Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлғаның түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 14:37, курсовая работа

Краткое описание

Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.

Оглавление

Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------------------3
I –тарау. Заңды тұлғаның ұғымы
1.1. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға түсінігі---4
1.2. Заңды тұлғаларды құру және тіркеу тәртібі --------------------------------------6
1.3. Заңды тұлға түрлеріне жалпы сипаттама -----------------------------------------8
II –тарау. Коммерциялық ұйымдар
2.1. Шаруашылық серіктестіктің құқықтық жағдайы және түрлері-------------10
2.2. Акционерлік қоғамның, еншілес және тәуелді акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы қызмет тәртібі--------------------------------------------------------14
2.3. Өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорынның түсінігі------------------17
III –тарау. Коммерциялық емес ұйымның түрлері мен құқықтық жағдайы.
3.1. Мекеме мен қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері---------19
3.2. Қоғамдық қор және тұтыну кооперативі------------------------------------------20
3.3. Діни бірлестік пен жеке кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды
тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгiнің ұғымы-----------22

Қорытынды-----------------------------------------------------------------------------------23
Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------------------------------------24

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс З.т. түрлері.doc

— 175.00 Кб (Скачать)

Заңды тұлға, бiрiктiру нысанында қайта құрылатын реттердi қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тiркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледi.

Заңды тұлғаны оған екiншi бiр заңды тұлғаны бiрiктiру жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттiк регистрiне бiрiктiрiлген заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың бiрiншiсi қайта құрылған деп есептеледi.

Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының құқықтары мен мiндеттерi өткiзу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.  Заңды тұлғаны екiншi бiр заңды тұлғаға бiрiктiрген кезде бiрiктiрiлген заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi өткiзу құжатына сәйкес соңғысына ауысады. Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құқықтары мен мiндеттерi бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады.

Заңды тұлғаның құрамынан бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды бөлiп шығарғанда, бөлу балансына сәйкес олардың әрқайсысына қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi ауысады. Заңды тұлғаның бiр түрiн екiншi түрдегi заңды тұлғаға өзгерткен кезде (ұйымдық-құқықтық нысанды өзгерткенде) қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi өткiзу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Заңды тұлға түрлеріне жалпы сипаттама.

Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Азаматтық кодекстың 35 бабының 2 тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады.

Өндiрiстiк емес сферада коммерциялық негізде қызмет ететiн тұрғын уй—коммуналдық  және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсiпорындарымен (ұйымдарымен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргiзетiн ұйымдардың үлкен бөлiгi жұмыс iстейдi.

Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алымған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтiн заңи тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.

Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республиқасының Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың және ұйымдардың құкықтарын, заңды мүдделерiн қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ коғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) игiлiктерiм қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн. [2.8.,63]

Коммерциялық емес ұйым- заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қор діни бірлестік, қауымдастық (одақ нысанындағы заңды тұлға бірлестігі нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады.
Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi. [1.7.,5]

Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметiне байланысты мiндеттердi Азаматтық  Кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкiн. Мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi атқаруы мүмкiн. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшiн басқа қызметпен айналысу мүмкiндiгi болмауы немесе шектелуi мүмкiн.

Заңды тұлғаның қызметі 1995 жылғы 2 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының «Шаруашылық серіктестік туралы», 1998 жылғы 28 сәуірде қабылданған «Жауапкершілігі шектеулі  және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңдарымен реттеледі. Тәжірибе жүзіне келетін болсақ, коммерциялық заңды тұлға ішінде шаруашылық серіктестік ұйымдық құқықтық нысанда заңды тұлға құру жиі кездеседі. Оған дәлел, мысалы шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік тіркеуден 2001 жылы – 1696 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 25 акционерлік қоғам, 31 өндірістік кооператив, 68 мемлекеттік кәсіпорын; 2002 жылы – 790 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 10  акционерлік қоғам, 8 өндірістік кооператив және 24 мемлекеттік кәсіпорын өткен екен. Екі жылда тіркелген жауапкершілігі шектеулі серіктестік саны көп болғанмен, бірде-бір толық, сенім және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік тіркелмеген. 1995 жылғы 2 мамырдағы «Шаруашылық серіктестік туралы» Қазақстан Республикасының заңының алғашқы редакциясында Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ең төменгі жарғылық капиталы 1000 айлық есептік көрсеткіш болып, толық серіктестікке қойылатын талаптарға қарағанда 40 есе көбірек болатын. Сол себептен көбінесе таңдау соңғысына түсетін. Қазіргі уақытта айырмашылық шамалы. Ал сенім және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік болса, бұл нысанда ұйым құру қызығушылықты, тапқырлықты талап етеді. [2.5.,6]

Заңды тұлға тiзбесi заң актiлерiнде белгiленетiн жекелеген қызмет түрлерiмен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.

Заңды тұлға мүлкі негізделетін меншік нысанына байланысты заңды тұлға мемлекеттік және мемлекеттік емес болып ажыратылады, Мемлекеттік заңды тұлға ретінде мүлкі үлестерге немесе акцияларға бөлінбейтін және меншік құқығы бойынша біртұтас мемлекетке тиесілі ұйым танылады. Заңды тұлғаның басқа түрлері мемлекеттік емеске жатады. [2.2., 35]

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекеме) құқық қабiлеттiлiгi Азаматтық Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгiленедi.

 

 

 

 

 

 

 

II –тарау. Коммерциялық ұйымның түрлері мен нысандары

2.1.    Шаруашылық серіктестіктің құқықтық жағдайы және түрлері.

Қазақстан Республиқасы Президентiнiң «Шаруашылық серiктестiктерi туралы» заң күшi бар жарлығына сәйкес шаруашылық серiктестiгi — жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серiктестіктің мынадай нысандары белгiленген:

1) толық серiктестiк;

2) сенiм серiктестiгi;

3) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;

4) қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк;

5) акционерлiк қоғам. [1.4.,1]

Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттары болып табылады. Жарғы бiр адам (бiр қатысушы) құрған шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаты болып табылады.  Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарын (жарғы және құрылтай шартын) нотариат куәландыруға тиiс.

Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында Азаматтық  кодекстiң 41-бабының 4 және 5-тармақтарында аталған мәлiметтерге қоса әрбiр қатысушының үлес мөлшерi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына олар салатын салымның мөлшерi, құрамы, мерзiмi және тәртiбi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына салым салу жөнiндегi мiндеттердi бұзғаны үшiн қатысушылардың жауапкершiлiгi туралы ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс.

Шаруашылық серiктестiк, заң құжаттарында көзделген реттердi қоспағанда, басқа шаруашылық серiктестiктердiң құрылтайшысы болуы мүмкiн.

Шаруашылық серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысымен шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу шартын жасасуға құқылы.
      Құрылтай шартының қолданылуы шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.

Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқық, санаткерлiк қызмет нәтижесi құқығын қоса алғанда және өзге де мүлiк (Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым бола алады.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысанда немесе мүлiктiк құқықтар түрiнде салған салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне барабар сомадан асып кетсе, оның бағасын тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.

Шаруашылық серiктестiгiн қайта тiркеген кезде оған қатысушының салымын ақшалай бағалау серiктестiктiң бухгалтерлiк құжаттарымен не аудиторлық есеппен расталуы мүмкiн.

Серiктестiктiң құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берiлген кезден бастап бес жыл бойы серiктестiктiң несие берушiлерi алдында салым бағасы арттырылған сома шегiнде бiрлесiп жауап бередi.

Акционерлiк қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.

Қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына қатысу үлесiне құқықтар шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнде осы құқықтардың тiркелген кезiнен бастап туындайды. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн қалыптастыру, жүргiзу және сақтау тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.

Шаруашылық серiктестiктiң жоғары органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады.

Толық серiктестiктен және сенiм серiктестiгiнен басқа, бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiктерде жалпы жиналыстың өкiлеттiгi оның бiрден бiр қатысушысына тиесiлi болады.

Шаруашылық серiктестiкте оның қызметiне күнделiктi басшылық жасайтын және оның қатысушыларының жалпы жиналысына есеп берiп отыратын атқарушы орган (алқалық және (немесе) жеке-дара құрылады). Жеке-дара басқару органы оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкiн.

Серiктестiктiң алқалы органдары ретiнде:

1) басқарма (дирекция);

2) байқаушы кеңес;

3)заң актiлерiнде немесе шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмiнде көзделген жағдайларда басқа да органдар құрылуы мүмкiн.

Шаруашылық серiктестiктiң органдарының құзыретi, оларды сайлау (тағайындау) тәртiбi, сондай-ақ олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi осы Кодекске, заң құжаттарына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгiленедi.

Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың:

1) құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен шаруашылық серiктестiктiң iстерiн басқаруға қатысуға;

2) шаруашылық серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға және құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен оның құжаттамаларымен танысуға;

3) таза табысты бөлiсуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бiр немесе бiрнеше қатысушыны пайданы бөлiсуге қатысудан шеттетудi көздейтiн ережелерi жарамсыз болып табылады;

4) шаруашылық серiктестiк таратылған жағдайда несие берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкiндегi өздерiнiң үлесiне сәйкес мүлiктiң бiр бөлiгiн немесе оның құнын алуға.

5) Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.

Шаруашылық серiктестiкке қатысушылар:

1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;

2) салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп, мөлшер, әдiстер және мерзiмдер бойынша салып отыруға;

3) шаруашылық серiктестiк коммерциялық құпия деп жариялаған мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.

Шаруашылық серiктестiктiң қатысушылары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттердi атқаруы мүмкiн.

Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп танылады.
      Азамат бiр ғана толық серiктестiктiң қатысушысы бола алады. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшылары белгiлейдi, бiрақ ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек.

Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм серiктестiгi деп танылады.

Сенiм серiктестiгiне қатысатын толық серiктердiң құқықтық ережесi және олардың серiктестiк мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi толық серiктестiктiң қатысушылары туралы ережемен белгiленедi.

Информация о работе Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлғаның түрлері