Қоғам: философиялық талдаудың негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 08:20, реферат

Краткое описание

Қоғамды зерттеу тек философия үшін ғана емес сонымен бірге басқа да қоғамдық ғылымдар үшін күрделі мәселе болып табылады. Қоғам мағыналы ұғым болып табылады. Философия қоғамды біртұтас, яғни адам болмысының әлеуметтік тәсілі, адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуінің жемісі, адам шығармашылығының нәтижесі ретінде қарастырады. Философия үшін қоғамды қызмет арқылы, яғни әлеуметтік тұрғыдан қарастыру өте маңызды.

Файлы: 1 файл

6 тақырып.doc

— 344.00 Кб (Скачать)

 

Эмпиризмнің орнына келген философияның шын аты – күнделікті тілдің философиясы, яғни лингвистикалық талдаудың философиясы. Ол да басқа позитивизм түрлері сияқты, философия тек қана ғылым ішінде болу керек, ал оның дүние-танымға қатынасы жоқ деп есептейді. Бірақ бұл бағыттың ерекшелігі ол тілді ғылым тіліне жақындатудың орнына адамның қарапайым, күнделікті табиғи тілін зерттеуіміздің керек болғандығын дәлелдейді.  Сол жолмен ғылым көп қателіктерден арылып, ақиқат объектілерді қарастырып кетеді деп санайды. Жай, әдеттегі тілдің сөйлемдерін дұрыс пайдалана алмағандықтан жалған ойлар туады, сондықтан күнделікті тілді «тазартып», соның арқасында мағынасыз сөйлемнен арылуға болады дейді.

 

Неопозитивизмнің осы түрлеріне АҚШ – та пайда болып, өрістеген лингвистикалық философияға жақын логикалық прагматизм мектебі болды. (У. Куайн т.б.) Олар да логикалық позитивизм мен эмпиризмді философияның қадірін түсіргені үшін сынап, өздері көбінесе әлеуметтік философияға жақындай түсті. Біртіндеп ғалымдар арасында неопозитивизмнің абыройы жоғала бастады. Оған себеп болған нәрсе - өмір үшін өте маңызды әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді қарамағаны, логика, математика және форма жақтарын асыра дәріптеп, зерттеген заттардың мәнді жақтарын ұмытқаны, философиядан дүниетану, көзқарас функциясын алыр тастап, одан шеттету, философияның әлеуметтік маңызын кеміту. Кейінгі позитивистік ағымдар бұл аттан жалпы қашып, айрылғысы келді. Неопозитивизмнің қазіргі кезде атының жоғалуына марксизм-ленинизм өкілдерінің де қосқан үлесі мол. Осылардың сынының арқасында неопозитивизмнің нашар, босаң жерлері байқалып қалды. Философия пәні – ғылым тілін логикалық талдау дей отырып, неопозитивистер таным процесіндегі формальдық логиканың ролін асыра дәріптеді.

 

Неопозитивизмнің кейінгі және көрнекті өкілі К. Поппер ғылыми – техникалық ойдың өрістеуін ің нәтижесінде зат пен сана-сезімнене басқа «үшінші» әлем пайда болады деген қорытынды жасады. Оған ойлаудың объективтік мазмұны, теориялық жүйелер, кітаптардың, журналдық мақалалардың танымдық мәні жатады дейді.

 

Поппер білімнің өрістеуін жануарлардың табиғи сұрыпталуымен салыстырады, себебі ол үшін биологиялық сұрыпталу мен білімнің өсуінің арасында айырмашылық жоқ. Оның айтуы бойынша, Эйнштейнге дейінгі білімнің өсуі бір жолмен келеді: ол жолдың мазмұны – проблемалар, байқау және болжау, қателерді түзеу, маңызды сынау жағының көбеюі, сонан кейін сөйлемдердің шындығының артуы. Биология мен философияны қатар қойғаннан кейін Поппердің таным теориясы дағдарысқа ұшырап, жалпы позитивизмнің күйреуіне әкеліп соқты. Поппер өз өмірінде неопозитивизмге қарсы болды. Сонымен бұл ағым өзінің эволюциясын аяқтады.

 

Неопозитивизм, бір жағынан қазіргі ғылыми білімнің дамуына барабар философиялық көзқарас бола алмады, екінші жағынан, ол жалпы матерализмге қарсы шыққанымен сана – сезімнің қатынасын дұрыс түсінбей, оны психикалық және физикалық өлшемдердің қосылуы деп, таза дуалимз позициясына көшті.

 

ХХ ғасырда неопозитивизмнің барлық түріне қарсы шыққан, зерттеудің басты объектісі етіп адам мәселесін қойған бағыт көп. Солардың ішінде осы проблеманы ең алғаш қозғаған – персонализм. Оның өкілдері (Н. Бердяев, Э. Мунье, Р. Флюэллинг) адамды ең жоғары рухани байлық деп есептеп, ал ең жоғарғы адам ретінде құдайды (жаратқан тәңіріні) қабылдаған.

 

Осы қағида бірден дін философиясына жақындап, оның идеалистік жағын күшейте түседі. Идеалистік пікір таластыру негізінде бұл ағым классикалық философиядағы субъектінің орнына жеке адамды қояды, сондықтан персонализм үшін әлем көптеген адамдардан, сана-сезімдерден, еріктерден тұрады.

 

Ресейдегі персоналистер (Бердяев, Шестов, Лосский) жеке адамды тарихтағы жалғыз субъект ретінде қарап, оның мәдениет иесі, оны сақтаушы деп есептеп, бұқараға, халыққа қарсы қойған. Осыдан «бұқара мәдениеті» мен «бұқара қоғамы» теориялары туады. Адам мен жеке адамның арасына айырмашылық жүргізіледі. Өйткені, адам не руға, тайпаға, не қоғамға жатады, ал жеке адам ешқандай қоғамға кірмейді, өзінің «мен» деген жағдайын сақтайды. Сондықтан, персонализмнің негізінде жатқан ерік ілімі бойынша адамның бостандық принципі келіп шығады.

 

Америкада пайда болып, өріс алған, адамды ерекше зерттейтін философия – прагматизм. Негізін салған американдық филосософ, логик Пирс Чарлз Сандерс. Бұрыңғы философияның бәрі қате деп, Ч. Пирс, У. Джемс оны жаңарту керек екенін айтып, философия ойлаудан іске, әрекетке көшу қажет деді. Сондықтан философия бұрынғыдай, Аристотель заманынан келе жатқан болмыс пен танымның негіздерін зерттеу міндетін қойып, енді жаңа күшпен адам өміріне байланысты проблемаларды шешетін әдіске айналуы керек. Философияның жаңа түсінігі – оны өмірден алыстатпай, жер бетіндегі жағдайларды дұрыстап бейнелеп, ойдағыдай шешімге алып келуге тиіс.

 

Осы себептен прагматистер, өз философиясын істің құралы, жол көрсеткіші, мақсатқа жеткізетін негізгі амал мен тәсіл деп түсінген. Бұған дейін ойлау процесі әлеуметтік жағдайларға ешқашан жақындатылған жоқ еді. Ал прагматизм бұларды бір-біріне жақындатты. Прагматиктер Ч. Дарвин ашқан табиғи сұрыптаудың принциптерін қоғам өміріне қолданып, ойлауды басты  функцияларын көрсетіп юерді. Оларға күмәнді жеңу, мақсатқа жететін әдістерді табу. «проблемалық ситуацияларды» шешу мәселелерін жатқызады. Сондықтан идеялар, ұғымдар және теориялар тек қана әрекеттің амалы, құралы, тәсілі ретінде түсіндіріледі. Олардың мәні практикалық нәтижелерде жатқаны атап көрсетілді. Ақиқат деген ұғым пайдалы табыспен теңестірілді, сөйтіп оның мазмұны өзгерді. Ал филасофияны айтарлық табысқа алып келетін жолмен салыстырды. Прагматизмдегі ақиқат теориясы Америкада зор сеніммен әрі үмітпен қабылданады.

 

ХХ ғасырдағы философияның ішінде адам туралы мәселелермен ең көп шұғылданған ағым – экзистенциализм. Негізін салған дат философы Серен Кьефкегор. Оны тіршілік философиясы деп те атайды. Бұл философиялық бағыт Россияда бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін пайда болды (Шестов пен Бердяев), екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Германияда (М.Хайдеггер мен К.Ясперс), Францияда (Ж.П.Сартр мен Г. Марсель және А. Камю) дамыған. 1940-1950 жылдары Еуропаның басқа елдеріне, 1960 ж. АҚШ-қа тараған (У.Баррет). Рационалды ойлаудың кемшілігі  обьекті мен субьектіні қарама-қарсы қою принципіне сүйенген, ал экзистенциализм бүкіл дүниен, тіпті адамның өзін тек зерттеу обьектісі түрінде ғана қарайды. Болмыс субьекті мен обьектінің тура бөлінбейтін, тұтас түрінде қабылданады. Сондықтан болмыс адамның тікелей өмір сүруі (экзистенция) ретінде түсініліп, оны не ғылыми, не райионалдық философиялық құралдарымен тануға болмайтынын айтады.

 

Экзистенцияны, өмір сүруді түсіндіру үші Хайдеггер, Сартр, Мерло-Понти сана-сезімінің құрылымында интенциялық (басқа затқа бағыттылық) болатынын ашып, неміс философы Гуссерльдің феноменологиялық әдісін пайдаланған. Сонда тіршіліктің өзін ашық деп, оның басқаға бағытталғаның көрсеткен. Ал басқаға бағытталғандық «ешбір» дегенге келіп саяды. Сол «ешбірге» бара жатқан интенция адам тіршілігінің модустарынан (қамқорлық, қорқыныш, батылдық, ұят т.б) өтеді. Бұл модустар «ешбірмен» жақындасу немесе одан қашу жолындағы белгілер осы  жерде «шекаралық уақиға», немесе шекаралық щытырман жағдай туады, сонымен адам өзінің экзистенциясын негізгі ретінде түсінеді.

 

Индивидуалдық, яғни жеке бастылық өмір сүру уақытша болатын құбылыс, оның арты өлім. Оның уақыты тағдыр, тағдырдың ішіне кіретіндер: туу, өлім, махаббат, торығу, өкіну т.б Сонымен бірге өмір сүруге батылдық, жоспар, үміт, дәме кіреді. Экзистенцияализм уақыттың тарихпен және адаммен байланысын, оның өмірін сүруін, ізденушілігімен, қарекетімен, үмітімен астастыра қарайды. Өмір сүру барысында кісі өзін-өзіі іздену жолымен табады. Ол үшін «шекаралық жағдайға» түсіп, өзінің жоспары мен үмітін айқындап, қиналыс кешеді.

 

Экзистенцияның ендігі бір маңызды белгісі – трансценділік, яғни әрекеті өзінің сыртына шығып кету қасиеті. Осыған орай экзистенциализм діни және атеитік болып екіге бөлінеді. Діни экзистенциализмде бұл жол құдайға апарады, ал атеистік бағытта трансценденция дегеніміз тіршіліктің ақыры. Осы жерде экзистенциализм рационализм мен гуманизмге қарсы шығады, себебі бостандық бір жағынан қажеттілікті тану емес, екінші жағынан, адамның табиғи талаптарын ашу емес.

 

Бостандық - өмір сүрудің өзі, экзистенция дегеніміз бостандық. Болмыс дегенді жалпылама қарап білу мүмкін емес. Экзистенция тек жеке адамның, нақтылы өз басының болмысы ғана деп білінеді. Адамның еркі дегеніміз өмір сүру философиясына алып келеді, себебі жеке адам ешбір табиғи немесе әлеуметтік қажеттіліктен тәуелсіз болып, әркім өзін-өзі қалыптастыруға тиіс деп түсіндіреді.

 

Бостандық, жеке адамның еркі туралы мәселе тек этикалық тұрғыда түсіндіріліп, оның әлеуметтік жағы есепке алынбайды. Экзистенциализм ұғымдары ғылыми- техникалық дамуға қарс, олар өмірлік пен әсемдік жағдайларына жақын. Сондықтан бұл бағыт қазіргі кезде өнер мен әдебиет арқылы батыстағы буржуазия интеллигенциясының санасына, көңіл-күйіне үлкен ықпал етуде.

 

Сонымен осы ағым кейінгі кезде буржуазия қоғамының қайшылықтары мен кемшіліктерін ашып берсе де, ол ауыр жағдайданқалай шығатының көрсете алмады. ХХ ғасырдың күрделі өзгерістеріне бұл ағым төтеп бере алмай, өзінің дағдарысқа ұшырағанын пайқын көрсетті.

 

Адам проблемасын ХХ ғасырда ерекше етіп қойған христиан эволюционизмінің негізін салушы Тейяр де Шарден. Ол дін философиясының ескі түріне қарсы шығып, Христос іліміне өрістеу теориясын қолданғысы келді. Сонымен адамды құдай жаратқан жоқ, ол мыңдаған жылдар бойы келе жатқан эволюцияның, органикалық дүниенің нәтижесі деп түсінді. Бұл өрістеудің үш сатысы болған: «өмірге дейін» (литосфера), «өмір» (биосфера), «адам феномені» (ноосфера).

 

Өзінің позициясына «монизм» деген атақ беріп, Тейяр материализмге, дуализмге, спиритуализмге қарсы шықты, материя мен сананы біріктіруге ұмтылды. Материяны сана-сезімнің «матрицасы» деп жариялап, азайып бар жатқан физикалық «тангенциалдың» қуаттың орнына көбейіп бара жатқан саналық («радиалдық») қуаттың тұрғанын көрсетті. Сана - сезім басы әлемде бар екенін, ол молекула мен атомның өзінде екенін, тірі материяда ол психика түрінде, адамда сан-сезім ретінде болғанын дәлелдеді. Сондықтан өрістеудің қозғаушы күші – ортогенез (мақсаттылық сана), ортогенез адамзатты «омега» жеріне (яғни құдайға) алып келу керек, сонымен космогенезге, христогенезге айналады.

 

Адамның жаратылуы өрістеудің бітуі емес, ол дүниенің әрі қарай дамуна жол ашатын жағдай. өмір сүріп жатқан дүниеміз өте тар, кемелсіз. Оны жақсатру үшін адамдар өздерінің азаптарынан, қайғы – қасіреттерінен арылып, Христосқа ұқсап жапа шегу керек. Тек қана осы жолмен адамзат кемелдікке жетеді, сана –сезімі өсуі арқасында адам жеке болуға тырысады, ал ол жеке адамдардың ауыз бірлігі болса, сонда ғана олар «жекеліктен» әлеуметтікке көшіп, қоғамдық болып шығады.

 

Тейярдың әлеуметтік көзқарасы кертартпа ілім. Жалпы махабббаттың керектігін мойындап, ол адамдардың таза ықыластарын діни құбылысқа алып келіп, «алға» дегенді «жоғарымен» шатастырып, Христостың екінші келуімен сәйкес ілімнің бәрін христологияға аударып жіберген.

 

Қазіргі уақытта адамның әлемі туралы арнайы ілім – философиялық антропология. Ол Дильтейдің өмір философиясы мен Гуссерльдің феноменологиясы негізінде пайда болған. Оның іргесін қалаушы М. Шеллер адам туралы арнайы үлкен жан-жақты ғылым жүйесін жасау жолында философиялық көзқарастың ішіне органикалық, биоантропологиялық т.б. мәселелер кіру керектігін айтқан. Бұл программа орындалмады, адам туралы жалпы философиялық теория жасалмады, оның орнына ғылыми концепциялар келді. Олардың әрқайсысы адам бейнесінің бір қырын қарастырып соның нәтижесінде өзінше концепциялар жасады. Шеллердің түсінігі бойынша, адам – саналы кісі, таза биологиядан алыстау, ол «заттарды аңдау, пайымдау» арқылы таниды.

 

Ал шәкірттері оған басқаша қарайды. Г. Плесснердің, түсінігі бойынша, адам бұл дүниеде өзін-өзі жоғалтып, ізденісте жүр, А. Гелен адамда биологиялық жағынан кемшілік көп деді. Сондықтан мәдениеттің әр түрінде өзін көрсеткісі келеді. Ротхаккер мен Ландман да адам мәдениетінің «объективтік рухының» жемісі, өзінің өмірбаянының жемісі, нәтижесі деп шығарды. Адам туралы біртұтас философиялық теория жасалмады, оның орнына аспектілерді қуған оқушылар биологиялық, психологиялық, діни, мәдени бағыттағы концепциялар жасады.

 

Сондықтан философиялық антропология онтология, таным теориясы, логика, метолология деген пәндердің қасына қосылмады., адамды зерттейтін философиялық пән жасалмады. Бұл бағыттың өкілдері адамды зерттегенде жеке бағыттарды ғана алып, асыра дәріптеп, басқа аспектілерді ұмытып, олармен шұғылданбайтын еді. Осы саладағы теориялық ережелер нашарлығын көрсетті. 1960 -70 ж.ж. ағым ада болып, кейінннен прагматизм, шыңырау психология, структурализм бағыттарымен қосылып жан-жаққа бытырап кетті.

 

Философия пайда болғаннан бері оның қалыптасуы, дамуы, ерекшелігі мен тағдыры туралы өте көп әңгіме қозғалуда. Біздің ойымызша, философия ерекше ғылым, рухани өндірістің айрықша формасы, себебі ол әлеуметтік сананың жеке түрі. Сондықтан ол нақты ғылымдардан өз білімінің ерекшелігімен, қоғамдық функцияларымен, мәдениет жүйесіндегі атқаратын қызметімен көзге түседі. Философия жеке ғылымдар сияқты жолмен құрыла алмайды. Ал кейінгі кезде философияны осылай құрамыз деп, оны көптеген жеке «пәндерге» тырысу көбейіп кетті. Диалектикалық және тарихи материализм бір – бірінен алшақтап, біртұтас философия жеке пәндерге бытырап, іштей бірліген жоғалта бастады. Қазіргі ғылымда дифференциация процесі жүруде, сондықтан философияда да ондай процесс болуы ықтимал дегенді кейбір мамандар айтатын болды.

 

Бірақ философия нақты ғылым емес қой. Ол жалпы, жинақтама ғылым. Оны бөлсе, ол өзінің ең басты белгісін: пәнінің бүтіндігін, тұтастығын жоғалтады. Диалектика мен материализмді, диалектикалық және тарихи материализмді бірінен – бірінен айыруға болмайды. Бұл бөліну жағдай алдымен жаратылыстану ғылымдарынан шыққан, ал оны қабылдаған жағдайда философия құрылымында әлеуметтік пен жалпы азаматтық мәселелер қаралмайтын болады. Маркстік философия принциптері сонымен қоғамнан да, адамнан да, алыстай, жаттана бастады. Олар материя мен сана, кеңістік пен уақыт, басқа заттар мен құбылыстарды талдады, ал адам олардың табысында қалып кетті. Сонымен адам болмағаннан кейін жұртшылық тарапынан философияға да назар аудару төмендей бастады. Қазіргі кезде философияың өзегі болып адам тұруы керек, әйтпесе ондай философияға сенім де болмайды, көңіл де бөлінбейді. Ендігі жерде философияның адамнан жаттануын жою қажет, сондықтан келешекте адамсыз философияның болмайтынына сенім мол.

Информация о работе Қоғам: философиялық талдаудың негіздері