Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:14, реферат
Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы саясат – шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат – мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процесінен қалмай, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр.
Осы басымдықтар іс-әрекеттің отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия белгілеген негізгі төрт бағытына топтастырылған. Олар:
1)Әйелдердің елдің қоғамдық саяси өміріне белсенді қатысуы - саяси қатысу саласында әйелдерді шешімдер қабылдау даңгейіне ілгерілету, гендерлік тәсілдерді есепке алу арқылы қолданыстағы заңнаманы, соның ішінде тең құқықтар мен мүмкіндіктер туралы заңды қайта қарау және жаңа заңнама әзірлеу көзделеді.
2)Әйелдерді экономикалық тұрғыда ілгерілету - оларға экономикалық және жер ресурстарына тең мүмкіндікпен қамтамасыз етуді, әйел кәсіпкерлігін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауды, отбасы мен әйелдерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруді ұйғарады.
3)Әйел денсаулығы мәселелері жөніндегі негізгі мақсаттарға - әйелдердің өсімпаздық денсаулығын қорғау мен отбасын жоспарлау, әйелдердің арасындағы қаназдық аурушандығын азайту, әйелдер мен балалардың денсаулығына экологиялық-факторлардың келеңсіз әсеріне төмендету, жыныс қатынастары жұғатын аурулардың профилактикасы және т.б. жатады.
4) Іс-әрекеттердің Ұлттық жоспары да сондай-ақ әйелдерді зорлық жасаудан қорғау жөніндегі механизмдер құруды және зорлықтың құрбандарын қолданыстағы заңнаманы қайта қарау жолымен қатарға қосуды, деректердің ақпараттық базасын жасауды, кризистік орталықтар мен әйелдерге арналған сенім телефондарын ұйымдастыруды көздейді[2].
БҰҰ-ның «Әйелдерге қатысты кемістушіліктің барлық нысандарын жою туралы» Конфенциясын орындау жөніндегі Комитеттің ұсыныстарын іске асыру мақсаттарында өмірдің барлық салаларында еркектер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мәселелерінде кешенді саясат пен инстиуционалдық тәсіл жасау бойынша «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың Тұжырымдамасы» бекітілді [3].
Тұжырымдамада Қазақстандағы гендерлік саясаттың негізгі қағидаттары, басымдықтары мен міндеттері белгіленеді. Бұл орайда ол қазіргі кезеңге де, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективаға да есептелген.
Осы Тұжырымдаға сәйкес
Қазақстандағы гендерлік
- шешімдер қабылдауға қатысатын органдарға әйелдер мен еркектердің
балансталған қатысуына қол жеткізу;
- экономикалық тәуелсіздік
үшін тең мүмкіндіктер
ішінде өз бизнесін жасау және қызметте көтерулері үшін;
- отбасындағы құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар
жасау;
- жыныс белгісі бойынша зорлықтан азат болу;
Тұжырымдама гендерлік білім енгізуді, заңнамаға гендерлік сараптама жүргізуді, соның ішінде бюджет саясатының, мемлекет жоспарлары мен бағдарламаларының гендерлік талдауын, әйелдердің денсаулығын жақсартуға деген жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әйелдерге қатысты зорлықпен күресті күшейтуді міндет етіп қояды.
Гендерлік теңдікке қол жеткізудің мемлекеттік саясатының «Тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер туралы» заң жобасын әзірлегеннен және оны қабылданғаннан кейін жаңа, анағұрлым жоғары деңгейге шығатыны күтіледі. Осы заңды қабылдаудың маңыздылығы туралы 2004 жылдың қыркүйек айында өткен Қазақстан әйелдерінің IV Форумында Президенттің осы заң жобасының маңыздылығын атап көрсеткені және оның қабылдануын тездетуді тапсырғаны айғақтайды.
Қазақстанда әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шаралар мен жалпы жаңа әлеуметтік саясат жасауды көздейді. Мәселен, осы бағдарламаның аясында бір жасқа дейінгі балаға күтім жасау бойынша жәрдемақылар, аз қамсыздандырылған отбасындағы балаларға 18 жасқа дейін жәрдемақылар беруді енгізу көзделеді. Осы бағдарлама бойынша атаулы әлеуметтік көмек мұқтаждықтың нақты критерийлерінің негізінде халықтың ең қорғансыз жіктеріне берілуі тиіс. Бұдан басқа, адамдардың белгілі бір топтарына соның ішінде мүгедектер мен көп балалы аналарға қосымша қорғау жасауға нысаналанған арнайы бағдарламалар әзірленуі тиіс. Отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартудың кейбір мәселелерін заңнамалық деңгейде реттеу мен шешу жөнінде прақтикалық қадамдар қамдастырылуда. «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзулардың профилактикасы және балалардың қараусыздығы мен панасыздығынан сақтандыру туралы» заңдар қабылданды, отбасының, әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді, «балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заң жобасы әзірленуде. Жұмыссыз әйелдердің әр түрлі топтарын кәсіптік даярлау бойынша арнайы бағдарламалар әзірленуде және іске асырылуда. Халықты жұмыспен қамту бағдарламасында жұмыссыз әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету және оларға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша арнайы іс-шаралар көзделді.
ҚР еңбек Кодексіінде азаматтарға кемсітушіліктің кез келген түрінен қорғауды кепілдеуді және еркектер мен әйелдерге мамандық пен жұмыс алуда тең мүмкіндіктер қамтамасыз етуді, халықтың мақсаттық топтарының жұмыспен қамталуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етуді мемлекетке міндеттейді. Қазақстанның еңбек заңнамасы былай белгілейді, бір жарым жасқа дейінгі баланың күтіміне қосымша демаласы тек әйелдерге ғана беріледі. Қосымша демалыс уақыты аралығында жұмыс орны сақталады. Тек әйелдерге ғана осындай құқық беру осы мәселеде еркектерді кемісту ғана емес, сонымен бірге ол әйелдердің жұмыспен қамтылу саласы мен еңбек рыногындағы бәсекелестік қабілеттілігін төмендетеді, өйткені балаға қарау ата ананың екеуінің де құқығы мен міндеті болып табылады.
Уақытша еңбекке жарамсыздық,
екіқабаттық пен босанулар
Әйел мәртебесін көтерудегі мемлекет саясатында әйелдерді зорлықтан қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бас прокуратураның мәліметтері бойынша 2010 жылы Қазақстанда 132 мың қылмыс тіркелген, соның ішінде 42,5 мыңы әйелдерге қатысты, оның ішінде зорлау – 1,4 мың. Қылмыстардың жалпы саны 2004 жылмен салыстырғанда (143,5 мың) қысқарған, бірақ әйелдерге қатысты біршама өскен (36 мың). Бұл 2007 жылдан бастап тек жәбірленушілердің өтініштері ғана емес, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың өтініштері де тіркеліп, қаралатынына байланысты.
Қылмыстар құрылымында
барынша көп үлес салмағы (66 %) меншікке
қарсы қылмыстарға – ұрлыққа,
алаяқтыққа, қарақшылыққа тән. Халықтың
денсаулығына қарсы қылмыстардың қысқаруы
байқалады, олардың үлесі 7,5 % құрады.
Бұл топтағы қылмыстар
Бұрынғы есептерде көрсетілгендей,
Қазақстан Республикасының
Қазақстан БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға 1998 жылы қосылды, содан бері заңгерлік практикада осы Конвенцияның 1-бабында анықталған «кемсіту» ұғымы қолданылады. «Кемсіту» сөзінің өзі Конституцияның, қабылданған заңдар мен нормативтік актілердің мәтіндерінде кеңінен қолданылады.
Әйелдерге қатысты кемсітулерді жою саясатын кідіріссіз барлық тиісті тəсілдермен жүргізуге келіседі жəне бұл мақсатта мыналарға міндеттенеді:
а) ерлер мен əйелдердің тең құқылық қағидатын өз ұлттық конституцияларына немесе басқа да тиісті заңнамасына қосуға, егер де бұл əлі жасалмаса жəне заңның жəне басқа да тиісті құралдардың көмегімен осы қағиданы жүзеге асыру;
Ерлер мен әйелдер теңдігі қағидаты Конституцияға және Қазақстан Республикасының барлық қолданыстағы заңнамасына енгізілген.
Мысалы, «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» заңда «мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлердің және әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету» мемлекеттік саясат міндеттерінің бірі ретінде айқындалады (3-баптың 1-тармағы).
Қазақстан Республикасының «Ұлт денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес, әйелдер мен ерлер «медициналық көмекке бірдей қолжетімділікке және «репродуктивті таңдау еркіндігіне, репродуктивті денсаулық сақтауға және репродуктивті құқықтарын сақтауға ие (87-бап).
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы отбасындағы ерлі-зайыптылардың теңдігін (29-бап), ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігін көздейді (60-бап).
Қазақстан Республикасының
Үкіметі Барлық заңнамалық актілердің
жобаларын гендерлік
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының барлық заңнамалық актілерінің жобаларына гендерлік сараптама жүргізіледі.
Мәселе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің талқылауына салынды. Әділет министрлігіне 2009 – 2010 жылдары заң жобаларына жүргізілген ғылыми сараптамалардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне талдау жасау тапсырылды. Қазіргі кезде заңнамаға гендерлік-құқықтық талдау жүргізудің 2011 – 2013 жылдарға арналған жоспары бекітілген.
«Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» заңға сәйкес, ерлердің және әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету саласында қызмет етуші органдар Қазақстан Республикасы Үкіметі, өздерінің құзіреттілігі аясындағы орталық және жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір мемлекеттік орган өзінің қызмет ету саласында гендерлік саясатты жүзеге асыру үшін жауапты.
Үйлестіруші орталық
мемлекеттік орган ретінде
Осылайша, БҰҰ СИДО жөніндегі комитеттің Қазақстандағы әйелдер мен ерлердің заңдық теңдігін қамтамасыз ету туралы ұсыныстары орындалып жатыр, ал іс жүзінде теңдік – белсенді орындалу сатысында тұр.
ә) əйелдерге қатысты кез-келген кемсітуге тыйым салатын тиісті заңнамалық жəне керек жерде санкцияны қоса алғандағы, басқа да шараларды қабылдау;
Қазақстанда азаматтарды, оның ішінде әйелдерді кемсіту Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес, қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылады: «Азаматтардың тең құқығын бұзу», «Геноцид», «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру». Бұл қылмыстар азаю үрдісіне ие: егер 2006 жылы бұл санат бойынша 42 қылмыс тіркелсе, 2010 жылы 26 қылмыс тіркелген.
Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінің мәліметтеріне сәйкес 2008 жылы әйелдер сотқа сот бұйрығын шығару туралы 154-ке жуық талап пен өтініш берген, бұл олардың жалпы санының ішінде 55% құрады, 2009 жылы – 174 мың (56%); 2010 жылы – 168 мың (53%). Көбінесе әйелдер сотқа өздерінің еңбек және тұрғын үй құқықтарын қорғау бойынша жүгінеді. Талап-арыздарда жынысына байланысты кемсіту бойынша өтініштер болған жоқ.
Қазіргі кезде салалық министрліктердің стратегиялық жоспарларына және аумақты дамыту бағдарламаларына 2015 жылға қарай шешім қабылдау деңгейінде биліктегі әйелдер өкілдігі 30% және әйелдің орташа жалақысының ерлердің орташа жалақысымен сәйкестігі 70% кем болмауына қол жеткізу көрсеткіштері кірген.
Осылайша, БҰҰ СИДО жөніндегі Комитеттің БҰҰ Конвенциясының заңнамада, саясатта және негізгі көрсеткіштері, сандық мақсаттары және іске асыру мерзімдері әзірленген бағдарламаларда әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы принциптерін қолдану жөніндегі ұсынымдары орындалуда.
б) əйелдердің құқықтарын ерлермен тең негізде заңгерлік қорғауды қалыптастыруға жəне құзырлы ұлттық соттар мен басқа да мемлекеттік мекемелер көмегімен əйелдерді кез-келген кемсіту актісіне қарсы тиімді қорғауды қамтамасыз ету;
Конституция Қазақстан
Республикасының әрбір