Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нарықтық экономика жағдайында экономикалық күтіп ұстау

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 14:38, курсовая работа

Краткое описание

Акционерлік қоғамдар болып қайта құрылған және мемлекеттік емес меншік түріне негізделген кәсіпорындардың көпшілігі ақша қаражаттарына өте зәру болып келеді.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................
1. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нарықтық экономика жағдайында экономикалық күтіп ұстау...
1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарының мәні, құрамы мен құрылымы..........................
1.2 Қаржы ресурстарын қалыптастыру көздері.
1.3 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару стратегиясы...
2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы (мысалға «Транс-сервис» ЖШС-гі алынған)...............................
2.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының пайдалану тиімділігін талдау............................................................
3. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру жолдары
3.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыпастыру мәселелері.........
3.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыруды оңтайлы әдістерді пайдалану негізінде жетілдіру.............................
Қорытынды......................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімi......................................

Файлы: 1 файл

Абзал.doc

— 282.00 Кб (Скачать)

 «Транс-сервис» ЖШС-і қаржылық ресурстары сомасының есебі, олардың талданып отырған кезеңдегі олардың құрылымы мен өзгеру динамикасы 3-кестеде берілген.

 

Кесте 4

«Транс-сервис» ЖШС-нің  қаржы ресурстарының  құрылымы мен өзгеру динамикасы

 

Көрсеткіштің атауы 

2009 жыл

2010 жыл

2011жыл

Абс.

ауытқу

Өсу қарқыны,

%

Сом., мың теңге

Өсу, %

Сом., мың теңге

Өсу, %

Сом., мың теңге

Өсу,

%

1.Таза пайда 

0

 

0

 

0

 

0

 

1.1. Жинақтау қорынан  қалғаны

0

 

0

 

0

 

0

 

2. Амортизацияның барлығы

1 358

7,3

2 537

12,3

2 613

13,6

1 255

192,4

2.1. Негізгі құралдардың  тозуы

1 357

7,3

2 535

12,3

2 611

13,6

1 253

192,3

2.2. Материалдық емес  активтердің тозуы

0,6

0,0

1,2

0,0

2,4

0,0

2

407,1

3. Мақсаты қаржыландыру

207

1,5

270

1,3

310

1,6

40

114,8

4. Қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар

6 248

33,6

5 888

28,5

6 240

32,6

-8

99,9

5. Басқа да қысқа  мерзімді пассивтер

0

0,0

0,46

0,002

0,46

0,002

0

 

 

6 Ұзақ мерзімді несиелер  мен қарыздар

0

 

0

 

0

 

0

 

7. Кредиторлық борыш

10 725

57,7

11 993

58,0

9 994

52,2

-730

93,2

Барлық қаржы ресурстары

18 601

100

28 688

100,0

19 158

100

557

103,0

Өндіруге кететін шығындар

18 126

 

19 083

 

15 198

 

-2928

83,8

Қаржы ресурстары мен  шығындардың өндіріске қатынасының  коэффициенті, %

97

 

92

 

79

     

Қайнар көзі: кәсіпорынның 2009-2011 жылдардағы есебі

 

Кестеден көретініміздей, өзіндік қаржы ресурстарының  «Транс-сервис» ЖШС-нің  қаржы  ресурстарының жалпы сомасындағы  үлесі 2009 жылы 7,3%-ды құрап, 2011 жылы 13,6%-ға дейін артты. Өзіндік қаржы ресурстарының өсу қарқыны 192,4%-ға жетті. Өзіндік қаржы ресурстарының үлесі талданып отырған кезеңде кәсіпорынның өзіндік қаржы ресурстарының жалғыз көзі болып табылатын амортизация есебінен ғана өсті. Зерттеліп отырған кезең ішінде «Транс-сервис» ЖШС кәсіпорнында бөлінбеген табыс болған жоқ.

«Транс-сервис» ЖШС-нің  тартылған қаржы ресурстарының  барлық сомасы -  бұл қала әкімшілігінің  айналым қаражаттарынын толықтыруға  бөлінген мақсатты қаржыландырулары болды. Кәсіпорынның тартылған қаражаты талданып отырған кезеңнің басында 270 мың  теңгеден 2011 жылы 310 мың теңгеге артты. Тартылған қаржы ресурстарының үлесі 114%-ға жетті. Тартылған қаржы ресурстарының кәсіпорынның қаржы ресурсарының жалпы сомасындағы үлесі шамалы ғана. Бұл тартылған қаржы ресурстарының кәсіпорынның қаржы ресурстарының жалпы сомасына шамалы ғана ықпал етуімен түсіндіріледі.

«Транс-сервис» ЖШС  кәсіпорнының қаржы ресурстарында  қарыз капиталының үлесі біршама. Оның қаржы ресурстарының жалпы  сомасындағы үлесі 2010 жылы жалпы соманың 91,2%-ын құрап, 2011 жылы 84,7%-ға дейін төмендеді. Кәсіпорынның қарыз капиталы негізінен қысқа мерзімді несиелер мен кредиторлық қарыздар есебінен құралады. Талданып отырған кезең басындағы қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар 6248 мың теңгені құрап, кезең соңында шамалы ғана төмен түсті. Кредиторлық қарыз да азайды. Кезең басында ол 10725 мың теңгеге жетіп, ал талданып отырған кезең соңында 9994 мың теңге болды. Қысқа мерзімді несиелер мен қарыздардың қарыздық қаржы ресурстарындағы үлесі 2009 жылы 37%-ды құрап, 2011 жылы 38%-ға дейін артты. Сәйкесінше, талданып отырған кезең басында 63% болған кредиторлық қарыздардың үлесі зерттеліп отырған кезең соңында 62%-ға төмендеп кетті. Қысқа мерзімді несиелер мен қарыздардың да, кредиторлық қарыздардың да қаржы ресурстарының жалпы сомасындағы үлесі талданып отырған кезең ішінде шамалы ғана өсті, бірақ қарыз капиталының жалпы сомасы кәсіпорынның қаржы ресурстарының маңызды бөлігін құрайды. Қарыз капиталының кәсіпорынның қаржы ресурстрындағы жоғарғы үлесі өнім өндіру көлемінің азаюымен үйлесуі - кәсіпорынның жеткізушілер мен кредиторларға деген жоғары тәуелділігі мен оның төлем қабілеттілігінің төмендігін көрсететін теріс фактор.

 

 

2.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының пайдалану тиімділігін талдау

 

Қаржы ресурстарын пайдалану  тиімділігі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына, оның таратылуына, төлем қабілеттілігіне, іскерлік беделділігі мен тиімділігіне әсер етеді.

Кәсіпорынның қаржылық күйінің және оның қаржылық ресурстарын  тиімді басқарудың маңызды сипаттамаларының бірі – ұзақ мерзімді болашақ тұрғысынан алғандағы қызмет ету тұрақтылығы. Ол кәсіпорын балансының құрылымына, оның кредиторлар мен инвесторларға тәуелділігі дәрежесіне байланысты болып келеді. Бірақ кредиторларға тәуелділік дәрежесі қаржы ресурстарының өзіндік және қарыз көздерінің ара қатынасымен ғана бағаланып қоймайды. Бұл меншік капиталын да, айналымдағы және айналымнан тыс активтердің құрамын да, зияндардың болмауын және т.б. бағалаудан тұратын көп қырлы түсінік болып табылады.

Негізгі қорларға немесе өнідірістік қорларға салынған капиталды  жабуға арналған қаражат көздерінің өзгеруі шегінің мәні кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсатуға, оның тұақтылығын арттыруға алып келетін шаруашылық операциялардың ағымының таралуына мүмкіндік береді.

7-кестеде «Транс-сервис» ЖШС кәсіпорнының қаржылық тұрақтылығының абсолюттік көрсеткіштері мен сипаттамалары берілген, ол кәсіпорынның қорлары мен шығындарын қаражат көзімен жабу дәрежесін анықтап, оның қаржылық тұрақтылығы түрін анықтауға мүмкіндік береді.

 

Кесте 7

«Транс-сервис» ЖШС-нің қаржылық тұрақтылығының сипаттамасы

Көрсеткіштер

Сомасы, мың теңге

Абсол.

ауытқу

Ө.Қ.,

%

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

1. Өзіндік айналым  құралдары

215,9

48,4

143,3

286,0

70,1

132

2. Өзіндік айналым  құралдары және ұзақ мерзімді  міндеттемелер

215,9

48,4

143,3

286,0

70,1

132

3. Қорлар мен шығындар

395,4

772,1

918,1

1218,4

823,1

308

4. Қорлар мен шығындарды  қалыптастырудың қалыпты көздері

497,4

1133,8

2884,7

3895,3

3397,9

783

5. Өзіндік айналым  құралдарының артылуы (жетіспеуі)

-179,5

-723,8

-774,9

-932,4

-752,9

 

6. Ұзақ мерзімді АҚ және ұзақ мерзімді міндеттемелердің артылуы (жетіспеуі)

-179,5

-723,8

-774,9

-932,4

-752,9

 

7. Қорлар мен шығындарды  қалыптастырудың қалыпты көздерінің  жалпы мөлшерінің артылуы (жетіспеуі)

102,0

361,7

1966,5

2676,9

2574,9

 

  Қайнар көзі: Алынған көзі: Кәсіпорынның  2008-2011 жылдардағы есебі

Келтірілген есептерден көретініміздей, кәсіпорынның өзіндік  айналым құралдары 2008 жылы 215,9 мың теңгеден 2011 жылы 286 мың теңгеге дейін өскен. Өзіндік айналым құралдарының өсу қарқыны 132%-ды құрады. Кәсіпорынның қорлары мен шығындары өзіндік айналым құралдарына қарағанда жылдамырақ өскен. Талданып отырған кезең ішінде олар 831 мың теңгеге өсіп, қорлар мен шығындардың өсу қарқыны 380%-ға жеткен. Сонымен бірге қорлар мен шығындарды қалыптастырудың қалыпты көздерінің сомасы зерттеліп отырған кезең соңында 3397,9 мың теңгеге дейін өскен. Қорлар мен шығындарды қалыптастырудың қалыпты көздерінің өсу қарқыны барлық көрсеткіштердің ішіндегі ең үлкені. Ол талданып отырған кезең ішінде 738%-ды құраған.

Сөйтіп, зерттеліп отырған кезең ішінде өзіндік айналым құралдарының сомасы «Транс-сервис» ЖШС кәсіпорнының қорлары мен шығындарының сомасынан төмен мөлшерде қалып отыр, ал қорлар мен шығындарды қалыптастырудың қалыпты көздерінің сомасы қорлар мен шығындар сомасынан әрқашан да асып түсетін. Бұдан кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бүкіл үш жылдың ішінде қалыпты күйінде қалды деген қорытынды жасауға болады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын салыстырмалы түрдегі  өлшемдер болып табылатын қаржылық тұрақтылық коэффициенттері арқылы едәуір терең бағалауға болады. Қажетті бастапқы деректер мен қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің есебі 8-кестеде берілген.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық күйінің, оның қарыз қаражаттары  көздерінен тәуелсіздігінің маңызды  белгілерінің бірі баланстың жалпы қорытындысындағы қаражат көздерінің үлесіне тең автономдық коэффициенті болып табылады. «Транс-сервис» ЖШС кәсіпорны үшін бұл көрсеткіш кезең басында 0,88-ге тең болып, кезең соңында қалыпты шектеу 0,5 болған жағдайда 0,7-ге дейін қысқарады. Демек, кәсіпорын кредиторлардан толығымен тәуелсіз, бірақ бұл коэффициенттің төмендеуі кәсіпорынның тәуелділігінің өсу беталысын көрсетеді, ал бұны жағымды құбылыс ретінде қарауға болмайды.

 

Кесте 8

«Транс-сервис» ЖШС-нің  қаржылық тұрақтылық коэффициенті

 

Көрсеткіштер

Қалыпты шектеулер

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

1. Автономдық коэффициенті

Ка>0,5

0,88

0,73

0,70

0,65

2. Өзіндік және қарыз  құралдарының ара қатынас коэффициенті

Кзс<=1

0,13

0,37

0,44

0,53


 

3. Мобильді және иммобилизделген  активтердің ара қатынас коэффициенті

-

0,16

0,32

0,35

0,42

4. Маневрлік коэффициенті

Км=0,5

0,02

0,01

0,02

0,04

5. Қорлардың өзіндік  қаржыландыру көздерімен қамтамасыз  ету коэффициенті

Ко>=0,6-0,8

0,34

0,08

0,19

0,29

6. Өндірістік мақсаттағы  мүлік коэффициенті

Кп.им>=0,5

0,85

0,71

0,65

0,60

7. Ұзақ мерзімді қарыз  құралдарын тарту коэффициенті

-

0,00

0,00

0,00

0,00

8. Қысқа мерзімді қарыз  коэффициенті

-

0,23

0,10

0,39

0,32

9. Қорлар мен шығындарды  қалыптастыру көздерінің автономдық  коэффициенті

-

0,43

0,04

0,05

0,07

10. Кредиторлық қарыздар  мен басқа да пассивтер коэффициенті

-

0,63

0,90

0,60

0,68


Қайнар көзі: кәсіпорынның 2008-2011 жылдардағы есебі

 

Автономдық коэффициентін  кәсіпорынның міндеттемелер көлемінің  оның өзіндік капитал көлеміне қатынасына тең болатын қарыздық және өзіндік құралдар қатынасының коэффициенті толықтырады. Талданып отырған кезең басында «Транс-сервис» ЖШС кәсіпорнында бұл көрсеткіш 0,13 тең болды және кезең соңында нормативтік шектеулер 1-ге тең болған кезде ол  0,44-ке дейін артты. Бұл көрсеткіштің мәні   бірден аспаса да оны тұрақты өсу беталысы байқалуда, ол кәсіпорынның кредиторларға тәуелділігін қауіпті деңгейге дейін артуына алып келуі мүмкін.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сақтай отырып, қарыз  және өзіндік қаражат қатынастарының коэффициенті кәсіпорынның мобильдік қаражаттары құнының иммобилизделген активтер құнына қатынас мәнімен шектелуі тиіс. «Транс-сервис» ЖШС кәсіпорнында талданып отырған кезеңнің басында бұл коэффициент 0,16-ға тең болды, бұл қалыпты мән, ал талданып отырған кезең соңында ол 0,35-ке дейін өседі. Ал бұл уақытта кәсіпорынның өзіндік және қарыз қаражаттарының қатынас коэффициенті 0,44-ке дейін жоғарылайды. Демек, кезең соңына қарай бұл коэффициент мәні нормативтіктен төмен болады, ол кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендегенін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық күйінің тұрақтылығының едәуір маңызды саипаттамасы кәсіпорынның өзіндік айналым қаражаттарының өзіндік құралдар көзінің жалпы көлеміне тең болатын маневрлік коэффициенті болып табылады. Ол кәсіпорынның өзіндік құралдарының қандай бөлігі мобильді формада тұрғанын көрсетіп, осы құралдарды салыстырмалы түрде еркін басқаруға мүмкіндік береді. Маневрлік коэффициентінің жоғарғы мәні қаржылық күйді жағымды жағынан сипаттайды, алайда тәжірибеде көрсеткіштің қандай да бір болмасын қалыпты мәні жоқ. Кейде арнайы әдебиеттерде коэффициенттің тиімді мөлшері ретінде 0,5 ұсынылады. «Транс-сервис» ЖШС кәсіпорнында бұл коэффициеттің мәні өте төмен. Мысалы, 2011 ж.. ол 0,02 болса, талданып отырған кезең соңында 0,04-ке дейін өскен. Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорын құралдарының өте төмен деңгейде қалып отырған маневрлілік мәнінің шамалы ғана артуын көрсетеді.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нарықтық экономика жағдайында экономикалық күтіп ұстау