Депозиттік саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 19:45, дипломная работа

Краткое описание

Елбасы “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында “Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз”, деп атап көрсетуі жаңа экономика – инновациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.

Оглавление

Кіріспе.................................................................... 3
1 Инновацияның экономикалық мәні.......................


1.1 «Инновация» ұғымын зерттеудегі методологиялық көзқарастар.............................................................
7
1.2 Инновациялық дамудың негізгі бағыттары 12
1.3 ҚР инновациялық инфрақұрылымды

құру факторлары және алғышарттары......................
16
2 ҚР инновациялық қызметті

қаржыландыру мәселелері және

перспективалары....................................................


2.1 ҚР инновациялық қызметті

қаржыландыру.........................................................
25
2.2 Қазақстанда инновациялық қызметті қаржыландырудағы венчурлік

фирмалардың рөлі....................................................

35
2.3 Инновациялық қызметті реттеудегі

мемлекеттің рөлі......................................................
41




Қорытынды.............................................................. 45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................ 48
Қосымша................................................................. 51

Файлы: 1 файл

дипломная работа.doc

— 839.50 Кб (Скачать)

Венчурное финансирование: мировой опыт: Сб. обзоров и реф./РАН ИНИОН. Центр социальных научно-информационных исследований. Отд. экономики. М., 2001. С. 61. 
 

 

Кесте 6- 1995-2003 ж.ж. АҚШ экономикасының жоғарытехнологиялық салаларындағы венчурлік инвестициялар динамикасы (млн. долл.) 

Жоғарытехнологиялық салалар Жоба  сомасы мен саны 1995 ж. 1996 ж. 1997 ж. 1998 ж. 1999 ж. 2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. 2003 ж. 1995 ж. салыстыр-ғандағы 2003 ж. өсім %
Биотехнологиялар Сомасы 828 1195 1468 1537 2200 4250 3192 2593 3422 413
 
 
Саны 173 231 251 275 264 330 302 281 319 184
Компьютерлер және оргтехника Сомасы 4141 478 507 537 1110 3108 1181 717 637 154
Саны 115 124 147 121 143 242 148 100 110 96
Электроника  
Сомасы 361 503 881 942 1574 4178 2237 1515 1611 446
Саны 109 113 158 165 183 295 225 196 213 195
Ақпараттық  технологиялар 
Сомасы 182 459 631 1161 4282 9072 2670 1151 740 407
Саны 60 120 157 208 447 694 338 175 148 247
Медицина  және денсаулық сақтау 
Сомасы 702 637 992 1176 1402 2563 2004 1853 1537 219
Саны 187 224 269 288 289 302 268 215 219 117
Желісқұралдары Сомасы 340 633 992 1492 4390 11065 5785 2259 1641 483
Саны 78 124 148 219 270 478 341 208 181 232
Бағдарламалық қамасыздандыру 
Сомасы 1104 2288 3262 4246 9506 21171 8937 4506 3737 338
Саны 396 649 759 908 1290 1865 1119 842 755 191
Телекоммуникация 
Сомасы 1004 1269 1642 2921 8312 18098 6272 2722 2084 208
Саны 146 217 279 349 555 944 566 328 263 180
Барлығы Сомасы 4934 7462 10374 14012 32776 73504 32279 17676 15429 313

    Деньги для  роста. Обзор инвестиций в технологический  сектор в Европе 2004. СПб.: РАВИ, 2004. С. 34. 

 

            

Венчурлік компаниялар  – тәуекелі жоғары капиталды институционалдандыру нысаны. Зерттеулер, технологиялар, жаңа өнім жасау, өндірісті ұйымдастыру аймағындағы инновациялар венчурлік компаниялардың өнімі болып табылады. Венчурлік инвесторлар «жоғары тәуекелдік→жоғары технологиялар→өмір сүрудің жоғарғы сапасы»  формуласына сәйкес қызмет етеді.

            

Қазақстанда венчурлік  индустрияның дамуына қазіргі кезде  келесідей факторлар кедергі  жасайды: инфрақұрылымның әлсіз  дамуы, венчурлік капиталдың маңызды  көздерінің, арнайы қор рыногының  дамымауы, ғылымды қажет ететін жобаларды  жүзеге асыру мақсатында венчурлік капиталды тарту үшін экономикалық ынталандырудың жеткіліксіздігі, венчурлік бизнесті ақпараттық қолдаудың әлсіздігі, құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелердің болуы және т.б. Қазақстанда венчурлік қаржыландыруды дамыту үшін Еуропалық реконструкция және даму банкі (ЕРДБ) келесідей:

  • гранттар беру;
  • несиелер беру;
  • акционерлік капиталды инвестициялау;
  • ЕРДБ-нің кепілдіктерін пайдалану;
  • жеке кәсіпкерлерді және шағын фирмалардың иелеріне сауданы, өндірісті, қызметтерді қаржыландыруға 30,0 - 125,0 мың АҚШ доллары көлемінде шағын несиелер ұсыну арқылы қолдау көрсету сияқты қаржыландыру құралдары арқылы көмек көрсетуде.                                                                                        Қазіргі кезде ЕРДБ Қазақстанда 700 млн. еуро көлемінде 14 жобаны қаржыландырып отыр. Шет мемлекеттерден, халықаралық қаржы ұйымдарынан қанша қаржылай көмек алсақта, олар еліміздегі венчурлік бизнесті дамыту үшін жеткіліксіз. Сол себепті венчурлік қаржыландырудың ұлттық жүйесін қалыптастырып, дамыту үшін корпоративті инвесторларды, яғни зейнетақы қорларын, сақтандыру компанияларын, банктерді венчурлік, резервтік қор құруға тарту қажет.                                                                                     
      

Венчурлік ќорлар венчурлiк инвестициялаудың негізгі тетiгi болып табылады. Венчурлік инвестициялауды дамытудың бастапќы кезеңiнде ќызметi инновацияларды ќұруға және коммерцияландыруға бағытталған жеке отандыќ және шетелдiк капиталды тарту мемлекеттiң тiкелей үлестік ќатысуымен венчурлiк ќорларды ќұру кезiнде мүмкiн болады. Венчурлік ќорға инвестицияланатын мемлекеттiк ќаражат бұл ќорға кiретiн жеке инвесторлардың тәуекелдерiн төмендетедi. Венчурлiк индустрияны ќалыптастырудың бастапќы кезеңiндегi мемлекеттiк жәрдемдесудiң мұндай нысаны барлыќ елдерде дерлiк өзiнiң тиiмділігін көрсеттi. 
      Мемлекеттiң венчурлiк ќорларды ќұруға ќатысуы ҰИЌ арќылы жүзеге асырылады. ҰИЌ-тың инновациялыќ саясатының негiзгi бағыттарының бiрi ќұрылатын венчурлiк ќордың жарғылыќ капиталына баќылаусыз ќатысу (49%-ға дейiн) жолымен отандыќ және шетелдiк инвесторлармен бiрлесiп, венчурлiк ќорлар ќұру болып табылады. 
 Бүкіл әлемдегi венчурлiк ќаржыландыру 2000-2001 жылғы дағдарыстан кейiн стагнациялыќ кезеңдi бастан кешiрiп отыр, венчурлiк ќорларға ќаражат тартудың көлемi Еуропада да, АЌШ-та да ќысќарып жатыр, бұл Ќазаќстандағы венчурлiк инвестицияларды тарту жөнiндегi мiндеттердiң орындалуын ќатты ќиындатады. Сонымен қатар дамыған елдердегi венчурлiк ќор менеджерлерiнiң басым көпшiлiгi инвестициялаудың географиясын дамыған елдерден тысќары ұлғайту туралы мәселеге және жекелей алғанда Ќазаќстандағы инвестициялау ұсыныстарына саќтана ќарайды.

      

Көптеген ќорлармен және венчурлiк ќорлардың активтерiн басќару жөнiндегi компаниялармен жұмыстың өзара iс-ќимылын орнату үшiн оларға аќшаны инвестициялау, олардың акционерлерiмен өзара ќатынасты орнату, өз мамандарын тағылымдамаға жiберу және одан әрi Ќазаќстандағы инвестициялауға бұл ќорларды тартуға, бiздiң елiмiзде инвестициялау үшiн бұл ќорларды тартуға мүмкiндiк беретiн олардың акционерлерi (пайшылары) болу ќажет. Венчурлiк капиталды елге тартудың бұл тәсiлiн Оңтүстiк Шығыс Азия, Корея және тағы басќа елдер пайдаланды. 
      Ќазаќстандағы венчурлiк инвестициялауды, әсiресе Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде дамыту, венчурлiк капитал рыногын капиталдандыру тек отандыќ институционалдыќ инвесторлар мен ќаржылыќ институттардың белсендi ќатысуы кезiнде ғана мүмкiн болады. Ќазаќстанда ќазiргi сәтке екiншi деңгейдегi банктер, инвестициялыќ ќорлар, ќаржы-өнеркәсiп топтары олардың бiр бөлiгі реттегіш режимiн ырыќтандырудан экономиканың наќты секторына, оның iшiнде венчурлiк капитал түрiнде ќұйылған ќаржылыќ ресурстардың үлкен көлемiн жинаќтады. Бүгінде Қазақстанда инновациялық қор тарапынан жеке капиталмен қоса бірнеше отандық венчурлік қорлар құрылды. Олар:

  1. Тұран Әлем банкімен бірлесе отырып құрылған «Әрекет» жоғары технологиялар қоры. Жарғылық капиталы - 5 млн. АҚШ долларын құрайды, қордың үлесі - 2,4 млн. АҚШ 
    доллар.
  2. «Lancaster Group» ЖШС-мен бірлесе құрылған «Адвант» венчурлік қоры. жарғылық капиталы – 20 млн. АҚШ доллары, қордың үлесі 9,8 млн. долларды құрайды.
  3. «Сентрас капитал" ЖШС-мен құрылған «Сентрас» венчурлік қоры. Жарғылық капиталы - 20млн. доллар, қордың үлесі - 9,8 млн. долларды құрайды.
  4. ҚР Халықтық жинақ банкі АҚ-мен құрылған «Halyk Private Еquіtу» акционерлік қоғамы. Жарғылық капиталы 20 млн.доллар, қордың үлесі 9,8 млн. доллар.
  5. «Глотур технологи» АҚ, жарғылық капиталы 20 млн.доллар, қордың үлесі 9,8 млн. доллар.

      

К

өптеген ќорлармен  және венчурлiк ќорлардың активтерiн басќару жөнiндегi компаниялармен жұмыстыќ өзара iс-ќимылын орнату үшiн оларға аќшаны инвестициялау, олардың акционерлерiмен өзара ќатынасты орнату, өз мамандарын тағылымдамаға жiберу және одан әрi Ќазаќстандағы инвестициялауға бұл ќорларды тартуға, бiздiң елiмiзде инвестициялау үшiн бұл ќорларды тартуға мүмкiндiк беретiн олардың акционерлерi (пайшылары) болу ќажет. Венчурлiк капиталды елге тартудың бұл тәсiлiн Оңтүстiк Шығыс Азия, Корея және тағы басќа елдер пайдаланды. 
      Ќазаќстандағы венчурлiк инвестициялауды, әсiресе Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде дамыту, венчурлiк капитал рыногын капиталдандыру тек отандыќ институционалдыќ инвесторлар мен ќаржылыќ институттардың белсендi ќатысуы кезiнде ғана мүмкiн болады. Дамыған елдерде наќ осылар венчурлiк капиталдың негізгі көздерi болып табылады. Мәселен, АЌШ-та 2000 жылы институционалдыќ инвесторлардың үлесiне венчурлiк капиталдың 60%-ына жуығы ал банктер үлесiне 23%-ы тиесiлi болды. Еуропада ќаржылыќ институттар сияќты институционалдыќ инвесторлардың үлесiне венчурлiк капиталдың 30%-ына таяуы тиесiлi болды. 
      Ќазаќстанда ќазiргi сәтке екiншi деңгейдегi банктер, инвестициялыќ ќорлар, ќаржы-өнеркәсiп топтары олардың бiр бөлiгі реттегіш режимiн ырыќтандырудан экономиканың наќты секторына, оның iшiнде венчурлiк капитал түрiнде ќұйылған ќаржылыќ ресурстардың үлкен көлемiн жинаќтады. 
      Сонымен ќатар, Ќазаќстанда институционалдыќ инвесторлар мен ќаржы институттарының венчурлiк ќаржыландыруға ќатысуы үшiн елеулi кедергілер бар. Мәселен, "Инвестициялыќ ќорлар туралы" Заңға сәйкес акционерлiк инвестициялыќ ќордың акционерлерi компаниясы басќарушы бола алмайды. Тыйым салу тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялыќ ќордың акционерлерiне ќолданылмайды. Бiраќ тәуекелдiк инвестициялау ќорының ќызметiне елеулi шектеулер орнатылады. Мысалы, тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялыќ ќорының акциялары сауда-саттыќты ұйымдастырушылардың сауда-саттыќ жүйелерiнiң айналымына жiберiлмейдi. "Саќтандыру ќызметi туралы"Заңға сәйкес саќтандыру ұйымы өз активтерiн жоғары өтiмдi ќұралдарға, оның iшiнде ең жоғары санат бойынша сауда-саттыќты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлген Ќазаќстан Республикасы эмитенттерiнiң мемлекеттiк емес эмиссиондыќ бағалыќ ќағаздарын орналастыруды жүзеге асырады. Зейнетаќы ќорлары "А" санаты бойынша сауда-саттыќты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлген Ќазаќстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиондыќ бағалы ќағаздарына инвестициялауға ќұќығы бар. Екiнші деңгейдегi банктердiң инвестициялыќ ќызметi капитал реттегiшiн есептеу кезiнде жүргiзілген инвестициялардың барлыќ сомалары алынып тасталатын оларға ќарсы активтер мен шартты мiндеттемелердiң жiктелiмi және провизиялар ќұрудың ережесiн ескере отырып, жүзеге асырылады. 
      Жаңа өспелi компанияларға (бизнес ќамќоршылары, немесе ресми емес инвесторлар) тiкелей ќаржы ќаражатын инвестициялайтын жеке инвесторлар венчурлiк капиталдың ресми емес рыногын ќұрады. Абсолюттік көрiнiстегi венчурлiк капиталға салыстырмалы түрдегi өзiнiң елеусiз үлесiне ќарамастан, бизнес ќамќоршылары компания дамуының бастапќы кезеңiнде (бастапќы және сөре кезеңдерiнде) инвестициялаудың маңызды көздерiнiң бiрi болып табылады. 
      Ќазаќстанда реформалар жылдарында жеке кәсiпкерлерде, халыќта венчурлiк жобаларға инвестициялануы мүмкiн елеулi ќаржы ресурстары жинаќталды. Сонымен ќатар инвестициялыќ инфраќұрылымның жоќтығы, кәсiпкерлiк дағдының төменгi деңгейi, аќпараттыќ желiлердiң жоќтығы венчурлiк инвестицияға жеке инвесторлардың ќатысуына кедергi жасайды. 
      Консультациялыќ ќызметтерге және оларға жеке инвесторларды енгiзетiн жобалар бойынша деректер ќорын ќұру жолымен жобаларды жылжытуға дайын жеке консалтингтiк компаниялар бар. Алайда, бұл компаниялардың ќызметтерi бiрiншi кезекте олардың инвестиция тарту және жобаны iске асыру түрiнде нәтижелерге жету емес, бизнес жоспарларға әзiрлеуге өтiнiш бiлдiрушілерден төлем алу есебiнен ќысќа мерзiмдiк пайда алуға бағытталған. Яғни, мұндай компаниялар идеялар кезеңiнде перспективалыќ жобаларды тиiсiнше iрiктеуге мүдделi емес, ал өздерiнiң ќызметтерiне тапсырыстар алуға және ағымдағы пайдаға ғана мүдделi. 
      Осылайша мемлекет инновациялыќ ќызметтi ќаржыландыру-дың ќазiргi заманғы жүйесiн ќұру үшiн тиімді iс-шаралар кешенiн iске асыруы тиiс.
 
 

    1. Инновациялық қызметті реттеудегі мемлекеттің рөлі
 
 

        

"Мықты ғылым  — мықты экономика" деген  ғылыми принципте дамудың дара  ғылыми жолын тереңірек зерттеу  — казіргі кезендегі қоғамдағы,  экономиканы дамытудағы жаңа  стратегиялық бағдарлар, қоғамның  ашықтығы, оның жедел ақпараттануы  мен карқынды дамуы адам қызметінің талаптарын түбегейлі өзгертті. Нарық заманының талабы, жаһандық жағдайдағы жаңалықпен байланысты, дүние жүзіндегі өркениетті елдердің көпшілігінде ғылыми-техникалық саясат тікелей мемлекет тарапынан қолдаумен жүзеге асырылып жатыр.

      

Елімізде инновациялық саясаттың басты мақсаты болып табылатын жоғары технологиялық өндіріс жоққа тән. Оны былай қойып, еліміздің ғылыми потенциалының төмен екендігі жасырын емес. Дамыған елдерде оған жұмсалып отырған қаржы ішкі жалпы өнімнің 3 % құраса, бізде ол 0,2 % деңгейінде. Сондықтан тұжырымдама бойынша бірінші кезекте ғылыми потенциалды нығайту және инновациялық кәсіпкерлік орта қалыптастыру мәселесі қолға алынбақ.

    

Тәуелсіздік алған  жылда еліміздің экономикасы  жоспарлы жүйеден бас тартып, өтпелі кезеңді басып өтіп, рыноктық қатынастарға бет бұрды. Осы мерзімде елдің халықшаруашылығында түрлі шаруашылық, меншік түрлері қалыптасты. Көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта құрылу және т.б.секілді құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Мұның бәрінің себебі рыноктың қатан талабы болды. Еліміз кәсіпорындарының қалыптасқан ахуалы рынок талаптарына төтеп бере алмады. Тозған құрал - жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс, тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды т.б. мәселелер олардың аяғына шырмауық болып оралды.

    

Рыноктық қатынастарға көшу кезеңінде инновациядан бас  тартып, ескірген өндірістік әдіс - тәсілдерге және өнімге сүйеніп жұмыс жасайтын кәсіпорындар рынокта нықтап тұра алмайды.

    

Жоспарлы шаруашылық жүйесінде де инновациялық қызметке еңбек өнімділігін жоғарлату факторы ретінде үлкен мән берілген. Мысалы, құрылыс өндірісінде жаңа техникалар, технологиялар енгізіліп, құрылыс ұйымының жоспар көрсеткіштерін артығымен орандауға тырысқан, озық тәжірибелер мен жаңа техниканы пайдаланғаны үшін сыйақылар тағайындалып отырған. Ең үлкен инновациялық жетістіктерге экспортер ретінде әлемдік рынокта бәсекелестікке қарсы тұра алатын кәсіпорындар жеткен.

    

Жоспарлы шаруашылық жүйесіндегі инновацияны рыноктық экономикадағы инновациямен салыстыра отырып, үш негізгі кемшіліктерді айқындауға болады:

  1. зерттеліп, іске қосылатын жаңалық объектілер мен мақсаттар қатаң түрде орталықтан реттеліп отырған. Бұл орталықтандырылған жүйе инновациялық процестердің қарқынды жүруіне кедергі жасап, ұйымдастырушылықты әлсіретіп жіерді;
  2. рынок қажеттіліктерін және шығындарын сезіну өте дәрменсіз дамыды;
  3. бәсекелестіктің болмауы.

      

Сәтті немесе табысты инновациялық саясат тек  қана күрделі қаржының болуымен шектелмейді. Мүмкіндігінше кәсіпорын осы  қаражаттарды алдына қойған мақсатқа жету үшін тиімді пайдалануы керек. Ол үшін инновациялық процестерді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылауды жүргізіп, сонымен қатар оның кәсіпорыннының басқа функциялармен байланысын қамтамасыз ету қажет.

    

Рыноктық экономикада  жоспарлық шаруашылыққа қарғанда беймәлімдіктің көптеген компоненттері кездеседі. Тұтынушылар талабы мен талғамы үнемі өзгеріп отарады, инновация менеджері соны алдын ала жаңа өнімдері мен әдіс - тәсіл арқылы қанағаттандырып, ертенгі өзгеріске дайын болуы қажет.

    

Инновациялық  қызметтің дамуы ең алдымен, ғылыми-техникалық ақпараттанумен өзара байланысты, сондықтан кез келген мекемеде, оқу орындарында ақпараттық-технологиялық орталықтар жұмыс істеуі керек. Инновациялық қызмет негізінде ғылыми-техникалық прогресс жатыр. Ғылым мен техника адам өмірінің дамуымен қатар жүреді. Елімізде осы мәселені өркендету мен дамыту барысында көптеген заңдық-құқықтық актілерге қол қойылды, алайда бұл қабылданған құжаттар оны жүзеге асыру және орындау талаптарымен үндеспей жатыр.

        

Мемлекеттік инновациялық қызметтің стратегиялық мақсатының өзі өндірістің барлық саласына жаңа ғылыми жетістіктердің енгізілуі болып табылады. Оның жетістіктері экономикалық өркендеу мен бәсекеге кабілеттілікке пайдаланылады. Инновациялық қызметті жетілдірудің ең оңтайлы тәсілі — ғылым мен техника, өндіріс бірлестігінің ұштастырылуында.

        

Инновациялық  прогрестің инновациялық саясатпен  тікелей байланысты екендігі ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда, инновациялық прогресті жаңа жағдайда мемлекеттік  реттеу былай түсіндіріледі:

  • ірі инвестициялық жобаларды іске асыруда белгілі бір уақытта көсіпорын өзін өзі қаржыландыра алмаса, оған мемлекет тарапынан құрылған орталықтың көмегі керек болады. Бұл өз кезегінде ғылыми ізденістің тәуекелшілдік элементімен байланысын көрсетеді;
  • мемлекеттің үйлестірушілік қызметін керек ететін және технологиялық жүйелердің  мызғымастығын анықтайтын кешенді өндірісті білдіретін,өнеркәсіптің тиімділігін арттыратын және технологиялық алға жылжушылыққа әкелетін ғылым мен техниканың жетістігін жариялайтын жеке басылымдар шығуы керек;
  • ірі зерттеулерді ұйымдастыру және оларды қоғамның денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылым салаларында қолдану, сонымен қатар мемлекеттік деңгейде тәжірибеден өткізу мүмкіндігін қарастыру. [20, 47б.]
  •  Инновациялық саясаттың негізгі бағыттары төмендегідей болып келеді:
  • жоғары бәсекелестікке ұмтылған, шығыны аз, керісінше, пайдаланатын ресурстарды қолданудың сапалы, жаңа деңгейін калыптастыру. Ресурстарды үнемдеу арқылы өндіріс өсімі артады. Еліміздегі энергетикалық, материалдық және қазба байлықтары баршылық. Ресурстарды үнемдеудің нәтижесі ретінде халық шаруашылығының құрылымдарындағы ішкі саудада қазба байлықтары баршылық. Ресурстарды үнемдеудің нәтижесі ретінде халық шаруашылығының құрылымдарындағы ішкі саудада қазба байлықтарының үлес салмағы кеміп, керісінше, оларды өндейтін өндіріс  орындарының мөлшері артуы қажет;
  • елдердің техникалық артта қалуын тоқтатып, жаңа технологияларға қол жеткізу. Арнайы техникалардың сапасының әлсіздігінен инженерлік басқару технологияларының заман талабына сөйкес болмауы дамуды біршама тежейді. Енді осы саланы инновациялау керек. Бәсекелестікке ұмтылған әрбір мемлекет саясаты технологияларды меңгеруді басты міндет деп санайды;
  • әр аймаққа икемделген аз күш жұмсалатын өндіріс орындарын ашып, олардың өндіріс кауіпсіздігін және қоршаған ортаның ластанбауын қамтамасыз ете алатын жаңа технологиялар жүйелерін тарату арқылы ғылыми-техникалық прогрестің әлеуметтік тиімділігіне қол жеткізу. Әлеуметтік нормативтер жүйесін дайындау жаңа технологияларға негізделуі керек. [21, 15б.]

Информация о работе Депозиттік саясат