Қоғамдық өндіріс негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 13:07, реферат

Краткое описание

А Адамдар экономикалық әрекеттерін белгілі бір жағдайларда немесе орталарда жүзеге асырады. Басты жағдайларға әлеуметтік және табиғи орталар жатады.
Адамның әлеуметтік ортасы:
1. меншік қатынастары
2. қоғамның әлеуметтік құрылысынан тұрады

Оглавление

Адам және экономика
Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері
Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары

Файлы: 1 файл

kogamondiris.doc

— 75.00 Кб (Скачать)

    Қоғамдық  өнім қозғалысының барлық төрт сатысы бір-бірімен тығыз байланысқан  және қоғамдық өндірісті құрайды.

    Тиімділік қоғамдық өндірістің қалыптасуының  басты көрсеткіші болып табылады. Ол өндіріс шығындарының нәтижелік қатынасымен анықталады. 

               Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары

    Адамдардың  барлық қажеттіліктерін өтеу үшін  қоғамда экономикалық қорлар жеткілікті болуы керек. Экономикалық қорлар дегеніміз  – тауар өндіріп және қызмет көрсетуге  пайдаланылатын барлық табиғи, адам және адам қолымен өндірілген ресурстар.

    Адамдардың  экономикалық қызметінің бастапқы кезеңі өндіріс болып табылады. Өндіріс әр түрлі өндіріс факторларының арақатынасын қарастырады. Барлық өндіріс факторларын төрт негізгі топқа бөлуге болады: еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік. Еңбек бұл адамның физикалық, интеллектуалды және рухани энергиясының жұмсалуы. Әр адамда жұмыс күші немесе еңбекке деген қабілет бар. Еңбек жұмыс күшін пайдаланумен түсіндіріледі.

    Әр  қоғамда да еңбекке деген еріксіз көндіру бар. Алғашқы кезеңдерде ол экономикадан тыс мінездемеге ие еді, яғни жұмысшының басшыға тікелей бағыныштылығы негізделеді. Экономикалық еріксіз көндіру жалдамалы еңбектің категориясына байланысты болады. Жалдамалы еңбектің пайда болуы үшін екі шарт қажет: адамдардың еркіндікке ие болуы (құл иеленушіліктің немесе басыбайлықтың болмауы) және өндіріс құралдарына жеке меншіктің болмауы, яғни өз ісін бастауға мүмкіндігінің болмауы. Осы жағдайлар кезінде адам жұмысқа жалдануға мәжбүр болады. Бұл уақыттағы еңбектің негізгі мақсаты материалдық марапатталу болып табылады.

    Жұмыс уақытындағы еңбекті қажетті  және қосымша деп бөле аламыз. Қажетті  еңбек жұмысшының өз өмірі және жанұясының өмірі үшін өнім өндіруге жұмсаған еңбегі. Бұл уақытта өндірілген өнім қажетті өнім деп аталады. Қосымша еңбек қажеттіден аса жұмсалған еңбек. Қосымша еңбекпен өндірілген өнім қосымша өнім деп атадады.  Еңбектің бұл түрлерге бөлінуі тек маркстік теорияға тән. Еңбек интенсивтілік және өнімділікпен айқындалады.

    Интенсивтілік бұл  еңбектің үдемелілігі, ол уақыт бірлігіне жұмыс күшінің жұмсалу деңгейімен анықталады. Еңбек интенсивтілігі жұмыс уақытының ұзақтығы қаншалықты көп болса, соншалықты аз болады. Керісінше, жұмыс уақытының ұзақтылығы азайса, еңбек интенсивтілігі көбеюі мүмкін.

    Өнімділік бұл еңбектің нәтижелілігі. Ол уақыт бірлігінде өндірілген өнімнің санымен есептеледі. Еңбек өнімділігі тек еңбекпен ғана емес, техникалық прогресске де байланысты. Еңбек өнімділігінің өсу жағдайында өнім бірлігіне жұмсалған еңбек көлемі азаяды, ал өндіріске кеткен құралдардың көлемі жоғарылайды. Бірақ толығымен өндіріс факторларының жұмсалуы азаяды.

    Өндіріс факторларының екінші түрі ол жер.

    «Жер» термині кең мағынада қолданылады. Ол барлық пайдалы табиғат байлықтарын қамтиды: жердің өзін, су және орман ресурстарын, пайдалы қазбаларды жатқызуымызға болады. Жердің қасиеттерін табиғи және жасанды деп бөлуге болады. Бұл жағдай жерден түсетін пайда  жер рентасын туғызады.

    Келесі  өндіріс факторы ол капитал. Ғылымда капиталдың бірнеше мағынасы қолданылады. Капитал   қызметтер   мен тауарлар өндірісінде қолданылатын  адамдар   шығарған   өндіріс құралдары және ақша қорлары. «Капитал» сөзі латынның «сарutа», яғни “бас” сөзінен шыққан, байлық көзі мал болып саналған кезде байлық символы сиырдың басы еді. Бұл шындық әдебиетте және өнерде жиі қолданылады. Кейіннен «капитал» сөзін қолдануда екі түрлі түсінік пайда болды: біріншісі "бас, басты", екіншісі "байлық".

    Қаржылық  табыс алумен байланысты ынталы, шаруашылық қызмет кәсіпкерлік деп аталады.

    Маркстік  теорияда өндіріс факторлары келесідей  бөлінген: заттық факторлар (өндіріс  құралдары) және жеке фактор (жұмыс күші). Марксизм үшін бұл екеуі өте маңызды, өйткені барлық факторлар қосымша құн (табыс) әкелмейді, оны тек жеке фактор ғана алып келе алады.

    Экономикада келесі себеп-салдарлы  тәуелділік әрекет етеді. Экономикалық игіліктер  өндірісінің, ақшалай табыстың және тұрғындар сұранысының ұлғаюы қажеттіліктер  деңгейінің артуын туғызады. Қажеттіліктердің прогрессивті өсуінің шегі бар ма? Бұл көп жағдайда қоғамның өндірістік мүмкіндіктерімен анықталады. Өндірістік мүмкіндіктер – ресурстарды толық пайдаланғанда қол жеткізілетін жоғарғы өнім шығару көлемі. Ол әртүрлі тауарлардың арасынан таңдау қажеттілігін көрсетеді. Егер біз бір тауарды көп мөлшерде өндіргіміз келсе, онда басқа бір тауарды өндіруден бас тартуға тура келеді. Қисық сызықтың ішіндегі әрбір нүкте ресурстардың толық емес пайдаланылуын білдіреді.  Қисық сызықтан тыс жатқан нүкте мүмкін емес өндірісті, яғни қолда ресурстардың жоқтығын білдіреді. Қисық сызықтың бойындағы нүкте бір тауардың екінші бір тауар өндірумен алмастырылғанын көрсетеді.

    Баламалы  шығындар – дәл осы қорларды басқа  мақсаттар үшін пайдалану кезіндегі  жоғалатын мүмкіндіктер тұрғысынан қарағанда  тауар өндіруге кететін  шығындар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Аубакиров  Я.А. және т.б. Экономикалық  теория курсы.  -Қазақ университеті, 1999
2. Шеденов  О.Қ.  Жалпы экономикалық теория. Актобе,  2001

3. Мауленова  С.С., Құдайбергенов Е.Қ., Бекмодин  С.Қ. Экономикалық теория: оқу  құралы.  Алматы, 2002

  1. Теоретическая экономика. Политэкономия. Учебник для вузов. Под ред. Журавлевой Г.П., Мильчаковой Н.Н. – М., Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998
  2. Баликоев В.З.Общая экономическая теория. Учебное пособие. – Новосибирск, 1998
  3. Учебник по основам экономической теории. /Под ред. В.Д.Камаева – М., 1998
  4. Фишер С., Дорнбуш Р., ШмалензиР. Экономика. – М.: Дело, 1994
  5. Борисов Е.Ф.  Экономическая теория. Учебник. – М., Юрист, 1997
  6. Экономика. /Под ред. Булатова А.С. –  М., Бек,  1998

Информация о работе Қоғамдық өндіріс негіздері