Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 20:25, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу орындарын қайта құру кезеңінде оқу бағдарламаларында біршама өзгерістер болды. Соның нәтижесінде экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................4
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84

Файлы: 1 файл

Микроэкономика.doc

— 1.13 Мб (Скачать)

     Барлық  адамдар бірге тұтынатын экономикалық игіліктерді таза қоғамдық игіліктер дейді. Оларды бағалау мүмкін болғанымен, жеке адамдарға сату мүмкін емес. Себебі таза қоғамдық игіліктерді бір жеке адам сатып алса, одан басқа адамдар да пайда алады. Мысалы, егер көп қабатты үйде тұратын бір адам сол үйдің кіре берісіне өзі үшін шам ілсе, одан сол дәлізде тұратын адамдар және оларға кешкісін келетін қонақтар да тегін пайдалылық алады. Демек, таза қоғамдық игіліктерді өндіру мен тұтыну жағымды әсер туғызады. Таза қоғамдық игіліктерге ұлттық қорғаныс, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және т.б. барлық адамдарға ортақ игіліктер жатады.

      Таза қоғамдық игіліктердің мынадай ерекшеліктерін атауға болады:

а) тұтынудан ешкімді ажырату мүмкіншілігінің болмауы. Таза қоғамдық игіліктерді тұтынғаны үшін ақы төлегісі келмеген адамдарды тұтынушылардың қатарынан шығарып жіберу мүмкін емес. Таза қоғамдық игіліктерді жеке дара бағалап сату мүмкін болмағандықтан, оларды тегін тұтынатын адамдарды анықтау және тұтынудан ажырату өте қымбатқа түседі;

б) бәсекенің болмауы. Таза қоғамдық игіліктер барлық тұтынушыларға ортақ болады. Оларды тұтынудың деңгейі тұтынушылардың санына байланысты болмайды. Қосымша тұтынушылардың пайда болуы, бұрынғы тұтынушылардың тұтыну деңгейлерін төмендетпейді. Қосымша тұтынушының тұтыну қажетін қанағаттандыру үшін, өндірілген таза қоғамдық игіліктің шекті шығыны нольге тең. Таза жеке игіліктерге қарағанда таза қоғамдық игіліктерді тұтыну адамдардың арасында бәсекелестік туғызбайды;

в) таза қоғамдық игіліктерді өндіру және тұтыну жағымды сыртқы әсерлер туғызады. Егер таза қоғамдық игіліктерді бір адам үшін өндірсе, басқа адамдар да пайда алады. Сондықтан таза қоғамдық игіліктердің ұсынысы тиімді деңгейден төмен болады.

     Көптеген  игіліктер барлық тұрғындарға ортақ  болғанымен, оларды таза қоғамдық игіліктерге  жатқызуға болмайды. Мысалы, үкіметтен  тұрғындар зейнетақы алады, жұмыссыздар жәрдемақы алады, балалар мектепке тегін барады, қаланың көшесіндегі жолдармен барлық халық жүреді. Соған қарамастан, оларды көп жағдайда жеке бағалай отырып, тұтынушылардан ақ алуға болады.

     Кейбір  жағдайларда тұтынушылар санының  өсуі олардың арасында бәсеке де тұғызады. Мысалы, жолда жүретін көліктердің саны өскен сайын жол қатынасы қиындайды, жолдарды кеңейту мәселесі пайда болады, көптеген балалар ақылы мектептерге барады, жол салығы, көлік салығы арқылы үшінші адамдардың тегін пайдалылық алуына кедергі қоюға болады. Осындай игіліктерді үкімет ұсынатын игіліктер деп атайды.

      Есте сақтайтын нәрсе, үкімет  ұсынатын игіліктер бір нақты  тұтыну деңгейіне дейін тұтынушыны  таңдамайды. Бірақ, жаңа тұтынушылардың  саны көбейген сайын бұрынғы тұтынушылардың тұтыну деңгейлері төмендей бастайды. Осындай игіліктерді асып кететін қоғамдық игіліктер дейді. Кейбір игіліктерді тұтынудан ешкімді ажырата алмағанмен, қосымша тұтынушыларды анықтау және оларды ақы төлеуге мәжбүр ету, немесе тұтыну мүмкіншілігінен ажырату қиын болмайды. Осындай игіліктерді жеке фирмалар да өндіріп, нарықта сата алады. Демек, үкімет ұсынатын игіліктерді аралық игіліктер деп атауға болады. Оларға таза қоғамдық игіліктер мен таза жеке игіліктердің ерекшеліктері ортақ болады.

Екінші сұрақты талдағанда біз таза қоғамдық игіліктерді жеке дара бағалау мен сату мүмкін болмағандықтан, сұраныс мөлшері баға деңгейіне байланысты болмайтының ұғуымыз керек. Таза қоғамдық игіліктердің сұраныс қисығын алу үшін кез келген бағаға сәйкес келетін жеке шекті пайдалылықтарды қосу керек. Ол үшін жеке сұраныс қисықтарын тігінен қосамыз. Оны төмендегі 22-ші суреттен көреміз.

   Егер таза жеке игіліктерді тұтыну әрбір адамның қалауына, материалдық тұрмыс жағдайына байланысты болса, таза қоғамдық игіліктерді тұтыну деңгейі барлық адамдар үшін бірдей болады. Әрбір тұтынушы барлық ұсынылған таза қоғамдық игіліктерді толық және бір мезгілде тұтынады. Жоғарыдағы графикте көрсетілгендей, таза қоғамдық игілікті тұтынушының саны 3 адам, сұраныс мөлшері осы үш адамның жеке сұраныс мөлшерінің қосындысымен анықталады: Qd=q i ;

Мұндағы qi - әрбір i тұтынушының тұтыну деңгейі (i=1,2,….n). qi =10. Әрбір тұтынушының бір мезгілдегі тұтыну деңгейі 10-ға тең.

     Демек, QS=10. Сұраныс қисығын алу үшін әрбір тұтынушының шекті пайдалылығын қосамыз. Бірінші тұтынушының 10 игілікті тұтынудан алатын шекті пайдалылығы 100 т-ге, екінші тұтынушыдан алатын шекті пайдалылығы 200 т-ге, ал үшінші тұтынушының алатын шекті пайдалылығы 300 т-ге болса, нарықта ұсынылған 10 дана таза қоғамдық игіліктен алатын пайдалылықтын мөлшері 600 т-ге болады.

     Таза қоғамдық игіліктің бағасы әрбір тұтынушының төлейтін бағаларының қосындысымен анықталынады. Экономикалық ресурстарды тиімді қолдану үшін таза қоғамдық игіліктерді тұтынудан алатын шекті пайдалылық оларды өндіруге кететін шекті шығынға тең болуы керек. 

Негізгі ұғымдар мен түсініктер:

     Жеке  игіліктер. Қоғамдық игіліктер. Игіліктің  шекті пайдалылығы. Игіліктің қоғамдық пайдалылығы. Қоғамдық игіліктерге сұраныс пен ұсыным 

Рефераттар тақырыбы:

  1. Таза қоғамдық және таза жеке игіліктердің ерекшеліктері
  2. Шекті қоғамдық шығындар
 

Әдебиеттер:

1  Вериан  Х.Р. Микроэкономика. Промежуточный  уровень. Современный 

    подход: учебн. М., 1997, гл. 35.

2  Гальперин  В.М. Игнатьев С.М. , Моргунов В.И. Микроэкономика т.2.

    М., 1996,  гл.17.

3  Долан Дж. Линдсей Д. Микроэкономика, СПБ, 1994. гл.4,15

4  Емцов  Р.Г., Лукин М.Ю. Микроэкономика, Учебн.  М., МГУ, 1995,

    гл.14.15.

5  Курс  Экономической теории, уч. пособие  под. А.В. Сидоровича, М.,

    МГУ. 1997. гл. 19.

6  Пиндайк  Р., Рубинфильд Д. Микроэкономика, М. 2000. гл. 17

7  Фишер  С., Дорбнуш Р. , Шмалнези Р. Экономика  М., 1995. гл.. 4. 
 

15      ЭКСТРНАЛИЛЕР ( СЫРТҚЫ ӘСЕРЛЕР) 

Жоспар:

1 Сыртқы әсерлер. Оң және теріс әсерлер. Жалпы және шекті сыртқы

    шығындар

2 Сыртқы әсерлердің проблемаларын шешу жолдары. Мемлекет рөлі 

Әдістемелік кеңес:

     Бірінші сұрақты бастамас бұрын, біз алдымен сыртқы әсерлер теориясының мәнін аша отырып, жағымды және жағымсыз әсерлерді реттеу механизмдерін және олардың тиімділігін талдаймыз. Тақырыпта қарастырылатын сыртқы әсерлер теориясының практикалық маңызы зор. Жағымды және жағымсыз әсерлерді реттеу қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық игіліктерді тұтыну деңгейін көтеру мәселелерін шешуге көмектеседі.

     Рынок тиімді қызмет істеу үшін тауарлар мен қызметтердің бағалары, олардың альтернативті құнын көрсетулері керек. Баға арқылы өндірілген өнімнің ең болмағанда альтернативті құны қайтарылмаса, өндірушінің тауарды өндіруге ынтасы болмайды.

      Көп жағдайларда тауарлар мен қызметтерді өндіру немесе тұтыну барысында пайда болатын шығындар мен пайдалылықтар нарықтағы бағада есептелінбей қалады. Нарықтағы бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтарды сыртқы әсерлер дейді. Бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтарды тауарлар мен қызметтерді өндіру мен тұтынуға ешқандай қатысы жоқ үшінші адамдар көтереді (шығын) немесе тегін алады (пайдалылық). Сыртқы әсерлер жағымсыз және жағымды әсерлер болып екіге бөлінеді.

     Жағымсыз  сыртқы әсерлер (экстрналии) – бұл өнімнің бағасында есептелінбеген, өндірісте қолданылған ресурстардың құны. Жағымсыз сыртқы әсердің зардабын өндірілген өнімге ешқандай қатысы жоқ адамдар шегеді. Жағымсыз сыртқы әсердің мысалы ретінде қоршаған ортаны ластауды келтіруге болады. Мысалы, кәсіпорын өндіріс қалдықтарын көлге тастайды. Көлді қолданудың альтернативті құны өндірілген өнімнің шекті шығынының құрамында есептелінбейді. Яғни, көлді қолданудың шекті шығыны өнімнің бағасынан тыс қалады. Көлге өндіріс қалдықтарын тастаудан, одан балық аулап күн көретін, көл жағасында демалып суға шомылатын адамдар зардап шегеді. Жағымсыз сыртқы әсердің көптеген мысалдарын келтіруге болады. Қалада жүретін машиналар, қала ішінде немесе оның маңында орналасқан кәсіпорындар ауаны ластайды, одан қала тұрғындары әр түрлі зардаптар шегеді.

     Өндіріс қалдықтарын қоршаған ортаға тастау фирмаларға арзанға түседі немесе мүлдем тегін болады. Егер фирма қалдықтарды жоятын технология қолданса, ол оған қымбатқа түсер еді. Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар көбейген сайын оларды жоюдың шекті шығыны төмендейді. Ол қалдықтарды жоятын қымбат технологияны қолдануға аса ынта туғызбайды.

    Кейбір экономист – ғалымдар қоршаған ортаны ластаудың оптимальды мөлшерін анықтау туралы ұсыныс жасайды. Қазіргі кезеңде қоршаған ортаны мүлдем ластамау мүмкін емес болғандықтан, қалдықтарды қоршаған ортаға тастаудың оптималды мөлшерін анықтау қажет деген ой айтылады. Оның мәнін төмендегі 23 суреттен көреміз. Графикте қоршаған ортаны ластаудың шекті әлеуметтік шығыны мен қалдықты қоршаған ортаға тастаудың шекті құны көрсетілген.

     Суреттегі Е нүктесінде қалдықты қоршаған ортаға шашудың шекті құны ластаудың  шекті әлеуметтік шығынына тең. Демек, осы теңдікпен ластаудың оптимальды мөлшері анықталынады. Егер ластау мөлшері оптималды мөлшерден  асып кетсе, қоршаған ортаны қосымша ластаудың шығыны оның пайдасынан көп. Яғни, Е нүктесінің оң жағында ластауды төмендету қажет және оған бағытталған қаржы орынды деп есептелінеді. Ал егер ластау мөлшері оптимальды мөлшерден кем болса, қоршаған ортаға тастаған қалдықтың шекті құны әлеуметтік шығыннан көп. Сондықтан Е нүктесінің сол жағында ластауды төмендету қажет емес және оған бағытталған қаржы тиімсіз болады деген ойлар айтылады.

     Енді  жетілген бәсекелі нарықтағы жағымсыз және жағымды сыртқы әсерлердің салдарын талдаймыз. Өнімді өндіруге және тұтынуға байланысты барлық шығындарды (өндірушінің, тұтынушының және үшінші адамдардың)  әлеуметтік (қоғамдық) шығындар дейміз  (Т S C).  Ол жалпы жеке шығын

(Т Р  С) мен жиынтық сыртқы шығынның (Т Е С) қосындысы:   

                                             Т S C = Т Р С + Т Е С 

        Қоршаған ортаны ластайтын өнім көлемі өскен сайын жиынтық сыртқы шығын (Т Е С) шекті сыртқы шығынның (М Е С) мөлшеріне өседі. Демек өнім көлемі өскен сайын қоршаған ортаның ластануы да өседі.

       Әрбір қосымша өндірілген өнімнің шекті сыртқы шығынының (М Е С) өндіруші емес, өндіруге және тұтынуға қатысы жоқ үшінші адам көтереді. Шекті сыртқы шығынның мөлшерін анықтау үшін жиынтық сыртқы шығынның өзгерісін өнім көлемінің өзгерісіне бөлеміз:  

М Е С = Т Е С/ Q. 

      Шекті сыртқы шығын мөлшері өссе, шекті әлеуметтік шығын да (МSС)  өседі:   

М S C =   T S C /  Q. 

Өндірушінің шекті жеке шығыны:  

М Р С  = Т Р С / Q. 

Яғни, шекті  әлеуметтік шығын өндірушінің шекті  жеке шығыны мен шекті сыртқы шығынның қосындысы:   

М S C = М Р С + М Е С. 

    Шекті сыртқы шығын өнім көлемі өскен сайың бір деңгейге өседі деп жорамал жасай отырып төмендегі 24 суреттегі графиктің көмегімен жағымсыз сыртқы әсердің салдарын көруге болады. Өнімге сұраныс тұтынушыларға әкелетін шекті қогамдық пайдалылықты (М S B) көрсетеді. Өнім ұсынысының қисығы жеке өндірушінің шекті шығынын көрсетеді (МРС).      

 М S C =М Р С +М Е С                          

             

     Жоғарғы суретте жағымсыз сыртқы әсер туғызатын өнімге сұраныс пен ұсыныс көрсетілген. Z1 нүктесінде шекті шығын мен шекті коғамдық пайдалылық тең : М S B = М Р С. Q1 мың дана өнім өндіріледі және нарықтағы бір дана өнімнің тепе –тең бағасы 100 т-ге.

     Жағымсыз сыртқы әсер туғызатын өнімдердің шекті коғамдық шығыны (М S C) шекті жеке шығыннан (М Р С) көп. Себебі өндірушінің шекті жеке шығынының құрамында шекті сыртқы шығын (М Е С) есептелінбейді. 

Информация о работе Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары