Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нарықтық экономика жағдайында экономикалық күтіп ұстау

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 14:38, курсовая работа

Краткое описание

Акционерлік қоғамдар болып қайта құрылған және мемлекеттік емес меншік түріне негізделген кәсіпорындардың көпшілігі ақша қаражаттарына өте зәру болып келеді.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................
1. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нарықтық экономика жағдайында экономикалық күтіп ұстау...
1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарының мәні, құрамы мен құрылымы..........................
1.2 Қаржы ресурстарын қалыптастыру көздері.
1.3 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару стратегиясы...
2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы (мысалға «Транс-сервис» ЖШС-гі алынған)...............................
2.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының пайдалану тиімділігін талдау............................................................
3. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру жолдары
3.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыпастыру мәселелері.........
3.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыруды оңтайлы әдістерді пайдалану негізінде жетілдіру.............................
Қорытынды......................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімi......................................

Файлы: 1 файл

Абзал.doc

— 282.00 Кб (Скачать)

Лизинг кәсіпорынның ресурстық әлеуетін қаржыландырудың  жаңа, дәстүрлі емес, қосымша жүйесі болып табылады және онда жалға беру қатынастары, кепілмен несиелік қаржыландыру элементтері, борыштық міндеттемелер бойынша есеп айырысу және  басқа да қаржылық механизмдер қамтылған. Лизинг шаруашылық қызметті қаржыландырудың бір түрі және негізінен кәсіпорынның ұзақ мерзімті активтерді жаңарту мен толықтыруға ақша қаражаттары жетіспеген жағдайда қолданылады. Ол кәсіпорындарға бір жолғы шығындарсыз едәуір қажетті өндіріс құралдарын алуға, сондай-ақ негізгі қорлардың тозуымен байланысты болатын зиянды болдырмауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында  елдегі лизингтік қатынастарды жетілдіру  жөнінде орасан жұмыстар жүргізілуде, осыған байланысты 2000 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизинг туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң қаржылық лизинг барысында туындайтын қатынастарды реттейді және лизингтік қызмет негізінде инвестицияларды тартуға, оның ішінде  әр түрлі шаруашылық етуші субъектілердің қаржылық ресурстарын толықтыруға бағытталған.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының  жаңа Салық Кодексінде жаңа өндірістерді құру, қолданыстағыларын кеңейту  мен жаңарту мақсатында негізгі  капиталға инвестициялар салатын салық төлеушілер бойынша инвестициялық салық преференциялары енгізілген.

Қазіргі уақытта Қазақстанның көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындарының негізгі өндірістік қорлары қаржы  ресурстарын толықтырудың едәуір ашық, тиімді жолдарын іздестіре отырып,  нақты жаңартуды талап етеді. Қаржыландырудың осындай көздерінің бірі лизинг болып табылады.

Лизингтің әр алуан түрлері  бар: жедел, қаржылық, қайтарымды, компенсациялық, жаңартылатын лизинг, жылжымайтын мүлік  лизингі, «стандарт» лизингі, «жеткізушіге берілетін» лизинг және ақша қаражаттарын тарта отырып, берілетін лизинг, т.б.

Банк және банктік  емес мекемелер, өздерінің лизингтік  компаниялары бар өнеркәсіптік кәсіпорындар, арнайы мамандандырылған лизингтік  компаниялар (олардың лизингтік  қызметіне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі лицензия береді), сондай-ақ лизингтік қызметті лицензиясыз лизинг беруші ретінде жүзеге асыратын басқа да жеке және заңды тұлғалар лизинг берушілер бола алады. Осымен Қазақстандағы лизингтік қатынастар саласы кеңейтілген.

Бүгінде арнайы мамандандырылған қаржы-несие институттары көрсететін маңызды қаржы қызметтерінің бірі өнеркәсіптік және қаржылық лизинг болып табылады. Лизингтің маңыздылығы әр түрлі шаруашылық етуші субъектілер мен жеке кәсіпкерлердің қаржылық-шаруашылық қызметі  үшін қажетті негізгі құралдармен (ғимарат, құрылыстар, көлік құралдары, машиналар, құрал-жабдықтар және т.б.) үзіліссіз қамтамасыз етуден тұрады. Сөзсіз барлық техника мен құрал-жабдықтар пайдалану дәрежесіне қарай тозып, ҒТП жаппай жылдамдату кезеңінде моральдік жағынан ескіріп, арнайы машиналарды, техника мен құрал-жабдықтарды жаңарту мен толықтыру қажеттігі туындайды. Бұл мәселені жүзеге асырудың маңызды құралы өнеркәсіптік лизинг болып келеді  /3/.

Негізгі құралдар көбіне компания активтерінің негізгі бөлігін құрайды, сондықтан да оның қаржылық жағдайын көрсетуде маңызы ерекше. Соныменбірге шығындардыактив немесе шығыстарретінде белгілеу компанияның қызмет нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін.

Негізгі құралдардың  жарамдылық коэффициенті 60%-ға дейінгі орта деңгейде болуы кәсіпорынның шешім қабылдауын талап етеді.

Осы кезең ішінде негізгі  құралдардың бастапқы құны және сәйкесінше негізгі құралдардың жинақталған  тозу сомасы артқанына қарамастан, 2008 жыл ішінде негізгі құралдардың тозу коэффициенті төмендеп, 0,20 болды, ал 1999-2008 жылдардағы жарамдылық коэффициенті орта есеппен 0,58-ді құрады да, кәсіпорынның негізгі құралдарын жаңарту қажеттілігін көрсетеді.

Лизингтік операциялардың қалыптасқан тәжірибесі мен лизинг субъектілерінің арасындағы қатынастарды ескере отырып, ҚР-дағы лизингтік қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді зерттеу негізінде кәсіпорынның негізгі капиталын жаңартуға арналған қаржылық қызмет түрлерінің мынадай артықшылықтары анықталған:

1. Тозған және табиғи  ескірген өндірістік қорларды ұзақ мерзімді негізде жаңарту;

2. Ақша қаражаттарының  бір уақыттағы ағымынсыз әр  түрлі ұзақ мерзімді актвтерді  сатып алу;

3. Льготтық негізде  лизингтік өнімді алу;

4. Инвестициялық бағдарлама  тәртібінде лизингті пайдалану  кезіндегі салық преференциялары;

5. Лизингтің алуан  түрлерінің болуы;

6. Банк бөлімшелерінің, басқа қаржылық-несие институттарының,  сондай-ақ арнайы мамандандырылған  лизингтік компаниялардың лизингті  беруі;

7. Лизингтік операциялар  кезінде кепілдік қамтамасыз  ету құралы болып табылатын активтердің кең түрлері.

Қазіргі заман жағдайларында  Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының  құралдары да кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру көздері  бола алады. ҚР-да дамып келе жатқан бағалы қағаздар нарығы кәсіпорынды  қаржыландыру үшін үлкен әлеуетке ие.

Облигацияларды шығарудың  бірқатар артықшылықтары бар: облигациялық қарыздар әдетте банк несиелеріне қарағанда  арзан болып келеді, облигациялық займдарды шығару кәсіпорынға үлкен  қаражаттарды тартуға мүмкіндік  береді; облигацияларды шығару қарапайым акцияларды шығаруға қарағанда кәсіпорынға бақылау жасауды толығымен немесе ішінара жоғалту қаупінің тууымен байланысты болмайды.

Облигацияларды шығару жайында айтқанда облигацияны барлық кәсіпорындар шығара алмайтындығын  ескере кеткен жөн. «Электротранс-Сервис» ААҚ бүгінгі таңда облигациялық займдарды қаржы нарығында орналастырудың барлық  талаптарына сай келеді: қаржыландыру көлемі жеткілікті, облигациялар эмитенті (оларды жария түрде орналастырған кезде) сол уақытта табысты болуы, «табиғи» ақша түсімдерінің жоғарғы пайызын иемденуі тиіс, облигациялар эмитенті болашақ инвесторлар арасында кеңінен танымал болуы тисі.

Тәжірибе көрсеткендей облигациялық займдарды шығару кәсіпорындарға өздерінің негізгі және айналым  активтерін арттыруда біршама артықшылықтар береді.

Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыруда бағалы қағаздардың, атап айтқанда корпоративтік  облигациялық займдардың маңызы ерекше. Соңғы кезде Қазқстан Республикасының  Үкіметі бағалы қағаздар нарығын  қалыптастыру мен дамыту мәселелеріне үлкен көңіл бөліп отыр. Осыған байланысты бағалы қағаздар нарығын реттеу саласында «Акционерлік қоғамдар туралы» және «ҚР-ның кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобалары әзірленген болатын. Бұл құжаттарды қабылдау акциялардың қосымша бағалы қағаздар нарығында айналу тәртібін жеңілдетуге; бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыру тәртібін нақтылауға және ҚР-дағы акционерлік қоғамдарды корпоративтік басқару аспектілерін реттеуге мүмкіндік береді.

ҚР-дағы бағалы қағаздар нарығын дамытуды мемлекеттік қолдаудың  жүргізіліп отырған саясаты бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен  оның қатысушылары санының артуына  кең жол ашатындығына сеніміміз  мол.

Осылайша, қазіргі уақытта кәсіпорындарға корпортивтік бағалы қағаздарды шығарудың мәнісі бар, себебі олар кәсіпорын активтерінің ең жоғары таратылымдылығы ретінде қаржы ресурстарын қалыптастыруға ықпал етпек.

Нарық жағдайында қаржы  тәжірибесінде «факторинг» деп аталатын қызметтер кешені кеңінен таралған, (сөзбе сөз мағынасында) яғни банктің немесе арнайы факторингтік компанияның клиенттің төлемдік талаптарын сатып алуы. Осылайша, олар делдалдық міндеттерді мойнына алып, белгілі бір комиссиялық ақылар үшін (коммерциялық несиелеумен салыстырғанда) қосымша қызметтерді көрсетеді. Бұл кәсіпорындарға тартылымы едәуір аз активтерді едәуір таратылымды актвитерге ауыстыруға көмектеседі. Қазіргі уақытта «Электротранс-Сервис» ААҚ-ы қаржы бөлімінің қаржылық қызметтердің осы бір саласына назар аударғаны жөн.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келгенде «Кәсіпорынның  қаржылық ресурстарын нарықтық экономика  жағдайында экономикалық күтіп ұстаудың мәні мен мақсатын қарастырдық.Қаржы  ресурстары мен капитал кәсіпорын  қаржысын зерттеудің басты обьектісі болып табылады.Яғни қаржы ресурстары:амортизатция,жалпы пайда, қарыздық,тартылғандар және жергілікті бюджеттен қаржы бөлу және бюджеттік емес қорлардан келген түсімдерді көптеген бөлімдерге бөліп қарастырдық.Олардың қайнар көздері мен таныстық.Осы шешімдер арқылы нақты жұмыс істеп отырған кәсіпорындардың қаржы ресурстары бір-біріне тең болмайды.    

Қаржы ресурстарының  түсінігінен пайда болуына қарай олар ішкі (өзіндік) және сыртқы(тартылған) болып бөлінеді.Өзіндік капиталдардың құрылымы бірнеше этоптардан тұртды.

  Нақты өмірде кәсіпкерлік және ссудалық капиталдар өзара тығыз байланысты. Өнімді өткізуден (қызметтер, жұмыстан) түсетін пайда (зиян)ҚҚС мен акциздерді қоспастан қолданыстағы бағалармен өнімді өндіру мен өткізуге келген шығындармен бірге өткізуден алынған түсім арасындағы айырмашылық ретінде белгіленеді.

Резерівті қор мен амортизация,амортизациялық процесі, аударымдарының негізгі қорлары  болып келеді. Ал екін ші бөліміне келетін  болсақ, кәсіпорынның ұйымдастырушылық –экономикалық сипаттамасы (мысалы ретінде «Транс-сервис »  ЖШС –гін аламыз. Мұнда оның дербес балансы мен Каспиский банкінде 18467447 есеп айырысу шоттары бар. 

Қаржылық стратегия  – бұл кәсіпорынды ақшалай  қаражаттармен қамтамасыз ету бойынша  әрекеттердің басты жоспары. Ол қаржылардың құрылу теориясы мен тәжірибесі, олардың және нарықтық шаруашылық жағдайында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жоспарлау мен қамтамасыз ету сұрақтарын қамтиды. Қаржылық стратегия құрамы: негізгі және айналым қаражаттарын оптимизациялау, табысты бөлуді оптимизациялау, қолма-қолсыз есеп-айырысу облысында саясат, бағалы қағаздар облысында саясат. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын қалыптастыруға байланысты ұсыныстар кәсіпорынды қаржылық талдау нәтижелеріне бойынша қорытындылар негізінде жасалады.

Қаржылық стратегия  жасау қадамдары келесі кезеңдерден  құралады: дайындық кезеңі; қаржылық жоспарлаудың мақсаттарын анықтау және қалыптастыру; жоспарланатын кезеңге кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі  критеиін таңдау; қаржылық стратегияны құруға қатысты ұсыныстарды жасау, сандық және сапалы бағалау және таңдау; кәсіпорынның болжамды қаржылық есептемесін құру; таңдалған ұсыныстарды есепке ала отырып, кәсіпорынның болжамды жағдайын қаржылық талдау; жоспарланатын кезеңге кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі критерийлеріне жетуді бағалау; кәсіпорынның жоғары басшылығымен қаржылық стратегиясының бекітілуі.

Негізгі қызмет түрлеріне: жол- құрылыс жұмыстары, құрылыс-монтаждау  жұмыстары, олар мыналардан тұрады: 

   1.   Дайындық,алып тастау және жерге байланысты жұмыстар.   

   2.   Жол жұмыстары:  магистральді жолдар мен қалалардағы  көшелерді,тұрғын үй құрылыстарындағы  көшелер мен жолдарды салу. 

   3.   Көгалдандыру  және ландшафтық дизайн: газондар  орнату оларды күтіп ұстау. 

   4.   Бас мендігерлік қызметтер. 

      Бір жылдағы адам саны –38 адам. Төменде кәсіпорынның ұйымдық құрылымы берілген. Біз мұнда кәсіпорынның  бас директоры мен бас бухгалтерін, инженерлерін қарастырдық. Оның негізгі бөлімінде қаржы ресурстарының жалпы сипаттамасын қарастьырып өттік.  1.01.2008 ж.-1.01.2011 ж арасындағы көрсеткіштерді қарастырып өттік.                                      

                Қорыта келгенде «Өндірістік  кәсіпорынның қаржылық ресурстарының  маңызы өте зор.                  

 

 

 

 

 

                            

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізім:

 

  1. Колчина Н.В., «Финансы предприятий», Москва – 2003
  2. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002
  3. Ковалев В.В., «Финансовый менеджмент», Москва – 2002
  4. Мейірбеков А.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2003
  5. Шуляк П.Н., «Финансы предприятий», Москва – 2001
  6. Өсербайұлы А., «Корпоративтік қаржы», Алматы - 2005
  7. Жуйриков К.К., «Финансы предприятия в рыночной экономике», Банки Казахстана, 2001, №6
  8. Үмбетәлиев А., «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік», Алматы – 2002
  9. Бочаров В.В., «Корпоративные финансы», Санкт-Петербург – 2002
  10. Ибришев Н.Н., «Корпоративное финансирование», Алматы – 2005
  11. «Управление финансовым состоянием фирмы в рыночной экономике», Банки Казахстана, 2004, №4
  12. «Выбор оптимальной стратегии фирмы», Банки Казахстана, 2005, №2
  13. «Хамле Компани Лтд» ЖШС-нің қаржылық есебіне қосымша
  14. «Хамле Компани Лтд» ЖШС-нің Жарғысы
  15. Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы – 2001
  16. Жуйриков К.К., «Финансовый анализ предприятия», Алматы – 2003
  17. «Хамле Компани Лтд» ЖШС-нің 2003-2004 жылдардағы қаржылық есебі
  18. Селезнева В.Г., «Финансовый анализ. Управление финансами», Москва – 2003
  19. Савицкая Г.В., «Анализ хозяйственной деятельности предприятия», Минск – 2002
  20. Стоянова Е.С., «Финансовый менеджмент», Москва – 2003
  21. Тургулова А.К., «Проблемы и пепспективы обеспечения финансовыми ресурсами предприятий реального сектора экономики», Банки Казахстана, 2005, №3
  22. ҚР Ұлттық банкінің 2000-2004 жылдардағы қорытынды есебі
  23. Кучукова Н., «Стимулирование инвестиций и повышение конкурентоспособности казахстанской экономики», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №1
  24. «Ирбис» ақпараттық Агенттігінің қаржы нарығы туралы 2000-2004 жылдардағы мәліметтері
  25. Рахимова С.А., «Лизинг: проблемы и перспективы развития», Банки Казахстана, 2004, №9
  26. Тургулова А.К., «Особенности формирования заемного капитала на практике казахстанских предприятий», Финансы Казахстана, 2004, №6
  27. Арыстанов А., «Корпоративные облигации как инструмент долгосрочного финансирования», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2001, №12
  28. Оралбаева Ж., «Қазақстандағы лизингтік қатынастарды жетілдіру жолдары», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №2
  29. Игликов Е., «Инвестиционный потенциал финансовых институтов Республики Казахстан: состояние и перспективы», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2005, №2
  30. Михалева Е.В., «Факторинг операциялары: айналым қаражаттарын несиелеу мүмкіндіктері», Бухгалтер бюллетені, 2001, №15
  31. Куздыбаева М.С., «Анализ и управление заемными средствами», Банки Казахстана, 2004, №11

Информация о работе Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нарықтық экономика жағдайында экономикалық күтіп ұстау