Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 20:25, курсовая работа
Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу орындарын қайта құру кезеңінде оқу бағдарламаларында біршама өзгерістер болды. Соның нәтижесінде экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.
Кіріспе................................................................................................................4
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84
Әрбір қосымша өнім бірлігін өндіріп, сатқан сайын фирманың жалпы табысы шекті табыс мөлшеріне өседі. Шекті табыс (MR)-әрбір қосымша сатылған өнімнен түсетін қосымша табыс. Шекті табысты анықтау үшін жалпы табыстың өзгерісін өнім көлемінің өзгерісіне бөлеміз:
MR=∆TR/∆Q.
Сатылған тауар саны бағаны өзгерте алмайды. Бәсекелес фирма әрбір өнімді бірдей бағамен сатады. Сондықтан әрбір қосымша өнім сатылған сайын жалпы табыстың өсімі баға мен өнім көлемі өсімінің көбейтіндісіне тең: ∆TR=P·∆Q.
Сатылған өнім көлемі бағаға әсер етпейтін болғандықтан, бәсекелес фирманың табысы бағаға тең:
MR=P ( ∆Q) /∆Q)=P, MR=P.
Пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін анықтау үшін фирманы басқарушысы шекті табысты шекті шығынмен салыстырады. Егер шекті табыс шекті шығыннан артық болса, қосымша сатылған өнім пайданы өсіреді. Қосымша өнім сатылғанда фирманың пайдасы шекті пайда мөлшеріне өседі. Шекті пайда – шекті табыс пен шекті шығынның айырмашылығы: шекті пайда = MR – MC.
Егер шекті табыс шекті шығыннан кем болса, қосымша сатылған өнім пайданы төмендетеді. Пайданы мейлінше (барынша) арттыру үшін фирма өнім көлемін шекті табыс пен шекті шығын бір – біріне теңескенге дейін өсіреді:
MR = MC
Бұл барлық нарықтық құрылымдағы қызмет істейтін фирмаларға ортақ ереже. Осы ережені ұмытпау керек.
Бәсекелес фирманың шекті табысы бағаға тең болғандықтан, пайданы көтеретін өнім көлемі баға мен шекті шығынның теңдігімен анықталынады (P=MC). Егер шекті шығын бағадан төмен болса, пайданы өсіру үшін өнім көлемін көбейтуге болады.
Қысқа мерзімдегі бәсекелі фирманың пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін анықтау туралы қабылдайтын шешім графиктің көмегімен екі әдісті қолдана отырып көрсетіледі. Бірінші әдіс – жиынтық шығынды жалпы табыспен салыстыру әдісі, екінші әдіс-шекті мөлшерлерді қолдана отырып талдау жасау. Бәсекелес фирманың шекті шығыны, шекті табысы, орташа шығыны, баға және пайданы көтеретін өнім көлімінің арасындағы байланыстарды және фирманың экономикалық пайда алатын жағдайын графиктермен көрсетуге болады.
Пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін анықтау үшін фирма шекті шығынды (MC) шекті табыспен (MR) салыстыра отырып, өндіріс көлемін екеуі теңескенге дейін өсіреді (Q max). Пайданы мейлінше арттыратын тепе – тең өндіріс көлемі – Q max. Егер фирма өнім көлемін одан әрі қарай ұлғайтса, шекті шығын шекті табыстан (бағадан) асып кетеді, пайда төмендей бастайды.
Фирма экономикалық пайданың мөлшерін
анықтау үшін бағаны орташа шығынмен салыстырады.
Ал жалпы пайданы анықтау үшін әрбір сатылған
өнімнен түсетін пайданы сатылған өнім
мөлшеріне көбейтеміз.
Жалпы экономикалық
пайда = (P- AC).Q max.
Бағаны орташа шығынмен салыстыра отырып жалпы пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін анықтау мүмкін емес. Жалпы пайданы ең жоғарғы деңгейге көтеру үшін фирманың басшысы шекті шығынды бағамен (баға шекті табысқа тең) салыстыра отырып өнім көлемін анықтауы керек. Барынша жоғары пайда алу мүмкіншілігі нарықтағы бағаға байланысты екенін білеміз. Ал бағаның өзгерісі нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторларға байланысты болады. Егер фирма тепе – тең жағдайда өнім көлемін қысқартса немесе өсірсе, қарапайым пайдадан да айырылады және зиян шегеді.
Үшінші сұрақты талдағанда біз ұзақ мерзімде бәсекелес фирманың барлық шығындары өзгермелі болатынын білуіміз керек. Егер нарықта экономикалық пайда алу мүмкіншілігі болса, фирмалар жаңа кәсіпорындар сала бастайды, бұрынғы кәсіпорындардың көлемін ұлғайтады және рынокқа жаңа фирмалар кіреді. Егер салада тек қана қарапайым пайда алатын мүмкіншілік болса, нарықтағы фирмалардың саны өзгермейді. Себебі фирмалардың салаға кіруге немесе одан шығуға ынталары болмайды. Егер салада қарапайым пайда алу мүмкіншілігі болмаса, көптеген фирмалар жабылады немесе рыноктан шығып экономикалық пайда әкелетін салаларды іздейді.
Сөйтіп ұзақ мерзімді кезеңде фирма өз өндірісінде қолданатын факторларының барлығын өзгерте алады, сонымен қатар кәсіпорын ауқымын да өзгертуі мүмкін. Ол өз өндірісін ұлғайта алады, немесе саладан шыға алады. Егер экономикалық пайда алса, онда өндірісті ұлғайтуға тырысады.
Ұзақ мерзімдегі пайданы
Шығындар
Қысқа мерзімде бір дана тауардың нарықтағы бағасы 150 т-ге дейік МС1, АС1 шығындары бар фирма қысқа мерзімде осы бағамен 300 дана өнім ұсынып, РВСА төртбұрышының ауданына тең экономикалық пайда алады.Фирма нарықтағы қазіргі баға болашақта да сақталады деп жобаласа, шығындары МС2 және АС2 болатын жаңа кәсіпорын салынады. Ұзақ мерзімде екінші кәсіпорынның шеңберінде өнім көлемін баға мен ұзақ мерзімдегі шекті шығын теңескенде (Д нүктесінде Р=LRMС) дейін 700 данаға өседі. Фирманың мақсаты PDEF төртбұрышының ауданына тең экономикалық пайда алу. Егер нарықтағы баға 150 теңге деңгейінде сақталса, фирманың мақсаты жүзеге асады.
Бірақ бәсекелес фирманың экономикалық пайда алуы ұзаққа созылмайды. Экономикалық пайда ұзақ мерзімде салаға жаңа фирмалардың кіруіне ынта туғызады және салада бұрыннан жұмыс істейтін фирмалар өндіріс көлемін өсіре бастайды. Сондықтан нарықтағы ұсыныс қисығы орнын S1-ден S2-ге ауыстырады (төмендегі 17-ші сурет), ал өнім көлемі Q1-ден Q2-ге өседі. Сұраныс өзгермесе, өнімнің бағасы ұзақ мерзімде 150 т-геден 50-т-геге төмендейді. Егер фирма өнім көлемін 700 данада қалдырса, ол зиян шегеді. Себебі оның қысқа мерзімдегі орташа шығыны (АС2>Р2) нарықтағы жаңа бағадан жоғары.
Фирма пайданы мейлінше көтеретін өнім көлемін 700 данадан 500данаға қысқартуға мәжбүр болады. Ол Р2 =LRMC теңдігіне сәйкес келеді. 500 дана өнім өндіретін кәсіпорынның қысқа мерзімдегі шығындары АС және МС.
Бәсекенің нәтижесінде баға ұзақ мерзімдегі ең төменгі орташа шығынның деңгейіне дейін төмендейді (Р2=LRAC min), ал экономикалық пайда нольге тең. Нарықтағы фирмалар тек қана қарапайым пайда алады. Егер Р<LRAC min болса, фирмалар саладан шыға бастайды. Бұл процесс нарықтағы баға қайтадан көтеріліп, экономикалық пайда нольге теңескенге дейін жалғасады.
Ұзақ мерзімдегі бәсекелес фирманың тепе теңдігі: LRMC=P=LRAC min. Бұл теңдік ұзақ мерзімде жетілген бәсекелі нарықта бірде бір фирма экономикалық пайда алмайтынын көрсетеді. Сонымен қатар нарықтағы фирмалардың өндіріс көлемін өсіруге немесе жаңа фирмалардың нарыққа кіруге ынталары болмайды.
Сонымен, бәсекелес нарықтағы ұзақ мерзімдегі тепе-теңдікті былай сипаттауға болады:
а) Саладағы барлық фирмалар пайдаларын мейлінше өсіреді;
б) Барлық фирмалар қарапайым экономикалық пайда алатын болғандықтан, ешкімнің нарықтан шығуға, я кіруге ынтасы болмайды;
в) Нарықтағы баға ең төменгі ұзақ мерзімдегі орта шығынға (P=LRAC min) тең болады;
г) Нарықтағы тауардың бағасы саладағы ұсыныс мөлшерін сұраныс мөлшеріне теңестіреді.
Ұзақ мерзімдегі бәсекелес фирманың ұсынысы сол фирма жұмыс істейтін саладағы сұраныстың өзгерісіне байланысты қалыптасады. Сондықтан ұзақ мерзімдегі ұсынысты анықтау үшін саладағы фирмалардың сұраныстың өзгерісіне қалай жауап беретінін талдаған дұрыс болады.
Нарықтық ұсыныс барлық фирмалардың ұсынысының қосындысынан тұрады. Ұзақ мерзімде бәсекелес нарықтағы сұраныстың өсуі салалық ұсынысты өсіреді, бірақ өскен баға қайтадан өзінің бұрынғы деңгейіне оралады.
Егер бәсекелес фирманың өніміне сұраныс азайса, тепе-тең баға ұзақ мерзімдегі орташа шығыннан төмен түседі. Нарықтағы бағаның төмендеуі саладағы көптеген фирмалардың жабылуына немесе саладан шығып кетуіне әкеледі. Нарықтағы ұсыныс, баға ұзақ мерзімдегі ең төмен орташа шығынға (LRAC min) теңескенге дейін қысқарады.
Сұраныстың қысқаруы нарықтық ұсынысты азайтады, бірақ ұзақ мерзімде баға бұрыңғы деңгейіне қайта оралады.
Сонымен саланың ұзақ мерзімдегі ұсыныс қисығы тепе-тең жағдайдағы ұсынылған өнімдер мен бағаның арасындағы байланысты көрсетеді.Ұзақ мерзімдегі ұсыныс қисығының кез-келген нүктесінде LRMC-P=LRAC min теңдігі орындалады.
Сұрағымыздың соңында өндірушілер мен тұтынушылардың ұтысы және бәсекелес нарықтың тиімділігіне тоқталамыз.
Тұтынушының ұтысы – тауарға төлеуге даяр ең жоғарғы баға мен нарықтағы бағаның арасындағы айырмашылық. Сұраныс қисығының жоғарыдан төмен қарай еңкіш болуы ең жоғарғы баға төмендеген сайын сатып алатын тауар санының көбейетінін көрсетеді. Осы белгілі қағидаға сүйене отырып тұтынушының ұтысын қарастырамыз.
Тұтынушының жалпы ұтысы – сатып алатын тауарлар үшін төлегісі келетін ақша сомасы мен сол тауарларды сатып алуға кеткен нақты шығынның арасындағы айырмашылық.
Өндірушінің ұтысы – бір өнімнің ең төменгі бағасы мен нарықтық бағаның арасындағы айырмашылық. Ұсыныс қисығы осы ең төменгі бағаны көрсетеді. Бұл ең төменгі баға тауарды өндіруге кеткен шекті шығынға тең. Егер нарықтағы баға шекті шығыннан жоғары болса, өндірушінің пайдасы өседі. Тепе – теңдік жағдайда өндірушінің ұтысы нөльге тең болады. Себебі баға шекті шығынға тең. Өндірушінің ұтысын экономикалық рента деп те атайды.
Өндірушінің жалпы ұтысы өндіріліп сатылған өнімнен алған табыс пен осы өнімдерді өндіруге қажетті ең аз ақша сомасының арасындағы айырмашылықпен анықталынады.
Егер фирма өзінің өзгермелі шығындарын басқа бәсекелес фирмаларға қарағанда қысқартса, оның жалпы ұтысы көбейеді. Өзгермелі шығынның қысқаруы шекті шығынның қисығын төмен оңға жылжытады. Одан ұсыныстың көбейгенін көреміз.
Тұтынушылар мен өндірушілердің ұтыстары
жалпы қоғамның әл – ауқатын сипаттайды.
Сондықтан мемлекеттің экономикалық саясаты,
тұтынушылар мен өндірушілердің ұтыстарына
әсер ету арқылы қоғамның даму деңгейін
өзгертеді.
Негізгі ұғымдар мен түсініктер:
Экономикалық
пайда. Жалпы табыс. Шекті табыс.
Пайданы мейлінше арттыру. Тұтынушының
ұтысы. Өндірушінің ұтысы.
Рефераттар тақырыбы:
1. Пайдаға деген теориялық көзқарастар және оның эволюциясы (бірте – бірте дамуы).
2. Пайданы мейлінше арттыру жолдары.
Әдебиеттер:
Жоспар:
Әдістемелік кеңес:
Бірінші сұрақты бастағанда жетілген бәсекелі нарық нақты экономикада сирек кездесетін таза нарықтық құрылым екенін түсінуіміз керек. Алайда ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарықтық құрылымдардағы фирмалардың тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін жетілген бәсекелестік нарығын қарастырудың маңызы зор.
Жетілген бәсекелес нарығы деп төмендегідей шарттар орындалатын нарық:
- Рынокта саны өте көп, жиынтық ұсыныстағы үлестері аз, тәуелсіз өндірушілер мен сатушылар жұмыс істейді. Олар өнім көлемін немесе жеке ұсыныстың мөлшерін өзгерту арқылы рынокта қалыптасқан бағаны өзгерте алмайды, сондықтан оларды «баға қабылдаушылар» дейді;
- Нарықтағы фирмалар біркелкі, бір – бірінен айырмашылығы жоқ өнімдер ұсынады, сондықтан тұтынушылар бір фирманың өнімін екінші фирманың өнімімен салыстыра отырып таңдау жасамайды. Айырмашылық тек тауардың бағасында ғана болады;
Информация о работе Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары