Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 19:45, дипломная работа
Елбасы “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында “Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз”, деп атап көрсетуі жаңа экономика – инновациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.
Кіріспе.................................................................... 3
1 Инновацияның экономикалық мәні.......................
1.1 «Инновация» ұғымын зерттеудегі методологиялық көзқарастар.............................................................
7
1.2 Инновациялық дамудың негізгі бағыттары 12
1.3 ҚР инновациялық инфрақұрылымды
құру факторлары және алғышарттары......................
16
2 ҚР инновациялық қызметті
қаржыландыру мәселелері және
перспективалары....................................................
2.1 ҚР инновациялық қызметті
қаржыландыру.........................................................
25
2.2 Қазақстанда инновациялық қызметті қаржыландырудағы венчурлік
фирмалардың рөлі....................................................
35
2.3 Инновациялық қызметті реттеудегі
мемлекеттің рөлі......................................................
41
Қорытынды.............................................................. 45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................ 48
Қосымша................................................................. 51
Бүгінгі
таңда экономиканы
Инновациялық инфрақұрылым құрамына арнайы мамандандырылған технопарктер мен инновациялық қызметке бағытталған мемлекеттік емес ғылыми-технологиялық фирмалар, венчурлік қорлар жүйесі, инновациялық дамудың жекелеген аспектілерін қамтамасыз ететін юридикалық, экономикалық, эксперттік, кеңес беруші және басқа ұйымдар кіреді. Инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту инновациялық даму саясатын жүзеге асырудағы негізгі міндеттердің бірі.
Қазір инновациялық инфрақұрылымды құрудың бастапқы сатысы аяқталды, яғни даму институттары, ғылым қоры құрылып, оларды қаржыландыру басталды. ҚР келесідей даму институттары құрылған: «Ұлттық инновациялық қор», «Қазақстан инвестициялық қоры», «Қазақстан даму банкі», «Инжиниринг және технология трансферті орталығы», «Экспорттық несие мен инвестицияны сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» және басқалары. Даму институттарының алдында шикізаттық фактордың рөлін біртіндеп төмендетуге бағытталған экономикадағы, өнеркәсіптік өндірістегі құрылымдық ілгерілеуге қатысты маңызды міндет тұр.
Осы даму институттарының қызметтерін бір-бірімен ұштастырып, экономиканы әртараптандыруға жағдай жасау және инновациялық жобаларды қаржыландыру мақсатында 2006ж. «Қазына» тұрақты даму қоры құрылды. «Қазына» қоры коммерциялық емес сипатта қызмет етеді. «Қазына» тұрақты даму қорына 7 ұлттық компанияның акциялары берілген. Жуырда тағы алты Қазақстан компаниялары қосылады.
Елдің шикізаттық емес секторларындағы «Қазына» ТДҚ-ның қатысуымен жүзеге асырылған жобалар осы қордың төрағасы Қ. Келімбетов мырзаның мәліметтері бойынша 3,6 млрд. АҚШ долл. құраған, соның ішінде даму институттарының қаржыландыру үлесі 1 млрд. АҚШ долл., олар 136 жобаны қаржыландыруға жұмсалған. Мемлекеттік даму институттарын капитализациялау жыл басында 730 млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1 млрд. 200 млн. АҚШ долларынан асады. Қазір даму институтары құны 2,2 млрд. АҚШ долл. құрайтын 90 жобаны қаржыландыруды бастады
[15, 1б.].
«Қазына» қоры 2007ж. бастап даму институттарының қолдау аясын кеңейтуді жоспарлауда, яғни жекелеген жобаларды қаржыландырудан бастап, жүйелі жобалар тобын қолдауға дейін. Ол экономиканың диверсификациялануына әкелетін жаңа салалардың қалыптасуын және өңдеуші салалардың өсуін ынталандырады,
АҚ «Қазына» бағалауы бойынша 2007-2009ж.ж. шикізаттық емес секторлардағы инвестициялық қажеттілік 10 млрд. АҚШ долл. асады. АҚ «Қазақстан Даму Банкіне» 2007ж. бюджеттен 21 млрд. тенге бөлу қарастырылған, оның ішінде 7 млрд. тенге бюджеттік несие банктің несиелік ресурстарының құнын төмендетуге бағытталса, қалған сома банктің жарғылық қорын арттыруға жұмсалынады. Бюджеттік несиелеу ҚДБ тарапынан төмен сыйақымен инфрақұрылымды қаржыландыру үшін қажет. Инфрақұрылымды рыноктық қойылыммен (жылдық 12-14 %) қаржылынадыру елдің бизнес құрылымына қымбатқа түседі. Шетелде, мысалы, Қытайда инфрақұрылымдық жобаларды жылдық 2 %-бен, ал көршілес Ресейде «Внешэкономбанк» 2-5 %-бен қаржыландырады. Қазақстанның Инвестициялық қорына 2007 бюджеттен инвестициялық жобаларды жеке сектормен бірге қаржыландыру үшін 5,5 млрд. тенге бөлінеді. Осы қаражаттардың барлығы даму институттары арқылы диверсификациялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Соның ішінде: Қазақстанның Даму Банкі-экономиканы ауқымды несиелеуге; Қазақстанның Инвестициялық Қоры-серпілісті жобаларды венчурлік қаржыландыруға; Ұлттық Инновациялық Қор-инновациялық жобаларды қаржыландыру, алдыңғы қатарлы технологияларды трансферттеу, сервистік-технологиялық орталықтарды дамытуға.
Жоғарыда аталған Ұлттық инновациялық қор-ҚР-ның мемлекеттік даму институттарының бірі болып табылады. Оның қарастыратын басымды төрт бағыты бар. Олар:
Осы төрт сектор бастапқы кезде технология трансфертіне негізделіп, елдің инновациялық дамуына итермелейді. Биотехнология, фармацевтика саласында екі өте қызықты жоба игерілуде: ісік ауруларына қарсы «Арглабин» және «Normogen» дәрілерін өндіру бойынша фармацевтика кешенін дамыту.
Инновациялық қор қаражатының 70% осы негізгі төрт басымды бағытқа, қалған 30% салыстырмалы энергетикаға, нанотехнологияға, ғарыштық технологияларға жұмсалынады. «ҰИҚ» АҚ жалпы сомасы 80,2 млрд. тг. құрайтын 55 жоба бойынша міндеттемені қабылдады. Соның ішінде 22,5 млрд. тг. қордың қатысуымен. ҰИҚ инновациялық қызметке 10 млрд. тенгеден артық жеке инвестицияның келуін қамтамасыз етіп отыр. Оның ішінде инвестициялық жобаларға -4,5 млрд. тг., ҰИҚ қатысуымен отандық венчурлік қорларға 5,72 млрд. тг тартылған. «ҰИҚ» АҚ 2006ж. 1 қарашасына дейін 13,3 млрд тенге көлемінде 13 жобаны қаржыландырған [15, 4б.].
Ал
Қазақстан инвестициялық
Қордың перспективті жобаларының қатарында төмендегілер қарастырылған:
1. Шығыс-Қазақстан облысында Шар-Өскемен жаңа темір жол желісі құрылысының жобасы Қордың қызметінде бірден бір басымды жүйені құрайтын бағыт болып табылады. Осы жобаның принципті маңызды фактісі болып табылатыны, яғни мұнда концессия схемасының негізінде, ең алғаш рет Қазақстанда, және бүкіл кеңес аймағы аясында жол құрылысын жүргізуде жеке меншік инвесторларының қаражаттарын тартуымен, дүние жүзілік тәжірибені пайдалануы. Темір жол құрылысын қаржыландыру үшін, сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаттары пайдаланылады. Концессия негізінде темір жолды қаржыландыру және құрылысты басқару мен пайдаланудан алынған оң тәжірибе одан әрі басқа инфрақұрылымдық жобаларда пайдаланылуы мүмкін.
2.Құрылыс материалдарының өндірісі жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру, Қазақстан қалаларын, жолдардың құрылысын, басқа инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік нысандарын жылдам жаңарту жағдайларында ерекше көкейтесті болып табылады.
Құрылыс материалдары кластерінде цемент, әйнек, жылуұстағыш, керамика, қабырғалық, әрлеу және руда емес материалдары сияқты өндірістің бағыттары құрастырылады.
Флоат-әдісімен табақты әйнек өндіріciн ұйымдастыру. Өндірістің осы әдісі жоғары сапалы әйнекті алуға жағдай жасайды. Жаңа технология негізінде цемент өндірici зауытының құрылысы электр энергиясы мен отынның шығындарын үнемдеу есебінен цемент өндірісінің өзіндік құнын елеулі төмендетуге көмектеседі. Жобада портландцементтің сульфатқа берік, тез қататын түрлерін, сондай-ақ мұнай газ секторында жоғары агрессивті ортадағы ғимараттардың құрылысы үшін қолданылатын гидрофобты цементтерді шығару болжануда.
Офистік және тұрғын үй ғимараттарын, сондай-ақ өндірістік үй-жайларды қаптау үшін, керамикалық плиткалар өндірici зауыттарының (қабырғалық және едендік сәндік, керамикалық гранит) құрылысын қарастыратын жоба. Шекаралас мемлекеттерге: Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Батыс Қытайға өнімдерді экспорттау мүмкіндігі қарастырылуда.
3. Металлургия – минералды және техногенді шикізатты қайта өндірудің кешенділігін көтеру үшін кең және тұрақты салааралық байланысты болжайтын бірден-бір энергия сыйымдылықты және жоғары технологиялық салалық бағыт. Жаңа құбырлар өндірісін құрудың, метал конструкцияларын, сондай-ақ өзге өнімнің төртінші және бесінші өзгертуін шығарудың сұранысы өсуде.
Болат құбырлары өндірісін ұйымдастыру. Негізгі мақсаты – мұнай газ және басқа салалары үшін жоғары сапалы құбыр өнімдерінің жеке өндірісін Қазақстанда құру. Өнімдердің бәсекеге қабылеттілігі әлуетті тұтынушылардың талаптарына аса жоғары жауап беретін еуропалық немесе жапон өндірушілерінің қазіргі кездегі жабдықтарын пайдалануымен жоғары жиіліктегі тоқтармен тік жікті құбырларды балқыту технологиясында соңғы жетістіктерді пайдалануы болып табылады.
4. Химия, мұнай химия:
Кальций содасы өндіріciн ұйымдастыру Соданың ірі тұтынушылары - әйнек өндірісі, химиялық, металлургиялық өнеркәсібі, мұнай химиялық кәсіпорны, мұнайды қайта өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі. Жобамен кальций содасының өндірісін ұйымдастыру, аралас салалардағы өнімдердің арзандауымен соданың толық импорттық орнын басуын жүзеге асыруын ғана емес, сонымен қатар кальций содасының экспортын ұйымдастыруға жол беретін тиісті инфрақұрылымды құрастыру қарастырылады.
Битум өндірісі зауытының құрылысы жол битумдарына республиканың сұранысын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасында 2006-2012 жылдарға арналған автожол саласын дамытудың бағдарламасын іске асыру, құрылыс бойынша жұмыс көлемінің елеулі көтерілуі, автожолдар мен көпірлерді қайта қалпына келтіруі мен жөндеу жүргізуі мұнай битумдарын тұтынудың айырықша өсуіне әкеледі
Жеке гигиена, косметика және жуатын құралдарын шығару бойынша жобалары импорттың орнын басатын өнімдердің негізгі ассортиментін игеруге және шетел нарығында бәсекеге қабілетті қазақстандық маркаларын жылжытуын ұйымдастыруға жол береді.
5. Агроөнеркәсіптік кешенінде қой шаруашылығы, сүт және етті мал шаруашылығы, жеміс-көкөніс шаруашылығы мен мақта шаруашылығы, астық өнімі сияқты кластер құрайтын бағыттарын, тұқымдық және тауарлы қой шаруашылығынан бастап трикотаж, тоқыма, мата және дайын өнімдері өндірісіне дейін – жүн тізбегінің элементтерімен байланысты жобаларды дамыту күтілуде.
2006жылы 14 желтоқсанда Қарағандыда «Құрылыскомплект» компаниясының тобына кіретін «EURASIAFLOR» инновациялық өндірісі іске қосылды. Кәсіпорнын еденнің ПВХ жабынын шығарады. Бұл жоба Қазақстанның Инвестициялық қорының қатысуымен іске қосылды. «EURASIAFLOR» акционерлік қоғамына осы даму институтының үлесі 37 пайызды құрайды. 3 миллион АҚШ доллары сомасында салым жүзеге асырылды.
«Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ-ның Басқарма мүшесі Бауыржан Аймақов айтуынша бұл кәсіпорын бәсекеге қабілетті және оның өнімдері басқа елдерге импортталатын болады. Оның айтуынша, бүгінгі күні Инвестициялық қормен жалпы сомасы 445 миллион АҚШ долларында 18 жобаларға қаржыландыру басталған, Қор тарапынан жарғылық капиталға 100 миллионнан астам АҚШ долларында салымдар салған.
«EURASIAFLOR»
акционерлік қоғамы еден жабынының
бірінші қазақстандық өндірушісі және
біздің еліміздің аймағында
Коммерциялық линолеумның ерекшелігі – қызметінің 20-25 жылға дейінгі үлкен кепілдік мерзімі. Зауыттың сұрыпталымында – 50 түске жуық едендік жабынының үш түрі бар. Ал кәсіпорын басшылығының айтуынша, оның бағасы осыған ұқсас импорттық заттарынан 40 пайызға дейін төмен болады.