Метрология негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 12:52, курсовая работа

Краткое описание

Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.

Оглавление

КІРІСПЕ_____________________________________________________3
І. Сапа және оның теориясы
1.1 «Сапа» категориясы түсінігі_________________________________4
ІІ. Стандарттау негіздері
2.1 Стандарттау саласындағы негізгі терминдер мен анықтамалар______5
2.2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі_______7
2.3 Халықаралық стандарттау____________________________________10
ІІІ. Метрология негіздері
3.1 Метрология негізі мен мазмұны_______________________________14
3.2. Өлшеу түрлері, өлшеу құралдары______________________________17
Қорытынды__________________________________________________19
Пайдаланылған әдебиеттер____________________________________22

Файлы: 1 файл

курсовой.docx

— 94.80 Кб (Скачать)

    Заң шығарушы метрологияның метрологиялық ережесі мен нормалары соған сай халықаралық ұйымдардың ұсынымдарымен және құжаттарымен сәйкестендірілген. Бұл халықаралық экономикалық және сауда байланыстарының дамуына ықпал етеді және халықаралық метрологиялық ынтымақтастықтағы өзара түсіністікке қолжеткізуге көмектеседі.

    Өлшеу метрологияның негізгі объектісі ретінде физикалық шамалармен, сол сияқты өзге ғылымдарға (математика, психология, медицина, қоғамдық ғылымдар және т.б.) жататын шамалармен байланысты.

    Сапалық қатынас түрғысынан көптеген физикалық объектілер үшін ортақ болып саналатын, осыған орай сандық мәнмен өзгешеленетін физикалық объекті (құбылыс, процесс) қасиетінің бірі физикалық шама болып аталады. Мәселен, "беріктік" қасиет сапалық тұрғыдан болат, ағаш, мата, шыны және көптеген басқа материалдарды сипаттайды, сол уақытта беріктік дәрежесі (сандық мәні) ретінде - олардың әрбірі үшін шама мүлде әртүрлі болады.

    Өлшем бірлігін сақтайтын және онымен өлшенетін шаманы салыстыруға мүмкіндік беретін техникалық құралдардың көмегімен орындалатын операциялардың жиынтығы өлшеу деп аталады. Алынған өлшем мәні өлшеу нәтижесі болып саналады. Метрологияның негізгі міндеттерінің бірі - өлшеудің біртұтастығын қамтамасыз ету - негізгі деп санауға болатын келесі екі шарт сақталған кезде ғана шешілуі мүмкін:

  • бірыңғай заңдастырылған өлшеу нәтижелерін білдіру;
  • берілген ықтимал шектен шықпайтын, рұқсат етілетін соған дейін жол беруге болатын) қате жіберушілігін белгілеу.

    Өлшенетін шаманың нақты мәнінен өлшеу нәтижесінің ауытқуы қате жіберушілік (погрешность) деп аталады. Өлшеудегі қате жіберушілік әдетте өлшеу құралдарындағы немесе нормативтік құжаттардағы техникалық құжаттамаларда келтіріледі.

    Алайда, өлшеу бірлігі қате жіберушіліктің сәйкес келуімен ғана қамтамасыз етілмейді. Сонымен бірге қате жіберушілік алға қойылған өлшеу мақсаттарына сәйкес берілген ауытқу шегінен аспайтындығы туралы айтылатын өлшеу сенімділігін (дұрыстығын) де талап етеді.

    Өлілеу  дәлдігі қате жіберушіліктің нөлге жақындау дәрежесін, яғни өлшенетін шаманың нақты мәніне жақындау дәрежесін сипаттайды.

    Өлшемдердің бірлігі - бұл ретте олардың нәтижелері заңдастырылған бірліктермен білдірілген, ал қате жіберушілік берілген ықтималдылықпен белгілі және белгіленген шектерден шықпайтын өлшеудің жай-күйі.

    3.2. Өлшеу түрлері, өлшеу құралдары

    Өлшеу ақпараттар алу тәсілі бойынша, өлшенетін шаманы өлшеу сипаты бойынша, өлшеу ақпараттарының саны бойынша, негізгі бірліктерге қатынасы бойынша ажыратылады.

    Өлшеу ақпараттарын алу тәсілі бойынша тікелей, жанама, жиынтық және бірлескен болып бөлінеді.

    Тікелей өлшеу - бұл физикалық шаманы оның өлшемімен тікелей салыстыру. Мысалы, салмақты таразыда өлшеу, ұзындықты сызғыштың көмегімен өлшеу.

    Жанама  өлшеу - бұл ретте ізделіп отырған шама мәні тікелей өлшеуге жататын осы шама мен шамалар арасындағы белгілі тәуелділік (қатыстылық) негізінде табылатын өлшем.

    Өлшеу әдістері – бұл физикалық құбылыстарды және өлшеу құралдарын пайдалану тәсілдерінің жиынтығы.

    Өлшеу салалары- өзіндік белгісімен бөлініп тұратын, ғылым мен техниканың қандай да бір саласына тән, физикалық шамаларды өлшеудің жиынтығы.

    Физикалық шамалар бірлігініңхалықаралық  жүйесі.

    Өлшемдер  және салмақтар жөніндегі   Бас конференция (ГКМВ)   1954   жылы   оларды   халықаралық   қатынастарда пайдалану    үшін,    физикалық    шамалардың    алты    негізгі бірліктерін анықтады, олар: метр, килограмм, секунд, ампер, Кельвин градусы және электр шамы (жарық күші мөлшері). Өлшемдер және салмақтар жөніндегі XI Бас конференция 1960 жылы 81, ал орыс тілінде СИ арқылы белгіленетін халықаралық бірлік  жүйесін  бекітті.   Бас  конференция  соңғы  жылдары бірқатар толықтырулар мен өзгерістерді қабылдады, соның нәтижесінде   негізгі    бірліктер   жетіге   жетті,    физикалық шамалардың қосымша және туынды бірліктері келесі негізгі бірліктерді анықтады:

  • ұзындық бірлігі ~ метр;
  • салмақ (масса) бірлігі - килограмм;
  • уақыт бірлігі — секунд;
  • электр тоқ күшінің бірлігі - ампер;
  • термодинамикалық температура бірлігі - Кельвин;
  • заттар санының бірлігі — моль;
  • жарық күшінің бірлігі — кандела.

    Халықаралық жүйе СИ неғұрлым жетілдірілген және әмбебап болып саналады. Негізгі бірліктерден өзге, жүйеде жайпақ (тегіс) және дене бұрыштарының қосымша бірліктері -радиан және стерадиан, кеңістік пен уақыттың, механикалық шамалардың, жылу, жарық, акустикалық, электрлік, магниттік шамалардың, сондай~ақ иондалған сәулелердің туынды бірліктерінің үлкен саны бар.

    Халықаралық бірліктер жүйесін қабылдағаннан кейін, іс жүзінде бүкіл аса ірі халықаралық ұйымдар, оны метрология жөніндегі өз ұсынымдарына енгізе отырып, осы ұйымның барлық мүше-елдерін оны қабылдауға шақырды, КСРО СИ жүйесін ресми түрде 1963 жылы қабылдады.

    Шама  бірліктерін іс жүзінде өлшеу үшін, нормативтік қате жіберетін және өлшеу құралдары деп аталатын техникалық құралдар қолданылады. Өлшеу құралдарына мыналар жатады: өлшемдер, өлшеу түрленгіштері, өлшеу аспаптары, өлшеу қондырғылары мен жүйелері, өлшеуге қажет керек - жарақтар.

    Берілген мөлшердің физикалық шамасын көрсетуге арналған өлшеу құралы өлшем деп аталады. Гір тастары (гирлер), ұзындық өлшемдерінің ұшы өлшеу құралдарының аталмыш түріне жатады.

    Тәжірибеде бір мәнді және көп мәнді өлшемдер, сондай-ақ жиынтық және дүкен өлшемдері пайдаланылады. Бір мәнді өлшемдер бір мөлшердің (гірдің) ғана шамасын көрсетеді. Көп мәнді өлшемдер физикалық шаманың бірнеше мөлшерін (көлемін) көрсетеді, мысалы, милиметрлік сызғыш заттың сантиметрлерді және милиметрдегі ұзындығын көрсету мүмкіндігін береді.

    Жиынтық және дүкен өлшемдері шамалардың жиынтық (суммарлы) немесе аралық мәндерін көрсету мүмкіндігін алу үшін бірмәнді немесе көп мәнді өлшемдердің үйлесімін білдіреді.

    Өлшемдер  жиыны, оларды қажетті үйлесімде (мысалы, жиынтық үйлесімде, зертханалық гір тастарының жиыны) қолдану мүмкіндігін беретін әртүрлі мөшердегі бірыңғай өлшемдер кешенін білдіреді.

    Дүкен өлшемі - конструктивті бір механикалық  тұтастыққа біріккен. Стандартты үлгілер мен стандартты заттар бірмәнді өлшемдерге жатады.

    Стандартты үлгі - бұл, белгілі бір сипаттаманың сандық мәнін белгілеу мақсатымен метрологиялық аттестациялауға жататын, қажетті деңгейде рәсімделген заттар (материалдар) сынамасы. Мысалы, әртүрлі минералдардағы осы параметрді анықтау үшін қаттылықтың нақты мәніне не минералдар жиыны осындай үлгідерге жатады.

    Құрылыс өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету-бұл ұйымдар мен кәсіпорындардың, ғылыми зерттеу және жобалау институттарының, жұмыстарды жекелеген атқарушылардың құрылыс өнімдерін жобалау, жасау және пайдалану процесінде өлшеулердің сенімділігі мен дәлдігін арттыруға бағытталған белгілі бір функцияларды жүйелі орындауы, ережелер мен талаптарды сақтауы.

    Квалиметрия - өлшеу сапасы мәселелерін зерттейтін метрология бөлімі.

    Мұнда да физикалық шамаларды өлшеу саласындағы сол заңдар мен ережелер пайдаланылады, алайда, салыстыру кезінде ашық көрінетін кейбір ерекшеліктері де бар. Оларды өлшенетін шамаларды салыстырудан бастау арқылы қарастырып көреміз.

Біздің  өмір сүретін әлемнің алуандығы  оның әртүрлі жақтарының қасиеттерімен анықталады. Бұл тірі және өлі материяның қасиеті, физикалық объектілер мен құбылыстардың қасиеті, әлемде болып жатқан әлеуметтік және тарихи процестердің қасиеті және көптеген өзге қасиеттер. Қасиеттердің белгілі бір тобы, сапа сияқты (еңбектің, өнеркәсіп өнімдерінің, өнер шығармаларының, қабылданатын шешімдердің ұйымдық қызметтің және т.б.) жинақталып, қорытылған түсінікке жатады 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

  Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.

    Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері  жүйесі негізінде анықталады. Бұл  деңгейді анықтау үшін мұның әрбір  көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

    Бәсекеге  жарамдылығы өнім рынокта жеңіл  және тез сатылады. Әрбір сатып  алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін  тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген  қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу қарасында  қалыптасады.

Сапаны  басқару жүйесін енгізу кәсіпорында  мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік  береді:

    •  жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

    • өнім көлемін ұлғайту және оны  сататын нарықты                                                                                                     (рынокты) табу;

    •  жоғары   бағада   сататын   өнімді   көбейту   мүмкінділігін  қарастыру;

    • өнімнің бәсекеге  жарамдылығы  және  қаржы  жағдайының   тұрақтылығы   жөніндегі   проблемаларды шешу.

    Стандарттау — бұл ең ұтымды нормаларды табатын  қызмет, ал содан соқ стандарттың  үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі  талап әдістемелерді нормативтік  құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің  базасының, экспорт  мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі  талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды  бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.

Бизнес  жүйесінде өзара байланыстары бар  субъектілер қашан болса да жаңа шешім қабылдағанда, барлық қажетін  қанағаттандыратын әлеуметтік-экономикалық мүдденің консенсусына көңіл аударулары тиіс. Мүдденің консенсусы дегеніміз  — осы ықыласқа барлық жақтың іскерлікке қатысты уәделеріне берік болып, өз контрагентінің тәуелсіздігін бұзбау.

    Бизнестің жүйесі экономиканың ұзақ эволюциялық  жолмен дамуының нәтижесі.

•  Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы нарықтың жағдайда қызметтің  негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді,   кәсіпорынды   жандандыруды,   иайданың   артуын қамтамасыз етеді.

    •  Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі  жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін  қамтиды —  жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жаратуға дейін.

    • Өнімнің сапасын басқару стандарттауға  негізделеді. Ол   ұлттық   шаруашылықтың,   халықтың,   қорғаныстың,   экспорттың   қажеттілігі    үшін   дайындалатын  өнімдерге   үдемелі   талаптарды   анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады.

  • Дайындалған   өнімнің   сапасының   түпкілікті   бағалылығы   сертификат  көмегімен  жүзеге  асырылады, өнімді  сынауды,  тиісті сертификат беруді, бағалау сынағының   көмегімен   кейінгі   өндірістің   жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді.

    • Өнімнің   сапасын   басқаруда   нормативтік   актілерді іске асыру сапасын  және өнім қауіпсіздігі заңдылығын  қамтамасыз  етуде  тиімділік  жүйені  ұйымдастыруды   талап   етеді.  Шетелдік   және   отандық практиканы   еске  ала   отырып,  құрылған  өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының  аумағында адамдардың және    жеке    тұлғалардың   құқықтарының   бұзылуында   құқықтарын   және   мүдделерін   қорғаудан тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Метрология негіздері