Гендерлік саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:14, реферат

Краткое описание

Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы саясат – шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат – мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процесінен қалмай, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр.

Файлы: 1 файл

гендер.doc

— 105.00 Кб (Скачать)

Кіріспе

 

Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы саясат – шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат – мемлекеттің  тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процесінен қалмай, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр.

Гендерлiк саясаттың  негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының  Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Әйелдердің өзінен жыныстар теңдігінің тұжырымдамасына қарай, қоғамның барлық құрылымын және еркектер мен әйелдердің арасындағы барлық қатынастарды тіршілік әрекетінің барлық салаларында қайта бағалау және тиісті қайта құру қажеттілігін тану арқылы негізгі зейінді аудару қажеттілігін тану арқылы 1995 жылы Пекинде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдер жағдайы жөніндегі Дүниежүзілік  төртінші конференциясында тұнғыш рет айқын тұжырымдалды. Қоғамды және оның институттарын тек осылайша түбегейлі қайта құру жолымен ғана, өмірдің барлық салаларында әйелдер мен еркектердің шынайы тең серіктестер бола алатыны нақ сол жерде көрсетіледі.

Гендер әлеуметтендірудің  белгілі бір жүйесі, еңбекті бөлу, қоғамда қабылданған нормалар, рольдер мен стеротиптер арқылы құралады. Қоғамда қабылданған гендерлік нормалар белгілі бір дәрежеде психологиялық қасиеттерді, қабілеттерді, қызметтің түрлерін, биололгиялық жынысына қарай адамдардың мамандықтарын анықтайды. Бұл орайда гендерлік рольдердің әмбебеп мазмұны жоқ және олар түрлі қоғамдарда айтарлықтай өзгешеленеді.

Әйелдердің өзінен жыныстар теңдігінің тұжырымдамасына қарай, қоғамның барлық құрылымын және еркектер мен әйелдердің арасындағы барлық қатынастарды тіршілік әрекетінің барлық салаларында қайта бағалау және тиісті қайта құру қажеттілігін тану арқылы негізгі зейінді аудару қажеттілігін тану арқылы негізгі зейінді аудару қажеттілігі 1995 жылы Пекинде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдер жағдайы жөніндегі Дүниежүзілік  төртінші конференциясында тұнғыш рет айқын тұжырымдалды. Бұл орайда «гендер» (әлеуметтік жыныс) терминінің өзі әлемдік қоғамдастық үшін біршама жаңа ұғым, өйткені ол тек XX ғасырдың соңғы үштен бір бөліктегі мерзімінде ғана пайда болды. Өзінің таяуда ғана пайда болғанына қарамастан, осы термин қазіргі заманғы ғылыми әдебиетте ғана емес, сонымен бірге халықаралық пікірталастар мен құжаттарда нық орныңып үлгерді.

Ең кең ауқымдағы  ұғымда  «гендер»  сөзі әлеуметтік - мәдени  сындарды білдіреді: әйелдер мен еркектердің рольдеріндегі айырмашылықтар және солардың арасындағы қатынастар, бұларды белгілі бір уақыттық бөлікте нақты географиялық орында қоғам қалыптастырады. Рольдер мен қатынастар өзгермейтін құбылыстар емес. Олар уақыттың тезіне және белгілі бір жағдайлардың ықпал етуіне қарай өзгеріп отырады. «Жыныс» термині адамдардың анатомиялық физиологиялық ерекшеліктерін анықтайды, солардың негізінде адамдар еркектер немесе әйелдер ретінде сәйкестендіріледі. Бұл ретте «жыныс» және «гендер» ұғымдарының өзара бірін бірі алмастыратын ұғымдар емес екені мүлде айқын, олар тек бірін бірі толықтырады.

Қазақстанда гендерлік  саясатты жүргізу жұмысын Қазақстан  Республикасы Президентінің жанындағы  Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық  саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы мен гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі төмендегі халықаралық келісім-шарттар аясында отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады, атап айтқанда:

- Әйелдердің жағдайын  жақсарту жөніндегі Пекин тұғырнамасы (1995 ж.);

- БҰҰ Әйелдерге қатысты  кемсітудің барлық нысандарын  жою туралы конвенциясы (1998 ж.);

- Әйелдердің саяси  құқықтары туралы конвенция (2000 ж.);

- Тұрмыс құрған әйелдердің  азаматтығы туралы конвенциия (2000 ж.);

- ДЕҰ-ның 1951 жылғы № 100 ерлер мен әйелдердің тең құндылықты еңбекке тең сыйақы алуы туралы конвенциясы (2000 ж.);

- Әйелдерге қатысты  кемсітудің барлық нысандарын  жою туралы конвенциясының Факультативтік  хаттамасы (2001 ж.);

- БҰҰ мыңжылдықтар  мақсаттары – «Ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» атты үшінші мақсаты.

Ұлттық комиссия өз құзыры шегінде заңдар мен нормативтік  құқықтық актілердің, стратегиялардың, тұжырымдамалардың және мемлекеттік  бағдарламалардың жобаларын әзірлеуге бастама көтереді және қатысады, мемлекеттік органдар басшыларын тыңдайды, олардан отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі заңдарды бұзушылық фактілері бойынша тексеру және қызметтік тергеу жүргізуді талап етеді.

Сонымен қатар, барлық мемлекеттік органдарда гендерлік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға жауапты адамдар белгіленген.

Мемлекеттік гендерлік  саясат Мемлекет Басшысының Жарлығымен бекітілген Стратегияға сәйкес жүзеге асырылуда. Онда Мыңжылдықтың даму мақсаттары мен Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелеріне орай Қазақстанға арналған гендерлік индикаторлар айқындалған.

Үкіметтің қаулысымен бекітілген 45 іс-шараны қамтитын 2006-2008 жылдарға арналған Стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары орындалды. Келесі орта мерзімдік 2009-2011 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын іске асыру басталды.

Аталған 2009-2011 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын іске асыруға  республикалық бюджеттен қаражат 30 млн. теңге сомасында «Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясат жүргізу» және 38,4 млн. теңге сомасында қаражат «Гендерлік теңдік пен отбасы жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету шараларын жетілдіру жөніндегі қызмет көрсетулер» бюджеттік бағдарламалары шеңберінде көзделген.

2009 жылғы 8 желтоқсанда  Парламент Мәжілісі депутаттарының  бастамасымен әзірленген «Ерлер  мен әйелдердің тең құқықтары  мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік  кепілдіктері туралы» ҚР Заңы  қабылданды. Оны әзірлеуге және  ілгерілетуге ЕҚЫҰ, ЮНИФЕМ және БҰҰДБ зор көмек көрсетті.

Сонымен қатар, Стратегияны  іске асыру шеңберінде әйелдер көшбасшылығы мектептерінің республикалық желісі құрылып, оған республиканың барлық облыстарынан 69 үкіметтік емес ұйым кірді.

Гендерлік теңдік стратегиясы  сондай-ақ ұлттық заңнама мен барлық жаңадан әзірленетін заң жобаларын гендерлік сараптауды көздейді.

Нормативтік құқықтық актілерге  гендерлік сараптама жүргізу  жөніндегі басшылық әзірленіп, бекітілді, онда гендерлік сараптаманың принциптері  мен негізгі кезеңдері айқындалған, ғылыми сараптама жүргізуді регламенттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына толықтыру енгізілген. Енді заң жобаларының гендерлік сараптамасы ғылыми сараптама шеңберінде жүргізіледі. Қазіргі таңда нормативтік құқықтық актілерді міндетті гендерлік сараптау туралы заңнамалық норма енгізу мәселесі пысықталуда, сонан соң оны барлық мемлекеттік органдар орындауға міндетті болады.

Қазақстанда бұл бағыттағы  жұмысқа көп көңіл бөлінеді. 1999 жылы ел Президентінің бастамасының аудандық буындарға дейінгі ішкі істер құрылымдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер құрылды. Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мұндай құрылымды құрған жалғыз ел болып табылады.

Олардың негізгі міндеттері: әйелдердің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа жат қол сұғудан қорғау; әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу мәселелерінде ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметін үйлестіру; әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түрлеріне, нысандары мен әдістеріне, сондай-ақ оларды жасауға жағдай жасайтын себептер мен шарттарға талдау зерттеуін жүргізу; әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу мәселелерінде халыққа құқықтық көмек көрсету болып табылады.

2009 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» ҚР Заңына қол қойды. Заңның ерекшелігі оның отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен жолын кесудің пәрменді механизмдерін енгізуінде, бұл аталған саладағы қылмыс деңгейін төмендетуге және отбасының барлық мүшелерін, бәрінен бұрын бұған бірінші кезекте зәру әйелдер мен балаларды шынайы қорғауға мүмкіндік береді.

Гендерлік теңдік мәселесін  ілгерілетуде үкіметтік емес ұйымдар  зор рөл атқарады. Гендерлік мәселелер 2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасына енгізілген.

Ұлттық комиссия өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасында  гендерлік саясатты іске асыру жұмысын  жалғастыра береді.

Тақырыбтың маңыздылығы гендерлік теңдікке қол жеткізу, кемістушілікке жол бермеушілікті құқықтық реттеу, әйелдердің дамуы үшін жағдай туғызу және халықаралық құқықтағы гендерлік саясаттын жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың негізгі бағыттарын толық білуіне негізделген, жаңалығы ретінде гендерлік теңдік және әйел құқытары саласындағы заңдардың және гендерлік теңдік саясатын және оны жүзеге асыру механизмдерін қалыптастырудағы халықаралық тәжірибе жөнінде толық ашу.

Дипломдық жұмыстың мақсатын - қазіргі заман кезеңінде Қазақстан Республикасының гендерлік саясатының дамуы, түрлі мәселелері мен ерекшеліктерін, мазмұнын, гендерлік теңдік және әйел құқықтары саласындағы заңдарды және осы негізде гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде механизмді іске асыру үшін халықаралық тәжірибелерді ашып көрсету.

Зерттеу жұмысын жазу кезінде халықаралық нормативтік  актілерді, түрлі мемлекеттердің заңнамасын қосатын қайнар көздердің кең  ауқымы зерттелді. Атап атсақ, халықаралық  құқықтағы гендерлік саясат мәселесіне арналған ғылыми зерттеулер арасында Сарсенова Ж.Н., Смаилова М.А.,Самакова А.Б.,

Оңдасынова А.И., Эллиот П., Менделл Н.  еңбектері пайдаланылды.

Берілген дипломдық  жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қазақстандағы гендерлiк  саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады.

Сонымен, «Еркектер мен  әйелдердің тең құқықтарын» көздейтін  жыныстардың біріне жату негізінде  кемстушіліксіз барлық адамдардың құқықтары  мен негізгі еркіндіктері жарияланған ең бірінші халықаралық құжат болды. Сол уақыттан бері  әйелдер Біріккен Ұлттар Ұйымының  проблемаларын шешу жөніндегі жұмысы әйелдерге олардың дамуындағы қажеттіліктеріне қарай тікелей көзқарас тұрғысынан дерлік көзқарастан, содан соң әйелдердің даму үдерісіне қосқан елеулі үлесін мойындаудан, олардың құқықтарымен адамзат қызметінің барлық түрлеріне барлық деңгейлерде толыққанды қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге ұмтылуға дейін бір қатар өзгерістерден өтті. Сөйтіп, осы заманғы кезеңдегі әйелдердің жағдайы «әйел мәселесінің» синонимі ретінде емес, ал гендерлік саясатқа, даму мүдделерінде әйелдер мен еркектердің арасындағы серіктестік қатынастарға қол жеткізу тұрғысында қаралады.

 

 

 

 

1-тарау. ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІКТІҢ ДАМУЫ

 

 

    1.  Еркектер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу және кемістушілікке жол бермеушілікті құқықтық реттеу

 

 

Тәуелсіздік жылдары  арасында Қазақстанның әйелдердің мәртебесі  мен гендерлік теңдікке қатысты  мемлекеттік саясаты елеулі өзгерістерге ұшырады. Сонау 90-шы жылдардың бас  кезінде-ақ мемлекет еркектер мен әйелдердің заңнамалық түрде бекітілген тең құқықтары негізін қалаған, ал мақсаты «әйел өзінің кәсіптік, аналық және отбасылық тұрмысттық міндеттерін ұштастыру үшін ең қолайлы жағдайлар жасау» болып табылатын саясатты іске асыра бастады. Осы саясат әйелдердің сайланбалы билік органдарындағы міндетті өкілдігін, әйелдердің аналық және отбасылық міндеттерін орындау кезінде оларға арналған жеңілдіктер мен жәрдемақылардың аса кең ауқымдағы жүйесін пайдалануды, әйелдердің еңбегін пайдалануға шек қоюды көздейді.

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өзгерісі мемлекеттен басқаша гендерлік  саясат жүргізуін талап етті, ол үлкен дәрежеде халықаралық саясаттағы гендерлік теңдіктің жетістіктерінің  өзгерістер векторын есепке алады. Әлемнің  көптеген елдеріндегі сияқты, Қазақстанда да әйелдерге -дүниежүзілік конференция өткеннен кейін айрықша импульс алды.

Қазақстанда іс-әрекеттердің Пекин тұғырнамасы іске асыру  үшін Қазақстан Республикасындағы  әйелдердің жағдайларын жақсартуды көздейтін мемлекеттік саясат Тұжырымдамасы әзірленді және мақұлданды. Тұжырымдамада мемлкеттік гендерлік саясаттың жалпы стратегиясы мен басым бағыттары белгіленді, олар тең құқықтар мен еркіндіктер принциптерін іске асыруды, Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес әйелдер мен еркектер үшін тең мүмкіндіктер жасауды мақсат тұтады. Қамтамасыз етілуі тиіс негізгі бағыттар тұжырымдалады, олар: адам мен азаматтың құқықтары мен негізгі еркіндіктеріне сәйкес әйел құқықтарын сақтау; әйелдердің мемлекет және қоғам өміріне толық құқылы қатысулары үшін жағдайлар жасау; еңбек рыногындағы тең құқықтар; әйелдердің денсаулығын қорғау; әйелдерге қатысты күш қолдану фактілеріне жол бермеу [1].

Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі мемлекет саясатының Тұжырымдамасы мен іс-әрекеттердің Пекин тұғырнамасы іске асыру үшін Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-әрекеттердің Ұлттық жоспары бекітілді. Іс-әрекеттердің Ұлттық жоспары әйелдердің жағдайы жөніндегі төртінші Дүниежүзілік конференциясы белгілеген 12 басымдықты қамтиды, және 105 нақты бағдарламалар мен негізгі іс-шараларды мазмұндайды. Іс-әрекеттердің Ұлттық жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне кезең бойынша жету көзделеді: I кезең-1999-2000 жылдар, II кезең - 2001-2005жылдар, III кезең - 2006-2030 жылдар.

Информация о работе Гендерлік саясат