Қоғам: философиялық талдаудың негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 08:20, реферат

Краткое описание

Қоғамды зерттеу тек философия үшін ғана емес сонымен бірге басқа да қоғамдық ғылымдар үшін күрделі мәселе болып табылады. Қоғам мағыналы ұғым болып табылады. Философия қоғамды біртұтас, яғни адам болмысының әлеуметтік тәсілі, адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуінің жемісі, адам шығармашылығының нәтижесі ретінде қарастырады. Философия үшін қоғамды қызмет арқылы, яғни әлеуметтік тұрғыдан қарастыру өте маңызды.

Файлы: 1 файл

6 тақырып.doc

— 344.00 Кб (Скачать)

 

Адамды, оның таным аппаратын, түсіндіру әдістерін беймаркстік философияның ішінде герменевтика (Э.Бэтти, Г.Гадамер, П. Рикер) зерттеген. Олар герменевтиканы алдымен әлеуметтік ғылымдардың әдісі ретінде түсініп, сонан кейін оны мәдениетті, тарихты, болмысты танитын, адамның өмір сүру жағдайларына жақын құбылыстардың мағынасын ашатын әдіспен санады. Бұл бағыт адам мен тілге ортақ мәселелерді қарастырып, тіл философиясының күрделі проблемаларын ашты. Сондықтан Бетти осы  ағымды неміс романтизмінің және классикалық идеализмінің  дәстүріне қарап тарих пен гуманитарлық ғылымдардың методологиясымен  байланыстырды, себебі герменевтика ертеден текстерді (қолжазбаларды) түсіндіретін ілім еді.

 

Гадамер герменевтиканы болмыс туралы ілім деп дүниеге әкелді. Дәстүрлі алдын-ала «түсінік» болу керек, соның арқасында әрі қарай жылжуға болады. Ал алдыңғы «түсінік » болмаса, онда таным мүлде жоғалады. Бұл дәстүрдің, түсініктіің қозғаушысы тіл болады, себебі оның ішінде жанама куәліктер жатыр. Онсыз таным мүмкін емес. Тану тіл арқыл, оның ішіндегі түсініктер арқылы болады. Субьект сырттағы жағдаймен тікелей араласпай, жанама куәліктерді пайдаланып, тілдің өзіндегі дұрыс таным жолына шығады. Түбінле бұл бағыт Декарттың метафизикасына қарсы шығып, субьектінің  орнына тілдің өзін қояды.

 

П.Рикер феноменологиялық герменевтиканы сынады. Гуссерль мен Гадамердің ілімдерін біріктіріп, оны адам, әлем мен мәдениетті талқылайтын әдіс деп, қоғамдық ғылымдарға көп қолданды, бірақ осы бағыт оны қайтадан құдай ұғымына, болмысын тәңірі жаратады деген түсінікке алып келді.

 

ХХ ғасырдың беймаркстік философиясында қоғамдық таным методологиясы ретінде структурализм есептелінеді. Бұл бағыт әуелде (К. Леви-Стросс, М. Фуко, Деррида) Францияда пайда болған, кейіннен басқа елдерге де тараған. Бұл бағыттың негізінде структуралық, яғни құрылымдық тәсіл жатыр. Осы тәсіл структуралық лингвистикада пайда болып, сонан кейін әдебиеттануға, этнографияға, басқа гуманитарлық ғылымдарға ықпалын тигізген.

 

Бұл тәсіл негізінде құрылым ұғымы жатыр. Сондықтан осы әдісті қолданғанда алдымен өзгерісте сақталатын құрылымдық қатынастарды іздейді. Ол обьектінің құрылымын, «қаңқасын» көрсетпей; осы обьектіні құрастыру үшін қажет ережелердің жинағын, бір обьектіден екінші обьектіге көшуін, әрі қарай үшіншіге, сонымен бір топ обьектілердің ортасындағы сақталатын инвариантын тауып, соның ішінде нақтылық түрлерін анықтаумен байланысты болады. Ортаға енді өзгерту операциялары түседі. Сондықтан таным обьектінің элементтерінен, олардың табмғм қасиеттерінен осы элементтердің өзара байланысына, қатынасына көшеді. Дегенмен, құрылымдық тәсіл белгілі жағдайда құңды нәтижелерге жеткізеді.

 

Постпозитивизм өкілдері  неопозитивизм шеше  алмаған мәселелермен шұғылданады. Егер неопозитивистер ғылыми білімді статика күйінде қарастырса, онда постпозитивистер оны даму мен өзгерісте қарады. Т. Кун «Ғылыми революциялар» аты кітабында парадигма ұғымын енгізді, содан бері осы түсінік өте көп қолданылуда. Парадигма дегеніміз ғылымдар тобы ұғымдарының, заңдарының, әдістерінің тұрақты жүйесі. Әдеттегі қалыпты ғылым өзінің парадигмасын қолданып, әрі қарай даму барысында логикалық қатал тәртіпке бағынады. Бірақ бір кезде  осы парадигмаға сыймайтын фактілер, құбылыстар пайда болады, олар жаңа парадигманы туғызуға душар етеді. Жаңа парадигма ескісімен қарама-қарсы келіп, қайшылыққа түсіп, адамда нұрлану жолымен табылады. Сондықтан жаңа парадигманы табу, жалпы жаңа парадигманы іздеу, Кунның айтуы бойынша, психологиялық феномен; логиканың орнына психология келді. Кун ғылым дамуындағы сабақтастықты жоққа шығарды.

 

Бұған қарсы шыққан И. Лакатос даму жолының нормалық, ережелік зерттеу идеясын ұсынды. Ғылыми жаңалықты ашу логикасы сондықтан зерттеу жобалардың методологиясы  ретінде ішіне негативтік (қорғаныс) және позитивтік (шабуыл) эвристикаларын қамтыған. Осы жағдайда бір жағынан зерттеу жобасының өзегі, екінші жағынан бұл программа сынау жолында жаңа білім ашу үшін өзінің ұғымдарын, туатын қайшылықтарын қарастыру керек. Бірақ  Лакатос негізгі өзек пен эвристика ұғымдарын конвенционалдық, шартты жорамал деп тұжырымдаған. Сол түсінігі жалпы бағыттың күшін жойды, себебі енді шарт жолымен ұйымдасқан ұғымдар өздерінің функцияларынан революциялық конвенционализмге тіркеліп барып айырылды.

 

Постпозитивизмнің қорытындысын П. Фейерабенд шығарды. Теориялық альтернативаны зерттегенде ол ғылыми ойлардың эмпириялық жағынан жалпы сәйкес келмейтінін ашты. Сонда ғылым әрбір ғылымның ақыл-парасатына бағынышты болып, ғылымдықтың жалпы өлшемі болмағандықтан кез келген теориялық идеяны ұсына беруіне болады. Сонымен бұл бағыт эпистемологиялық анархизм деп аталады.

 

ХХ ғасырдың философиясында диалектикалық материалимге ең жақыны Батыстағы неорационализм немесе қазіргі рационализм болып саналады. Оның өкілдері (Башляр, Гонсет) диалектикалық позицияны қолдап, таным теориясының тарихында үш кезеңді ашқан: «ғылымға дейінгі рух» (нақтылы білім, XVII – XIX ғ.ғ ), «ғылыми рух» («абстрактілі-нақтылы», «дерексіз нақты білім», ХІХ ғ.), 1905 жылдан бастап жаңа «ғылыми рух» («абстрактілі-абстрактілі білім»).  Кейінгі ғылыми білім салыстырмалық теориясы мен квант механикасынан тұрады. Эволюционизмге қарсы шыққан неорарционалистер таным жолында қайшылық болғанын мойындады сонымен неопозитивизмге қарсы шықты. Бірақ бұл бағыт «эпистемологиялық үзілу» ұғымының арқасында ескі теория мен жаңа теорияны, абстрактілі мен нақтылыны, рационалдық пен эмпириялық жақтарды бөліп қарап субъективизмге бой ұрды. Осыдан кейін «техникалық» пен «табиғи» шындықтарды қарама-қарсы қойып, ұғымдары өз мазмұнынан айырылап қалды.

 

Қорытындылай келгенде ХХ ғасырдың философиясы көптеген идея, әдіс, ұғымын ұсынған болса да, оның танымы, көхқарасы диалектикалық материализмнен төмен. Сонымен бірге, бұл ағымдар мен бағыттар қазіргі жартылыстану және басқа ғылымдарға біраз әсерін тигізді.

 

 

 

 



Информация о работе Қоғам: философиялық талдаудың негіздері