Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:14, реферат
Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы саясат – шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат – мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процесінен қалмай, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр.
Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 8-бабына сәйкес әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандығын немесе заң бойынша қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы. Ерлер мен әйелдер сотқа жүгінуде бірдей құқықтар мен міндеттерге ие, соның ішінде, бірдей мөлшердегі мемлекеттік баж төлейді.
Әйелдер азаматтық, отбасылық, еңбек және басқа да құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуде өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруда қысым көрмейді.
Сот әділдігіне, Жоғарғы Сотқа немесе облыстық соттарға әйелдер, сондай-ақ ерлер тарапынан жынысы бойынша кемсітуге негізделген қандай да бір шағымдар түскен жоқ. Сонымен қатар, жынысы әйел болуына байланысты құқықтардың бұзылуына себеп болған талап-арыз өтініштері түскен жоқ.
в) əйелдерге қатысты қандай да бір кемсіту актілерін немесе іс-қимылдарын жасаудан қалыс қалуға жəне мемлекеттік органдар мен мекемелердің осы міндеттемелерге сəйкес əрекет ететініне кепілдік беру;
Қазақстан Республикасы
Конституциясына сәйкес, мемлекеттік
органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды
адамдар және бұқаралық ақпарат
құралдары әрбір азаматқа оның құқықтары
мен мүдделеріне қатысты
г) қандай да бір тұлға, ұйым немесе кəсіпорын тарапынан əйелдерге қатысты кемсітуді жоюдың барлық тиісті шараларын қабылдау;
Алдыңғы есептерде Қазақстан
Республикасының
Мысалы, 142-бап - Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу, 146-бап – Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау, 148-бап – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, 149-бап – Ар-ождан және дiни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергi жасау, 154-бап – Азаматқа ақпарат беруден бас тарту және басқалар.
Адам құқығына қарсы қылмыстар (Қылмыстық кодекстің 141-151, 153-155 баптары) бойынша тек 2010 жылы соттарда 159 қылмыстық іс қозғалып, 62 үкім шығарылып қаралды.
Айталық, Павлодар қаласының
№ 2 сотының үкімі бойынша «
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтардың жеке мүліктік және мүліктік емес қатынастарын реттейді. Аталған кодекстің баптарында жеке өмірдің құпияларын сақтау (144-бап), тұрғын үйге қол сұғылмаушылық (146-бап) құқықтары көзделген. 2010 жылы 144-бап бойынша 566 қылмыс жасалған, оның ішінде әйелдерге қатыстысы – 351.
ғ) əйелдерге қатысты
кемсіту болып табылатын
Заңнамалық деңгейде Қазақстан Республикасы Конституциясы мен «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңға қайшы келетін әйелдерге қатысты кемсітулер жоқ.
Әр түрлі белгілері бойынша кемсіту үшін қылмыстық және әкімшілік заңнамада жауапқа тартылу көзделген.
Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексте денсаулық сақтау,
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы, еңбек, қоршаған
орта, қоғамдық өнегелік, жеке меншік,
қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік салаларында
адам құқықтарының бұзылуына әкімшілік
жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда,
89-бапта-еңбекті қорғау немесе еңбекті
қорғау ережелерін жұмыс беруші немесе
заңнаманың лауазымды тұлғасының бұзуы,
221-бапта-жұмысты қауіпсіз жүргізу ережелерін
бұзуы, 241-бапта-экологиялық ластанудан
кейінгі салдарларын жою шараларын жүргізуден
бас тартуы, 323-бапта-санитарлық-
д) өзінің қылмыстық заңнамасының
əйелдерге қатысты кемсіту
Қылмыстық заңнамада әйелдерді кемсітетін ережелер жоқ. Қылмыстық кодексте қалыңдықты алуға ақша төлеуді талап етуге немесе ондай практиканың жоқтығынан некелік төлемді енгізуге жауапкершілікті қарастыратын баптар жоқ [6;10].
Сот істерін қарауда
гендерлік теңдік сотты жүргізудің
– соттардың ерлер мен
Оған қоса, әкімшілік және қылмыстық сот жүргізуде әйелдердің жағдайын жақсартатын нормалар қарастырылған.
Мысалы, Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодекстің 55-бабына
сәйкес әкімшілік жаза жүкті әйелдерге
және он төрт жасқа дейінгі балалары
бар әйелдерге қолданыла
Қылмыстық кодекстің 48 және
49-баптарына сәйкес өмірлік бас
бостандығынан айыру немесе өлім
жазасы сияқты қылмыстық жазаның
ең ауыр түрлері әйелдерге
Сот жүргізу саласында әйелдердің (ерлермен салыстырғанда) жағдайын жақсартатын нормалар құқық қолдану үшін міндетті күшімен қамтамасыз етіледі. Сот жүргізудегі әйелдердің негізгі құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері заңда қарастырылған жоғары тұрған сот инстанцияларына соттардың іс жүргізу әрекетіне шағымдану мүмкіндіктері болып табылады.
2009 жылы Қазақстанда «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заң қабылданды. Онда «жыныстық белгісі бойынша кемсітушілік» ұғымы «жыныстық белгісі бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарын кез келген шектеу немесе оларға қысым жасау, сондай-ақ оның қадір-қасиетін түсіру» (1-бап, 3-тармақ) деп анықталған. Жыныс белгісі бойынша кемсітудің бұл анықтамасы қамтитын сипатқа ие және Конвенцияға қайшы келмейді [8].
Тиісті баптар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда, «Неке және отбасы туралы», «Білім туралы» және т.б. заңдарда бар. Бұл қоғамдық қатынастардың кез келген саласындағы кемсіту көріністеріне тиімді және барабар ден қоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» заңда ұлттық заң шығарушы кемсітуді тек әйелдерге ғана қатысты анықтаумен шектелген жоқ, жалпы алғанда жыныстық белгі бойынша кемсіту ұғымын әйелдерді де, ерлерді де қорғау үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктер тұрғысынан анықтады.
Және де әйелдерге
қатысты зорлық-зомбылықпен
Қазақстан Республикасының
заңнамасында әйелдерге қатысты
зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін
жасағаны үшін – Қылмыстық кодекстің
96, 98, 99, 101-107, 115-117, 120-130-баптарында [9] және
Әкімшілік құқық бұзушылық
Сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-122 және 124-баптарында көзделген. Мысалы, 121-бап бойынша (сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері) 8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Зорлау туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 100-бабының «Жәбiрленушiлердiң, куәлардың, сезiктiлердiң, айыпталушылардың және қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың қауiпсiздiгi шаралары» нормаларына сәйкес қорғалуға құқылы [10].
Зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жүргізіледі.
Әйелдерге олардың зорлық-зомбылықсыз өмір сүру құқығын қорғауда 28 дағдарыстық орталық нақты көмек көрсетеді, оның 7-де паналайтын баспана бар. Оның 20-сы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және басқа да әлеуметтік-маңызды бағдарламалар арқылы грант бөлу жолымен мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады. 6 дағдарыстық орталық қызметінің негізгі бағыты адам саудасы құрбандарына көмек көрсету, 12-нің бағыты – тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету, 10-ның бағыты – зорлық-зомбылықтың барлық мәселелері бойынша консультация беру болып табылады. Барлық дағдарыстық орталықтарда сенім телефондары жұмыс істейді, олар арқылы құқықтық және психологиялық көмек қызметкерлері 20 мыңға дейін адамға қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар республиканың дағдарыстық орталықтары жоқ 4 облысында осындай орталық құру туралы мәселені пысықтауда. 2010 жылы дағдарыстық орталықтардан 22 мыңнан астам адам, соның ішінде 18,5 мың әйел көмек сұраған, уақытша баспаналар қызметін 1 мыңнан астам адам пайдаланған.
Тек 2010 жылы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі 60-тан астам профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті мен Дағдарыстық орталықтар одағы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленді.
2009 жылдың аяғында Қазақстанда
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың
Қабылданған шаралардың арқасында соңғы 6 жылда елде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың орнықты төмендеу үрдісіне қол жеткізілді.
Сонымен бірге 2010 жылы шамамен
22 мың отбасылық-тұрмыстық
Көбінесе әйелдер жұбайы немесе балалары тарапынан болған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары болғандарын жасырады. Полицейлерге кейде қажетті материал жинау қиын болады. Сондықтан шынайы өмірде зорлық-зомбылық фактілері құқық қорғау органдары мен жұртшылыққа мәлім болғаннан әлдеқайда көп болады.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі еліміздің әртүрлі өңірлерінде әйелдерге отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын зорлық-зомбылықтардың себептерін зерделеу тұрғысынан сауалнама жүргізді. 32 мың респондентке сауалдама жүргізілді, оның ішінде ішкі істер органдарына немесе дағдарыстық орталықтарға көмекке немесе консультацияға жүгінген әйелдер; отбасылық жанжалдар ретінде есепте тұратын әйелдер, сондай-ақ ата-аналары ата-аналық құқығынан айрылған балалар бар. Сауалнама нәтижелеріне сәйкес респонденттердің 34% зорлық-зомбылық жасаудың себептері мүліктік даулар, 26% – қызғаныш, 25% – маскүнемдік, 12% – өзге адамдардың отбасылық өмірге араласуы, 7% –келіспеушілік деп атап өткен.
Ішкі істер органдарының отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі жұмысын жандандыру мақсатында 2010 жылғы тамызда «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» апталық республикалық акция өткізілді. Оған 12 мың полиция қызметкері, 4 мыңнан астам білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жұмылдырылды. 11 мыңнан астам сәтсіз отбасылары тексеріліп, ересектерге қатысты 3 мыңнан астам және балаларға қатысты 300-дей зорлық-зомбылық фактісі айқындалды. Айқындалған фактілер бойынша 800-ден астам қорғау ұйғарымдары шығарылды, әкімшілік жауапкершілікке 1,5 мыңнан астам құқық бұзушылар тартылды. Жергілікті атқарушы органдарға сәтсіз отбасыларға көмек көрсету туралы 1,5 мыңнан астам қолдаухат жолданды.