Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 12:52, курсовая работа
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.
КІРІСПЕ_____________________________________________________3
І. Сапа және оның теориясы
1.1 «Сапа» категориясы түсінігі_________________________________4
ІІ. Стандарттау негіздері
2.1 Стандарттау саласындағы негізгі терминдер мен анықтамалар______5
2.2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі_______7
2.3 Халықаралық стандарттау____________________________________10
ІІІ. Метрология негіздері
3.1 Метрология негізі мен мазмұны_______________________________14
3.2. Өлшеу түрлері, өлшеу құралдары______________________________17
Қорытынды__________________________________________________19
Пайдаланылған әдебиеттер____________________________________22
КІРІСПЕ_______________________
І. Сапа және оның теориясы
1.1 «Сапа»
категориясы түсінігі______________________
ІІ. Стандарттау негіздері
2.1 Стандарттау саласындағы негізгі терминдер мен анықтамалар______5
2.2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі_______7
2.3 Халықаралық
стандарттау___________________
ІІІ. Метрология негіздері
3.1 Метрология
негізі мен мазмұны_______________________
3.2. Өлшеу
түрлері, өлшеу құралдары_____________________
Қорытынды_____________________
Пайдаланылған
әдебиеттер____________________
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХІХ – ғасырдың француз экономисті Жан Батист Сәй (1767 -1832 жылдар) жылдар кәсіпорыннның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. «Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек».
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.
Осы
дәуір, еркін бәсеке дәуірі теоретикалық
экономикаға баға бәсеке дәуірі
ретінде белгілі. Осы уақытта
бәсекелестеріне қарағанда
Осы бойынша америка ғылымы, экономист, П. Самуэльсон: «Тауар өндірушілер бағалар бәсекесіне қарсы тұра алады және өздерінің пайдасын максимум деңгейге дейін көтере алады, тек қана шығындарды минумум деңгейге дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өндірістің ең тиімді әдістерін ендіргенде ғана қол жеткізіледі» - деп жазды.
Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындары азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар арасында бәсеке болғанда ерте ме кеш не фирма үшін төлем төлей алмау әкеледі.
Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы өтпелі экономика ретінде сипатталады: бір елдер, бұрынғы социалистік елдерді қосып алып нарықтық экономикаға өтуде, дамушы елдердің бір қатары дамудың индустриалдыға дейінгі деңгейіннен индустриалды дәуірге өтуде, индустриалды дамыған елдер индустриалдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.
Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың
мұқтаждықтары мен
Фирма, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру болса да.
Зерттеудің мақсаты мен тіндеттері. Жалпы қабылдағандай, фирма басшысы білімді және жан – жақты болса да, менеджерлер мен инженерлердің қандай таланттары мен қабілеттері болғанымен, бағалық емес, қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар сұраныстарының құрылымында бірінші орынға жаңашылдық, сапа, дизайн, жиі жаңарту мен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегі сервис қойылғанда, өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.
1.1
«Сапа» категориясы
түсінігі
Адамзат дамуының бүкіл кезеңі ішінде сапа туралы ойлар онымен қоса ілесіп келеді. Адамның сапаны сезінуі, оған, өзінің күнделікті жеке басы үшін, кесе, садақ және жебе т.б. заттарды жасап шығара бастаған кезінен пайда болды. Меншіктің пайда болуымен сапаны қабылдаушылық та өзгерді, ол мал табындарына ен салу, мүлікті таңбалаудан көрінді. Қолөнері кәсіпшілігінің, сауданың дамуымен клеймо (белгі) кең тарау алды, қол өнер кәсібімен айналысушы, тауар жеткізуші өзінің клеймасымен өз тауарларының сапасына кепілдік берді. Тауарға белгі соғудың бұл түрі бүгінгі күнге дейін сақталған. Сапаны бағалау көрсеткіштер жүйесінің дамуымен қоса жүрді, мұны біздің дәуірімізге дейінгі 17-ші ғасырдың аяғы меп 18-ші ғасырдың басында, Вавилон патшасы Хамурапи қабылдаған, өте ертедегі сапа туралы заңдар тарихы растайды, онда былай деп жазылды:
Егер құрылысшы қандай да бір болсын адамға үй салса және оны берік етіп тұрғызбаса, нәтижесінде үй құлайды және оның иесінің өмірін қияды, ондай жағдайда сол үйді салған құрылысшы өлтірілуі тиіс.
"Егер құлаған үйден, сол үйді салғызушының баласы мерт болған болса, онда кұрылысшының бір баласы өлтірілуі тиіс. Егер бұл ретте үй иесінің құлы өлген болса, онда құрылысшы кұны сондай тұратын, орнына өз құлын береді.
Егер үй құлаған кезде үй иесінің мүлкі қираған болса, онда құрылысшы оны қалпына келтіреді (не қираса соның бәрін).
Егер құрылысшы қандай да бір болсын адам үшін үй салып, оның құрылысын берік етіп салмаса, нәтижесінде қабырғасы сөгіледі, мұндай жағдайда ол өз есебінен құрылысты жаңадан салуы тиіс".
Орта ғасырларда тауарларға белгі соғуға мемлекеттік бақылау енгізіледі (әсіресе металмен айналысатын қолөнершілерге).
ХШ ғасырда гильданың пайда болуы, тауарларға мемлекеттік бақылаудың күшеюі нәтижесінде, сарапшы кәсібі пайда болды.
Индустрияландырудың басталуымен, жаппай өңдірудің дамуымен, тауарларға белгі соғудың маңызы төмендейді және XVIII ғасырда заңмен қорғалған тауар белгісіне олардың трансформациялануы болады. Өнеркәсіп өндірісінің одан әрі дамуы ақпараттарды өңдеудің статистикалық әдістері негізінде сапаның сол заманғы қамтамасыз етілуімен оның одан әрі сапа белгісіне жаңартылуына ықпал етті.
Философиялық категория ретінде, объекті сапасы, негізінен, оның жекелеген қасиеттері ғана қамтымайды, оны толық қамти отырып, одан бөлінбейтін, тұтастай түрде объектімен байланысты болады. Сондықтанда сапа заттың, адамның, қоғамның болмысымен де байланысты.
Ауыз екі сөйлеу кезіндегі "сапа" сөзі жиі түрде қандай да бір затты сипаттау үшін пайдаланылады. Алайда, бұл категория одан мейлінше кең: біз тұтынатын өнімдер сапасынан бастап, біз өмір сүретін қоғам сапасына дейінгінің бәрін қамтиды.
Тарихи дамудың барлық кезеңі ішінде философтар әртүрлі кезеңдерде сапаға әртүрлі анықтама берді. Солардың ішінен мынадай анықтамаларды кездестіруге болады:
Сапа - бұл өнімнің талаптарға сәйкестігі.
ИСО 8402 «Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету Сөздік» стандартында қазіргі талапқа неғұрлым сәкес келетін анықтамалар қабылданған:
«Сапа» -белгіленген және болжанатын қажеттіліктерді қанағаттандырудағы оның қабілетіне жататын объектілер сипаттамаларының жиынтығы.
«Объект» жеке сипатталған және қаралған, соның өзі.
Процесс – кіретін элементтерді шығатын элемент етіп қайта жасайтын (түрлендіретін) қызметтің өзара байланысты ресурстарының жиынтығы.
Әдістеме-қызметті жүзеге асырудың белгілінген тәсілі.
Өнім-қызметтер немесе процестер жиынтығы.
Ұйымдық құрылым-құрылым бойынша ұйым өзінің функциясын орындайтын міндеттеме, өкілеттік және өзара қарым-қатынас.
Жеткізуші- тұтынушыға өнім беретін ұйым.
Тұтынушы- жеткізуші беретін өнімдерді тұтынушы.
ИСО 9000
топтары сапасын басқару жөніндегі Халықаралық
стандарттар.
Стандарт номері | Шыққан жылы | Атаулары |
Негізгі нормалар | ||
ISO 8402 | 1994 | Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету. Сөздік. |
ISO 9000-1 | 1994 | Сапаға жалпы басшылық және сапаны басқару бойынша стандарттар. 1 бөлім. Таңдау және қолдану жөніндегі басшылық нұсқау. |
ISO 9001 | 1994 | Сапа жүйесі. Жобалау, әзірлеу, өңдеу, монтаждау және қызмет көрсету кезінде сапаны қамтамасыз етуге арналған үлгі. |
ISO 9002 | 1994 | Сапа жүйесі. Өндіру, монтаждау және қызмет көрсету кезінде сапаны қамтамасыз етуге арналған үлгі. |
ISO 9003 | 1994 | Сапа жүйесі. Түпкі бақылау және сынау кезінде сапаны қамтамасыз етуге арналған үлгі. |
ISO 9004-1 | 1994 | Сапаға жалпы басшылық және сапа жүйесінің элементтері. 1бөлім. Басшылық нұсқау. |
Сапа жүйесінің элементтері:
ІІ. Стандарттау негіздері
2.1
Стандарттау саласындағы
негізгі терминдер мен
анықтамалар
Қазіргі заманғы қоғамдық өндірісті дамыту, жалпыға бірдей үнемге қол жеткізу, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, еңбек өнімділігін арттыру, өнімдердің сапасын жақсарту, өнімдер сапасын басқару мен стандарттауды пайдаланбау мүмкін емес.
Өнімдер мен қоғам мүшелерінің қызмет аясы үшін бірыңғай нормалар, ережелер мен талаптарды белгілей отырып, стандарттау сол арқылы өндіріс талаптары мен оны пайдалану жағдайлары арасындағы байланысты анықтайды.
Стандарттау нәтижелерін экономикаға енгізу, барынша аз шығын жұмсай отырып, қоғамды жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге, өндірістің мамандануын дамытуға, шикізат пен ресурстарды тиімді және үнемді пайдалануға ықпал етеді.
Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым ұсынған (ИСО) анықтамаға сәйкес:
Стандарттау - бұл белгілі бір салада нақты іс жүзіндегі немесе әлеуметті міндеттерге қатысты жалпыға бірдей және көп рет пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы ретке (тәртіпке) келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.