Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нарықтық экономика жағдайында экономикалық күтіп ұстау

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 14:38, курсовая работа

Краткое описание

Акционерлік қоғамдар болып қайта құрылған және мемлекеттік емес меншік түріне негізделген кәсіпорындардың көпшілігі ақша қаражаттарына өте зәру болып келеді.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................
1. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нарықтық экономика жағдайында экономикалық күтіп ұстау...
1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарының мәні, құрамы мен құрылымы..........................
1.2 Қаржы ресурстарын қалыптастыру көздері.
1.3 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару стратегиясы...
2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы (мысалға «Транс-сервис» ЖШС-гі алынған)...............................
2.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының пайдалану тиімділігін талдау............................................................
3. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру жолдары
3.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыпастыру мәселелері.........
3.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыруды оңтайлы әдістерді пайдалану негізінде жетілдіру.............................
Қорытынды......................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімi......................................

Файлы: 1 файл

Абзал.doc

— 282.00 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................

  1. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нарықтық экономика жағдайында экономикалық күтіп ұстау...
  2. 1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарының мәні, құрамы мен              құрылымы..........................
  3. 1.2 Қаржы ресурстарын қалыптастыру көздері.
  4. 1.3 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару стратегиясы...

 

  1.  Кәсіпорынның қаржы ресурстарын  қалыптастыруды  талдау
  2. 2.1 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-экономикалық                          сипаттамасы (мысалға «Транс-сервис» ЖШС-гі алынған)...............................
  3. 2.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының пайдалану                         тиімділігін талдау............................................................

 

3.  Кәсіпорынның   қаржы  ресурстарын  тиімді                          қалыптастыру  жолдары

  • 3.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыпастыру мәселелері.........
  • 3.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыруды                      оңтайлы әдістерді пайдалану негізінде жетілдіру.............................
  •  

    Қорытынды......................

     

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімi......................................

     

     

     

     

     

    Кіріспе

     

    Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына, төлем қабілеттілігіне  қол жеткізу үшін қаржы ресурстарының болуы және оларды қалыптастырудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдана отырып, оны жүйелі түрде басқару қажет.

    Сырттан қаржы ресурстарын  тарту үшін табысты және тиімді инвесторлардың өздерінің капиталын орналастыру  үшін кәсіпорынды дамытуы керек. Бұл жерде тұрақты дамудың маңызды шарттарының бірі өзіндік қаржы ресурстарының жеткілікті болуы және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру кезінде қаржылық нарық құралдарын пайдалану мүмкіндігі болып табылады.

    Көбіне кәсіпорындарда қаржылық жоспарлау жүйесі ескерілмей қалады да, ол соңында банкроттыққа алып келеді. Маусымдылық секілді сыртқы факторлардың әсері көбіне олар өте қажет кезде кәсіпорынды қаржылық ресурстарсыз қалдырады. Бұлардың барлығы тікелей кәсіпорынның беделіне, оның кадрларының тұрақтамауына әсер етеді.

    Бүгінгі таңда қарыздар кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтамасыз ете отырып, олардың дамуына, өнімді, тауарлар мен қызметтерді өндіру көлемінің артуына ықпал етеді. Коммерциялық қызметті қаржыландырудың  қосымша көзі ретіндегі қарыздардың мәні әсіресе кәсіпорынның қалыптасу кезеңінде анық көрінеді, онда кәсіпорын жаңа мүлікті құруға бағытталған (капиталдық инвестициялар болғанда) ұзақ мерзімді инвестицияларды қамтамасыз еткенде несие қорларын пайдаланады. Бұл сатыда банктердің беретін ұзақ мерзімді қарыздарының маңызы жоғары.

     Қазіргі уақытта кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін сырттан қаржыландырудың алуан түрлі көздері бар, бірақ олармен қатар ішкі қаржыландыру көздерін де дамытуды ұмытпау керек.

    Акционерлік қоғамдар болып  қайта құрылған және мемлекеттік емес меншік түріне негізделген кәсіпорындардың көпшілігі ақша қаражаттарына өте зәру болып келеді.

    Инвестицияларды қысқарту салдарынан, яғни қаржы ресурстарының  жетіспеуінен өндіріс тоқтап тұруға мәжбүр.

    Осыған байланысты Қазақстанда кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қалыптастыру мәселесі  айтарлықтай күрделі болып отыр.

    Сонымен бірге қаржы  ресурстарын қалыптастыру көздерін одан әрі зерттей отырып, нақты  деңгейдегі зерттеулерді кеңейту керек.

    Қазақстан Республикасындағы  кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін, оларды қалыптастырудың тиімді тәсілдерін анықтай отырып, зерттеу болып табылады.

    Қаржы ресурстарын экономикалық талдау кәсіпорын үшін қосымша ақша қаражаттарын алудың барынша қолайлы, әрі тиімді түрін таңдауға мүмкіндік береді.

     
    1. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нарықтық экономика жағдайында экономикалық күтіп ұстау

     

    1.1. Кәсіпорынның  қаржы ресурстарының мәні, құрамы  мен құрылымы

     

    Қаржы ресурстары мен  капитал кәсіпорын қаржысын зерттеудің басты объектісі болып табылады. Реттелінбелі нарық жағдайында финансист үшін объекті болып табылатын және ол фирманың жаңа табыстарына қол жеткізу мақсатында үнемі ықпал етіп отыратын «капитал» түсінігі жиі қолданылады. Осылайша, капитал – бұл фирманың айналымға салынған және осыдан фирмаға табыс келетін қаржы ресурстарының бір бөлігі. Ондай болса капитал қаржы ресурстарының өзгерген түрі болып табылады.

    Кәсіпорынның қаржылық ресурстары  - қаржылық міндеттерді  орындау және ұдайы өндірірісті кеңейту шығындарына арналған пайда және сырттан келетін түсімдер түріндегі ақша қаражатының бір бөлігі (1-кесте).

     

    Кесте1

    Кәсіпорынның қаржылық ресурстары

    Қаржы ресурстары

    Қаржы ресурстарының  көзі

    Ескерту

    1

    2

    3

    1.1.Амортизация

    1.2. Жалпы пайда

    1.2.1. Қызмет тауарларын өткізуден түскен пайда (кәсіпкерлік табыс)

    1.2.2. Басқа өткізулерден  түскен пайда

    1.2.3. Өткізуге жатпайтын  нәтижелердің (табыстардың) айырымы 

     

    1.2.4. Резервтік қор

    Өткізуден түскен пайда

     

    Өткізуден түскен пайда

     

    Басқа өткізулерден түскен табыс

     

    Өткізуден түскен табыс

     

    Жалпы пайда

     

    Өзіндік құн

    Өзіндік құн немесе таза пайда

    Егер аморизациялық  қор құрылмаса, амортизация пайдамен  «қосылады»

    Оның ішінде бағалы қағаздарды сатудан. Оның ішінде бағалы қағаздар мен банк депозиттерінен түскен табыс

    Жарғылық капиталдың белгіленген пайыздары

    Егер 1996 жылдан бастап ол өткізу көлемінің 1% көлемінде бөлінген болса, егер көзі - өзіндік құн болса

    2. Қарыздық

    2.1. Банк несиесі 

    2.2. Басқа қаржы институтының  несиесі

    2.3. Бюджеттік несие

    2.4. Коммерциялық несие

    2.5. Үнемі айналымда  болатын кредиторлық борыш

    2.6. Басқалар 

    Тиісті инвесторлардың ресурстары

    Сол секілді

     

    Сол секілді

    Сол секілді

     

    Сол секілді

     

    Сол секілді

    Оның ішінде өзіндікке  теңестіру (тұрақты пассивтер), ссудаларды, дебиторлық борышты қайтару,

    Оның ішінде – лизинг

    Оның ішінде салықты  төлеу мерзімін ұзарту

    Оның ішінде төлемді, сонымен бірге вексельдік несиенінің мерзімін ұзарту

    1- кестенің жалғасы

    3. Тартылған

    3.1. Ағымдағы және инвестициялық  қызметке үлестік қатысу қаражаттары

    3.2. Бағалы қағаздарды шығарудан түсетін қаражат

    3.3. Еңбек ұжымының, заңды  және жеке тұлғалардың жарналық  және басқа да салымдары

    3.4. Сақтандыру төлемдері

    3.5. Франчайзинг, селенг, жалға алу және т.б. бойынша  алынған түсімдер

    Тиісті инвесторлардың ресурстары

    Сол секілді

    Сол секілді

     

    Сол секілді

     

    Сол секілді

    Басқа кәсіпорындардың  немесе жергілікті бюджеттен не қорлардың  қаражаттары болуы мүмкін

    Табыстарды минустау

    Жаңадан құрылған фирма  үшін – бұл өзіндік қаражаттар

    Сақтандыру жағдайын туындағына немесе (зейнетақылық сақтандыру  жағдайында) сақтандыру мезімі келген кезде

    4. Жергілікті бюджеттен  қаржы бөлу және бюджеттік  емес қорлардан келген түсімдер

    Бюджеттік қажыландыру  және   бюджеттік емес қорлардың  қаражаттары

    Оның ішінде қайырымдылық, демеулік көмек және т.б.

    Оның ішінде дотация, субвенция, алдын ала төлемдерді   қайтару, экологиялық және басқа да апат аймақтарындағы унитарлық кәсіпорындарға инвестициялар салу және т.б.


    Қайнар көзі: Коваль В.В. «Финансовый анализ»

     

    Қаржы ресурстарының  бастапқы қалыптасуы  жарғылық капитал жасалынған (акционерлік немесе қоймалық капитал) кәсіпорынның құрылу сәтінде жүзеге асады. Жарғылық капитал – бұл құрылтайшылардың салымдары есебінен  қалыптасқан кәсіпорынның мүлкі. Жарғылық капиталдың қалыптасуы ақша қаражаттарының қосымша көзі – эмиссиялық табысты құрумен қатар жүруі мүмкін. Бұл қайнар көз бастапқы шығарылған акциялар номиналдан жоғары бағамен сатылған жағдайда туындайды. Бұл ақша сомалары алынған кезде олар қосымша капиталға аударылады [1].

    Осындай түсіндірмеде қаржы  ресурстары мен кәсіпорын капиталының арасындағы принципиалды айырмашылықтар кез келген сәтте қаржы ресурстары кәсіпорын капиталынан жоғары немесе оған тең болатындығында. Оның үстіне бұл теңдік кәсіпорынның ешқандай қаржылық міндеттемелері жоқ және қолда бар барлық қаржы ресурстары айналымға салынғандығын білдіреді. Алайда, бұл капитал мөлшері қаржы ресурстарына неғұрлым жақындаған сайын кәсіпорын соғұрлым тиімдірек қызмет ететіндігін білдірмейді.

    Нақты өмірде жұмыс істеп  отырған кәсіпорынның қаржы ресурстары мен капиталы бір біріне тең болмайды. Қаржылық есептер қаржы ресурстары мен капитал арасындағы айырмашылықты көруге болмайтындай етіп құрылады. Себебі стандарттық есептерде қаржы ресурстары шын мәнісінде берілмейді, ал олардың өзгертілген түрі - міндеттемелер мен капитал болып табылады.

    Қаржы ресурстарының  түсінігінен пайда болуына  қарай  олар ішкі (өзіндік) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегінде ішкі ресурстар нақты өмірде стандартық есептерде таза пайда және амортизация  түрінде, ал өзгертілген түрі - кәсіпорын қызметкерлерінің алдындағы міндеттер түрінде беріледі. Ішкі немесе тартылған қаржы ресурстары да екі топқа: өзіндік және қарыз құралдарына бөлінеді. Оларды бұлайша бөлу сырттағы қатысушылардың фирманың осы кәсіпорнын дамытуға кәсіпкерлік не болмаса ссудалық капитал түрінде салынған капитал түрімен түсіндіріледі. Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижелері - тартылған өзіндік қаржы ресурстарының қалыптасуы, ссудалық капитал салымдарының нәтижесі – қарыз қаражаттары болып табылады (1-сурет).

     

                 


                              

     

     

     

     

    Кәсіпкерлік капитал  пайда табу және фирманы басқару  құқықтарын алу мақсатында әр түрлі  фирмаларға салынған (инвестицияланған) капитал болып табылады.

    Ссудалық капитал –  бұл қайтарымдылық және төлемділік шарттарымен қарызға берілген ақша капиталы. Кәсіпкерлік капиталға қарағанда ссудалық капитал фирмаға салынбайды, пайыздар алу мақсатында уақытша пайдалануға беріледі. Бизнестің бұл түрімен арнайы мамандандырылған несие-қаржы институттары (банктер, несие одақтары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар мен тағы басқалар) айналысады.

    Нақты өмірде кәсіпкерлік  және ссудалық капиталдар өзара тығыз  байланысты. Қазіргі заманғы нарық  шаруашылығы айтарлықтай диверсификацияланған, яғни қызмет түрлері бойынша да, кеңістікте де шоғырланған. Бүгінгі таңда диверсификация нарық шаруашылығын және оның құржылық жүйесінің тұрақтылығы мен беріктігін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Бірақ диверсификацияны тереңдету қаржы ағындары мен капиталдың шиеленісуіне, қаржы тәжірибесінде арнайы құралдарды пайдалануды кеңейтуге сөзсіз алып келеді, ол кәсіпорынның қаржылық жұмысын айтарлықтай қиындатады.

     

    1.2. Қаржы ресурстарын  қалыптастыру көздері

     

    Қаржы ресурстарын қалыптастыру көздері: табыс, амортизация, бағалы қағаздарды шығару, несие беру және қаржылық лизинг [2].

    Пайда жалпы мағынада кәсіпорын табысының оның шығындарынан асып түсуі ретінде түсінілетін  кәсіпорын қызметінің ақырғы қаржылық нәтижесі болып табылады. Пайда -  жалпы табысты алумен байланысты кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі көзі. Кәсіпорынның жалпы табысы – бұл материалдық шығындарды есептей отырып, яғни еңбекке ақы төлеу мен пайдадан тұратын өнімді өткізуден түсетін (жұмыстар, қызметтер) түсімдер (2-кесте).

    Кесте2

    Өзіндік құн, кәсіпорынның  жалпы табысы мен пайдасының арасындағы байланыс

    Материалдық шығындар

    Жалпы табыс

    Еңбекке ақы төлеу

    Пайда

    Өзіндік құн 

    Таза пайда 

    Пайдаға салынатын салық

    Өткізуден түскен түсімдер


    Қайнар  көзі: КовальВ.В. «Финансовый анализ»

    Ақырғы қаржылық нәтижесі (пайда немесе зиян) өнімдерді (жұмыстар, қызметтерді) өткізудің қаржылық нәтижесінен,  негізгі қорлар мен кәсіпорынның басқа мүлкінен және өткізуден тыс  операциялар бойынша шығындар сомасына қысқартылған осы операциялардан алынған табыстан жинақталады.

    Өнімді өткізуден (қызметтер, жұмыстан) түсетін пайда (зиян) ҚҚС  мен акциздерді қоспастан қолданыстағы бағалармен және өнімді өндіру мен  өткізуге кеткен шығындармен бірге  өткізуден алынған түсім арасындағы айырмашылық ретінде белгіленеді.

    Экспорттау қызметімен айналысатын кәсіпорындар пайданы  есептеу кезінде өнімді өткізуден  түскен пайдадан экономикалық тарифтерді алып тастайды. Кәсіпорынның  жалпы (жиынтық) пайдасының екінші құрамдас бөлігі – негізгі құралдар мен  басқа мүлікті өткізуден түскен пайда болып табылады.

    Жалпы пайданың үшінші бір  құрамдас бөлігі - өткізумен байланысты емес операциялардан, яғни негізгі  қызмет түрімен: мүлікті жалға беру, кәсіпорының бағалы қағаздары бойынша  табыс алуы, төленген айыппұлдардан  алынған айыппұлдар сомасының асып түсуі, бірлескен қызметтен алынатын пайда, есептік жылда белгіленген өткен жылдардың пайдасымен және т.б. тікелей байланысты емес операциялардан түсетін пайда болып табылады. Кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыру үшін өнімді өндіру мен өткізу көлемі резервтерінің артуын, өнімнің өзіндік құнының төмендеуін, пайданың өсуін анықтаудың маңызы ерекше.

    Пайданы көбейту резервтерін  іздестірудің негізгі бағыттарын белгілеу үшін оны алуға ықпал ететін факторлар  әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі. Сыртқы факторлар табиғат жағдайлары, бағаны, тарифтерді, пайыздарды, салық ставкалары мен жеңілдіктерді, айыппұл шараларын мемлекеттік реттеу және т.б. жатады. Бұл факторлар кәсіпорынның қызметіне байланысты болмайды, бірақ пайда көлеміне айтарлықтай әсер етеді.

    Ішкі факторлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік факторлар еңбек заттары  мен құралдарын, еңбек және қаржы  ресурстарының болуы мен оларды пайдалануды білдіреді. Өз кезегінде  олардың өздері экстенсивті және интенсивті факторларға бөлінеді. Экстенсивті факторлар пайданы алу процесіне сандық өлшемдер: еңбек заттары мен құралдарының, қаржы ресурстарының көлемі, құрал-жабдықтардың жұмыс істеу уақыты, қызметкерлердің саны, жұмыс уақытының қоры және т.б. арқылы ықпал етеді.

    Интенсивті факторлар  пайдану алу процесіне «сапалық»  өлшемдер: құрал-жабдықтардың өнімділігі мен оның сапасы, материалдың алдыңғы  қатарлы түрлерін пайдалану мен  оларды өңдеу технологиясын жетілдіру, айналым құралдарының айналымдылығын күшейту, қызметкерлердің еңбек өнімділігі мен біліктілігін арттыруы, өнімнің еңбек пен материалды көп қажет етуін азайту, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және қаржы ресурстарын барынша тиімді пайдалану және  т.б. арқылы ықпал етеді.

    Өндірістік емес факторларға, мысалы, жабдықтау-тұрмыстық және табиғатты қорғау қызметтері, еңбек ету мен тұрмыстың әлеуметтік жағдайлары және т.б. жатады.

    Кәсіпорын қаржы-экономикалық қызметті жүзеге асырған кезде бұл  факторлардың барлығы өзара тығыз  байланыста және өзара тәуелділікте болады. Өнімнің өзіндік құн мөлшеріне «тікелей» әсер ету, демек, пайда материалдық ресурстар қаншалықты тиімді және үнемді пайдалатындығымен байланысты болады - өйткені өзіндік құн құрылымындағы материалдық шығындар үлесі әдетте 60-90% арасында ауытқып отырады /35/.

    Информация о работе Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нарықтық экономика жағдайында экономикалық күтіп ұстау