Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 20:25, курсовая работа
Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу орындарын қайта құру кезеңінде оқу бағдарламаларында біршама өзгерістер болды. Соның нәтижесінде экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.
Кіріспе................................................................................................................4
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84
Әдебиеттер:
12 ӨНДІРІС
ФАКТОРЛАРЫ НАРЫҒЫ
Жоспар:
1. Өндіріс факторларына сұраныс. Ресурстардың шекті пайдалылығы
2. Қысқа және ұзақ мерзімдегі еңбекке сұраныс. Еңбекке салалық және нарықтық сұраныс
3. Монопсония
және монополия. Өндіріс факторлары нарығындағы
монопсония және тауар нарығындағы монополия.
Екі жақты монополия
Әдістемелік кеңес:
Бірінші сұрақты бастағанда біз өндіріс факторларының рыногында фирмалар өнім өндіру үшін қажетті өндіріс факторларын (еңбек, капитал, жер) сатып алады және оларға уақытша қолдану үшін сұраныс білдіретінін білуіміз керек. Өндіріс факторларының қызметінің ақысы нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады.
Өндіріс факторларына сұранысты талдау үшін фирмалар өндіріс факторларының көмегімен тұтынушыларға қажетті өнімдер мен қызметтерді өндіре отырып, пайдаларын мейлінше арттыруға тырысатынын түсінуіміз керек. Өндіріс факторларына сұраныс олардың көмегімен өндірілген соңғы өнімге деген сұраныспен анықталынады. Сондықтан ресурстарға деген сұранысты туынды сұраныс дейді. Егер тұтынушылар рыноктағы тауарға сұраныс білдірмесе, сол тауарды өндіруге қажетті өндіріс факторларына да сұраныс болмайды. Кез келген ресурсқа туынды сұраныстың тұрақты болуы, біріншіден, ресурстың өнімділігіне, екіншіден, ресурстың көмегімен өндірілген тауардың рыноктағы бағасына байланысты болады.
Жетілген бәсекелі нарықта ақшалай шекті өнімнің өзгеру бағытын көрсететін қисық кез келген фирманың ресурсқа деген сұранысың сипаттайды. Бірақ жетілмеген бәсекелі нарықта жұмыс істейтін фирмалардың ресурстарға сұранысының ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер монополистер мен олигаполистердің өніміне сұраныстың бағаға икемділігіне, олардың дайын өнімдерге баға белгілеу саясатына байланысты болады. Монополистердің өніміне сұраныс қисығы жоғарыдан төмен қарай еңкіш, яғни сататын қосымша өнім көлемін өсіру үшін бағаны төмендету керек немесе бағаны жоғары деңгейде ұстап отыру үшін өнім көлемін қысқарту қажет. Монополистің ақшалай шекті өнімінің қысқаруы шекті өнімінің (MP) қысқаруымен ғана емес, қосымша өнімді сату үшін төмендетілетін бағаға да байланысты болады.
Ресурстарға сұраныстың ерекшеліктері ресурстарды өндіріс факторы ретінде қолданудың ерекшеліктерімен де анықталынады. Өндіріс факторларын жеке – жеке қолдануға болмайды. Олар бір – бірімен тығыз байланысты және бірін – бірі толықтырады. Сондықтан капиталға өскен сұраныс еңбекке де сұранысты өсіреді. Өндіріс процесінде көптеген ресурстардың әр түрлі үйлесімдері қолданылады. Ресурстардың үйлесімдерін өзгерту қысқа және ұзақ мерзім уақытына байланысты болғандықтан, ол ресурстарға деген сұранысқа да әсер етеді.
Фирмалар мейлінше аз шығынмен көп пайда табу үшін ресурстардың ұтымды үйлесімдерін қолдануға мүдделі болады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін екі ереже орындалуы керек. Бірінші ереже: мейлінше аз шығын ережесі: Белгілі өнім көлемі аз шығынмен қамтамасыз ету үшін, әрбір ресурсқа шыққан соңғы теңгенің шекті өнімі бірдей болуы керек. Егер өндірісте екі фактор ғана (капитал және еңбек) қолданылады деп жорамал жасасақ, мейлінше аз шығынға қол жеткізу үшін мына теңдік орындалуы керек:
MPL/PL=MPK/PK
Мұндағы MPL – еңбектің шекті өнімі, PL – еңбектің бағасы, MPK – капиталдың шекті өнімі, PK – капиталдың бағасы.
Екінші ереже: пайданы мейлінше өсіру ережесі. Пайданы мейлінше өсіру үшін тек шығынды төмендету жеткіліксіз. Бұрынғы өткен тақырыптардан біздің білетініміз, пайданы мейлінше өсіру үшін MR=MC теңдігін қамтамасыз ету керек. Енді осы теңдікті бірінші ереженің талабына сәйкес қарастырып көрейік.
Экономикалық ресурстарды қолданудан
алатын пайданы мейлінше арттыру үшін
олардың ақшалай шекті өнімдері бағаларына
тең болулары керек. Мысалы, екі факторлы
өндірісте PL=MRPL және PK=MRPK
болулары керек. Бұл ережені басқаша былай
көрсетеміз:
MRPL/PL=MRPK/PK=1;
Осы қатынастардың нәтижелері бірге тең болу үшін өндіріс факторларының ақшалай шекті өнімдері олардың бағаларына тең болулары керек. Пайданы мейлінше арттыру үшін фирмаға капитал мен еңбектің санын, олардың ақшалай шекті өнімдері бағаға теңескенге дейін көбейту керек. Егер капитал мен еңбектің шекті шығындарын олардың шекті өнімдеріне бөлсек, онда жалпы шығынның өсімін немесе шекті шығындарды аламыз. Фирма мейлінше аз шығынмен, ең жоғарғы пайдаға қол жеткізуге қажетті өнім көлемін өндіруге мүмкіндік беретін ресурстардың үйлесімдерін іздейді.
Екінші сұрақты талдағанда біз сатып алатын ресурстардың бағасына әсер ету рыноктағы бәсекенің дәрежесіне байланысты болатынын ескеруіміз керек. Жетілген бәсекелі ресурстардың нарығында сатып алушылар олардың бағасын өзгерте алмайды. Ресурстардың бағалары нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына байланысты қалыптасады.
Еңбек ресурсы өндіріс процесінің маңызды факторына жатады. Еңбек қызметінің ақысы нарықтық табыстардың негізгі бөлігін құрайды. Еңбек қызметін ұсыну мен оған сұраныстың өзіне тән ерекшеліктері бар. Жеке адам өзінің еңбек процесіне сәйкес келетін қара күші мен ақыл-ой қабілетін ұсынады. Оны сатып алу және қолдану адамның өзінен бөлек болмайды. Ол еңбекті жолдаушының иелігіне мүлдем өтпейді, оны тек қана уақытша қолданады. Еңбек – адам ресурсы, сондықтан оның қызметін қолдану барысында жұмыскерлер мен қызметкерлерге ерекше әлеуметтік, экономикалық және психологиялық жағдайлар жасау қажет.
Пайдасын көтерем деген фирма еңбек ресурсының қызметіне сұраныс білдіргенде, шекті шығын мен шекті табысты салыстыру принципіне сүйенеді. Фирма қосымша өнім көлемін өсіру үшін қосымша еңбек ресурсының қызметіне сұраныс білдіреді. Бірақ бұл сұраныстың мөлшері қосымша еңбек ресурсының көмегімен өндірілетін қосымша өнім мен оны сатқаннан түсетін қосымша табыстың мөлшеріне байланысты болады.
Бәсекелес фирманың еңбекке сұранысының мөлшері (оған әсер ететін басқа факторлар тұрақты болса) еңбекақының деңгейіне кері байланысты. Шекті өнімділіктің төмендеу заңына сәйкес қысқа мерзімде еңбектің саны көбейген сайын оның шекті өнімі азаяды. Бәсекелі фирманың еңбекке сұранысына еңбекақының деңгейінен басқа да факторлар әсер етеді. Олардың негізгілері болып мына факторлар жатады:
а) Фирманың өніміне сұраныс. Фирманың өніміне сұраныс өссе, оның нарықтағы бағасы да өседі. Нарықтық бағаның өсуі шекті өнімнен түсетін шекті табысты өсіреді. Бұрынғы еңбекақының деңгейінде фирманың еңбекке сұранысы өседі. Керісінше фирманың өніміне сұраныс қысқарса, еңбектің қызметіне де сұраныс азаяды.
б) Бір – бірінің орнына жүретін (субституттар) және бірін-бірі толықтыратын (комплементтер) ресурстардың бағасы мен мөлшері. Еңбектің орнын басатын ресурстардың бағасы төмендесе және олардың саны өссе, еңбекке сұраныс қысқарады. Мысалы, мейрамханадағы ыдыстарды жуатын машинаның бағасы төмендесе, ыдыс жуатын адамдардың еңбегіне сұраныс қысқарады. Ыдыс жуатын машинаның саны өскен сайын, ыдыс жуатын адамдардың саны азаяды. Мейрамханадағы столдардың саны көбейсе, оларға қызмет көрсететін даяшылардың (официант) қызметіне де сұраныс өседі.
в) Ресурстардың шекті өніміне әсер ететін технологиялық өзгерістер. Егер жаңа технология ресурстың шекті өнімінен түсетін табысты өсірсе, онда ресурсқа сұраныс өседі.
Енді осы сұрақтың соңында еңбекке салалық және нарықтық сұранысты қарастырамыз. Әрбір мүмкін баға деңгейінде білдіретін жеке фирмалар мен салалардың сұраныстарының мөлшерінің сомасын ресурсқа салалық сұраныс дейді. Басқа факторлар өзгермей, нарықтағы еңбекақы төмендесе, еңбекке салалық сұраныс өседі. Рынокта ұсынатын тауар саны көбейеді де, ол тауардың бағасының төмендеуіне әкеледі. Бағаның төмендеуі қосымша еңбек өнімінің шекті табысын азайтады. Одан еңбекке салалық сұраныстың қысқарғанын көреміз. Сонымен, еңбекақының төмендеуі өнім көлемі мен оның бағасына әсер ету арқылы саладағы еңбекке сұраныстың төмендеуіне ықпал етеді.
Еңбекке сұраныстың еңбекақыға икемділігі – еңбекақының әрбір пайыздық өзгерісіне байланысты еңбекке сұраныс мөлшерінің пайыздық өзгерісі. Оның коэффициентін былай анықтауға болады: EL=(∆L/L)/(∆WW);
Мұндағы L – еңбектің сағатпен өлшенетін саны, W – саладағы еңбекақының нарықтық ставкасы.
Еңбекке сұраныстың еңбекақыға икемділігіне әсер ететін факторлар: саланың өніміне сұраныстың бағаға икемділігі; еңбекті басқа ресурстармен алмастырудың техникалық мүмкіншілігі, салада қолданылатын басқа ресурстар ұсынысының икемділігі және ресурстарды алмастыруға қажетті уақыт мерзімі.
Еңбекке нарықтық сұраныс – дегеніміз кез – келген баға деңгейіндегі барлық салалардың еңбекке сұраныс көлемінің сомасы. Нарықтық сұраныстың мөлшерін анықтау үшін аймақтағы барлық салалардың әр түрлі баға деңгейінде білдіретін салалық сұраныстардың мөлшерін қосамыз.
Үшінші сұрақты талдағанда біз сатушылар мен сатып алушылар рыноктағы ресурстардың (еңбектің) бағасына әсер ете алатын болса, ондай нарықты жетілмеген бәсекелі нарық деп аталатынын түсінуіміз керек. Ресурстарға сұраныс дайын өнімдердің сұранысына байланысты болғандықтан, ресурстар нарығы тауар нарығымен байланысты талданады.
Дайын өнімдер рыногында қызмет істейтін фирма монополист болса, оның нарықтағы ұсынысы бәсекелі фирманың ұсынысына қарағанда аз, ал өнімнің бағасы жоғары болады. Біз жоғарыда, тоғызыншы тақырыпты талдағанда монополия және монопсонияға талдау жасап анықтама бергенбіз. Естеріңізге сала кетейік, монополия жеке өндіруші тауар рыногын бақылап және сол рынокта үстемдік алған кезде пайда болатын құбылыс. Ол рынокта ешқандай бәсекелестерсіз бір ғана сатушы болған кезде пайда болады. Оның ерекшелігі сол, сатушы өз бағасын өте кең көлемде ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек төлем қабілеттік сұраныспен шектеледі. Сонымен қатар, кейбір жағдайда рынокта тек бір ғана сатып алушы болады – ол монопсония деп аталады (гр. жалғыз сатып аламын деген сөз).
Дайын өнімдерді аз ұсынатын монополист фирма еңбекке де сұранысты аз білдіреді. Монополист фирманың шекті табысы өнімнің бағасынан төмен болады (MR<P). Демек еңбектің шекті өнімінен түскен шекті табыс сол шекті өнімнің құнынан төмен: MRPL<VMPL;
Монополист фирма қосымша жұмыс күшін жалдау туралы шешім қабылдағанда шекті өнімнің құны емес, қосымша қабылданған жұмыс күшінің жалпы табыстағы үлесін ескереді.
Тауарлар мен қызметтерді өндіріп сататын фирмалар тауар нарығы мен еңбек нарығында бәсекелі фирма болуы мүмкін. Кейбір фирмалар тауар нарығында бәсекелі фирма болғанымен еңбек нарығында монопсонист болуы мүмкін. Тауар нарығында монополист, ал еңбек нарығында бәсекелі фирма ретінде қызмет істейтін фирмаларда болады. Тауар нарығында монополист, ал еңбек нарығында монопсонистер де кездеседі. Демек, жұмыскер өзінің еңбегін әр-түрлі нарықтық құрылымдарда ұсынады.
Еңбек нарығындағы барлық жұмыс күшін сатып алатын бір ғана фирманы монопсонист дейді. Таза монопсонист еңбек нарығында сирек кездескенімен, кіші қалаларда барлық жұмыскерлерді немесе олардың басым көпшілігін жұмысқа қабылдайтын жалғыз фирма болуы мүмкін. Монопсонист фирмалардың еңбек нарығындағы сұранысы еңбекақының деңгейіне әсер етеді. Сондықтан монопсонист еңбектің қызметіне сұранысын өзгерте отырып, еңбекақының деңгейіне әсер етеді. Монопсонистің нарықтағы билігінің мәні осында.
Монопсонист фирма нарықтағы барлық жұмыс күшін жалдайтын болғандықтан, ол қосымша жұмыс күшін өзіне тарту үшін еңбекақыны өсіреді. Сондықтан монопсонист нарығындағы еңбек ұсынысының қисығы төменнен жоғары көтерілетін сызық.
Еңбек нарығында жалғыз сатушының болуы өте сирек кездеседі. Соған қарамастан ерекше қабілеті бар әншілер, бишілер, спортшылар мен басқа да мамандықтардың иелері өздерінің қабілеттерін жалғыз сатушылар ретінде ұсынулары мүмкін. Жалдамалы жұмысшылар мен қызметкерлер өздерінің жұмыс күштерін кәсіподақтар арқылы ұсынады. Кәсіподақтар өздерінің мүшелерінің атынан фирмалардың менеджерлерімен келіссөз жүргізеді. Келіссөзде еңбекақының деңгейі, жұмыс уақыты, еңбектің жағдайы және әртүрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен көмектер, еңбектің қауіпсіздігі және т.б. әлеуметтік – экономикалық мәселелер қарастырылады.
Еңбек нарығында жұмыс күшін монополист монопсонист фирмаға сататын болса, онда екіжақты монополия деп аталатын нарықтық құрылым пайда болады. Бұл нарықта еңбектің бағасына сатушы мен сатып алушының екіжақты билігі орнайды. Екі жақты монополия нарығында теңдік жоқ. Монополист пен монопсонистің белгілейтін еңбекақыларының деңгейлері бір – біріне сәйкес келмейді. Монополист пен монопсонист қайткен күнде де келісімге келулері қажет. Себебі нарықта олардан басқа ешкім жоқ.
Информация о работе Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары