Қоғамдық өндіріс негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 13:07, реферат

Краткое описание

А Адамдар экономикалық әрекеттерін белгілі бір жағдайларда немесе орталарда жүзеге асырады. Басты жағдайларға әлеуметтік және табиғи орталар жатады.
Адамның әлеуметтік ортасы:
1. меншік қатынастары
2. қоғамның әлеуметтік құрылысынан тұрады

Оглавление

Адам және экономика
Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері
Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары

Файлы: 1 файл

kogamondiris.doc

— 75.00 Кб (Скачать)

Қ.А.Ясауи  атындағы Халықаралық  қазақ-түрік университеті

Жаратылыстану–педагогикалық сырттай оқу факультеті   
 
 
 
 
 
 

СӨЖ  
 

Тақырыбы: Қоғамдық өндірістің негіздері 
 
 
 
 

                                                                  Орындаған: Маханов А.

                СҚЖ-112 до тобы 

                                            Қабылдаған: Оспанова Г.З.

                     аға оқытушы  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ТҮРКІСТАН 2011 
 

ЖОСПАР  
 
 
 

    1. Адам  және экономика
    2. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері
    3. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адам  және экономика

      Адамдар экономикалық әрекеттерін белгілі  бір жағдайларда немесе орталарда  жүзеге асырады. Басты жағдайларға әлеуметтік және табиғи орталар жатады.

Адамның әлеуметтік ортасы:

1. меншік қатынастары

2. қоғамның  әлеуметтік құрылысынан тұрады

    Меншік  қатынастарына байланысты адамның  қоғамдағы алатын орны, қоғамдық өнімдегі оның үлесі, адамның ролі анықталады. Меншік формалары іскерлік белсенділікке әртүрлі әсер етеді. Жеке меншік жеке мүдделер тұрғысынан анағұрлым нәтижелі еңбекке жетелейді. Алайда, әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарастырсақ,  кейде ол барлық жағынан жақсы емес. Байлық пен кедейлік жіктеліп, эгоизм қалыптасады. Қоғамның мүліктік жіктелуі өсіп, бұл әлеуметтік шиеленісті туғызады. Сондықтан қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыру мақсатында мемлекет игіліктердің бір бөлігін жалпыға ортақ игіліктер ретінде қалдыруы қажет.

    2. Қоғамның әлеуметтік құрылысы  әлеуметтік заңдарға, яғни жұмыс істейтін азаматтар, жұмыссыздар, әртүрлі себептерге байланысты жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ адамдардың жағдайын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығына негізделеді. Әлеуметтік заңға елдегі зейнетақы, жәрдемақы, мүгедектерге, ауруларға, қарияларға басқа да еңбекке жарамсыз халыққа қызмет көрсетуді көздейтін әлеуметтік сақтандыру жағдайына тәуелді. Қоғамның әлеуметтік ортасының деңгейін өмір сүру мен еңбек етудің, тұрғын үй, коммуналдық және тұрмыстық жағдайлары, бос уақытты пайдалану мүмкіндіктері, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және т.б.деңгейлері сияқты көрсеткіштерге қарап бағалайды.

      Табиғи  ортаға табиғи және еңбек ресурстары мен басқа да өмір сүру жағдайлары жатады.

      Материалдық және материалдық емес игіліктерді  өндіру адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалынады. Қажеттілік – бұл жеке тұлғаның немесе қоғамның  өз өмір жағдайын немесе дамуын қалыпты деңгейде жүргізуге қажет қандай да бір нәрсеге талабы. Ол жоғары және төменгі деңгейлі, әлеуетті және төлем қабілетті және тағы басқа болып келеді. Әдетте қажеттіліктерді үш топқа бөледі: материалдық, рухани, әлеуметтік.

Материалдық қажеттілік – бұл адамның киімге, тамаққа, тұрғын үйге, сондай-ақ фирмалар мен мекемелердің  ғимараттарға, құрылыстарға, транспорт пен басқаларға деген сұраныстарын жатқызамыз. Рухани қажеттіліктер – бұл ғылыммен, өнермен шұғылдану, білім алу және т.б. Қоғамның дамуына орай қоғамдық және ұжымдық қызмет формаларына қатысуына байланысты әлеуметтік қажеттіліктерді кеңейту мен қанағаттандыру мүмкіндіктері  де өседі. Олар материалдық та, рухани да болуы мүмкін, бірақ ең бастысы олар қоғамдық сипатта және көптеген адамдардың бірге өмір сүруі мен ынтымақтасуы қажеттігіне байланысты.

      Қажеттіліктерді қанағаттандыру  дәрежесі екі сфераның даму деңгейімен анықталады: материалды және материалды емес өндіріс. Материалды өндіріс сферасында заттық игіліктер өндіріледі (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және т.б.) және материалдық қызметтер көрсетіледі (транспорт, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету). Материалдық емес  сферада рухани және басқа да құндылықтар жасалынып, сәйкес қызметтер көрсетіледі (білім беру, мәдениет және т.б.). Бұл екі сфера да ұдайы қарым-қатынаста болады және адам өмірінің негізін құрайды. 

      Қоғамдық өндіріс,  оның құрылымы  және нәтижелері

    Күнделікті  өмірде "экономика" және "өндіріс" – ұқсас ұғымдар. Бірақ экономикалық теорияда олар әртүрлі мазмұнға ие. Өндіріс бұл экономиканың тек бір бөлігі ғана. Экономика әрқашан өндірістен тұрады, бірақ өндіріс әрқашан экономика бола бермейді, демек, экономика ұғымының көлемі өндіріс ұғымынан әлдеқайда ауқымды.

          Экономика өзінің құрылымы бойынша қоғам өмірінің болашақ ерекше сферасы бола отырып, әлеуметтік сипатқа ие.  Ал өндіріс  тек ғана технологиямен байланыстырылуы  мүмкін.  Өйткені оның қалыптасуы үшін әлеуметтік байланыстар міндетті емес  (мысалы, Робинзонның шаруашылығын өндіріс ретінде сипаттауға болады, бірақ ол экономика болып табылмайды).

    Экономикаға синоним адамдардың біріккен іс-әрекеті  формасында жүзеге асырылатын "қоғамдық өндіріс" категориясы бола алады. Шындығында, біріккен өндірістік қызмет туындаған кезде экономикалық қатынастардың барлық буыны пайда болады: егер бірігіп өндірген болсақ, онда сол өндірген өнімді қалай бөлуге, айырбастауға, тұтынуға болады? Біріккен шаруашылық іс-әрекетте өндіріс әрқашан экономикаға ұласады. Өйткені, өндірістің қатысушыларына  тұрақты түрде қандай жағдайларда олар өндіреді (яғни өндіріс жағдайы кімге тиесілі болады), өндірілген өнім қандай принципке сай бөлінеді, өнімнің жеке үлесі мен айырбастау принциптері қандай, тұтыну формалары қалай болмақ деген мәселелерді шешу қажет. Міне, сондықтан да саяси экономиялық теорияда "өндіріс" түсінігі екі жақты тұжырымға ие: біріншіден, ол экономиканың фазалық сипаттамасында ерекше, дербес және басты фаза, екіншіден, ол қоғамдық болып табылады, бұл жағдайда "бөлу", "айырбас" және "тұтыну" өндіріс жүйесіне оның ажырамас құрамдас бөлігі ретінде енген.

    Адам  мен қоғамның өмірінің негізінде өндірістің шаруашылық қызметі жатыр. Өндіріс бұл   адамдардың   табиғаттың   заттарына   ықпал   жасай   отырып, материалды және рухани игіліктерді өндіру процесі. Игіліктер деп адамдардың мақсаты мен талабына жауап беретін, олардың кажеттіліктерін қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Оларды екі топқа бөлуге болады: табиғи заттар (жер, орман, өзен, көлдер т.б.) және экономикалық игіліктер- адамдардың саналы өндірістік қызмет нәтижелері. Өндіріс үш элементтің өзара әрекеттесуі арқасында жүзеге асады: адам еңбегі, еңбек заттары және еңбек құралдары. Оларды еңбек процесінің қарапайым мезеттері деп атау қабылданған.

    Еңбек бұл адамдардың материалды және рухани игілік пен қызметті құру бойынша мақсатқа сай қызметі. Еңбек заттары дайын өнім жасаудағы адамның еңбегі мен ықпалы. Еңбек құралдары адамның еңбек заттарына ықпал жасайтын құралдары. Қандай да бір тауар құруға қажетті еңбек заттары мен құралдары өндіріс құралдарын белгілейді.

    Игіліктер өндірісі: 1-ден, адам мен табиғаттың қарым-қатынасы; 2-ден, адамның шаруашылық қызмет процесінде өзара әрекеттерін  көрсетеді. Өзара байланыстың 1-ші түрін  өндіргіш күштер деп атайды; 2-шісін экономикалық қатынастар деп;атайды.

    Өндіргіш  күштер бұл қоғамдық өндірістің өзара әрекетіндегі жеке (жұмыс күш) және заттай (өндірістің құралдары) факторлар.

    ҒТР өндіріс факторларын жаңғыртады. Осылайша өндіріс құралдары информатикамен, электронды есептеуіш және компьютерлік техникамен байытылады. Еңбек жағынан да сапалы өзгерістер болады. Оның ғылыми ұйымдастырылуы пайда бола бастайды, жұмысшылардың квалификациялық және парасатты деңгейі көтеріледі, адамның кәсіпкерлік қабілеттілігінің ролі мен мәнділігі артады.

    Экономикалық  қатынастар бұл материалды және рухани игіліктер мен қызметтерді тұтыну және айырбастауда, орналастыруда, өндіріс процесінде пайда болған адамдар арасындағы қатынас. Экономикалық қатынастардың сипаты өндіріс құралдарына меншіктік формасымен анықталынады. Олар өздеріне 1-ден, тек өндіріс саласында тартылатын өндірістік қатынастарды және 2-ден, өндірістік емес саладағы қатынастарды қосады. Экономикалық қатынастар құбылыс бойынша ұйымдастыру  экономикалық және әлеуметтік болып екіге бөлінеді.

    Ұйымдастыру-экономикалық қатынастар өндірілген өнім өндірісінің, бөлінуі мен айырбасталуының  қалай ұйымдастырылғанына қарай  қалыптасады. Еңбекті бөлу, еңбек  кооперациясы өндірістің шоғырлануы және оның орталықтандырылуы және тағы басқа ұйымдастыру формалары болып табылады.  Бұл қатынастардың құрылуы  мен дамуын тарихта үш кезеңге бөлуге болады:

1) Еңбектің қарапайым кооперациясы; 

2)  Мануфактура; 

3)  Машиналық өндіріс;

    Еңбек кооперациясы бір адамның басқаруымен  біркелкі жүмыс орындайтын бірнеше адамдардың бірігуі. Бұл бір адамның міндеттерді шешу үшін және мұнымен экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін күшінің жетіспеуінен біріктіруге мүмкіндік берді.

    Мануфактура бұл да еңбек кооперациясы, бірақ айырмашылығы өнімділікті едәуір арттыратын еңбекті бөлу процесі жүреді.

    Машиналық өндіріс еңбектің өтімділігі мен  өндірістің тиімділігінің өсуіндегі  келесі нақты қадам болып табылады. Ол өндірістің техникасы мен технологиясын түбегейлі өзгертті және өндірістің жаңа техникалық қабілеттілігіне өтуді шарттады.

    Әлеуметтік-экономикалық қатынастар өндіріс құралдарына  меншіктің формасымен анықталатын өндіріс шарттары бойынша адамдар арасында қалыптасады. Тұтыну, айырбастау, бөлу және өндірістік қатынастардың әлеуметтік-экономикалық мазмұны меншікті формадан тәуелді болады. Бұл қатынастардың дамуы әр уақытта меншіктенушінің қызығушылығында жүзеге асады.

    Қоғамдық  өнім адамдардың жыл бойғы қызметтерінің  нәтижесі болып табылады. Өз айналымында ол төрт сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.

    Өндіріс   қоғамдық   өнімді   өндірудің   бастапқы   сатысы,   осыдан   қозғалыс басталады.   Ол  қоғамның   өмір   сүруі   және   дамуы   үшін   қажетті   материалдық өнім өндіру процесі. Адамзат қоғамы дамуының барлық сатыларында да өндіріс басты орын алады. Ол жөнінде әр түрлі экономистердің айқындамалары бар. Бір экономистердің ойы бойынша,  өндіріс  қоғам өмірінде жетекші, шешуші роль атқарады. Өйткені тек өндіргенді бөлуге, айырбастауға және тұтынуға болады. Басқалардың ойы бойынша, айырбас пен бөлу қоғамда шешуші роль атқарады. Өйткені айырбас жүрген кезде экономика пайда болады. Олар өздерінің шешімдері мен Батыс зерттемелерін қолдайды. Себебі, ол жерде айырбас пен бөлу бастапқы саты болып табылады.

Бөлу  өндірілген өнімде адамның әрбір анықталған үлесін білдіреді. Айырбас   бұл   бір   тауарлар   келесі   тауарларға   айырбасталатын процесс.   Бір шынжырдың бойы сияқты бөлу мен айырбас өндіріспен байланысқан. Айырбас пен бөлу өндіріс пен тұтыну арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Тұтыну  өз алдына адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін құрылған игіліктерді қолдануды көрсетеді. Өнімді қолданудағы нәтиже қорытындысы тұтыну болып табылады.

    Тұтыну  өндірістік және өндірістік емес болуы  мүмкін. Өндірістік тұтыну өндіріс процесінде өндіріс құралдары мен жұмыс күшін қолдануды білдіреді. Өндірістік емес тұтыну қоғамдық және жеке түрінде көрініс табады. Жеке тұтыну бұл адамдардың қажеттіліктерін тамақпен, білім берумен, киіммен, демалыс орындарымен және т.б. өнімдермен қанағаттандыру.

    Қоғамдық  тұтыну қоғамның қажеттіліктерін ғылыммен, біліммен, мәдениетпен басқару және т.б. қажеттіліктермен қанағаттандыру.

    Адам  тұтынған кезде, ол өнім сапасын жоғалтады, яғни оларды қайтадан өндіру қажет.

    Ұдайы өндіріс бұл өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндіріс жәй және ұлғаймалы ұдайы өндіріс болып екіге бөлінеді. Жәй ұдайы өндіріс өндіріс процесінің алдыңғы масштабындағыдай қайталануы. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс барлық ұлғайтылған мөлшерде жаңартылу түсінігін береді.

Информация о работе Қоғамдық өндіріс негіздері