Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нарықтық экономика жағдайында экономикалық күтіп ұстау

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 14:38, курсовая работа

Краткое описание

Акционерлік қоғамдар болып қайта құрылған және мемлекеттік емес меншік түріне негізделген кәсіпорындардың көпшілігі ақша қаражаттарына өте зәру болып келеді.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................
1. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нарықтық экономика жағдайында экономикалық күтіп ұстау...
1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарының мәні, құрамы мен құрылымы..........................
1.2 Қаржы ресурстарын қалыптастыру көздері.
1.3 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару стратегиясы...
2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы (мысалға «Транс-сервис» ЖШС-гі алынған)...............................
2.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының пайдалану тиімділігін талдау............................................................
3. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру жолдары
3.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыпастыру мәселелері.........
3.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыруды оңтайлы әдістерді пайдалану негізінде жетілдіру.............................
Қорытынды......................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімi......................................

Файлы: 1 файл

Абзал.doc

— 282.00 Кб (Скачать)

Эволюциялық стратегия  жақсарту инновацияларына сүйенеді және мемлекеттік қолдануға байланыссыз ол тек монополияға қарсы шараларды жүргізе отырып, бәсеке үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуі керек.

Дағдарыстық жағдайларда  өміншеңдік стратегиясы жиі қолданылады. Оның мақсаты – кәсіпорынның, аймақтың, саланың негізгі потенциалын сақтай отырып, нашарлаған конъюнктураға бейімдеу. Бұл жағдайда өндірістен сұранысы жоқ, ескірген өнімдер алынып тасталады, иноовациялық және инвестициялық қызмет ауқымы төмендейді, жаңа нарықтарға бейімделу, қызметкерлерді қайта дайындау және оны қысқарты жүргізіледі. Ұйымның сыртқы ортасы мен ішкі резервтерін зерттей отырып, кәсіпорынның басшылығы алдына стратегиялық баламаны талдау мәселесін қояды. Стратегиялық баламаның келесідей түрлері белгілі: өсу, шектелген өсу, қысқарты және осы үш стратегияның үйлесімділігі.

Шектелген өсу стратегиясы  кемеліне жеткен кәсіпорындарды қолданылады.

Өсу стратегиясы алдыңғы  кезең көрсеткіштерінің деңгейін тұрақты  түрде көтеріп отыруын білдіреді. Ол тез өзгеріп тұратын технологиялы, серпінді түрде дамушы кәсіпорындарда қолданылады. Өсу стратегиясының ішкі және сыртқы түрлері болуы мүмкін: ішкі өсу тауарлар мен қызмет көрсетулер мен тауар ассортиментің кеңейту жолымен жүргізіледі; сыртқы өсу компаниялардың бірігуімен байланысты болады.

Қойылған мақсаттар  қол жеткізілген деңгейлерден төмен болған жағдайда кәсіпорын басшылығы қысқарту стратегиясын қолданады. Қысқарту стратегиясының келесідей түрлері белгілі: кәсіпорынның таратылуы (ұйымның материалдық қорлары мен активтерін толығымен сату), қызметтің кейбір түрлерін қысқарту.

Барлық баламалардың үйлесімдік стратегиясын бірнеше салаларда  белсенді қызмет атқаратын ірі кәсіпорындар қолданады.

Сонымен қатар, кәсіпорындардың  қызметінде қаржы ресурстарын басқару  стратегиясы нарық жағдайларында  кәсіпорындардың жоғары табыстарға жетуінің негізгі құралы болып саналады.

Кәсіпорынның қаржы  ресурстарын басқару стратегиясы  – бұл кәсіпорынды қажетті  ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету  шараларының бас жоспары болып  табылады. Ол қаржы ресурстарының  қалыптасуының, оларды жоспарлаудың және қамтамасыз етудің теориялық негіздері мен тәжірибелік әдістерін қамтиды, шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Қаржы стратегиясының теориясы шаруашылық жүргізудің нарықтық объективті заңдылықтарын зерттейді, бәсекелестік жағдайларда өміршеңдікті қамтамасыз етудің әдістері мен нысандарын жасайды. Қаржы стратегиясы келесілерді қамтиды:

  • кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
  • негізгі құралдар мен айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын оңтайландыру;
  • табысты үлестіру (бөлу);
  • салық және баға саясаты;
  • құнды қағаздар жөніндегі саясат (инвестициялық саясат).

Қаржыны басқару стратегиясы  кәсіпорынның қаржылық жағдайын, ішкі және сыртқы факторлардың объективті сипаттарын жан-жақты ескереді. Егер қаржы саястаты кәсіпорынның қаржылық-экономикалық мүмкіндіктеріне және оның өнімінің нарығында қалыптасқан жағдайларына сәйкес келмесе, кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін.

Қаржы менеджментінің басты  мақсаты – кәсіпорынды қажетті  және жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес нарық талаптарына сай және кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сай қаржы саясаты қалыптасады. Мұнда жауапкершілік орталықтарына және жұмыс бағыттарына қарай қаржы ресурстарын қалыптастыру міндеттері анықталады және бөлінеді.

Қаржы ресурстарын басқару  стратегиясы басты мақсатқа жетудің  алуан түрлі әдістері мен әрекеттерін  қамтиды, атап айтқанда:

  • қаржы ресурстарының қалыптасуы және оларды орталықтандырылған түрде стратегиялық басқару;
  • оларды орындау үшін шешуші бағыттарды анықтау және күштерді жұмылдыру;
  • мақсаттарды саралау және оларға қол жеткізу;
  • қаржылық қызметтің кәсіпорынның экономикалық жағдайына және материалдық мүмкіндіктеріне  сәйкес келуі;
  • әрбір кезеңдегі қаржылық-экономикалық жағдайды және кәсіпорынның қаржылық жағдайын объективті түрде ескеру;
  • стратегиялық резервтерді әзірлеу және қалыптастыру;
  • өзінің бәсекелестері мен әріптестерінің экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескеру;
  • бәсекелестер тарапынан негізгі қауіп-қатерді анықтау, оның алдын алуға негізгі күштерді жұмылдыру және қаржылық операциялардың бағыттарын дұрыс таңдау.

Осылайша, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы: қаржы стратегиясының теориясы мен тәжірибесінің тиімді қатынасының нәтижесінде; қаржылық стратегиялық мақсаттардың кәсіпорынның нақты экономикалық және қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келген уақытында қамтамасыз етіледі.

Жекелеген мақсаттарға  қол жеткізу стратегиясы басты  стратегиялық мақсатты жүзеге асыруға  бағытталған қаржылық операцияларды  дұрыс орындаумен сипатталады. Осы орайда қаржы стратегиясының міндеттеріне келесілер жатады:

  • нарық жағдайларындағы қаржы ресурстарының қалыптасу заңдылықтарын зерттеу; қаржы ресурстарын қалыптастыру нұсқаларын әзірлеуге жағдайлар жасау және қаржылық тұрақсыздық, дағдарыс жағдайларындағы қаржы менеджерлерінің әрекеттерін анықтау;
  • тұтынушылар мен жабдықтаушылар, бюджеттер мен банктер және басқа да қаржы институттарымен қаржылық қарым-қатынастарды анықтау;
  • өндірістік негізгі және айналым құралдарын барынша тиімді қолдану үшін резервтерді анықтау және ресурстарды оңтайландыру;
  • өндірістік-шаруашылық қызметке қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
  • барынша жоғары табыс алу мақсатында кәсіпорын қолындағы уақытша бас қаражаттарды тиімді инвестициялануын қамтамасыз ету;
  • табысты қаржы стратегиясын жүргізу және қаржылық мүмкіндіктерді ұтымды қолдану әдістерін анықтау, сондай-ақ кәсіпорын жұмысшыларын жан-жақты дайындау, олардың ұйымдық құрылымын жетілдіру және кәсіпорынды техникалық жасақтау;
  • мүмкін болатын бәсекелестердің стратегиялық көзқарастарын және олардың экономикалық, қаржылық мүмкіндіктерін зерттеу, олармен күресте өзінің қаржылық тұарқтылығын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу және жүзеге асыру.

Қаржыны басқару стратегиясының жүзеге асырылуын бақылау табыстар табуды, оларды үнемді қолдануды тексеруге  мүмкіндік береді. Жақсы ұйымдастырылған қаржылық бақылау ішкі резервтерді анықтауға, шаруашылықтың рентебельділігін арттыруға, ақша қорларын ұлғайтуға көмегін тигізеді.

 

 

 

 

 

   2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау

 

   2.1. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы (мысалға «Транс-сервис» ЖШС-гі алынған)

 

«Транс-сервис» ЖШС  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне 2000 жылы 18 ақпанда №31370-1910 нөмірімен тіркелген заңды тұлға  болып табылады. Орналасқан жері –  Алматы қаласы, Ратушный көшесі, 68, Алматы қаласының Жетісу ауданының салық комитетінде тіркелген СТН 600500075611.

«Транс-сервис» ЖШС-нің  дербес балансы, Каспийский банкінде 18467447 есеп айырысу шоты бар.

Негізгі қызмет түрлері: жол-құрылыс жұмыстары, құрылыс-монтаждау жұмыстары, олар мыналардан тұрады:

1. Дайындық, алып тастау  және жерге байланысты жұмыстар: территорияны құрылысқа дайындай  отырып тазалау; ағаштарды құлату  және түбірлерді түбірімен жұлу; ғиматтар мен құрылыстарды бөлшектеу  мен бұзу; уақытша жолдар, инженерлік желілер мен құрылыстарды салу; вертикальді жобалау; топырақтарды дайындау, қазандықтарды қазу; үйінділер мен шұңқырлар қазу; топырақты, қарды және құрылыстан шыққан қоқыстарды шығару.

2. Жол жұмыстары: магистральді  жолдар мен қалалардағы көшелерді, тұрғын үй құрылыстарындағы көшелер мен жолдарды салу; 1, 2, 3 және 4-ші категориядағы автомобиль жолдарын салу; автомобиль жолдары мен алаңқайларды құру мен жөндеу; асфальт төсеу; тротуарлар мен отмастоктарды құру; ашық спорт құрылыстары мен балалар ойнатын алаңқайлар салу; темір-бетон жол плиталарын төсеу; жиектік тастарды орнату; тротуарлық плиткалардан жолдар мен алаңқайларды салу.

3. Көгалдандыру және  ландшафтық дизайн: газондар орнату  және оларды күтіп ұстау; ағаштар  мен бұталарды отырғызу және оларды күту; төбешелер мен ағын суларды  (каскад), беседкалар, бақша жиһаздарын, балаларға арналған және спорт алаңшаларын салу; дуалдар, қоршаулар мен шарбақтар салу; тротуарлар мен жол плиталарын төсеу.

4. Бас мердігерлік  қызметтер:

Өз күшімен мынадай бағыттағы жұмыстарды орындау: құрылысты ұйымдастыру: жол (барлық категориядағы автомобиль жолдарын, аулалар мен алаңдарды салу және жөндеу), жалпы құрылыс (фундаменттер мен тіреулер, бетон құрылыстарын орнату, монолит, таспен қалау, шатырды жабу жұмыстары, жеңіл қоршауларды, металл құрылыстарын тұрғызу), өңдеу, майлау жұмыстарын жүргізу; тоғандар мен газондарды салу, көшеттер отырғызу, қоршаулар мен шарбақтарды салу, ішкі және сыртқы инженерлік коммуникацияларды құру.

Бір жылдағы адам саны – 38 адам. Төменде кәсіпорынның ұйымдық құрылымы берілген.


 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2. «Транс-сервис»  ЖШС фирмасының ұйымдық құрылымы

Қайнар көзі: «Транс-сервис»  ЖШС фирмасының ұйымдық құрылымы

 

Кәсіпорынның қаржылық күйі кәсіпорынның қаржы ресурстарының  болуын, оларды орналастыру мен пайдалануды және кәсіпорынның барлық өндірістік-шаруашылық қызметін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталады.

Кәсіпорынның жұмыс істеу тиімділігін  арттыруға, оның қаржылық жағдайын тұрақтандыруға, оның қаржылық тұрақтылығын күшейтуге  бағытталған іс-шаралар жүйесінде кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалану мәселелсі маңызды болып келеді.

Кәсіпорынның қаржы ресурстарын  тиімді басқару қаржы және ақша қорларын тиімді пайдалануға, сонымен бірге  оларды қалыптастыру процесінің тиімділігі де болып табылады.

Тікелей аналитикалық баланстан ұйымның  қаржылық күйінің бірқатар маңызды  сипаттамаларын алуға болады.

Ақша қаражатының тиімді құрылымын  құру кәсіпорынға қажетті шығындар көлемін жауып, табыстың мүмкін болатын  деңгейін қамтамасыз ету үшін қажет.

3-кестеде «Транс-сервис» ЖШС кәсіпорнының қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, сондай-ақ олардың талданып отырған кезеңдегі өзгерістері берілген.

Талданып отырған кезеңдегі  есептеулерден көретініміздей, қаржы  ресурстары көздерінің  жалпы сомасы  кезең басында 5781 мың теңгеден кезең соңында 11 624 мың теңгеге дейін өскен, яғни өсу қарқыны 201%-ды құрап отыр. Бұл жерде өзіндік көздерінің өсу қарқыны 145,75% болған кезде 2382 мың теңгеге артты, ал қарыз көздері – 3461 мың теңгеге өсті. Қаржы ресурсатырының қарыз көздерінің өсу қарқыны 702,25%-ды құрады. Осылайша, қарыз көздерінің өсу қарқыны өзіндік көздерден асып түседі,  
бірақ осыған қарамастан меншік капиталы «Транс-сервис» ЖШС-нің қаржыландыру көздерінің үлкен үлесін алып отыр.

Меншік капиталы сомасы негізінен талданып отырған кезең басында 4933 мың теңгеден кезең аяғында 7261 мың теңгеге дейін өскен қосымша капитал көлемінің өсуінен артып отыр. Қосымша капиталдың өсу қарқыны 147,2%-ды құрайды. Қосымша капитал 2011 жылы негізгі қорларды қайта бағалау салдарынан артып отыр. Бағалы қағаздар шығарылмады, демек меншік капиталының өсуі қаржы ресурстары көздерінің нақты артуына алып келмеді.

Меншік капиталының сомасына мақсатты қаржыландыру мен түсімдердің артуы  да ықпал етті. Талданып отырған  кезең ішінде тұрақты түрде «Транс-сервис» ЖШС-ін мақсатты қаржыландыру жүзеге асырылды. Қала әкімшілігі айналым құралдарының қаржыландыру көздерін толықтыруға қаржы бөлді. 2008 жылы жалпы мақсатты қаржыландыру 75 мың теңгені құрап, талданып отырған кезең соңында 310 мың теңгеге дейін артты. Мақсатты қаржыландыру мен түсімдердің өсу қарқыны 416,2%-ды құрады.

Көздердің жалпы сомасындағы қарыз  капиталының үлесі 2011 жылы 9.94%-дан 2010 жылы 34,72%-ға өсті. Қарыз капиталының өсу қарқыны талданып отырған кезеңде 702,2%-ды құрады. Қарыз капиталы негізінен кредиторлық қарыздар есебінен құрылған.

Мысалы, «Транс-сервис» ЖШС кәсіпорнындағы кредиторлық қарыздар талданып отырған  кезеңде 2327 мың теңгеге өсіп, 2011 жылы 2748269 мың теңгені құрады. Кредиторлық қарыздардың өсу қарқыны талданып отырған кезеңде 651,83%-ды құрады. Қарыз қаражаттарының жалпы сомасындағы кредиторлық қарыздардың үлесі талданып отырған кезең басында 73%-дан кезең соңында 68%-ға дейін азайды. Бұл қысқа мерзімді қарыздардың жалпы өсіп келе жатқан қарқынымен байланысты. Сонымен бірге кредиторлық қарыздардың қаржы ресурстарының жалпы сомасындағы үлесі талданы 

отырған кезең басында 7%-дан 2010 жылы 24%-ға өсті. Бұл кредиторлық қарыздардың кәсіпорынның қаржы ресурстары көздерінің құрылымына үлкен ықпалын көреміз.

Кредиторлық қарыздар сомасы негізінен жеткізушілер мен мердігерлер  алдындағы қарыздардың өсіп кетуімен байланысты артты, ол талданып отырған  кезең ішінде 2008 жылы 128 мың теңгеден 2011 жылы 2322 мың теңгеге дейін өсті. Жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы кредиторлық қарыздардың үлесі талданып отырған кезең соңында 85%-ды құрады. Жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы кредиторлық қарыздардың өсу қарқыны талданып отырған кезең ішінде 1808-34% болды. Бір айта кететін жәйт, қарыздардың бұл сомасында мерзімі өтіп кеткен және қайтарылмайтын қарыздар жоқ. Демек, жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы қарыздардың өсуі – «Транс-сервис» ЖШС кәсіпорны қызметіндегі қалыпты құбылыс болып табылады.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нарықтық экономика жағдайында экономикалық күтіп ұстау