Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 14:37, курсовая работа
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------------------3
I –тарау. Заңды тұлғаның ұғымы
1.1. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға түсінігі---4
1.2. Заңды тұлғаларды құру және тіркеу тәртібі --------------------------------------6
1.3. Заңды тұлға түрлеріне жалпы сипаттама -----------------------------------------8
II –тарау. Коммерциялық ұйымдар
2.1. Шаруашылық серіктестіктің құқықтық жағдайы және түрлері-------------10
2.2. Акционерлік қоғамның, еншілес және тәуелді акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы қызмет тәртібі--------------------------------------------------------14
2.3. Өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорынның түсінігі------------------17
III –тарау. Коммерциялық емес ұйымның түрлері мен құқықтық жағдайы.
3.1. Мекеме мен қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері---------19
3.2. Қоғамдық қор және тұтыну кооперативі------------------------------------------20
3.3. Діни бірлестік пен жеке кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды
тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгiнің ұғымы-----------22
Қорытынды-----------------------------------------------------------------------------------23
Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------------------------------------24
3.1. Мекеме мен қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері
Басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен мемлекет құрған және егер заң актiлерiнде қосымша қаржыландыру көздерi белгiленбесе, тек мемлекеттiк бюджеттiң немесе Қазақстан Республикасының Ўлттық Банкi бюджетiнiң (шығыстар сметасының) есебiнен ғана ұсталатын мекеме мемлекеттiк мекеме деп танылады.
Мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану, билiк ету құқығы белгiленген тәртiппен берiлген мекемелердi қоспағанда, мемлекеттiк мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды. Мемлекеттік мекеменің тиісті қаржы жылына арналып бекітілген қаржыландыру жоспарынан асып кететін шарттық міндеттемелер қабылдауына жол берілмейді.
Қазақстан Республикасында қоғамдық бiрлестiктер болып, саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтiн, өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған басқа да бiрлестiктерi танылады. Қоғамдық бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы бiрлестiктерге өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздерi мүшелерi ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттерi бойынша жауап бермейдi, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Съездiң (конференцияның) немесе жалпы жиналыстың шешiмi бойынша таратылған қоғамдық бiрлестiктiң мүлкi оның жарғысымен көзделген мақсаттарға жұмсалады. Сот шешiмi бойынша таратылған қоғамдық бiрлестiктiң мүлкi осы Кодекске немесе өзге заң құжаттарына сәйкес пайдаланылады.
Қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсiптiк, шығармашылық одақтар, азаматтардың дiни бiрлестiктерi, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқалары) қаржыландырудың айрықшалықты әдiсi олардың қатысушыларының мүшелiк жарналары болып табылады. Олардың қаржылық өзара байланыстары қоғамдық бiрлестiктердiң өздерiнiң қызметiн ұйымдастыруға байланысты өзгешелiгiмен және сипатымен бөлектенедi. Қоғамдық бiрлестiктердi ұйымдастырудың ерiктiлiгi олардың қаржы ресурстарының негiзгi көзi кiру және мүшелiк жарналары болып келетiндiгiне соқтырады: оларға бюджет қаржысын (салық төлеушiлердiң табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етiлмейдi. Қызметтің қоғамдық сипаты бiрлестiктер меншiгiн олардың мүшелерiнiң жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкiндiгiнен айырады. Қалыптасатын қаржы ресурстары бiрлестiктердiң жарғысына байланысты шығындарды жабуға жұмсалады. [2.7.,58]
3.2. Қоғамдық қор және тұтыну кооперативі
Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады.
Қоғамдық қор заңды тұлға болып табылады, азаматтық айналымда қордың органдары өкiлдiк етедi, оның дербес балансы және банктік шоты бар.
Қоғамдық қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып табылады. Қоғамдық қордың мүлкiне қор құрылтайшыларының мүлiктiк құқықтары жоқ. Қоғамдық қордың қаржы көзi құрылтайшылардың ақшасы, сондай-ақ басқа мүлкi, демеушiлiк, ерiктi түрде жиналған жылулар және өзге де заңды түсiмдер болып табылады.
Қоғамдық қорды басқару тәртiбi мен оның органдарын құру тәртiбi оның құрылтайшылар бекiтетiн жарғысында белгiленедi.
Қоғамдық қордың жарғысында осы қордың органдары туралы, қордың лауазымды адамдарын тағайындау және оларды босату тәртiбi, ол таратылған жағдайда қор мүлiктерiнiң тағдыры көрсетiлуге тиiс.
Қор өз мүлкiнiң пайдаланылуы туралы есептерiн ресми баспасөз басылымдарында жыл сайын жариялап отыруға мiндеттi.
Қоғамдық қор сот шешiмi бойынша мынадай жағдайларда:
1) егер қордың мақсаттарын жүзеге асыру үшiн оның мүлкi жеткiлiксiз болса және оның қажеттi мүлiктi алу ықтималдығы нақты болмаса;
2) егер қордың мақсаттарына жету мүмкiн болмаса, ал қор мақсаттарына қажеттi өзгерiстер жасау мүмкiн болмаса;
3) қор өз қызметiнде жарғымен көзделген мақсаттардан бас тартқан жағдайда;
4) заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылады.
Қоғамдық қор таратылғаннан кейiн қалған мүлiк оның жарғысында көзделген мақсаттарға жұмсалады. Қатысушылардың материалдық және өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (үлестiк) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады.
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне заңды тұлғалар кiре алады. Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi жыл сайынғы баланс бекiтiлгеннен кейiн пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай iшiнде жабуға мiндеттi. Бұл мiндеттердi орындамаған ретте кооператив несие берушiлердiң талабы бойынша сот тәртiбiмен таратылуы мүмкiн.
Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша кооператив мүшелерiнiң қосымша төлемеген бөлiгi шегiнде жәрдем беру жөнiнен ортақ жауапты болады.
Тұтыну кооперативiнiң тапқан табыстарын оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды, олар жарғылық мақсаттарға берiледi.
Тұтыну кооперативi таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда ол тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен өз үлесiн өз жарнасына қарай бөлiп алуға құқылы.
Тұтыну кооперативiнiң мүшесi қайтыс болған жағдайда, егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiнiң кооператив мүшелiгiне қабылдануға бiрiншi кезекте құқығы болады. Соңғы жағдайда кооператив мұрагерлерге тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен оның қосқан жарнасына қарай үлесiн төлейдi.
Тұтыну кооперативiнiң құқықтық жағдайы, сондай-ақ оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi Азаматтық кодекске сәйкес заң құжаттарында белгiленедi.
Селолық тұтыну кооперативтерi тек өз мүшелерiнiң ғана емес, селолық жерлерде тұратын басқа адамдардың да материалдық және өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн құрылуы мүмкiн.
Селолық тұтыну кооперациясының ерекшелiктерi осы бапқа сәйкес арнайы заңда белгiленедi. Өзара сақтандыру қоғамдары - тұтыну кооперативтерi қызметiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалады.
3.3. Діни бірлестік пен жеке кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды
тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгiнің ұғымы
Рухани қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде, заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша бiрiккен азаматтардың ерiктi түрдегi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп танылады. Республикадан тыс жерлерде басқару орталықтары бар Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер әдiлет органдарында тiркеуге жатады. Басқару орталықтарының жарғылары (ережелерi), егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, осындай дiни бiрлестiктер жарғыларының (ережелерiнiң) негiзiне алынуы мүмкiн. Дiни бiрлестiктер өз қаражаты есебiнен сатып алған немесе өздерi құрған азаматтар, ұйымдар жылу ретiнде берген немесе мемлекет берген және заң құжаттарына қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған мүлiкке меншiк құқығы болады.
Дiни бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы ұйымға өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар дiни бiрлестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал дiни бiрлестiк өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Жеке кәсiпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүдделерiн бiлдiру мен қорғау мақсатында қауымдастықтар (одақтар) құра алады.
Заңды тұлғалардың қаржы рыногында қызметтi жүзеге асыратын қауымдастығын (одақтарын) құру және оларға қатысу ерекшелiгi Қазақстаy Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.
Қоғамдық бiрлестiктер және өзге де коммерциялық емес ұйымдар, соның iшiнде мекемелер осы ұйымдардың қауымдастығына (одақтарына) өз еркiмен бiрiге алады. Қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi өз дербестiгiн сақтап қалады.
Қауымдастық (одақ) өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Қауымдастық (одақ) мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша жәрдем жөнiнен жауапты болады.
Қорытынды
Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
Сонымен заңды тұлға екіге бөлінді, алайда тәжірибе жүзінде коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды жіктеу қиынырақ болып келеді. Ю.Г. Басин өзінің ғылыми еңбегінде бұған себеп болып, біріншіден коммерциялық заңды тұлға құрылғаннан кейін әсіресе бірінші жылдары өздерінің табыстарын (құрылғаннан кейін әсіресе) материалдық базаны дамытуға, технологияны жетілдіруге және тағы басқа мақсаттарға жұмсауы; екіншіден кейбір коммерциялық емес заңды тұлғалар белсенді кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырып, пайда табуы саналады деп жазған. Сондай-ақ заңды тұлғаның екі түрге жіктелуінің ең баянды критерийі қатысушылар арасында табыстың бөлінуінде екендігін атай отырады. Егер де заңды тұлға заң немесе құрылтай құжаттарына сәйкес қатысушылар арасында табысты бөлуге құқылы болса, кезекті дивиденттерді төленетіндігіне немесе төленбейтіндігіне қарамастан коммерциялық болып танылуы тиіс. Заңды тұлға құрылтай құжаттарына немесе заңнама күшіне сәйкес дивиденттер төлеуіне құқылы болмаған жағдайда коммерциялық емес болып танылуы керек. Сондай-ақ оның барлық табысы, егер ол болған ретте, жарғылық мақсаттардың жетілдірілуіне бағытталуы тиіс. [2.2., 31]
Кәсiпорын экономиканың негiзгi буыны ретiнде меншік нысандары мен шаруашылық жүргiзудiн әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың дамуы кезiнде жұмыс iстейдi.
Кәсiпорындарды ұйымдық-құкықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн қаржыландыруға, шаруашылықты жүргiзудiң нәтижелерiне әкеп соғады.
Меншiк нысандарына қарай шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қорларын қалыптастырудың ерекшелiктерi болады. Мысалы, өндiрiстiк кәсiпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебiнен құрылады; меншіктi көздер (амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелерi; бағалы қағаздар шығарудан тусетiн қаражаттар; мемлекеттiк кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздерi қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператив мүшелерiнiң үлестiк жарналарының қаражаттары. Практикада көбiнесе меншiктiң аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздерi бойынша оларды құрудың аралас нысандары көздеседi. Мысалы, негiзгi құралдар мен айналымдағы активтердiң үлкен бөлiгi мемлекетке жататын мемлекеттiк кооперативтерде қызметкерлердiң үлестiк жарналары болымсыз рөл атқарады. [2.8., 64]
Қолданылған әдебиеттер тізімі
I. Нормативтік актілер:
1.1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
1.2. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, 1999 жылғы
13 шілдедегі N 411 Заңы
1.3. Қазақстан Республикасының Президентінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар жарлығы 17 сәуір 1995жыл
1.4. Қазақстан Республикасының «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңы 2 мамыр 1995 жыл
1.5. Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңы 28 сәуір 1998 жыл
1.6. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы 2003 жыл 13 мамыр №415-II
1.7. Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңы 2001 жыл 16 қаңтар №142-II
II. Негізгі әдебиеттер:
2.1. Жайлин Ғ.А. «Азаматтық құқық» Ерекше бөлім, Алматы, 2003жыл
2.2. Мұханова А.А. «Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы», «Болашақ-баспа», 2003 жыл
2.3. Төлеуғалиев Ғ. «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» 1 том, оқулық, Алматы «Жеті жарғы», 2001 жыл
2.4. Климкин С.И. «Юридические лица по законодательству Республики Казахстан» общие положения, Алматы: ТОО «Баспа», 2001 жыл
2.5. Киреева Т. «Государственная региятрация юридических лиц в ВКО», Предприниматель и право, 2002 год
2.6. Басин Ю.Г. «Юридические лица по гражданскому кодексу Республики Казахстан» понятие и общая характериятика, Алматы «Аділет-Пресс», 1996 жыл
Информация о работе Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлғаның түрлері