Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлғаның түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 14:37, курсовая работа

Краткое описание

Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.

Оглавление

Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------------------3
I –тарау. Заңды тұлғаның ұғымы
1.1. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға түсінігі---4
1.2. Заңды тұлғаларды құру және тіркеу тәртібі --------------------------------------6
1.3. Заңды тұлға түрлеріне жалпы сипаттама -----------------------------------------8
II –тарау. Коммерциялық ұйымдар
2.1. Шаруашылық серіктестіктің құқықтық жағдайы және түрлері-------------10
2.2. Акционерлік қоғамның, еншілес және тәуелді акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы қызмет тәртібі--------------------------------------------------------14
2.3. Өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорынның түсінігі------------------17
III –тарау. Коммерциялық емес ұйымның түрлері мен құқықтық жағдайы.
3.1. Мекеме мен қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері---------19
3.2. Қоғамдық қор және тұтыну кооперативі------------------------------------------20
3.3. Діни бірлестік пен жеке кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды
тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгiнің ұғымы-----------22

Қорытынды-----------------------------------------------------------------------------------23
Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------------------------------------24

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс З.т. түрлері.doc

— 175.00 Кб (Скачать)


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» колледжі

 

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлғаның түрлері»

 

Тіркеу номері:

Бағасы:

 

                                                                    Орындаған: Қ-33 тобы

                                                            Қозыбақова  А. Б.

Тексерген: Түсіпбаева А. А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2010 ж.

Мазмұны

Кіріспе  ------------------------------------------------------------------------------------------3

I –тарау.  Заңды тұлғаның ұғымы

1.1.           Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға түсінігі---4

1.2.           Заңды тұлғаларды құру және тіркеу тәртібі --------------------------------------6

1.3.           Заңды тұлға түрлеріне жалпы сипаттама -----------------------------------------8

II –тарау. Коммерциялық ұйымдар

2.1.    Шаруашылық серіктестіктің құқықтық жағдайы және түрлері-------------10

2.2.  Акционерлік қоғамның, еншілес және тәуелді акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы қызмет тәртібі--------------------------------------------------------14

2.3.   Өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорынның түсінігі------------------17

III –тарау. Коммерциялық емес ұйымның түрлері мен құқықтық жағдайы.

3.1.   Мекеме мен қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері---------19

3.2.   Қоғамдық қор және тұтыну кооперативі------------------------------------------20

3.3.   Діни бірлестік пен жеке кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды

тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгiнің ұғымы-----------22
 

Қорытынды-----------------------------------------------------------------------------------23

Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------------------------------------24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтақ құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез-келген жағдайларын белгілеуде ерікті.

Менін курстық жұмысым ең алдымен заңды тұлғаның түрлеріне жеке- жеке токталып, олардың құқықтық жағдайларын және нысандарын айқындап көрсетуге бағытталған. Курстық жұмысымды жазуда заңды тұлғалардың құқықтық жағдайларына  көңіл бөліп, зерттеген ғалымдардың әдебиеттерін, теорияларын, мысалдарын  қолдандым. Өндiрiстiк емес сферада коммерциялық негізде қызмет ететiн тұрғын үй—коммуналдық  және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсiпорындарымен (ұйымдарымен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргiзетiн ұйымдардың үлкен бөлiгi жұмыс iстейдi. [2.8., 52]

Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған біріңғай субьектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теорияда) заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлға маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым, профессор С.И. Аскназий «мемлекеттік ілімнің» авторы. Ол былай деп айтқан: «Мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды». Осындай саралау заңды тұлға түрінің әркайсысын ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады. [2.3.,19 ]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I –тарау.  Заңды тұлғаның ұғымы

1.1.           Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға түсінігінің дамуы.

Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады. [1.1.,13]

Бұрын қолданыста болған заң актілері бір қатысушыдан тұратын заңды тұлға құрылуына жол бермейтін. Қазіргі Азаматтық кодексте бір қатысушысы ғана бар заңды тұлға қызмет етуіне мүмкіндік береді. [2.2.,31]

Заңды тұлға Азаматтық кодекстің, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметiне байланысты мiндеттердi Азаматтық кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкiн. Мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi атқаруы мүмкiн.

Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп -  көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрамның бір ерікті білдіруімен азаматтық айналымда біртұтас күйде қатысуын айтамыз.[2.1., 41]

Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшiн басқа қызметпен айналысу мүмкiндiгi болмауы немесе шектелуi мүмкiн. Заңды тұлға тiзбесi заң актiлерiнде белгiленетiн жекелеген қызмет түрлерiмен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады. 

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекеме) құқық қабiлеттiлiгi Азаматтық кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгiленедi.

Заңды тұлғаның оқшау мүлкiне қатысты оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) мiндеттемелiк және заттық құқықтары болуы мүмкiн. Мүлкiне өз қатысушылары (құрылтайшылары) мiндеттемелiк құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк қоғам мен кооперативтер жатады. Мүлкiне өз құрылтайшылары меншiк құқығын немесе өзге де заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзушi құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкi бар ұйымдар жатады. Мүлкiне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүлiктiк құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бiрлестiктер, қоғамдық қорлар және дiни бiрлестiктер жатады.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздерi құрған өзге ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалардың мүлкiне құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалады. Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс iстейтiн өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзiне мiндеттер қабылдайды. Заңды тұлға органдарының түрлерi, тағайындалу немесе сайлану тәртiбi және олардың өкiлеттiгi заңдар мен құрылтай құжаттарында белгiленедi.

Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн.  Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi. Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.  Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзi пайдалануға құқығы бар. Бөтен бiр фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесiнiң талап етуi бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi. Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен мiндеттерi заңдарда белгiленедi. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс iстейтiн органы тұрған жер оның тұрған жерi болып танылады. Заңды тұлғаның тұрған жерi оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетiледi. Үшiншi тұлғалармен қарым-қатынаста заңды тұлға өзiнiң нақты мекен-жайының бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайға сәйкес келмейтiнiне сiлтеме жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайына да, нақты мекен-жайына да почталық және өзге де хат-хабарлар жiберуге құқылы.

Заңды тұлғаны бiр немесе бiрнеше құрылтайшы құруы мүмкiн.  Мүлiктi меншiктенушiлер не олар уәкiлдiк берген органдар немесе жақтар, ал заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге де заңды тұлғалар заңды тұлғаның құрылтайшылары бола алады. Бұл орайда, мүлiктi шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғалар меншiк иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген органның келiсiмiмен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.

 

1.2.           Заңды тұлғаларды құру, мемлекеттік тіркеу және қайта құру, қайта тіркеу тәртібі.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге тиiс. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi заңдарда белгiленедi.

Мемлекеттiк тiркеу деректерi, соның iшiнде коммерциялық ұйымдар үшiн фирмалық атауы заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiне енгiзiледi.

Заңды тұлға мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады. Филиалдар мен өкiлдiктер заң құжаттарында белгiленген тәртiппен тiркеледi. Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары өзгерген жағдайда қайта тiркелуге жатады.

Заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзу немесе оның құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуi заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады. Заңды тұлға құрудың тиiмсiздiгiн желеу етiп тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.

Мемлекеттiк тiркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтарғаны үшiн сотқа шағым берiлуi мүмкiн. Заңды тұлға мынадай жағдайларда:

1)     жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған;

2)     атауы өзгергенде;

3) шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың құрамы өзгергенде (шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс. [1.3.,2]

Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер заңды тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табылады. Құрылтай құжаттарына басқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген ретте заңды тұлға бұл туралы тiркеушi органды бiр айлық мерзiмде хабардар етедi.

Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту) оның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органның шешiмi бойынша, не заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.  Заңды тұлға - жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, арнайы қаржы компаниясын қайта құру зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру қызметі және секьюритилендіру туралы заңнамада көзделген ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.

  Акционерлiк қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады. Қайта құру ерiктi түрде немесе ықтиярсыз жүргiзiлуi мүмкiн.

Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.

Егер заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi, ол уәкiлдiк берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкiлдiк берiлген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешiмiнде белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етедi, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесiнде туындайтын құрылтай құжаттарымен бiрге соттың бекiтуiне бередi. Аталған құжаттарды соттың бекiтуi жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлғаның түрлері