Сонымен, кәсіпкерлік-жаңа мүмкіндіктерді
іздеу, жаңа технологияны пайдалану,
капиталды жұмсаудың тың салаларын
іздеу, ескі ойлау шеңберіне
шығу, былайша айтқанда өндірістің жаңа
түрін ашып дамыту, қызметтер мен тауарлардың
жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру
құрылымдарын өзгерту, жаңарту және өркендету
болып отыр. Мұндай өзгерістердің түрлері
әр алуан жаңа кәсіпорындар ашу немесе
ескілерін жою және модификациялау.
Демек, нақты өмірде кәсіпкерліктің
объектісі-новаторлық, жаңашылдық, ерекше
мағынадағы новаторлық- өндіріс, айырбас
және бөлудің түрлі факторларын үйлестіру.
Кәсіпкерлік әр кезде де белгілі
бағытта ұйымдастырылады , нақты
формалары бар. Кәсіпкерліктің шаруашылық
жүргізу тәсілі ретінде бірнеше жалпы
белгілері бар. Оның ішінде негізгісі
– шаруашылық субъектілерінің еркіндігі
мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі
нарық механизмі әрекетін қамтамасыз
ететьін тәртіп қалыптастырады. Кәсіпкердің
тәуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды
алуға, осы ресурстардан өз қалауынша
қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыру
және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай
сату құқығын береді. Матиреалдық ресурстармен
ақша капиталының иелері бұл ресурстарды
өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші
өзі істей алатын еңбекпен айналысуға
құқығы бар. Алайда қандайда болмасын
еркіндік көптеген жағдайлармен шектелген,
олар сыртқы орта мен субъектілер әрекетінің
нәтижесінен шығады. Дегенмен кәсіпкерліктің
басты щарты- барлық мүмкіндіктердің деңгейі
тұрғысынан шешім қабылдауға автономиялылығы,
өзбеттілігі.
Барынша көп табыс келтіру
– кәсіпкерлік жұмыстың қозгаушы
факторы. Көп жағдайларда тек
осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып,
одан әрі кеңейтіледі. Бірақ нарық
жағдайында белгілі бір өзгерістер өне
бойы болып тұрады. Кәсіпкер көбіне бұл
өзгерістердің басталуын күтпейді, тек
соңынан қана оларға тиісінше көңіл аударады.
Олар оздеріне тиімді өзгерістер яғни
жұмыстарына жаңалықтар еңгізеді. Жаңалық
процесінің мұраты-пайда табу. Нарыққа
жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін
экономикалық тиімді технология ұсынған
алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа
деин баламалы құнынан жоғары бағамен
сатады, міне осы қаблет-әдеттегіден ерекше
шешім қабылдау іскерлік әлемінде ерекше
жоғары бағаланады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бір
сипат шаруашылық жүргізудегі
тәуекелге бел бууы. Іске кіріскенде
алғашқы болашақ бұлдыр, оны болжап
білу киын. Жаңа идеялармен жобаларды
пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері
көп, оларды өне бойы экономикалық жағынан
есептеуге мүмкін емес,
Шаруашылық қауып –қатердің ,
тәуекелдің негізінде мүмкін
болатын және шын нәтижелердің
ара қатынасы жатады. Егер өндірілген
тауарлар бағасы жұмсалған шығындарды
қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін
тиімді ұйымдастыра алмағаны , әлде күткен
конъюктура жайсыз болғаны.
Өндіріс факторларын конбинациялауды
тұрақты бақылау кәсіпкерді өне
бойы ауыр жағдайда ұстайды,
ал мұндай психологиялық жай
өндірістің басқа мүшелерінде
тарайды. Сонымен, нақты кәсіпкерлік
қызметтің шеңберіне шаруашылық белсенділіктің
жаңа мүмкіндіктерін іздеу пайдалылықтарын
анықтау, өндірісті ұлғайтудың қаржылық
және басқа ресурстарын қамтамасыз ету,
жұмысшыларды жалдау, өкіметпен жабдықтаушымен,
кленттермен қарым-қатынастар енеді. Әрине
осы жұмыстардың бәрін бір адамның атқаруы
міндетті емес. Бірақ кәсіпкерді лизамен
салыстыру орынды; ол басқалардың энергиясын
көбейтеді. Тәуелсіздік және ұйымдастырудағы
новаторлык кәсіпкерліктің мәні осында:
біреу оған өмір берсе , екіншісі тағдырын
анықтайды .
Кәсіпкерліктің мәнін толық түсіну
үшін оны меншік қатынастарын
жүзеге асырудың бір түрі деп
қарау керек. Кәсіпкер меншік
иесі ме? Бұл сұраққа жауап
беру үшін меншік иесінің қызметін
шаруашылық субъектісінің қызметінен
айыра білу шарт. Өткен ғасырдың өзінде-ақ
меншіктегі капиталдан қызмет атқаратын
капитал бөлінеді. Осыған қарап өндіріс
құрал –жабдықтарын меншік объектісі
ретінде иемденуден оларды шаруашылық
объектісі ретінде иемденуі, тиісінше
меншік иесі қызметін шаруашылық субъектісі
қызметінен айыра білу қажет. Субъектінің
өндіріс құрал –жабдықтарын меншік
және шаруашылық объектісі ретінде иемденуі
жеке – дара кәсіпкерлік деп түсіндіріледі.
Шешім қабылдау процесі капитал иесін
түгелдей тәуекелді. Алайда әдетте шешім
қабылдау капитал иесінің капиталды басқарушыға
ауысып отырады. Бұл өндіріс құрал-жабдықтарынан
шаруашылық объектісі ретінде иемдену.
Оның иелері жеке адам, топ немесе ұжым
болулары мүмкін. Олар белгілі жағдайлар
негізінде кәсіпкерлерге айналды- өздерінің
шаруашылық жұмыс нәтижелеріне экономикалық
жауапкершілікпен қарайтын оқшауйланған
тауар өндірушілер. Ол тенденция бағыт
акционерлік қоғамдарының пайда болуы
мен байланыстарды күшейтеді. Жеке кәсіпорындарда
бұрынғысынша меншік иесі кәсіпкер бірақ
қазір кәсіпкерлер кооператив болып ,
ұйымдастыру, техникалық басқару меншік
иесінен толық қанды өкілі – менеджерге
ауысуымен сипатталады. Сонымен, кәсіпкер
өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенуші
болмай ақ шаруашылық өкілі ретінде иемдене
алады. Кәсіпкер қызмет істейтін меншікті
иесі ретінде шаруашылық субъектісі болып
оқшауланады. Оған шаруашылық жұмысын
өз бетімен жүргізуге жағдай жасайды,
өз есебінен кәсіпорында ашық, өндіріс
құрал-жабдықтарын тиімді пайдалануға
оны жұмыс күшімен қосудың жағдайын
анықтауға мүмкіндік береді.
Демек, кәсіпкер мен меншік
иесі арасында айтарлықтай байланыс
жоқ. Кәсіпкерлікті өркедетудің
шарттары: меншік қатынастарын персонификациялау
(адамдық келбеті), мүіктерді қолдану
жөнінде өз еркі, жауапкершілігі
мен шешім қабылдау мүмкіндігінің
өнімдер мен табыстары жөнінде де осындай
мүліктердің берілуі қабілеттер мен жинақтарды
пайдалану жолдарын таңдап алудағы өндірушілер
мен тұтынушылардың экономикалық еркіндігі,
нарықтардың ашықтығы және тең салмақтылығы,
қызметтер мен тауарлардың капиталдың,
информация мен жұмыс күшінің қозғалысында
кедергінің болмауы, тауарды бірдей бағамен
сатып алу мүмкіндігі болуы, азаматтардың
құқықты қоғамының, оның ішінде заң шығаратын,
орындаушы – сот үкіметінің құрылуы және
меншікті иесі мен кәсіпкермен құқығын
қорғау.
Кәсіпкерлік дамуының дәрежесі,
немесе жетілдірілмеген болуы
мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет нарықтан
шығады, ол нарық қатынастарының
сипаты мен көлеміне байланысты.
Кәсіпкерлікті өркендетудің жағдайларын
жасауда бәсекенің орны ерекше.
Кәсіпкер үшін шаруашылықты жүргіз
– бәсекеге түсу, өндірісті ұйымдастыра
отырып, ол бәсекелік күрске әзір болуын,
нарықтың қоғамдық қажеттілігіне сай
келмейтінінің «артығын» қиып түсетіндігінен
әзір болуы керек. Кез-келген меншік түрі
(соның ішінде мемлекеттік де ) прогресс
жолына шыға алады. Сонымен қатар кез-келген
меншік тірі (соның ішінде жекеменшік
те) прогрестің күшті символы болады, егер
сол жасампаз бәсеке жол ашса. Күшті нарықтық
эконмикасы бар елдер тәжірибесі көрсеткендей
еркін бәсеке жүйесін реттейтін экономика
белгі болады. Ол мемлекетсіз жұмыс істей
алмайды, өйткені мемлекет ақша ұсынысын
ұйымдастырады, ұжымдық қажеттіліктің
бөлігі ретінде өтемдер береді. Нарықтық
мінездердің тиімсіз жақтарын тежеп жібермейді.
Нарықтық экономика үшін күрделі
«ауруға» бірден қарсы тұра алмайды- монополизмге,
инфляцияға және іскерлік пен белсенділіктің
төмендеуіне. Өзінің ішкі резервтері арқылы
оларға қарсы тұруы қиын. Егер мемлекет
бұған араласпаса аурулар асқынып, біраз
экономикалық және әлеуметтік зиян келтіреді.
Кеңісшіл теоретиктер өздерінің саяси
ұсыныстарында инфляцияның зардаптарынан
керісінше көңіл бөлмегенінен 70-жылдардағы
инфляцияны күшейтті, ал нарықтық күш
– қуаттары бұған жетпеді. Ол үшін мемлекет
ретеудің формалау, 80-жылдардағы консерваторлардың
күшті «дәрілері» қажет болды.
Қазіргі нарықтық шаруашылық
монополияға, инфляцияға қарсы,
шараларынсыз, өндірістің ұзақ құлдырауынан
тоқтататын саясатсыз мүмкін
емес. Мемлекеттің нарықтық эконоикаға
раласуының басты белгілері осындай.
Бұл шеңбер рыноктық механизммен
реттеудің қисынды тетігіне, қазіргі қоғамның
әлеуметтік-экономикалық проблемаларын
шешуге жеткілікті.
Егер мемлекет ақшаны нарықтық
экономикаға жібергеннен артық
шығарса, онда ол қандай да
ізгілікті мұраттарды басшылыққа
алса да, рыноктық процестердің бұзылуы
тиімділігінің төмендігіне әкеледі.
Ерте ме кеш пе экономиканың
мемлекетсізденуі, оның мемлекеттің
белсенді араласуынан шыйғуын
қажет етеді. Мемлекетсіздендіру
жүйесі кемінде 4 шаруашылықты
басқаруды бюрократтандырудан құтқару,
мемлекеттік кәсіпкер қызметі шектеу,
жеке капиталды ынталандыру экономиканы
реттеуді тарылту. Мұндай жүйенің қажеттілігін
есепке алу мұндай қорытындға әкеледі:
жекешелендіруді, мемлекетсіздендіруді
жай бір іс деп қарап оны шаралардың барлық
жүйесінен бөлек жүргізу (кешіктіріп я
ерте) шаруашылық түбірлі өзгертулердің
тиімді құралы бола алмайды.
Бұл жағдайда жекешелендірудің
теориялық анықтамасын берудің
маңыз зор. Жекешелендіру-объектілерді
белгілі қызмет түрлерін мемлекет
қолынан алып жеке меншікке
беру кең мағынада бұл түсінікке кейбір
артықшылықтарды немесе монопольды нарықтың
белгілі сегментін «жаулап алу», немесе
жаңа мемлекеттіктен басқа қызметпен
тауарларды ұсыну түрлерін жекелендіру
кіреді.
70-80 жылдарда жекешелендіру бүкіләлемдік
құбылысқа айналды. 80-жылдың аяғында дүниежүзінің
80 елі – Латын және Солтүстік Америка
мемлекеттерінен Оңтүстік Корея, Филиппин,
Малайзияға дейін мемлекеттік секторды
қысқарту бағдарламасын қабылдады. Мұнда
Ұлыбритания елінің мысалы айтарлықтай
1979 жылы Маргарет Тетчер үкіметі жекешелендіруді
экономикалық саясаттың басты мәселесі
деп есептеді. Нәтижесінде өткен 10 жылдықта
жеке капиталға экономиканың мемлекеттік
секторынан 29 ірі кәсіпорны берілді Ол
шаруашылық жұымысның көрсеткіштеріне
игі әсер етті, Мысалы, «БритишСтиль» мемлекеттік
бола отырып жылына 1млн. Стерлинг шығынға
ұшырады, ал денационализацияланғаннан
кейін, яғни мемлекет иелігінен шыққаннан
соң тұрақты пайда келтіреді. Бірақ Англия
жекешелендіруде біраз жетістікке жеткенмен
ол техникалық және экономикалық қиындықтарға
кездесті.
Біздің жағдайымызда жекешелендірудің
ерекшелігі меншіктің мемлекет
қолында жоғары шоғырландыру
мен кәсіпкерлік дәстүрмен сипатталады
мұндай ерекшеліктер жекешелендіруді
жүргізудің қосымша шаралар мен
де байланысты.
Национализациялануға қарағанда жекешелендірудің
ерекшелігі процесі бір сатылы акт емес,
яғни оны тез жүргізуге болмайды. Кәсіпорында
сату меншік иесін ауыстырудың құқықтық
жақтарын анықтайтын бірінші саты.
Ал тағы да кемінде екі сатыдан
тұру керек: Меншік иесінің құқығын
нақтыжүзеге асырудың шын жағдайларын
жасау(саяси, экономикалық, әлеуметтік,
праволық нормаларын) және ең соңында
меншік иелерімен басқарушылар арасында
коммерциялық жұымстардың басқа меншік
иелеріне беру жөнінде еңбек бөлінісінің
болуы. Әрине бұл ұзақ сипаттағы процесс.
Мұның мемлекетке жүргізу мүмйкін, бірақ
фодан кейінгі қарқыны әртүрлі орындаушылар
мен әрекет етушілерге баланысты және
олардан басқа объективті фактілерге
де қатысты болады.
Жекешелендірудің түрі көп, әрбір
ел өзінің қайталанбас жекешелендіру
жолын қалыптастырады. Алайда ерекшеліктерінің
көптігіне қарамастан, жекешелендіру
концепциясының әзірлігінде төмендегідей
талаптарды ескерген жөн: одан басқалары
өтпелі кезеңді нарықтық шаруашылық өлшемдері
бойынша жұмыс істеуге ынталандыруды
пайдалану, жекелендіру кезінде көз бояушылыққа
жол бермеу; ішкі нарықтың капитал сенімділігінің
проблемасын; халықты жекешелендіруге
құызықтыру жағдайларын жасау,оны үнемі
сақтау; халықты әлеуметтік жағынан қорғау
әсіресе аз табыс алатындарды; жекешелендіруден
түскен түсімдерді әлсіз кәсіпорындарға
бермеу керек.
Ешбір елде жекешелендірудің
ойдағыдай керемет тәсілі жоқ.
Әрбір елдің тәжірибесі оң
және теріс жақтарын көрстееді.
Көптеген жағдайларда бұл процесс
сол елде қалыптасқан нақты
тарихи және әлеуметтік мәдени ортамен
анықталады; қоғамдағы тұрақтылықтың
дәрежесі мен праволық реттеу жүйесі және
оның тиімділігінен экономикалық дамудың
жағдайы мен, дамыған қаржы мен банк жү.йесінің
болуы мен әлеуметтік құрылымындағы орта
топ үлесі мен, халықтың психологиясына
байланысты.
Жекешелендеруді кең шеңберде
тиімді және кезеңдер мен өткізу
үшін жоғарыдағы аталған шарттарды
орындау әсіресе көптеген инвесторларды
тауып, саяси және әлеуметтік
келісім және мемлекет тарапынан
тұрақты ауқымды бақылау арқылы
жүргізуге болады.(пара беру мен, коррупция
мафия мен күрес).
Әр түрлі елдердің тәжірибесі
көрсеткендей жоғарыда аталған
шарттардың тек біреуін ғана
елемеу жекешелендірудің нәтижесін
және қарқынын төмендетеді. Бұл
процесті асығып және қалай
болса солай жүргізу, жергілікті жерде
ескі экономикалық жүйені жасамай жекешелендіру-әлеуметтік
қауіпке әкеледі.
Мысалы: Қазақстан Республикасында
да жекешелендіру процесінде
де қиын жолмен жүріп келеді.
1991-1992 жылдарға арналған жекешелендіру
мен мемлекеттік иелігінен алудың бірінші
кезеңінен нәтижесінде құны 1млрд сомаға
жуық болған 6198 объект сатылды. Жекешелендірілген
кәсіпорындарында 767 000 адам іс жүзінде
меншік иелеріне айналды. Бұл республика
бойынша жалпы жұмыс істеушілердің 12 ө
алайда мақсат орындалған жоқ. Саудада
жекешелендірілген кәсіпорындардың үлесіне
барлық бөлшек тауарлар айналымының небәрі
4ө ған келеді. Ал олардың жалпы санының
40ө жекешелендірілген елді бұл процесті
жүзеге асыруда жоғарыда айтылғандай
асығыстық, мүлікті талан-таражға салу
басым болды.