төлеу нәтижесiнде терiс болса;

2) егер ол Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе дәрменсiздiк белгiлерiне сәйкес келсе не аталған белгiлер қоғамда дивидендтердi оның акциялары бойынша төлеу нәтижесiнде пайда болса дивидендтер төлеуге құқылы емес.

Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен акционерлiк қоғамдарға акциялар бойынша дивидендтер төлеуге тыйым салатын өзге де негiздер көзделуi мүмкiн. Акционерлiк қоғам заңдарда белгiленген тәртiппен туынды бағалы қағаздар, опциондар мен айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруға құқылы.

Акционерлiк қоғамның жоғары органы оның акционерлерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретi заң актiлерiмен белгiленедi. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi акционерлiк қоғамның өзге органдарына беруге болмайды. Акционерлiк қоғамда директорлар кеңесi құрылады, осы Кодексте, заң актiлерiнде және акционерлiк қоғамның жарғысында акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi қоспағанда, ол қоғамның қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Осы Кодексте, заң актiлерiнде және акционерлiк қоғамның жарғысында директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi акционерлiк қоғамның атқарушы органының шешуiне беруге болмайды. Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген жағдайларда, бiр акционерi бар акционерлiк қоғамда қоғамның жарғысымен директорлар кеңесiн құрмай-ақ акционерлiк қоғамды басқару мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн.

Жарғылық капиталының басым бөлiгiн басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негiзгi ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешiмдерiн айқындай алатын заңды тұлға еншiлес ұйым болып табылады.

Еншiлес ұйым өзiнiң негiзгi ұйымының борыштары бойынша жауап бермейдi. Еншiлес ұйыммен жасасқан шарт бойынша (не өзгедей түрде) оған мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы негiзгi ұйым онымен осындай нұсқауларды орындау үшiн жасалған мәмiлелер бойынша еншiлес ұйыммен бiрге субсидиарлық жауапты болады.  Негiзгi ұйымның кiнәсiнен еншiлес ұйым банкрот болған жағдайда негiзгi ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапты болады.  Егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, еншiлес ұйымның қатысушылары негiзгi ұйымнан оның кiнәсiнен еншiлес ұйымға келтiрiлген зиянды өтеудi талап етуге құқылы.

Егер акционерлiк қоғамның дауыс берушi акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанiкi болса, ол тәуелдi қоғам деп танылады.

Басымырақ (қатысушы) заңды тұлға тәуелдi акционерлiк қоғам акцияларының тиiстi бөлiгiн сатып алғаны туралы мәлiметтi заң құжаттарында көзделген тәртiп бойынша дереу жариялауға мiндеттi.  Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, акционерлiк қоғамдардың бiр-бiрiнiң жарғылық капиталдарында өзара қатысуы әрбiр жарғылық капиталдың жиырма бес процентiнен аспауға тиiс. Бiр-бiрiнiң жарғылық капиталына өзара қатысатын акционерлiк қоғамдар басқа қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында жиырма бес проценттен артық дауысты пайдалана алмайды. Бiр-бiрiнiң жарғылық капиталына тәуелдi және өзара қатысатын акционерлiк қоғамдардың осы бапта көзделмеген жағдайының ерекшелiктерi заң актiлерiмен айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорынның түсінігі.

Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады. Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi кооператив мiндеттемелерi бойынша Өндiрiстiк кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Өндiрiстiк кооперативтiң меншiгiндегi мүлiк, егер кооперативтiң жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мүшелерiнiң пайларына олардың жарналарына барабар бөлiнедi.  Кооператив таза табысы оның мүшелерi арасында, егер кооператив жарғысында өзгеше тәртiп көзделмесе, олардың еңбекке қатысуына сәйкес бөлiнедi. Өндiрiстiк кооперативтi басқарудың жоғары органы оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылады.

Өндiрiстiк кооперативте кооперативтiң атқарушы органдарының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыратын қадағалау кеңесi құрылуы мүмкiн. Қадағалау кеңесi мүшелерiнiң өндiрiстiк кооператив атынан әрекет жасауға құқығы жоқ.

Басқарма және (немесе) оның төрағасы кооперативтiң атқарушы органдары болып табылады. Олар кооператив қызметiне күнделiктi басшылықты жүзеге асырады және қадағалау кеңесi мен кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi. Тек кооператив мүшелерi ғана қадағалау кеңесi мен өндiрiстiк кооператив басқармасының мүшесi бола алады. Кооператив мүшесi бiр мезгiлде қадағалау кеңесiнiң мүшесi және басқарма мүшесi бола алмайды. Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының ерекше құзыретiне мыналар жатады:

1) кооператив жарғысын өзгерту;

2) атқарушы, тексерушi органдарды және қадағалау кеңесiн құру мен олардың мүшелерiн керi шақырып алу;

3) кооператив мүшелерiн қабылдау және шығару;

4) кооперативтiң қаржы есебiн бекiту және оның таза табысын бөлу;

5) кооперативтi қайта құру мен таратуды шешу.

Жалпы жиналыстың ерекше құзыретiне заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында басқа мәселелердi шешудi де жатқызуы мүмкiн. Жалпы жиналыстың немесе кооперативтiң қадағалау кеңесiнiң ерекше құзыретiне жатқызылған мәселелердi олар кооперативтiң атқарушы органдарының шешуiне бере алмайды.

Мемлекеттiк кәсiпорындарға:

1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген;

2) оралымды басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.

Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды.

Мемлекеттiк кәсiпорындардың фирмалық атауында оның мүлкiн меншiктенушi көрсетiлуге тиiс. Мемлекеттiк кәсiпорын уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады. Мемлекеттiк кәсiпорынның органы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк орган тағайындайтын және оған есеп беретiн басшы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III –тарау. Коммерциялық емес ұйымның түрлері мен құқықтық жағдайы.

Информация о работе Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлғаның түрлері