Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 19:45, дипломная работа
Елбасы “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында “Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз”, деп атап көрсетуі жаңа экономика – инновациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.
Кіріспе.................................................................... 3
1 Инновацияның экономикалық мәні.......................
1.1 «Инновация» ұғымын зерттеудегі методологиялық көзқарастар.............................................................
7
1.2 Инновациялық дамудың негізгі бағыттары 12
1.3 ҚР инновациялық инфрақұрылымды
құру факторлары және алғышарттары......................
16
2 ҚР инновациялық қызметті
қаржыландыру мәселелері және
перспективалары....................................................
2.1 ҚР инновациялық қызметті
қаржыландыру.........................................................
25
2.2 Қазақстанда инновациялық қызметті қаржыландырудағы венчурлік
фирмалардың рөлі....................................................
35
2.3 Инновациялық қызметті реттеудегі
мемлекеттің рөлі......................................................
41
Қорытынды.............................................................. 45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................ 48
Қосымша................................................................. 51
Осы негізгі
мақсаттар мен міндеттерді
Инновациялық саясаттың негізгі принциптерін қалыптастыруда қоғамның әлеуметтік-экономикалық мақсаттары есепке алынады. Мұнда қысқа, ұзақ, орта мерзімдік ішкі зандылықтарға негізделген ғылым мен техниканың дамуы халық шаруашылығы мен есеп жүргізудің бірлігін анықтайды. Инновациялық саясатты іске асыруда өнеркөсіп, кәсіпорындар көбіне экономикалық өркениетке ұмтылуға тырысады. Жалпы мемлекетте жүргізілетін ғылыми-техникалық саясатты қалыптастырудың негізгі прин-циптері төмендегідей:
Мемлекеттік инновациялық саясат стратегиясы ғылыми-техникалық прогрестің жаңа бағыттарының, маңыздысына әрі жемістісіне және осы бағдарда барлық ресурстардың, күштердің топтасуына тікелей ықпал етуі тиіс.
ҚР Ғылым қоры Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың жаңа моделін ұсынып отыр. Оны келесі 2-сызбанұсқадан көруге болады.
Инновациялыќ даму елдiң ғылыми-техникалыќ әлеуетiмен ажырағысыз байланысты. Экономикалық дамудың инновациялыќ жолына көшуi жағдайында ғылыми әзiрлемелердi коммерциялау процестерiн үйлестiру және ынталандыру жөніндегі мемлекеттiң рөлi артады. Ғылым мен техниканың жедел түрде сапалы дамуы тікелей мемлекеттік саясатпен байланысты екендігі ақиқат.
Қорытынды
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мақсатты бағыттары, Қазақстан Республиасының Индикативті жоспарында көрсетлгендей, экономикалық өсуге, толық еңбекпен қамтуға, инфляцияны тежеуге, әлемдік рынокта бәсекеге қабілеттілікті жоғарлатуға, әлеуметтік бағыталған рыноктық экономикаға қол жеткізу.
Осы жазылған жұмысты қортындылайтын болсақ, жұмыстың бірінші бөлімінде қарастырылып отырған мәселенің теориялық негіздері, нақтырақ айтқанда инновация ұғымының экономикалық мәнін ашу, оны зерттеудегі методологиялық көзқарастар және Қазақстанның инновациялық дамуының негізгі бағыттары, ҚР инновациялық инфрақұрылымын құру факторлары және алғышарттары қарастырылды.
Ал екінші бөлімінде ҚР инновациялық қызметті қаржыландыру мәселелері және перспективалары, Қазақстанда инновациялық қызметті қаржыландырудағы венчурлік фирмалардың және инновациялық қызметті реттеудегі мемлекеттің рөлі қарастырылды.
Осы мәселелерге қатысты Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы; Ќазаќстан Республикасының ұлттыќ инновациялыќ жүйесiн ќалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы;
Инновациялыќ ќызметтi мемлекеттiк ќолдау туралы заңы қабылданып, жүзеге асырылуда.
Ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін алдымен елдің ішкі экономикалық жағдайын қалпына келтіру керек, яғни әлеуметтік, табиғи фактор мен технологиялық процестер арасындағы қайшылықты қалыпта тұрлаулы өсуге жету мүмкін емес. Тұрлаулы экономикалық өсуге жету үшін ең алдымен өндірістің құлдырауын тоқтатуды, өңдірістің салалық құрылымындағы деформацияны түзетуді және тозған негізгі өндрістік қорларды жаңалауды қарастырып барып, өсуге жол ашу қажет.
Экономикалық өсуді қамтамасыз етуде мемлекеттің алатын рөлі аса жоғары, ол экономиканың ішкі және сыртқы қызметтерін реттеп, отандық өндірушілерді қолдап, халықтың толық еңбекпен қамтылуын өсіре отырып, жиынтық сұраныстың өсуін ынталандыру керек, және де мемлекет өндіріс тиімділігін арттыруда кәсіпорынның жаңа технология мен техникаларды енгізуі үшін ішкі жинақтар мен шетелдік инвестициялардың келуіне де стимул беруі қажет.
Сонымен, жоғары қарқынды экономикалық өсуді отандық өндірушілер үшін қолайлы жағдай жасау арқылы өнеркәсіптің ғылымды қажетсінетін салалары мен өңдеуші салаларында қамтамасыз ету керек және елдің негізгі қор жүйесін жаңалап, ресурсты үнемдеуші өндірісті жүзеге асыру қажет, қосымша елдің тұрақсыз қаржылық және ақша-несие жүйесін реттеп, инвестициялық тәуелділікті төмендету қажет және бос қаражаттарды тиімді қызметке, өндіріс салаларына бағыттау керек. Ол үшін дамыған қаржылық және инновациялық инфрақұрылымды қалыптастырып, жетілдіру қажет. Инновациялық инфрақұрылым елдің экономикасын жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін, инновациялық экономиканың негізгі құралы және механизмі.
Инновациялық инфрақұрылым құрамына арнайы мамандандырылған технопарктер мен инновациялық қызметке бағытталған мемлекеттік емес ғылыми-технологиялық фирмалар, венчурлік қорлар жүйесі, инновациялық дамудың жекелеген аспектілерін қамтамасыз ететін юридикалық, экономикалық, эксперттік, кеңес беруші және басқа ұйымдар кіреді.
Қазір инновациялық инфрақұрылымды құрудың бастапқы сатысы аяқталды, яғни даму институттары, ғылым қоры құрылып, оларды қаржыландыру басталды. ҚР келесідей даму институттары құрылған: «Ұлттық инновациялық қор», «Қазақстан инвестициялық қоры», «Қазақстан даму банкі», «Инжиниринг және технология трансферті орталығы», «Экспорттық несие мен инвестицияны сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» және басқалары. Даму институттарының алдында шикізаттық фактордың рөлін біртіндеп төмендетуге бағытталған экономикадағы, өнеркәсіптік өндірістегі құрылымдық ілгерілеуге қатысты маңызды міндет тұр.
Ќазiргi уаќытта
Ќазаќстанның ҒЗТКЖ-ның ќаржылыќ инфраќұрылымы
мына көздерден жүргiзiледi:
- Ғылым ќорын ќоса алғанда, ғылыми зерттеулер
бағдарламаларына арналған республикалыќ
бюджет ќаражаты;
- ұлттыќ компаниялар мен кәсiпорындардың
ќаражаты;
- жеке инвесторлардың ќаражаты;
- «Ұлттыќ инновациялыќ ќор» АЌ-тың ќаражаты;
- венчурлiк ќорлардың ќаражаты.
ҒЗТКЖ-ды бюджеттік
ќаржыландыру республикалыќ бюджеттiң,
Ғылым ќорының ќаражатынан жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарға бай ел болғандықтан, экономикалық өсу негізінен шикізатты экспорттау есебінен болады, яғни әлемдік рынокта мұнай, газ, уран және әртүрлі металдарды өткізу арқылы. Қазақстанның моношикізатты бағыттағы ел болып қалмауы үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай және газ өңдеуді, химия және машина жасау салаларын, қызмет сферасын, туризмді, өндірісті дамыту қажет. Тұрлаулы өсу өндіріс диверсификациясын қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде отандық өндіріс өнімдері импортталған өнімдерге қарағанда бәсеке қабілеттілігі төмен, сондықтан біздің өнімдер шикізаттан басқа, әлемдік экономикада бәсекелесе алмайды. Өндірістің құлауы және оның регрессивті құрылымы – екі еселі қауіпті фактор.
Сондықтан «2030
жылға дейінгі аралықта ең алдымен келешекте
бәсекелесе алу мүмкіншілігі бар, еңбекті
қажетсінетін салаларға көңіл бөлінуде.
Қазақстан қазіргі таңда инновациялық
даму жолына бағытталып отыр. Елдің ғылыми
әлеуетін одан әрі жетілдіріп, дамыту
үшін іргелі және қолданбалы ғылымды,
ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзіррлемелерді
қаржыландыру жағдайын реттке келтіру
қажет, яғни оны қаржыландыру көлемін
арттырып қана қоймай, оны тиімді пайдалау
көздерін, тетіктерін анықтау қажет.
Сонда ғана инновациялық зерттеулер экономикалық
дамуға негіз болады. Экономикалық дамусыз
әлеуметтік инфрақұрылымды жасай да, қоғамды
дамыта да, оны коррупция мен қылмыстықтан
қорғай да алмаймыз. Сол себепті бұл мәселе
бүгінгі таңда да және келешекте де маңызды
мәселелердің бірі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі: