Қоғамның қаржылық есептiлiгi мен аудитi, қоғамның құжаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 19:13, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмыстың тақырыбы «Акционерлік қоғамның қаржысы». Бұл курстық жұмысымда акционерлік қоғамның түсінігі, оның құрылтайшылары, акционерлік қоғамның құру тәртібі, басқару, ұйымдастыру мәселелерін қарастырдым. Яғни, акционерлік қоғам дегеніміз өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi.

Оглавление

Кіріспе
1. Акционерлік қоғамның түсінігі, заңды тұлғалар жүйесіндегі орны....4-11
1.1. Акционерлік қоғам түсінігі........................................................................................4
1.2. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары..........................................................6
1.3. Акционерлік қоғамды құру тәртібі..........................................................................8
2. Қоғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары..........................12-26
2.1. Акционерлiк қоғамды басқару, қайта ұйымдастыру және тарату...............12
2.2. Акционерлiк қоғамды басқару..................................................................................24
3. Қоғамның қаржылық есептiлiгi мен аудитi, қоғамның құжаттары...27-29
3.1. Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті, қоғамның құжаттарының түсінігі..........................................................................................................................................27
3.2. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы........................................................29
Қорытынды

Файлы: 1 файл

Курсавой Азаматтық.doc

— 209.50 Кб (Скачать)

       2.1. Акционерлiк қоғамды  басқару, қайта  ұйымдастыру және  тарату 

       Қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады. Акционерлік  қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың артықшылықты акциялар шығаруға құқығы жоқ. Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады.  Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, акцияның бір түрі оны иеленетін әрбір акционерге осындай акциялар түрінің басқа иелерімен бірдей көлемде құқықтар береді. 

       Қазақстан Республикасының заң актілерінде:

       1) қоғамның акцияларымен мәмілелер  жасасуға;

       2) қоғамның бір акционерге тиесілі  акцияларының ең көп мөлшеріне; 

       3) қоғамның акциялары бойынша бір  акционерге берілетін ең көп  дауыс санына шектеулер белгіленуі  мүмкін.

         Қоғам басқа да бағалы қағаздар  шығаруға құқылы, оларды шығару, орналастыру, айналысқа салу және өтеу талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгіленеді.

       Акциялардың түрлері. Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді. Артықшылықты акциялардың меншік иелері – акционерлердің жай акциялардың меншік иелері – акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар. Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс.  Осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейді. ; [2-1]

         Егер: 2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   1) тармақша  өзгертілді  (бұр. ред.  қара)

       1) қоғам акционерлерінің жалпы  жиналысы шешімі бойынша артықшылықты  акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселені қараса. Шектеу қою үшін орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі жақтап дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешім қабылданды деп есептеледі;

       2) қоғам акционерлерінің жалпы  жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру  не тарату туралы мәселені  қараса;

       3) артықшылықты акция бойынша дивиденд  оны төлеу үшін белгіленген  мерзім өткен күннен бастап  үш ай ішінде толық мөлшерінде  төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.

       2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   5- тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

         Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының  шешімі) немесе акционерлердің жалпы  жиналысы жарғылық капиталды  қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын бiр «алтын акцияны» енгізуі мүмкін. «Алтын акция» иесінің акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар кеңесі мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады. «Алтын акция» куәландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуге тиіс.

         Қоғам акционерлерінің құқықтары

       1. Қоғам акционерінің:

       1) осы Заңда және қоғамның жарғысында  көзделген тәртіппен қоғамды  басқаруға қатысуға;

       2) дивидендтер алуға; 

       3) қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысында немесе қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен қоғамның қаржы есептілігімен танысуға;

       2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4) тармақша  өзгертілді (бұр.ред.қара)

       4) қоғамның тіркеушісінен немесе  нақтылы ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға;

       5) қоғам акционерлерінің жалпы  жиналысына қоғамның директорлар  кеңесіне сайлау үшін кандидатура  ұсынуға; 

       6) қоғамның органдары қабылдаған  шешімге сот тәртібімен дауласуға;

       7) қоғамға оның қызметі туралы  жазбаша сауал салуға және  қоғамға сауал келіп түскен  күннен бастап отыз күн ішінде  дәлелді жауаптар алуға; 

       8) қоғам таратылған кезде мүліктің  бір бөлігіне;

       2007.07.08. № 321-III ҚР Заңымен 9) тармақша  өзгертілді (бұр.ред.қара)

       9) заңнамалық актілерде көзделген  жағдайларды қоспағанда, осы Заңда  белгіленген тәртіппен өз акцияларына  айырбасталатын қоғамның акцияларын  немесе басқа да бағалы қағаздарын  артықшылықпен сатып алуға құқығы бар.[2-1]

       2. Ірі акционердің,  сондай-ақ:

       1) акционерлердің кезектен тыс  жалпы жиналысын шақыруды талап  етуге немесе директорлар кеңесі  акционерлердің жалпы жиналысын  шақырудан бас тартқан жағдайда  оны шақыру туралы талап-арызбен  сотқа жүгінуге;

       2) директорлар кеңесіне осы Заңға  сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізуді ұсынуға;

       3) директорлар кеңесінің отырысын  шақыруды талап етуге; 

       4) өз есебінен аудиторлық ұйымның  қоғам аудитін жүргізуін талап  етуге құқығы бар. 

       3. Акционерлердің осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген құқықтарын шектеуге жол берілмейді.

       Қоғамның  жарғысында акционерлердің өзге де құқықтары  көзделуі мүмкін.

       Қоғам акционерлерінің  міндеттері

       1. Қоғамның акционері:

       1) акцияларды төлеуге; 

       2005.08.07 ж. N 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2007.19.02. №  230-III  (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2) тармақша өзгертілді 

       2) осы акционерге тиесілі акцияларды  қоғамның тіркеушісіне және нақтылы  ұстаушыға қоғамның акцияларын  ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн  жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгерісі туралы он күн ішінде хабарлауға;

       3) қоғам немесе оның қызметі  туралы қызметтік, коммерциялық  немесе заңмен қорғалатын өзге  де құпия болып табылатын ақпаратты  жария етпеуге; 

       4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының  өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.

       2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

         Акционердің осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарды  орындамауының салдары үшін қоғам  мен қоғамның тіркеушісі жауапты болмайды.

       Қоғамның  бағалы қағаздарын басымдықпен  сатып алу құқығы

       2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   1 тармақ  жаңа редакцияда  (бұр. ред.  қара)

         Жарияланған акцияларды немесе  қоғамның жай акцияларына айырбасталатын  басқа да бағалы қағаздарды орналастыру, сондай-ақ бұрын сатып алынған осы бағалы қағаздарды сату ниетi бар қоғам осы туралы шешiм қабылдаған күннен бастап он күн iшiнде өз акционерлерiне жазбаша хабарлама жiберу немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы өздерiнде бар акциялар санына барабар бағалы қағаздарды тең жағдайларда орналастыру (өткiзу) туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы белгiлеген орналастыру (өткiзу) бағасы бойынша оларды сатып алуды ұсынуға мiндеттi. Акционер қоғам акцияларын орналастыру (өткiзу) туралы хабарланған күннен бастап отыз күн iшiнде акцияларды не қоғамның акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтiнiм беруге құқылы.Бұл орайда қоғамның жай акцияларын иеленетiн акционердiң жай акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығы бар, ал қоғамның артықшылықты акцияларын иеленушi акционердiң қоғамның артықшылықты акцияларын басымдықпен сатып алу құқығы бар. Қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.[2-1]

         Қоғамның акцияларын  орналастыру

       2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

         Қоғам өз акцияларының шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн акциялардың жарияланған мөлшерi шегiнде оларды бiр немесе бiрнеше орналастыру арқылы орналастыруға құқылы. Қоғамның жарияланған акцияларының саны шегiнде акцияларын орналастыру туралы шешiмдi, қоғамның жарғысында осы мәселе акционерлердiң жалпы жиналысының құзыретiне жатқызылған жағдайды қоспағанда, қоғамның директорлар кеңесi қабылдайды. Акцияларды орналастыру ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында өткiзiлетiн жазылу немесе аукцион не бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өткізілетін жазылу немесе аукционда сату арқылы жүзеге асырылады.

       2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен  толықтырылды

       1-1. Акционер артықшылықпен сатып  алу құқығына сәйкес оған акцияны  немесе қоғамның жай акцияларына  айналдырылатын басқа бағалы қағазды сатып алуға өтініш беру үшін берілген отыз күннің ішінде акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды иеліктен айырған кезде, егер акцияның бұрынғы иесі мұндай өтініш бермеген жағдайда осы құқық акцияның немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды жаңа иесіне ауысады.

       2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа  редакцияда (бұр.ред.қара)

       2. Жазылу арқылы қоғам орналастыратын  акциялар, акцияларды артықшылықты  сатып алу құқығына сәйкес сатып алатын акционерлерді қоспағанда, осы орналастыру шегінде акцияларды сатып алатын барлық тұлғалар үшін бірдей сату бағасы бойынша сатылуға тиіс.

       Акционерлер акцияларды артықшылықты сатып алу  құқығына сәйкес орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органы белгілеген бірыңғай орналастыру бағасы бойынша сатып алады.

       2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа  редакцияда (бұр.ред.қара)[3-1]

       3. Акцияларды орналастыру туралы  шешім қабылдаған қоғамның органы  осы орналастыру үшін белгілеген  акцияларды орналастыру бағасы осы акциялардың сатылуы мүмкін неғұрлым төменгі бағасы болып табылады.

       2006.05.06 № 146-III  ҚР Заңымен 4- тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

       4. Қоғамның жарияланған акцияларды  орналастыру туралы шешiм қабылдауға  уәкiлеттi органы орналастырылатын акциялардың санын ұлғайту және (немесе) орналастыру бағасын төмендету туралы шешiм қабылдаған жағдайда, бұл орналастыру осы Заңның 16-бабы 1-тармағының ережелерi ескерiле отырып жүргiзiледi.

       2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   19-баптың  тақырыбы өзгертілді  (бұр. ред. қара)

       Қоғам акцияларын ұстаушылардың  тізілімдер жүйесі 2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   1-тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

       Қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзудi  қоғамның тіркеушісі ғана жүзеге асыра алады, ол қоғамның және оның аффилиирленген тұлғаларының аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс. 2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   2-тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

         Қоғам акцияларын ұстаушылардың   тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзу  сондай-ақ  ол бойынша уәкілетті органға ақпарат беру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгіленеді.  2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   3-тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

         Қоғам өз акциялары шығарылымын  мемлекеттік тіркеу мақсатында  уәкілетті органға құжаттар табыс етілгенге дейін қоғамның акцияларын ұстаушылардың  тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзу  жөніндегі қызмет көрсету туралы қоғамның тіркеушісімен шарт жасасуға міндетті. 2005.08.07 ж. N 72-IІІ ҚР Заңымен   4-тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

Информация о работе Қоғамның қаржылық есептiлiгi мен аудитi, қоғамның құжаттары