Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 14:38, курсовая работа
Акционерлік қоғамдар болып қайта құрылған және мемлекеттік емес меншік түріне негізделген кәсіпорындардың көпшілігі ақша қаражаттарына өте зәру болып келеді.
Кіріспе......................................................................................
1. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нарықтық экономика жағдайында экономикалық күтіп ұстау...
1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарының мәні, құрамы мен құрылымы..........................
1.2 Қаржы ресурстарын қалыптастыру көздері.
1.3 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару стратегиясы...
2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы (мысалға «Транс-сервис» ЖШС-гі алынған)...............................
2.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының пайдалану тиімділігін талдау............................................................
3. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру жолдары
3.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыпастыру мәселелері.........
3.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыруды оңтайлы әдістерді пайдалану негізінде жетілдіру.............................
Қорытынды......................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімi......................................
Пайда кәсіпорынның кеңейтілген өндіріс пен әлеуметтік даму жөніндегі шығындарды бөлуге арналған кәсіпорынның негізгі қаржылық ресурстарының бірі болып табылады.
Жалпы алғанда кәсіпорынның пайдасы жинақтау қорына, тұтыну қорына, резервтік қорға және құрылтайшылардың (акционерлердің) арасында таратуға бөлінеді. Жинақтау және тұтыну қорлары – бұл арнайы мақсаттағы қорлар. Олар құрылтай құжаттарында белгіленгежағдайда құрылады.
Жинақтау қоры өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды сатып алу мен салуға және қайтарымдық сипаттағы басқа да капиталдық салымдарға пайдаланылады. Жинақтау қорының бір бөлігі қайтарымсыз сипатта жұмсалады. Есеп айырысу шотының актив балансында есептелінген жұмсалынған ақша қаражатының орнына осы қаражатпен құрылған басқа мүліктің эквиваленттік құны пайда болады.
Сонымен бірге жинақтау қорының есебінен қайтарымсыз сипаттағы шығындар: ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, табиғатты қорғау шараларына, бағалы қағаздарды шығару және т.б. жұмсалатын шығындар қаржыландырылады. Тұтыну қоры қызметкерлерді әлеуметтік және материалдық ынталандыру: өндірістік қызметпен байланысты емес сыйақылар беру, сапар, емделу ақысын төлеу, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған дәрі-дәрмектерге ақы төлеу үшін жұмсалады.
Резервтік қор табиғат апаты салдарынан болған күтпеген шығындар мен баланстық зиянды жабуға арналған. Ол Акционерлік қоғам, кооператив, шетел инвестициялары бар кәсіпорындар үшін міндетті болып келеді. Акционерлік қоғам резервтік қорға эммисиялық шығындарды, яғни акцияларды номиналдық құннан жоғары баға бойынша өткізуден алынған сату және номиналдық құнының арасындағы айырым сомасын да кіргізеді.
«Амортизация» термині сөзбе сөз мағынада негізгі қорлардың мәңгілігі, олардың тозуды өткере білу, қалпына келу қабілетін білдіреді.
Амортизация процесі
негізгі қорлардың қызмет ету
кезеңінде олардың құнын
Амортизациялық аударымдар (негізгі қорлар құнының белгілі бір пайызы) өнімнің өтуіне қарай амортизациялық қор деп аталатын арнайы қорда жинақталады. Бұл амортизациялық қор (жинақталған ақша сомасы) негізгі құралдардың тозған элементтерінің орнына жаңа заттық элементтерді сатып алуға жұмсалады, яғни негізгі қорлар қалпына келтіріледі.
Өнім құнына берілетін өлшем біріншіден, негізгі қорлардың бастапқы құнымен анықталады. Екіншіден, бұл өлшем негізгі құралдардың түрі ретінде белгіленеді, себебі, мысалы, өнеркәсіпте ғимараттың нормативтік қызмет ету мерзімі 30-50 жыл, ал машина мен құрал-жабдықтардың нормативтік қызмет ету мерзімі 3-5 жылдан 15-20 жылға дейін. Үшіншіден, өнімге берілетін негізгі қорлардың құн өлшемі өндірістің салалық ерекшеліктеріне де байланысты болады.
Амортизациялық аударымдар көлемі негізгі қорлардың нормативтік қызмет мерзімін есептей отырып, олардың бастапқы (баланстық) құнынан амортизация нормалары бойынша анықталады. Амортизация нормасы – негізгі қорлардың құнын жылына пайызбен қайтару болып табылады. Амотизацияны аударудың үш әдісі бар: теңдей есептеу (басымдық көрсетуші); орындалған жұмыс көлеміне; жылдамдатылған амортизация.
Қазақстан экономикасында, әдетте, тепе-тең (желілік) амортизация әдісі қолданылады, яғни жыл сайын өнімнің құнына негізгі қорлар құнының бірдей бөлігі енгізіледі.
Амортизацияны осылай есептеу әдісі өте қарапайым, көрнекі және белгілі бір дәрежеде құнды ауыстыру процесін ескереді.
Шаруашылық етудің маңызды әдістерінің бірі эмиссия, яғни бағалы қағаздарды шығару болып табылады. Бағалы қағаздарды шығаратын тұлғаның бастамасы және сол тұлғаның атынан әрекет ететін шаруашылық агенті эмитент деп аталады.
Бағалы қағаздар мынадай мақсаттарда шығарылады:
1) меншік белгілері бойынша кәсіпорын нысанының өзгеруі;
2) жаңа кәсіпорын
құру және ол үшін қажетті
капитал-ақша қаражаттарын
3) бағалы қағаздарды
сату арқылы қосымша ақша
Акция оның меншік иесінің
кәсіпорының жиынтық
Облигация оны сатып алушы эмитенттің кредиторы болғандығын куәландыратын несиелік куәлік болып табылады. Облигация иегері банктік пайызбен салыстырылатын облигациялар бойынша белгілі бір табыстарды алуға құқылы болады. Сондықтан да облигиялар бойынша табыс бекітілген сипатта болады, бірақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қорытындыларына тәуелді болмайды.
Акциялардың барлық иелері инвесторлар, кәсіпорын капиталына ақша қаражаттарын салушылар деп аталады. Олардың ішінде ішкі инвесторларды – Акционерлік қоғамның құрылтайшылары және сыртқы инвесторлар – Акционерлік қоғам акцияларын бағалы қағаздар нарығында сатып алушыларды ажыратады. Облигациялардың иелері инвесторлар болып табылмайды, олар Акционерлік қоғамның кредиторлары ғана.
Қарыздық қаржы ресурстарын тартудың негізгі әдісі банктер мен басқа заңды және жеке тұлғалардан несиелер алу болып табылады /22,45б./.
Кәсіпорын ақша қаражаттарының сыртқы көздерін пайдалана отырып, артық ақша қаражаттары бар және оларды тиісті шарттар бойынша (белгілі бір төлемақы үшін және белгілі бір мерзімге) беруге дайын басқа шаруашылық етуші субъектілерге – тікелей қаржыландыруға тікелей жүгіне алады не болмаса қаржылық делдалдардың қызметтерін пайдалана алады.
Қаржылық делдалдар көптеген субъектілердің артық ақша қаражаттарын жинауға (шоғырландыруға), оларды сақтауға (ағымдағы пайдалануды болдырмауға) және кәсіпкерлік қосымша саласына (яғни инвестициялауға) бағыттауға мүмкіндік береді.
Қаржы делдалдарының қарапайым мысалы банктер, қаржы компаниялары, инвестициялық және зейнетақы қорлары, сақтандыру қоғамдары бола алады. Қалыпты экономика қаржылық делдалдардың дамыған жүйесінсіз қызмет ете алмайды.
Кәсіпорын қызметін қаржыландыру құралдары оларды беру қажеттілігі мен мерзімдеріне қарай ұзақ және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді қаржаттар кәсіпорынның ағымдағы қажеттіліктерін жабуға (ақы төлеу) үшін пайдаланылады, мысалы, жалақы төлеу, шикізат, материалдарға ақы төлеу және ағымдағы басқа шығындар. Ұзақ мерзімді қаражаттар өндірістік жабдықтарға, жылжымайтын мүлікке ақы төлеуге, ұзақ мерзім кезеңіне (мысалы, жаңа цехты салумен, жаңа жинау желісін іске қосумен, өндірістің жаңа түрін игерумен байланысты) инвестициялар салу (өндірістік капитал салымдары) үшін қолданылады.
Коммерциялық несие – бір шаруашылық етуші субъектінің екіншісінің төлем мерзімін ұзартуы. Коммерциялық несиенің түрі – аванс, алдын ала төлем жасау, тауарлар мен қызметтердің ақысын ұзартып және бөліп-бөліп төлеу. Ашық шот - коммерциялық несие берудің «вексельсіз» түрі, өзара жеткізілімдерді жүзеге асыратын, яғни әр түрлі мәмілелер бойынша тұрақты контрагенттер болып табылатын кәсіпкерлер арасындағы есеп айырысу қатынастарының ерекше түрі. Кәсіпорындар бір бірінің арасын несие беру жолын ашып, соның шеңберінде өзара жеткізілімдерді жүзеге асырады. Инвестициялық салық несиесі – мемлекеттік билік органдары немесе салық органдары беретін салық төлемдерінің мерзімін ұзарту болып табылады.
Несиенің қажеттігі және оның мөлшері туралы нақты ұсынысты кәсіпорынның қаржылық қызметі (бөлімі) дайындайды. Ал қаржы қызметі кәсіпорын қызметінің ағымдағы және болашақта күтілетін қаржылық нәтижелерін басшылыққа алады.
Лизинг – бұл лизингтік компания арнайы сатып алатын және оның меншігінде қалатын, бірақ кәсіпкерлерге жалға берілетін жылжитын және жылжымайтын мүлікті орналастыру жөніндегі операциялар. Лизинг жалға берудің бір түрі ғана емес, сонымен бірге қаржыландыру түрі. Бүгінде іс жүзінде барлық елдердегі капитал салымдарын қаржыландыру құралдарының бір түрі болып табылады.
Қазақстанда толық өтелетін қаржылық лизинг кеңінен таралған. Келісім-шарттың бүкіл әрекет ету кезеңінде мүлік толығымен амортизацияланады және лизинг беруші лизингтік төлемдер есебінен оның құнын немесе оның үлкен бөлігін қайтара алады.
Қаржылық жалға беру шартында лизингтік төлемдедің мөлшері мен түрі, енгізу мерзімі, сақтандыру шарттары және т.б. келісіледі. Лизинг мерзімі біткен кезде кәсіпорын – лизинг алушы құрал-жабдықты жабдықтардың белгілі бір құнымен белгіленетін баға бойынша сатып алуға мүмкіндік алады.
1.3. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару стратегиясы
Кез-келген кәсіпкерлік негізгі үш сұраққа жауап беруді талап етеді:
Бұл сұрақтар кәсіпорынды
басқару жүйесінің өзекті ішкі жүйесі
болып табылатын қаржы
Кәсіпорын шеңберінде қаржы ресурстарын тиімді басқару оның дамуының белгілі бір мақсаттарының болуын қажет етеді. Бұл өз кезегінде қандай-да бір қаржылық шешімнің тиімділігін бағалауға мүмкіндіктер береді. Барлық жағдайларда шешімдер белгілі бір стандарттарға сүйене отырып қабылдануы тиіс. Кәсіпорындардың алдына қойған мақсаттары алуан түрлі болып келеді, алайда олардың негізгі түпкі мақсаты – кәсіпорынның капитал иелерінің игілік жағдайын арттыру болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайларында, кәсіпорындардың дербестілігі, өзінің қаржылық-шаруашылық қызметі үшін жауапкершілік тартатын жағдайларда экономикалық жағдайдың тенденцияларын, нарықтық мүмкіндіктеріне және перспективаларын икемделу деңгейін анықтау, өзге бәскелес кәсіпорындардың қаржылық жағдайын бағалаудың объективті қажеттіліктері пайда болады. Кәсіпорындар үшін өзінің ішкі қаржылық стратегиясын қалыптастыру мұқтаждығы туындайды.
Нарықтық экономиканың қалыптасуымен кәсіпорындар үшін технологиялық өзгерістермен, жаңа қаржы нарықтарының қалыптасуымен, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуымен байланысты жаңа жағдайлармен сипатталады. Бұл, өз кезегінде, кәсіпорындардың стратегиясының түбегейлі өзгеруіне алып келді.
Жоспарлы-экономикалық жағдайларда кәсіпорындар қызметі мемлекеттің жоғарыдан белгілеген жоспарларын, өндірістік тапсырмаларды орындаудың қатаң тәртібі партиялық, шаруашылық және кеңестік органдардың қатаң бақылауы арқылы орындалатын. Нарықтық экономикада кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметі жоғары табыстар табуға бағытталған, сонымен қатар олар өз қызметін тәуелсіз, дербес тұлға ретінде жүзеге асырады. Кәсіпорынға жоғары рентебельділікті (табыстылықты) қамтамасыз ететін бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізу – оны стратегиялық басқарудың басты мақсаты болып табылады.
Стратегия деп кәсіпорынның оның бәсекелестерімен қатынастарда өмір сүру қабілеті мен күш-қуатын күшейтуге арналған барлық өзара байланысты кешенді қызметін айтамыз. Стратегия – бұл кәсіпорынның алға қойған ұзақ мерзімді мақсаттарына жету жолдарын қарастыратын жоспар болып табылады.
Стратегияның мақсаты – кәсіпорынның жоғарғы рентабельділікті (табыстылықты) қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізу. Оның мәні кәсіпорынның ресурстарын бөлу және бағыттау жолына қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті іс-шаралардың жалпы үлгісін білдіреді.
Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы саласында ірі маман М. Портердің пікірі бойынша, стратегияның түрлерінің біреуін негізге ала отырып, стратегияларды топтастыруға болады: шығындарды басқару, саралау стратегиясы және шоғырландыру.
Шығындарды бақылау стратегиясы – кәсіпорынның мөлшерін және өнімінің көлемін реттеу немесе шығындарды міндетті бақылау жолымен бәсекелестердің шығындарымен салыстыра отырып, өзіндік шығындарын төмендетуге негізделеді, сол арқылы өндірістің жоғарғы тиімділігіне қол жеткізу.
Саралау стратегиясы – бәсекелестің өніміне қарағанда, тұтынушыларының қызығушылығын таныту үшін нарыққа сапалы тауарлар мен қызметтер ұсынуға бағытталады. Саралау стратегиясы бұл сала бойынша орташадан жоғары табыс деңгейіне қол жеткізу үшін сенімді және ұзақ мерзімді стратегия болып табылады.
Шоғырландыру – бұл кәсіпорынның тұтынушылардың белгілі бір тобына, өнім ассортиментінің шектелген бөлігіне және арнайы географиялық нарығына мақсатты түрде бағытталғандығын білдіреді.
Кәсіпорын мен оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы, яғни өнімдер мен технологиялардың қалай өндірілетіні, өзінің өнімдерін қайда және кімге жөнелтетінін, бәсекелестерінен қалай басым түсетінін анықтайтын ережелер өнімді нарықтық стратегия деп атайды.