Қоғам: философиялық талдаудың негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 08:20, реферат

Краткое описание

Қоғамды зерттеу тек философия үшін ғана емес сонымен бірге басқа да қоғамдық ғылымдар үшін күрделі мәселе болып табылады. Қоғам мағыналы ұғым болып табылады. Философия қоғамды біртұтас, яғни адам болмысының әлеуметтік тәсілі, адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуінің жемісі, адам шығармашылығының нәтижесі ретінде қарастырады. Философия үшін қоғамды қызмет арқылы, яғни әлеуметтік тұрғыдан қарастыру өте маңызды.

Файлы: 1 файл

6 тақырып.doc

— 344.00 Кб (Скачать)

 

Қытай философиясының пайда болуымен дамуына  қытайдағы көне классикалық кітаптар айтарлықтай әсер етті:

 

1.     «Өзгерістер кітабы» («И цзин»-балгерлік кітап);

 

2.     «Өлеңдер кітабы» («Ши цзин»-көне поэзиялар);

 

3. «Тарих кітабы» («Шу цзин»-тарихи оқиғалардың, құнды құжаттардың жазбасы);

 

4. «Рәсімдер кітабы» («Ли цзи-саяси және діни мереке, рәсімдер кітабы»);

 

5. «Әндер кітабы» («Юэ цзин-бұл кітапе сақталмаған»);

 

6. «Көктем және күз» («Чунь цу-этикалық және әдеби сұрақтарды шешудің үлгілері, Лу патшалығының хроникасы»).

 

Ежелгі Қытайдағы ұлттық философиялық ілімдер қатарына-даосизм, Конфуцийшілдік және легизм ілімдерін жатқызуға болады.

 

Конфуцийшілдік-бұл философиялық ілімнің пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы – осы ағымның негізгі салушы Кун – фу – цзыға тікелей байланысты. Кун – фу – цзы (б.д.д. 551 – 479 ж.ж.) кедейленген ақсүйектер әскербасының отбасында дүниеге келген. Ата - анасынан ерте айрылған ол, тек 15  жасында ғана білімге құмарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Негізгі философиялық еңбегі «Лунь юй» (әнгімелер мен пікірлер) деп аталады.

 

Конфуций дүниетанымы философиялық –этикалық мәселелерге  негізделген. Орталық мәселесі Конфуций тұжырымдаған «Қайырымды еркек». Қайырымды адам болу үшін байлық емес, тәрбиесі мен мәдениеті, жоғары сапалы мінез-құлық.

 

«Қайырымды адамның» негізгі сипаттары деп мына қағидалады көрсетеді:

 

«Жэнь» (адамгершілік)-адамдар арасындағы өзара қарым-қатынаста этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау: «Өзіңе тілемегенді өзгелерге жасама».

 

«Сяо» (баланың құметі)-үлкен және кішінің арасындағы қарым-қатынас: ата-анаға және үлкенге құрмет.

 

Конфуцийдің ойынша, халықты қорқытып, зорлықпен бағындыруға болмайды. Мемлекетті басқару ісін жақсы меңгеріп, қарапайым адамдардың қиын мәселелерін түсіне білетін басқарушыны халық өздері-ақ құрметтеп, бағынатын болады дейді. Халықта басқарушыға қоғамды қалай басқару керектігі жөнінде өз ұсыныстарын білдіріп отыру керек.

 

Конфуций басқару ісіне байланысты Ли қағидасын қолданады. Ли (этикет)- сүйіспеншілік және рәсімдік әрекет.  Сол уақытта «Ли» сөзі ата-бабалардың әруағына құмет дегенді білдіретін. ата-бабалар әруағы өте маңызды болды: әркім өздерінің ата-бабаларының әруағына құрбандық шалып, құрмет көрсету крек болатын. Ал, Конфуций осы рәсімді өзгертуге емес, қолдануға тырысты.  Оның ойынша, әркім өзінің ата-бабаларын қалай құрметтесе, адамдарды да солай құрметтеу керек.

 

Конфуций өмірден өткеннен кейін оның ілімін әркім өзінше түсінді. Көрнекті  шәкірттері Мэнь-цзы мен Сюнь-цзы.

 

         Даосизм-әлемнің құрылуымен адам, табиғат, ғаламның үйлесімді түрде жүріп өту жолына жетуді түсіндіруге ұмтылған философиялық ілім. Негізін салушы Лао цзы (б.д.д. 6-5ғ.ғ.). Негізгі еңбегі «Дао дэ цзин». Даосизмнің  негізгі ұғымдары «Дао» және  «Дэ».

 

«Дао»-өзінің даму сатысында адамның табиғаттың, әлемдік заңдылықтың жүріп өту керек деп саналатын жол.

 

Екінші мағынасы бойынша «дао»- бүкіл әлемнің жаратылуына себепкер алғашқы бастама, энергетикалық бос кеңістік.

 

«Дэ»-бәрінен жоғары, алғашқы бастама- «Даоның»  бүкіл әлемге айналуына себепкер болған энергия.

 

Дао-аспанның, аспан-жердің, жер-адамның бастамасы. «Адам жер заңдылығымен, жер аспан заңдылығымен,  аспан даоның, ал дао -өз заңдылығымен жүреді». Дао ілімі бойынша болмыстың бастамасы Ци деп есептелген. Ци космологиялық мәні бойынша әлемнің субстанциясы, ол Хаосты құраушы. Ци ұғымынан келіп, екі қарама-қарсы күш пайда болады. Олар Инь мен Ян. Осы екі күштің бірігуінен кейін, бес элемент құрастырылады; от, жер,  металл, су, ағаш. Барлық тіршілік, әлем осы элементтерден пайда болған.  

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлемде аспан мен жер бастамалары заттардың өмір сүру заңы арқасында үйлесімді бірлікте болады. Даолық ілімге сүйенсек, дүниедегі барлық заттарды «Инь» мен  «Ян» қағидасына байланысты екіге  бөлуге болады. «Инь»-әйелдік бастама, оған жер, су және қыс мезгілі жатады. «Ян»-еркектік бастама, оның атрибуты аспан, от және жаз мезгілі. Бір-біріне қарама-қарсы әрі бірін-бірі толықтырып отыратын осы элементтердің өзара әрекетін, байланысын есепке ала отырып, даолықтар өздерінің өмірін болып жатқан құбылыстармен, табиғатпен үйлесімділікте ұстауға шақырады.

 

 

 

 

 

 

 

«Инь» мен «Ян»-бірін-бірі

 

толықтырып отыратын даолық

 

қағида. «Инь»-әйелдік бастама.

 

          «Ян»-еркектік бастама.

 

 

 

«Инь» мен «Ян»

 

Дао ілімі бойынша өмір сүргіңіз келсе, «У-вей» қағидасын ұстаныңыз. «У-вей»-заттар мен болып жатқан құбылыстарды өз мәнінде қабылдау, салқынқандылық таныту. Білім-барлық адамға беріле беретін құбылыс емес, ол тек ерекше данышпан адамдарға ған тән. Білім-үндемеу. «Үндемеген адам-білімді, сөйлеген адам-білімсіз адам».

 

Легизм (Фа цзя-заңгерлер мектебі) негізін салған Шан Ян (б.д.д. 390-338ж.ж.), өкілі Хань Фэй (б.д.д. 288-233ж.ж.). Негізгі еңбегі «Книга господина из Шан». Легистердің мектебі қоғамды басқару мәселесіне байланысты қалыптасты. Қоғамды басқаруда  заңдар ойлап тауып,мемлекетті заңға  сүйеніп басқару керек  дейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін:

 

1.     Мақтаудан гөрі жазалау көп болу  керек;

 

2.     Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру керек;

 

            3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмысқа бармайтын болады;

 

4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек.

 

            Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды. Керек болса, мемлекет үшін өлімге де барады.

 

 

 

 

 

Антика дәуірінің  философиясы

 

 

 

Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.

 

Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар      бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра  отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.

 

Дүние  қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не  пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.

 

Ертегрек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:

 

1.                            Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің  қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.

 

2.                            Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.

 

3.                            Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.

 

Милет мектебі-грециядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет  қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты.

 

Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала  дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды.

 

         Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал.

 

Ол заттардың алуандылығынан  бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы – су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.

 

         Анаксимандр (шамамен б.д.д. 610-546 ж.ж.) – ежелгі гректің материалист – философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті. Грециядағы «Табиғат туралы» атты тұңғыш ғылыми шығарманың  авторы, бірақ бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде – «архе» («негіз») ұғымын енгізді, дүниенің негізі -  апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген. Апейронның ыстық пен суықтың қарама-қарсылығы туады; олардың күресі космосты дүниеге әкеледі; ыстық-от ретінде көрініс тапса, суық аспан мен жерге айналады. Анаксимандр материаның сақталу және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады. Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша жазық цилиндр формасындағы Жер Ғаламның ортансында тұр. Жер төңірегінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және аспан денелері – жұлдыздар айналып жүреді. Тарихта тұңғыш рет эволюция идеясын  ұсынды: адам – балықтан пайда болған.

 

       Анаксимен (шамамен б.д.д 588-525 ж.ж.) – ежелгі грек материалист – философы, стихиялы- диалектик, Анаксимандрдың шәкірті.Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы  материадан – ауадан пайда болған, қайтадан ауаға айналады. Ауа шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін – бұлтқа, суға, жер  мен тастарға, сейіліп – отқа айналады. Мұнда санның сапаға ауысу идеясы көрініс тапқан. Ауа бәрін қамтиды: ол  әрі жан, әрі ғаламның сансыз заттардың өмір сүретін ортасы. Анаксимен жұлдыздар – от, бірақ оның жылуын сезінбейміз, өйткені олар өте қашықта орналасқан, күн қатты жанып тұрған алып аспан денесі деп үйретті.

 

       Материализм мен диалектика идеаларын әрі қарай дамытқан Гераклит (шамамен б.д.д 544-483 ж.ж.)- ежелгі грек философ-материалисі, диалектик. Кіші Азиядағы Эфесте туған. Гераклиттің бізге тек үзінділері ғана жеткен «Табиғат туралы»  шығармасы сол заманның өзінде  атақты еңбектердің бірі  болған. Гераклиттің пайымдауынша дүниенің негізі -  от, ол әрдайым өзгеруде әрі қозғалыста. Барлық әлем, жекелеген заттар, тіпті адам жаны да оттан жаралған. «Космос баршаға ортақ, оны ешқандай Құдайда, адамда, жасамаған, ол қашаннан болған, қазірде бар, бұдан былайда мәңгі жанып тұратын от, тұтанып және өлеусіреп сөніп бара жатқан оттың өлшемі» Зат атаулының бәрі қажеттілікке орай оттан пайда болады, оны Гераклит «логос» деп атайды. Әлемдік процесс ұдайы қайталанып отырады; «ұлы маусым» біткен соң заттардың бәрі қайтадан отқа айналады. Табиғат тіршілігі-толассыз қозғалыс процесі, барлық нәрселер, олардың қасиет-күйлері өздерінің қарама-қарсы жағына ойысады: суық-ыстыққа, ыстық-суыққа айналады. Бәрі өзгере отырып жаңарады. Соған орай Гераклиттің атақты тұжырымдамасы қалыптасады: «Бір өзенге екі қайтара түсе алмайсың».  Гераклит дүниені танып-білуге болатындығына кәміл сенеді, сондықтан адам баласының ақыл-ой қабілетіне бөгет жоқ деп есептеді. Сонымен бірге ол ақиқатты танудың, оған жетудің қиындығын түсініп, табиғат жасырынуды ұнатады деде. данышпан болу үшін көзі ашық, көкірегі ояу болу-жеткіліксіз. табиғаттың сырын ұғу үшін адамның  ұлы қасиеті болып табылатын ерекше  ойлау қабілеті болуы керек.

 

Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында  пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик және астраном. Пифагордың философиялық теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды. Бірліктен ондыққа дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық алуакн түрлілігінің түп негізі деп  санаған.

 

Сандардың қасиеттерін зеттей отырып, Пифагоршылдар жұп және  тақ сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты және үшбұрышты сандарды сипаттады. Ойдың қалану геометриясы-нүктеге, сызыққа, жазықтыққа, көлемге негізделген. Демек, Пифагоршылдар жүйесіндегі сандар болмыстың жалпылама негізіне байланыстырылған кеңістіктің таңбалануы. Соған орай «бәрі-сан» деген тұжырым қалыптасты. Олардың музыкалық интервал туралы ілімінде акустика мен аспан механикасының математикалық негіздері баяндалған. Пифагоршылдар философия мен ғылымның әрмен қарай дамуына  орасан зор әсер етті.

 

Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда  болған философиялық мектеп. Басты өкілдеріКсенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды.

 

Ксенофан (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.)-Элей мектебінің негізін салушы. бүкіл мифологияны алғаш сынаушылардың бірі: «адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді»,- дейді. Дүние жер мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде бірдей, өзіне  тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады.

 

Парменид- «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енг3зген6 ежелг3 грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид  дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді-от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендіген аңғартады. «Болмыс-бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады»,-дейді.

 

Зенон (б.д.д. 490-430 ж.ж.)-Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмсыста  қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған (елес) болмыс. «Ахилл және тасбақа»,  «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. aporia-шарасыздық)-ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама-қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес.

Информация о работе Қоғам: философиялық талдаудың негіздері