Гендерлік саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:14, реферат

Краткое описание

Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы саясат – шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат – мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процесінен қалмай, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр.

Файлы: 1 файл

гендер.doc

— 105.00 Кб (Скачать)

2010 жылғы қазанда «Сіздің  қорғалу құқығыңыз» атты республикалық  акция өткізілді, оның мақсаты  бұқаралық ақпарат құралдары  (БАҚ) арқылы жаңадан енгізілген  заңнама нормалары туралы түсіндіру  жұмысын жүргізу болды. Бір  аптаның ішінде 500 мыңнан астам жаднама таратылып, 120 мыңнан астам плакат көпшілік демалатын  орындарға ілінді, кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде 10 мыңнан астам кездесу өткізілді.

Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың профилактикасы мен олардың жолын кесудің нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірленді.

Халықаралық әйелдерге қатысты  зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күніне орай 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасында жыл  сайын «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілед. Іс-шараны өткізуге 2010 жылы 25 мың адам жұмылдырылған, оның 17 мыңы полиция қызметкерлері және 8 мыңнан астамы мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері. Акция барысында халыққа 240 мың буклет, жаднама, плакат таратылды, Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы саласындағы заңнамасын түсіндіру жөнінде 6 мыңнан астам маңдайшалар мен билбордтар орнатылды. 41 мыңнан астам пәтерлер мен үйлерді аралап, соның барысында тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі шамамен 112 мың жадынама мен буклеттер таратылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарына өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерді жұмыспен қамту туралы 3 мыңнан астам қолдаухат жіберілді.

Акция шеңберінде «Құрбылар» және «Қамқорлық» дағдарыс орталықтары  Алматы қаласында Жібек жолы, Абылайхан  және Фурманов даңғылдары бойынша Гендерлік  зорлық-зомбылықпен күресті қолдау маршын өткізді, оған жоғары оқу орындарының  студенттері қатысты. Іс-шараның атрибуттары «Біз зорлық-зомбылықсыз өмірді жақтаймыз» атты жазуы бар қолшатырлар мен әуе шарлары болды.

Акция қорытындысы бойынша  ІІМ Дағдарыстық орталықтар одағымен бірлесіп, АҚШ елшілігі мен ЮНИФЕМ-нің  қолдауымен Алматы қаласында «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және балалардың құқықтарын қорғау: стратегиялық ұстанымдар әзірлеу және ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Қазақстандағы гендерлік  саясат Тұжырымдамасында белгіленген  гендерлік теңдікке қол жеткізу міндетін шешу құқықтарды сақтаудың тұрақты мониторингін, сондай-ақ оларды әлеуметтік осал жасайтын факторларды зерттеп зерделеулерді талап ететіндіктен, елімізде гендерлік статистиканың айрықша бөлімі құрылды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі 1999 жылдан бері «Қазақстанның әйелдері мен еркектері» аталатын арнайы статистикалық жинақтар шығарып келеді. Осы жинаққа енгізілген статистикалық деректер динамиканы қадағалауға және әйелдерге қатысты жүргізілетін мемлекеттік саясаттың нәтижелілігін бағалауға мүмкіндік береді [11;10].



Информация о работе Гендерлік саясат