Оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 08:08, реферат

Краткое описание

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында: «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелуі анық» делінген. Өскелең ұрпақ жан-жақты тәрбиелі, білімді болғанда ғана еліміздің болашағы жарқын болмақ.

Файлы: 1 файл

Оқытушы мен студент.doc

— 27.00 Кб (Скачать)

Оқытушы мен студент

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына  жолдауында: «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелуі анық» делінген. Өскелең ұрпақ жан-жақты тәрбиелі, білімді болғанда ғана еліміздің болашағы жарқын болмақ.

Бұл жерде сөз болып  отырған дәстүрлі «оқытушы-студент», «студент-мұғалім» субъектілер қатынасы өзгеше сипатқа ие болып отыр. Оқытушы  мен студенттің қарым-қатынас мәселесі дәл қазіргі уақытта психологиялық-педагогикалық зерттеу нысанына айналуда. Бұл мәселені шешудің басты жолы психологиялық кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының қабырғасында ескерілуі тиіс. Сондықтан студенттің қарым-қатынас дағдылары мен икемділігін қалыптастыру, яғни, студенттің іскерлік психологиялық қарым-қатынас кезіндегі әртүрлі жағдайларға бейімделуі, тез меңгеру қабілеттеріне ие болуы, студенттермен жағымды қарым-қатынас позициясын құруға ұмтылу, мотивациясы мен білімін заманның талабына сай жетілдіру аса маңызды болып табылады. Білім беру үрдісіне қатысатын мүшелердің әрқайсысының өзіндік міндеттері мен құқықтары бар. Оқытушының міндеті – оқыту технологиясын таңдай отырып, студенттердің білімге құштарлығын ояту, өзіндік икемділіктерін ашу, шығармашылықпен айналысуын ұйымдастыру негізінде білім беру сапасын көтеру. Студенттің міндеті – оқу, сабаққа кешікпей келу, тәртіп бұзбау, білім беру үрдісі мен білім мазмұнына қанағаттану құқығы бар.

Оқытушының әлеуметтік тұлға  бейнесінің қалыптасуы психологиялық  қарым-қатынас мәселесіне келіп тіреледі. Жеке адамның әлеуметтенуі өзінің қоғамына тиесілі өзара қатынастар, кәсіби әлеуметтік талаптарға байланысты болады. Демек, қарым-қатынас – студенттің тұлға ретінде жетілуіне пайдасын тигізетін құбылыстардың бірі, яғни, қарым-қатынас арасында өзге тұлғаларды қабылдап, олардың сөйлеу мәдениетіне бейімделеді.

Қарым-қатынас барысында  жеке адамның қоғамдық рухани және материалдық құндылығы қалыптасады, жеке тұлғалық ерекшелігін көрсетеді, өзі үздіксіз қарым-қатынаста болатын  қоғамға енеді. Коммуникация әрбір адамның әрекет барысындағы субъектісіне айналады, табиғат пен дүниені таниды, олармен қарым-қатынасын дамытады.

Қазіргі қоғам өмірінің өзгерістеріне  орай қарым-қатынас механизмдері, оны  жетілдіру амалдары қызығушылық  туғызып, зерттеудің қарқынды саласына айналуда. Адамның барлық қадір-қасиеті басқа адамдармен қалай қарым-қатынас жасағанынан байқалып тұрады. Оның бағыт-бағдары, білімді меңгеруі, есте сақтауы, эмоциясы мен қызуқандылығы қарым-қатынас жасау барысында көрініс береді. Адамның қарым-қатынасына ұлттық ерекшеліктерінің әсері өте үлкен. Олардың психологиялық, педагогикалық алғышарттарын ашу қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді.

Студенттің әлеуметтенуі екі ұстанымға ие: еліктеу және иілімді. Болашақ оқытушының бейнесін қалыптастыру үшін студент кәсіби ортада педагогпен қарым-қатынас барысында жалпы құндылықтарға ие болып, психологиялық ерекшеліктерге назар аудару қажеттілігі туындайды. Қазіргі оқу орындарында оқытушылардың рөлі артып, оның студенттерге психологиялық және педагогикалық әсер ету арқылы кеңейді. Оқытушы білім мен ақпараттың бағыттаушысы болып қана қоймай, педагог, психолог, психотерапевт болуы керек. Бұған оның педагогикалық қызметінің жетістігі мен беделі тәуелді. Оқытушының беделі – оқу-тәрбиелеу процесінің жетістігіне әсер ететін ұжымдастар мен студенттер және өзара қатынас барысында білінетін, ұйымдағы оның кәсіби, психологиялық, тұлғалық сипаттамасы. Оқытушының беделі - оның білімділігіне, адамгершілігіне байланысты болып келеді. Қазіргі таңда студенттерге оқытушының жеке тұлғасы, оның ашық, қайталанбас дербестігі тәрбиеленуші және психотерапевт ретіндегі беделі әсер етеді .

 Сөз соңында айтарымыз, білуге деген қызығушылық пен жаңаны білуге деген талпыныс адамға ғана тән. Оны байқау және дамыту оңай емес. Егер оқытушы студентпен дұрыс қарым-қатынас орната алмаса, қызықтыра алмаса, оның қызығушылығы жоғала береді. Ал егер де оқуды өмірде болып жатқан жан-жақты ақпараттармен байланыстырса – білім сапалы түрде қабылдануы әбден мүмкін.


Информация о работе Оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас