Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 19:45, дипломная работа
Елбасы “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында “Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз”, деп атап көрсетуі жаңа экономика – инновациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.
Кіріспе.................................................................... 3
1 Инновацияның экономикалық мәні.......................
1.1 «Инновация» ұғымын зерттеудегі методологиялық көзқарастар.............................................................
7
1.2 Инновациялық дамудың негізгі бағыттары 12
1.3 ҚР инновациялық инфрақұрылымды
құру факторлары және алғышарттары......................
16
2 ҚР инновациялық қызметті
қаржыландыру мәселелері және
перспективалары....................................................
2.1 ҚР инновациялық қызметті
қаржыландыру.........................................................
25
2.2 Қазақстанда инновациялық қызметті қаржыландырудағы венчурлік
фирмалардың рөлі....................................................
35
2.3 Инновациялық қызметті реттеудегі
мемлекеттің рөлі......................................................
41
Қорытынды.............................................................. 45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................ 48
Қосымша................................................................. 51
Шумпетер инновацияны пайданың негізгі көзі ретінде қарасытырады. Ал ол жаңа комбинацияларды орындау нәтижесінде туындайды. Пайда инновациядан туындап, кәсіпкерлерді өндіріске жаңа инновацияларды енгізуге ынталандырады, оған қажетті құралдармен қамтамасыз етеді. Шумпетер бойынша пайданың көзі тек баға өзгерісінде немесе шығындарды үнемдеуде ғана емес, шығаратын өнімдерді түбегейлі өзгертуде, яғни: «...пайда - жаңа комбинацияларды орындау нәтижесі», «...дамусыз пайда, пайдасыз даму болмайды». [7, 79б.]
С.Кузнец Шумпетер
теориясын сынға ала отырып, оның
теориясында түсіндірілмей
Шумпетердің шеше алмаған проблемаларын Ван Ден Менш шешуге тырысты. Ол барлық жаңалықтарды базистік (олар өнеркәсіптің жаңа салалары мен мамандықтың жаңа түрлерін қалыптастырады) және жақсартушы (қалыптасқан өнеркәсіп салаларындағы техникалық жетілдірулер) деп екіге бөлді. Жақсартушы жаңалықтар базистік жаңалықтармен жасалған жаңа мүмкіндіктерді практика жүзінде іске асыруда пайда болады. Менштің сипаттауы бойынша базистік жаңалықтарды енгізу қалыпсыз болады, олардың көп бөлігі ұзақ мерзімді толқынның тоқырау фазасында шоғырланады. Ал келесі фазаларда базистік жаңалықтар таралғаннан кейін жетілдіруші жаңалықтардың кезегі басталады және ол құлдырау фазасында жалған жаңалықтар енгізумен аяқталады. Осы фазада ҒТП-тің дәстүрлі бағыттары өздерінің құндылықтарын жоғалтады, қажеттіліктер толық қанағаттандырылады, жаңа технологиялық мүмкіншіліктер әлі белгісіз, ал бәсеңдеп келе жатқан тұтыну сұранысын жалған жаңалықтар арқылы ғана белгілі бір деңгейде ұстап тұрады. Менштің айтуы бойынша жалған жаңалық бұл-өнімнің сыртқы пішінін сәл ғана өзгертіп, жаңа өнім ретінде ұсыну. Тоқырау фазасында базистік жаңалықтарды енгізу ең тиімді, пайдалы инвестиция жұмсаудың бірден-бір мүмкіншілігі және «тоқырау фазасынан шығудағы бірден-бір жол».
Шумпетер
Өткен ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап, яғни инновацияның шумпетерлік кезеңімен қазіргі кезеңін салыстыратын болсақ, қазір «инновация» туралы көптеген тұжырымдамалар бар. Бірақ көптеген анықтамалар оның экономикалық мәнін ашпайды және тек сапасы туралы сипаттамалармен ғана шектеледі, яғни кезкелген жаңалықты алдыңғысымен салыстырғанда ешқандай артықшылығы, тиімділігі жоқ болса да оны инновация деп анықтайды.
Инновацияның
Венгерлік маман
Б. Санто инновацияны қоғамдық-
Төменде ТМД елдерінде инновация проблемасына көп көңіл бөліп, зерттеген мамандардың осы ұғымға берген анықтамаларына тоқталып өтелік.
А.Н. Богатырев пен П.А. Андреевтің ойлары бойынша: «Инновация – бұл экономикалық әсер алу мен коммерциялық пайдалануға дейін жеткізілген идеяларды, жаңалықтарды және техникалық өнертабысты жүзеге асыру кезінде орын алатын процесс немесе қызмет.[11, 64б.] «Инновация» ұғымына берілген осындай анықтамаларға Г.Крутиков, Б.А. Райсберг, П.Н. Завлин, А.К. Казанцев, Л.Ш. Лозовский және т.б. еңбектерінен қолдау табуға болады.
Қазіргі экономикалық ғаламдану жағдайында инновация ұғымын 1992ж. Норвегияның астанасы – Ослода қабылданған халықаралық стандарттарға («Ғылым және инновация статистикасындағы халықаралық стандарттар», яғни «Осло басқармасы») сәйкес сипаттауға болады. Бұл стандарттар технологиялық инновацияларға қатысты жасалған, яғни олар жаңа өнім мен жаңа процесті және де олардың маңызды технологиялық өзгерістерін сипаттайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес «инновация» тәжірибелік қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түрінде және рынокқа шығарылған жаңа немесе жетілдірілген өнім түрінде көрінетін инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.
Автордың пікірі
бойынша, жоғарыда аталған экономистердің
инновация терминіне берген анықтамаларының
мазмұны, қысқаша айтқанда тоқсан ауыз
сөздің тобықтай түйіні бір, яғни кезкелген
жаңа өнім, жаңа тәртіп немесе қызмет,
жаңа технология, техника болсын барлығы
инновация болып табылуы үшін алдымен
оның рыноктық аспектісіне көңіл бөлу
қажет, яғни сауда сферасында ұсынылып,
тұтынушының қажеттілігін қанағаттандырып,
кәсіпкердің инновациялық қызметін ынталандыруға
ықпал ету, яғни пайда әкелуі тиіс.
Қазақстан экономикасының
Азия елдерінің «жолбарыстары» мен
«айдаһарларының», яғни қазіргі «жаңа
индустриалды елдердің» әлеуметтік-
Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда:
Осы
аталған кемшіліктердің барлығы
отандыќ инновациялыќ әлеуеттiң дамуын
да тежейтін факторлар болып табылады.
Ал осы кемшіліктерді жойып, индустриалды-инновациялық
саясатты басшылыққа алу ұлттық экономиканың
бәсеке қабілеттілігін арттырудағы және
дамыған мемлекеттердің ізін басып, олардың
қатарына қосылудағы бірден-бір тиімді
жол және білім мен инновация ұзақ мерзімді
тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз
етудегі негізгі экономикалық ресурс
болып табылады.
Ұлттық экономиканы модернизациялауда және өндірісті диверсификациялауда Қазақстанның кемшіліктерімен қоса бірқатар артықшылықтары да бар. Оған, әрине, біріншіден, табиғи ресурстар қоры, дамыған металлургиялық және отын-энергетикалық кешендерінің бар болуы. Мәліметтерге сүйенетін болсақ, ҚР-да вольфрамның әлемдік қорының 50 %, уранның 25 % құрамында хром бар рудалардың 23 % бар. Қазақстан фосфордың әлемдік резервінің 90 %-на ие және де 3 түрлі қара, 29-түсті, 3-бағалы металлдың, 84-өнеркәсіптік минералдардың табиғи қорына иелік етеді. [14,1б.] Екіншіден, әлеуметтік-рыноктық бағытталған экономика базасының, сонымен бірге негізгі рыноктық институттар мен инфрақұрылымның қалыптасуы, үшіншіден, сыртқы рыноктың ашық болуы мен сауда либерализациясы өндіріс құрылымын әлемдік экономикаға бейімделуіне жол ашады. Экономикамыздың тағы да бір артықшылығы болып біліктілігі жоғары әрі арзан жұмыс күші табылады. Сонымен қатар ғылыми өнімді жасау мен іске асыру тәжірибесін жинақтаған адамдар, шығармашылық ұжымдар да бір артықшылық болып келеді. Қазіргі кезде 300-дей ұйым зерттеулермен және талдамалар жүргізумен айналысады. Ғылыми қызметкерлер саны 22 мыңнан асып түсті. Зерттеулер мен талдамалар жүргізуге кететін шығын бес жылда 3 есе ұлғайып, 14,5 млрд. теңге болды, ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі 18,5 млрд. теңгеге жетті. Соның нәтижесінде 74,7 млрд. теңгеден астам сомаға (ІЖӨ-нің 1,34%-ы) инновациялық өнім жасалды. 32 млрд. теңгеге дейін өскен технологиялық инновациялар шығыны негізінен (90,6%) кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрi - ЖҒТК) мақұлдаған iргелiк ғылыми зерттеулердiң 5 басым бағыттары айқындалған. Олар:
Жаңа экономиканың дамуында ядролық кластердің маңызы айрықша. Уранның қоры бойынша 2-ші, оны өндіру жөнінен 3-ші, отандық таблеткалар шығару бойынша 15-ші орын алатын Қазақстанның қосымша өндірістер, жетіспейтін буындар құру мүмкіндіктері баршылық. Еліміздің радиофармпрепараттар шығаруды жолға қойып, жан-жақты талқылаудан кейін атом энергиясын өндіруге кірісу мүмкіндігі бар екені де белгілі.
Осы мақсатты жүзеге асыруда мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар іске қосылуда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы, Ќазаќстан Республикасының ұлттыќ инновациялыќ жүйесiн ќалыптас-тыру және дамыту жөнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама және т.б.
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында бірқатар міндеттер көрсетілген. Олар:
Индустриялық-
1.3 ҚР
инновациялық инфрақұрылымды
құру факторлары және
алғышарттары