Депозиттік саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 19:45, дипломная работа

Краткое описание

Елбасы “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында “Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз”, деп атап көрсетуі жаңа экономика – инновациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.

Оглавление

Кіріспе.................................................................... 3
1 Инновацияның экономикалық мәні.......................


1.1 «Инновация» ұғымын зерттеудегі методологиялық көзқарастар.............................................................
7
1.2 Инновациялық дамудың негізгі бағыттары 12
1.3 ҚР инновациялық инфрақұрылымды

құру факторлары және алғышарттары......................
16
2 ҚР инновациялық қызметті

қаржыландыру мәселелері және

перспективалары....................................................


2.1 ҚР инновациялық қызметті

қаржыландыру.........................................................
25
2.2 Қазақстанда инновациялық қызметті қаржыландырудағы венчурлік

фирмалардың рөлі....................................................

35
2.3 Инновациялық қызметті реттеудегі

мемлекеттің рөлі......................................................
41




Қорытынды.............................................................. 45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................ 48
Қосымша................................................................. 51

Файлы: 1 файл

дипломная работа.doc

— 839.50 Кб (Скачать)
 
 

ҚР  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

МАЗМҰНЫ

                                                                                                                                                                                                                              

  Кіріспе.................................................................... 3
1 Инновацияның  экономикалық мәні....................... 

                                                                                        

 
1.1 «Инновация» ұғымын зерттеудегі методологиялық көзқарастар.............................................................  
7
1.2 Инновациялық  дамудың негізгі бағыттары  12
1.3 ҚР инновациялық инфрақұрылымды

құру  факторлары және алғышарттары......................             

 
16
2 ҚР  инновациялық қызметті

қаржыландыру  мәселелері және

перспективалары....................................................

 
 
 
2.1 ҚР инновациялық қызметті

қаржыландыру.........................................................

 
25
2.2 Қазақстанда инновациялық қызметті қаржыландырудағы венчурлік 

фирмалардың рөлі.................................................... 

 
 
35
2.3 Инновациялық  қызметті реттеудегі

мемлекеттің рөлі......................................................

 
41
   

                                                                  

 
 
  Қорытынды..............................................................   45
  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................ 48
  Қосымша................................................................. 51

 

КІРІСПЕ 
 

     Елбасы  “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша  қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында “Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз”, деп атап көрсетуі жаңа экономика – инновациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.

         Осы заманғы білім  әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің  басты факторына айналғанын баршаның мойындап отырғаны белгілі. Жабдықтардың, технологиялардың моральдық тозуы ауқымының, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің ұлғаюы жағдайында өндірушілер өндірісті жедел қайта құрып, басқаруды және бизнес қызметінің тетіктерін жаңартуы тиіс.  Бүгінде әлемнің бәсекеге барынша қабілетті дамыған елдердің қатарына кіру міндетін орындауға бүкіл еліміз жұмылып отырғанда, бұл тұрғыда жақсы бағдарламалар жасалып, іс-қимыл жоспарлары түзілген. Оның шешілуі экономиканың барлық саласы мен қызметтеріне қатысты болады. Қазақстан экономикасының «жаңа индустриалды елдердің» әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен қадамдар жасау арқылы ғана қол жеткізе алады. Ол үшін Қазақстан экономикасының дамуына кері әсер етуші проблемаларды, яғни экономиканың шикiзат бағыттылығы; әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi; ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы; өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi; iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы сияқты бірқатар мәселелерді жойып, экономианы әртараптандыру бағытында алға қойған шараларды түбегейлі іске асыру қажет. Ол үшін алдымен ғылым, білім беру саласын, ҒЗТКЖ-ды қаржыландыру мәселесін шешу керек. 

   Қазақстанда ғылымға қаржы бөлу  және оны  тиімді жұмсау маңызды мәселелердің бірі. Қазіргі кезде ҒЗТКЖ-на бөлінетін  қаржы ЖІӨ-нің 0,2%-ын ғана құрайды. Ол көршілес Қырғыстан, Украина, Ресей  елдерінен де төмен. Егер 2012 ж. ҒЗТКЖ-на шығыстарды 5%-ға жеткізе алсақ, онда ол бүгінгі таңда ең жоғарғы көрсеткіш болар еді. Егер Қазақстан осы алға қойған міндетті жүзеге асыра алса, оған қоса инновациялық қаржылық инфрақұрылымды жақсы іске қоса алса, онда ҒЗТКЖ-ның әлемдік орталығына айналмасына кім кепіл.

        Қазіргі таңда Қазақстан экономикасын әртараптандыру және модернизациялау барысында өнім шығаруды жедел игеріп, жолға қою, рыноктың басқа сегменттеріне дер кезінде бетбұрыс жасау қабілеттеріне ие білікті менеджерлерге, инженерлерге, технологтарға, маркетологтарға деген сұраныс өсе түсуде. Экономиканы жаңарту үшін мықты кадрлар керек, сол жаңартуға негіз болатын жаңа технологиялар мен инновациялар керек. Ал бұлар өз кезегінде ғылым мен білімді дамытуды талап етеді. Экономиканы жаңартуға, оған инновациялар енгізуге қатысты барлық буындардың айқын да үйлесімді жұмысы қажет.

      Қазақстан Республикасының Президентінің  «Қазақстан – 2030» Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-кономикалық дамуында тұрлаулы экономикалық өсуге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға, халықтың өмір сүру деңгейін, әл-ауқат жағдайын көтеруге қол жеткізу мақсаттары көрсетілген. Яғни Қазақстанда әлемдік тауар және қаржы рыноктарында бәсекелесе алатын, халқының өмір сүру деңгейі жоғары, әлеуметтік бағытталған рыноктық экономиканы, бәсеке қабілетті жоғары индустриалды экономиканы қалыптастыруға бағытталған.

    Жоғары  индустриалды қоғам жаңа технологиялармен, өмір сүрудің жоғары деңгейімен және сапасымен, халықтың әлеуметтік топтары арасындағы қайшылықтардың жеңілдеуімен сипатталады және меншік қатынастары, экономикалық өсудің әлеуметтік және экономикалық факторлары арасындағы арақатынас өзгереді. Адам капиталының рөлі жоғарлайды. Яғни бағдарламада көрстілгендей жоғары индустриалды сатыға өту үшін экономикалық тұрақты дамуды қамтамасыз ету қажет.

    Тұрлаулы даму жағдайындағы экономикалық өсу – бұл энергияны және ресурсты үнемдеуші технологияларды жаппай енгізу, экономика құрылымының, табиғи-ресурс потенциалы мен қоршаған ортаның қолайлығын сақтау мақсатында жеке және өндірістік тұтыну құрылымдарының өзгерісі, қазір өмір сүріп жатқан және келешек ұрпақтың өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету.    

    Жоғарыда  көрсетілген экономикалық өсу мақсаттарына жетуде халық шаруашылығының өнеркәсіптік өндіріс салаларының тиімді қызмет етуін арттыру қажет. Қазіргі кезде өндірістің тиімділігін арттырып, экономикалық өсуге жетудегі маңызды фактор – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру, тиімді пайдалану табылады. Көрсетілгендерді Батыс экономистерінің М.П. Тодаро мен С. Кузнецтің дамыған елдерге тән экономикалық өсуге берген сипаттамаларынан да көруге болады: халықтың жоғарғы өсу қарқыны, халықтың жан басына шаққандағы табысының өсуі, ЖҰӨ-ң өсуі, халықтың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру, өндіріс факторларының өнімділігінің өсуі, техникалық прогресс, т.б.

      Бүгінгі таңда қай ел ҒТП жетістіктерін  тиімді игеретін болса, сол елдің  экономикалық жағдайы да интенсивті басымдылықты типте, тез қарқынды түрде дамиды. Оған мысал, АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдері.

      Егер  индустриалды-инновациялық даму стратегиясында анықталған негізгі басымды бағыттарды елде қарқынды дамыта алатын болсақ, онда Қазақстанның әлемдік ғылыми сиымды өнімдер рыногында беделін бәсекелік сапа, баға, сервистік қызмет көрсету арқылы арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, еңбекпен қамту және кедейлік мәселесін жою және жоғарыда аталған экономиканың басқа да кұрылымды мәселелерін шешу мүмкіндігі туындайды. Сол себепті бұл мәселе бүгінгі таңда да және келешекте де басым мақсаттардың және маңыздылардың бірі болып табылады.

      Зерттеу объектісі: тұрлаулы экономикалық дамудың инновациялық қызметін қаржыландыру.  

 

1 ИННОВАЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ 

    1. «ИННОВАЦИЯ» ұғымын зерттеудегі методологиялық көзқарастар
 
 

      Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өндірісте инновация формасында көрінеді. «Инновация» ұғымы XIX ғасыр ойшылдарының ғылыми зерттеулерінде пайда болып, белгілі бір мәдениеттің жекелеген элементтерін екіншісіне енгізуді білдірген. Ол, әдетте, еуропалық салт-дәстүрдің ерекшеліктері мен ұйымдастырудың әдістерін дәстүрлі азиялық, африкалық қоғамға енгізу болды. «Инновация» түсінігі ағылшынның «іnnovation» сөзінен аударғанда «жаңалық енгізу», «жаңаша бастау» деген ұғымдарды білдіреді екен. Сөздің кең мағынасында алғанда ғылымның жетістіктері мен озық тәжірибеге негізделген техника мен технологияларды және еңбекті ұйымдастыру мен басқару салаларындағы жаңалықтарды өмірге енгізу болып табылады. Ал инновациялық қызмет сөзіне «елдегі жинақталған білімді, технологияларды, құрал - жабдықтарды моммерцияландыру, яғни пайда табу бағытына шоғырландыру» деген анықтама берілген.   

      Инновациялар  тек техникаларға, технологияларға  ғана емес, сонымен бірге басқаруды  және өндірісті ұйымдастырудың формаларына да қатысты. Олардың барлығы бір-бірімен өзара тығыз байланысты және өндірістің тиімділігін арттыруда, өндіргіш күштерді дамытуда сапалы саты болып табылады.  Инновация үшін жақсы идеяның ғана болуы жеткіліксіз. Инновациялық процесс кезінде идеяның пайда болуынан оны жүзеге асыруға көбірек назар ауады. Ғылыми - зерттеу жұмыстарға жаңа білімді игеру болса, конструкторлық өндеулер осы білімді бірінші қолданатын болады. "Басқалардың" жетістіктерінің негізінде жаңалықтар енгізу еліктеу (имитация) деп аталады.

              Сонымен «инновация»  терминіне тоқталар болсақ, оны ең алғаш рет жаңа экономикалық категория  ретінде ғылыми айналымға XX ғасырдың 30-жылдары австриялық экономист Йозеф Алоиз Шумпетер енгізген, ол оны өзінің «Экономикалық даму теориясы» (1912 ж.) және «Капитализм, социализм және демократия» (1942 ж.) атты еңбектерінде қарастырған. Ол өз еңбектерінде қалыпты экономиаканың «нормасы» мен экономикалық теорияның негізгі шындығы тепе-теңдік емес, керісінше кәсіпкер-жаңалық табушының қызметінің нәтижесінде туындайтын «динамикалық теңсіздікті» қарастырып, дәстүрлі экономикадан бас тартады. Содан бері «инновация» термині әлемдік экономикалық әдебиеттерде жалпыға мәлім категория ретінде қарастырылуда.

         Шумпетер инновацияны  өндіріс факторларының «жаңа комбинациясы» ретінде де қарастырған, ол дегеніміз қолда бар өндіріс факторлары мен өндіргіш күштердің қосылуы, яғни  кәсіпкердің инновациялық қызметі. Ол «жаңа комбинацияның» негізгі түрлеріне төмендегілерді жатқызды:

  • жаңа игіліктер өндірісі;
  • игіліктер өндірісі мен оларды коммерциялық пайдаланудың жаңа әдістерін қолдану;
  • жаңа өткізу рыногын игеру;
  • жаңа шикізат көздерін игеру;
  • салалық құрылымды өзгерту (монополия құру немесе жою) [6, 159б.].

         «Жаңа комбинацияларды» жүзеге асыру үшін жаңа идеяларды тиімді экономикалық шешімдерге айналдыра алатын, новатор – кәсіпкердің жігерлігі, шығармашылығы қажет.  Себебі кәсіпкер – жай ғана ойлап тапқыш емес, ол-жаңалық табушы: екіншісі біріншісіне ілесіп отырады, бірақ оған-өнертапқышты-лыққа жанама түрде түрткі болады. 

         Сонымен бірге Шумпетер инновацияны «өнертабыс-жаңалық  енгізу-диффузия» процесінің бір  бөлігі деп те санайды. Оның пікірі бойынша, өнертабыс – бұл жаңа процесс немесе жаңа өнім туралы идея, ол инновациялық процесс соңына дейін  жүзеге асырылған жағдайда, яғни инновация өндіріске енгізіліп, сауда сферасына түскен кезде ғана инновация болып табылады. Өнертабыс және жаңашылдық бір-бірімен өзара әрекет етеді, ал инновацияны енгізу  келесі бір өнертабыстың пайда болуына әкеледі. Шумпетер теориясындағы  инновациялық даму циклдық сипатқа ие, оның кезеңдері ұзақ мерзімді қамтиды және онда  үнемі тоқырау мен құлдырау процестері орын алады.  Ол өзінің кейінгі еңбектерінде ұзақ мерзімді толқындарды техникалық өзгерістермен байланыстырып, үлкен үш толқынды  бу машинасын ( 1790-1842), темір жолды (1843-1897), электр энергиясы  мен автомобильді (1898-1949) пайдалану мен оның кең таралуымен сипаттайды.

                  Экономикалық көзқарас бойынша, инновациялық даму өндірістік әдісті дамытудағы логикалық саты. Әр инновация өз циклына «қарама-қарсы», өзін жоққа шығарып, келесі инновация үшін алғышарттар туындатады, яғни жаңа техникаға, технологияға, білімге, ғылымға және басқару әдістеріне жол ашады. Сондықтан инновациялық даму спираль тектес формаға ие, ол шексіз және белгілі бір кезең аралығында ғана өз кемеліне жетеді.

         Ал инновацияны  енгізу мен  инновация диффузиясы арасында да, яғни жаңа өнімді немесе процесті  алғашқы коммерциялық енгізу мен  әлеуметтік жүйе мүшелері арасында байланыс тетіктері арқылы жаңалықты тарату процесі арасында да өзгешелік бар.

Информация о работе Депозиттік саясат