Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 19:13, курсовая работа
Менің курстық жұмыстың тақырыбы «Акционерлік қоғамның қаржысы». Бұл курстық жұмысымда акционерлік қоғамның түсінігі, оның құрылтайшылары, акционерлік қоғамның құру тәртібі, басқару, ұйымдастыру мәселелерін қарастырдым. Яғни, акционерлік қоғам дегеніміз өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi.
Кіріспе
1. Акционерлік қоғамның түсінігі, заңды тұлғалар жүйесіндегі орны....4-11
1.1. Акционерлік қоғам түсінігі........................................................................................4
1.2. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары..........................................................6
1.3. Акционерлік қоғамды құру тәртібі..........................................................................8
2. Қоғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары..........................12-26
2.1. Акционерлiк қоғамды басқару, қайта ұйымдастыру және тарату...............12
2.2. Акционерлiк қоғамды басқару..................................................................................24
3. Қоғамның қаржылық есептiлiгi мен аудитi, қоғамның құжаттары...27-29
3.1. Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті, қоғамның құжаттарының түсінігі..........................................................................................................................................27
3.2. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы........................................................29
Қорытынды
Қоғамның бөлiнуi. Қоғамның жаңадан пайда болатын қоғамдарға өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның бөлiнуi деп танылады. Бұл орайда бөлiнетiн қоғамның құқықтары мен мiндеттерi бөлiну балансына сәйкес жаңадан пайда болатын қоғамдарға ауысады. Қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталдарының сомасы қайта ұйымдастырылатын қоғамның өз капиталының мөлшерiне тең болады.Қайта ұйымдастырылған акционерлiк қоғамның барлық акционерлерi қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған қоғамдардың әрқайсысының акционерлерi болып табылады. Қоғамдардың бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акциялар осы қоғамдардың акционерлерi арасында қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерге тиесiлi акциялары санының қайта ұйымдастырылатын қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) акциялары санына арақатынасына барабар мөлшерде орналастырылады. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiнiп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шығу тәртiбi мен талаптары және бөлiну балансын бекiту туралы мәселелердi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгізедi. Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бөлiну нысанында қайта ұйымдастыру, бөлiну тәртiбi мен талаптары туралы, бөлiну балансын бекiту туралы шешiм қабылдайды.Акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiну туралы шешiм қабылдаған күннен бастап екi ай мерзiмде қоғам өзiнiң барлық кредиторына бөлiну туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға бөлiну балансы қоса тіркеледi.[2-3]
Қоғамның бөлiнiп шығуы. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның қызметiн тоқтатпай, мүлкiнiң, құқықтары мен мiндеттерiнiң бiр бөлiгiн бөлiну балансына сәйкес бiр немесе бiрнеше қоғамға бере отырып, оларды құруы қоғамның бөлiнiп шығуы деп танылады.Бөлiнiп шығу кезiнде қайта ұйымдастырылатын қоғамның жарғылық капиталы кемiмеуге тиiс.Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамдарды әдiлет органдарында тiркеу жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады. Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамның жалғыз құрылтайшысы болып табылады. Бөлiнiп шыққан қоғамның жарғылық капиталының мөлшерi қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiну балансына сәйкес оған берген активтер мен мiндеттемелердiң арасындағы айырмаға тең болады және ол осы Заңның 11-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс. Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамның акцияларын өз акционерлерiне ғана орналастырады (өткiзедi), бұл орайда қайта ұйымдастырылатын қоғамның акциялары ғана төлем ретiнде жүредi. Бөлiнiп шыққан қоғамның акционерлерiне берiлетiн акциялардың саны қайта ұйымдастырылатын және бөлiнiп шыққан қоғамдар акциялары баланстық құнының арақатынасына сүйене отырып айқындалады. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiніп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру (өткiзу) бағасы, бөлiнiп шығу тәртiбi мен талаптары туралы мәселелердi, сондай-ақ бөліну балансының жобасын акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгізеді. Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру, бөлініп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы, бөлініп шығу тәртібі мен талаптары туралы және бөлiну балансын бекiту туралы шешiм қабылдайды. Акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiнiп шығу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап екi ай мерзiмде қоғам өзiнiң барлық кредиторына бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға бөлiну балансы, сондай-ақ бөлiнiп шыққан әрбiр қоғамның атауы, орналасқан жерi туралы мәлiметтер қоса тiркеледі.
Қоғамды қайта құру. Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымды қоспағанда) шаруашылық серіктестігі немесе өндірістік кооператив болып қайта құрылуға құқылы, қайта құрылатын қоғамның барлық құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сәйкес соларға ауысады. Қайта құрылатын қоғамның директорлар кеңесі қоғамның қайта құрылуы, қайта құруды жүзеге асырудың тәртібі мен талаптары, шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың қатысу үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау тәртібі туралы мәселені акционерлердің жалпы жиналысының қарауына енгізеді. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушының қатысу үлесi немесе өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң пайы осы қатысушының қайта құрылатын қоғамда ие болған қоғам акциялары санының қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санына арақатынасына барабар айқындалады.Қайта құрылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның қайта құрылуы, қайта құруды жүзеге асырудың тәртібі мен талаптары, шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың қатысу үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау тәртібі туралы шешім қабылдайды және өткізу актісін бекітеді. Қайта құру кезінде құрылатын жаңа заңды тұлғаның қатысушылары өздерінің бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оның құрылтай құжаттарын бекіту және органдарын сайлау туралы шешім қабылдайды. Акциялар шығарылымының күші жойылған күні қоғамның тіркеушісі жасаған акционерлер тізіміне енгізілген тұлғалар акционерлік қоғамнан қайта құрылған жаңа заңды тұлғаның қатысушылары болады.[3-1]
Қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы сот шешімін орындамаудың салдары. Егер қоғамның сот шешімі бойынша бөліну немесе бөлініп шығу нысанында мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органдары қайта ұйымдастыруды осындай шешімде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот біліктілік талаптарына сай келетін сенімгер басқарушы тағайындайды және оған бөліну немесе бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастыруды жүзеге асыруды тапсырады. Сенімгер басқарушы тағайындалған кезден бастап оған директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысының осы Заңның 84 және 85-баптарында көзделген қайта ұйымдастыру талаптарын айқындау жөніндегі өкілеттіктері ауысады. Қоғам атынан әрекет жасайтын сенімгер басқарушы бөліну балансын жасайды және оны бөліну немесе бөлініп шығу нәтижесінде құрылған қоғамдардың жалпы жиналысында бекітілген құрылтай құжаттарымен бірге соттың қарауына береді. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қоғамдарды мемлекеттік тіркеу сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Қоғамды тарату. Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кредиторлармен келісімдер бойынша және олардың бақылауымен тарату рәсімін белгілейтін акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қоғамды мәжбүрлеп таратуды сот жүзеге асырады. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, қоғамды тарату туралы талапты мүдделі тұлғалар сотқа ұсынуы мүмкін. Соттың немесе жалпы жиналыстың қоғамды тарату туралы шешімімен тарату комиссиясы тағайындалады. Тарату комиссиясы қоғамның таратылуы кезеңінде оны басқару және тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген іс-әрекет жасау жөніндегі өкілеттіктерге ие болады. Ерiктi тарату кезiнде тарату комиссиясының құрамына қоғам кредиторларының өкілдері, ірі акционерлердің өкілдері, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес өзге де адамдар енгізілуге тиіс. Қоғамды тарату рәсімі және оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі. Қоғамды тарату кезінде оның жарияланған, оның ішінде орналастырылған акциялары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жойылуға жатады.
Таратылатын қоғамның мүлкін акционерлер арасында бөлу. Таратылатын қоғамның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін акционерлер арасында бөлуді тарату комиссиясы мынадай кезектілікпен жүзеге асырады:
1) бірінші кезекте – осы Заңға сәйкес сатып алынуға тиіс болатын акциялар бойынша төлемдер;
2) екінші кезекте – артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтерді төлеу;
3) үшінші кезекте – жай акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтерді төлеу;
4) 2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) 2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қалған мүлік , осы Заңның 13-бабы 2-тармағының талаптары ескерiле отырып барлық акция иелерінің арасында оларға тиесілі акциялардың санына қарай бөлінеді. Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады.
Егер
таратылатын қоғамның мүлкі есептелген,
бірақ төленбеген дивидендтерді
төлеуге және артықшылықты акциялардың
құнын өтеуге жеткіліксіз болса, аталған
мүлік түгелдей осы санаттағы акционерлер
арасында оларға тиесілі акциялардың
санына қарай бөлінеді.[3-6]
2.2. Акционерлiк қоғамды басқару
Қоғамның органдары
1. Мыналар қоғам органдары болып табылады:
1) жоғары орган – акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі қоғамда – сол акционер);
2) басқару органы – директорлар кеңесі;
2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) атқарушы орган – алқалы орган немесе атауы қоғамның жарғысында белгіленетін атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға.
4)
осы Заңға, Қазақстан
2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
Бұрын мемлекеттiк қызметшi
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшеліктері
Республикалық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Ұлттық Банкінің шешімі бойынша өзге мемлекеттік органға беруі мүмкін. Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы жергілікті атқарушы органның шешімімен өзге мемлекеттік органға берілуі мүмкін. Мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша акционер ретінде мемлекеттің мүдделерін білдіреді. Мемлекеттік акциялар пакеттерін иелену мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар акционерлердің жалпы жиналыстарында қабылдауға ұсынылатын шешімдердің жобаларын мемлекеттің қатысуымен Қазақстан Республикасының Үкіметімен және (немесе) мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілетті мемлекеттік органмен алдын ала жазбаша түрде келісуді қамтамасыз етуге міндетті мәселелер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі қоғамның директорлар кеңесі атқарушы органның ұсынуы бойынша қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінің орта мерзімді жоспарларын бекітеді. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлары мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін тәртіппен және мерзімдерде табыс етіледі. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын осы ұлттық компаниялардың директорлар кеңесі бекітеді. Құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, қызметінің негізгі мақсаты ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығымен тиесілі акциялар пакетін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын акционерлік қоғам ұлттық басқарушы холдинг болып табылады. Ұлттық даму институттары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен акционерлік қоғамдар ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған, қызметінің басты мақсаты индустриялық-инновациялық даму және кәсіпкерлікті қолдау саласындағы жобаларды іске асыру болып табылатын қаржылық, консалтингтік, инновациялық, сервистік ұйымдар. Қазақстан Республикасының Yкіметі құрылтайшысы және жалғыз акционері болып табылатын, ұлттық компаниялардың және өзге де акционерлік қоғамдардың өзіне меншік құқығымен тиесілі акциялар пакеттерін тиімді басқару үшін құрылған акционерлік қоғам ұлттық холдинг болып табылады. Қазақстан Республикасының өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке тиесілі және ұлттық экономиканың негізін құрайтын стратегиялық жағынан маңызды салаларда қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған акционерлік қоғам ұлттық компания болып табылады. Жекешелендіруге жатпайтын мүлікті ұлттық компанияларға берудің талаптары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Ұлттық компаниялардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның атқарушы органы аталған акцияларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер мөлшерінің болжамды көрсеткіштерін жоспарланып отырған жылдан алдыңғы жылдың бірінші сәуіріне дейін табыс етуге міндетті. 35-бап. Акционерлердің жалпы жиналысы. 2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) . Акционерлердің жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді. Қоғам акционерлердің жылдық жалпы жиналысын жыл сайын өткізіп отыруға міндетті. Акционерлердің өзге жалпы жиналыстары кезектен тыс болып табылады. Акционерлердің бірінші жалпы жиналысы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен және акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесi жасалғаннан кейін шақырылуы және өткізілуі мүмкін. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)[2-1]
Акционерлердің жыл сайынғы жалпы жиналысында:
1) қоғамның жылдық қаржылық есептілігі бекітіледі;
2)
қоғамның аяқталған қаржы жылы
үшін таза кірісін бөлу
3) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселе қаралады.
Директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесінің және қоғамның атқарушы органының мүшелеріне сыйақы беру мөлшері және олардың құрамы туралы қоғамның акционерлеріне хабарлайды.Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы олар бойынша шешімдер қабылдау акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған басқа мәселелерді де қарауға құқылы. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге тиіс. Есепті кезең ішінде қоғамның аудитін аяқтау мүмкін болмаған жағдайда аталған мерзім үш айға дейін ұзартылған болып саналады.
Барлық дауыс беретін
3. Қоғамның қаржылық есептiлiгi мен аудитi, қоғамның құжаттары.
3.1. Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті, қоғамның құжаттарының түсінігі.
Қоғамның қаржылық есептілігі .Қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізу мен қаржылық есептілігін жасау тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасымен белгіленеді.
Информация о работе Қоғамның қаржылық есептiлiгi мен аудитi, қоғамның құжаттары