Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 20:25, курсовая работа
Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу орындарын қайта құру кезеңінде оқу бағдарламаларында біршама өзгерістер болды. Соның нәтижесінде экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.
Кіріспе................................................................................................................4
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84
Жалпы екіжақты монополия нарығы сирек
кездеседі. Соған қарамастан екіжақты
монополия жағдайы кәсіподақтар мен кәсіпкерлердің
ассоцияларының арасында немесе кәсіпқой
спорт саласында кездеседі.
Негізгі ұғымдар мен түсініктер:
Өндіріс
факторларына сұраныс. Ресурстардың ұтымды
үйлесімдері. Қысқа және ұзақ мерзімдегі
еңбекке сұраныс. Монопсония және монополия.
Екі жақты монополия.
Рефераттар тақырыбы:
1. Капитал ресурстарының нарығы және процент.
2. Жер ресурсының
рыногі.
Әдебиеттер:
1. Вериан Х.Р. Микроэкономика, Промежуточный уровень Современный подход. учебн. М., 1997. гл. 1, 3
2. Долан Дж. Линдсей Д. Микроэкономика, СПБ, 1994. гл.10.
3. Емцов Р.Г. , Лукин М.Ю. Микроэкономика, учебн. М., МГУ, 1999 гл.10
4. Жуманазар С.А. Экономикалық теория. Оқу құралы, Өскемен. 2004, 15 тақырып
5. Максимова В.Ф. Микроэкономики, учебн. М.1996. гл.12
6. Микроэкономика, учебн. под ред. Е.Б. Яковлевой, М., 1992 гл.14.
7. Пиндайк
Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика, М., 1992.
гл.13.
13 ЖАЛПЫ
ТЕПЕ-ТЕҢДІК
Жоспар:
1 Экономикадағы жалпы тепе-теңдік. Өндіріс тиімділігі. Парето бойынша тиімділік.
2 Өндірістік
мүмкіндіктер шегі.
Әдістемелік кеңес:
Бірінші сұрақты талдағанда біз нарықты экономиканың бір ерекшелігі сол, бір рыноктағы тепе-теңдік, басқа көптеген рыноктардағы тепе-теңдікпен байланысты болатынын түсінуіміз керек. Еркін бәсекелестік кезінде тауарға қойылған жиынтық баға жалпы тепе-теңдік жағдайына тең болады, егер мынадай үш - шарт орындалса:
а) барлық тұтынушылар берілген бюджеттік шектеулерге байланысты өзінің пайдалығын ұлғайтады;
б) қолдағы бар технология бойынша барлық фирмалар өздерінің пайдасын барынша ұлғайтады;
в) барлық тауарлар үшін ұсыным сұранысқа тең.
Сөйтіп,
біз жеке дара өндірісті, айырбасты
және тұтынуды қарастырып болғаннан
кейін, тұтас экономикадағы
Жоғарыда біз өндіріс процесін
және тұтынуды талдағанымызда
білгеніміз, игіліктер нарығындағы
сұраныс функциясы мен өндіріс
факторлары рыногындағы ұсыным
тұтынушылардың қажетті
Жалпы барлық нарықтық шаруашылық моделінде құрылымдық одақ кезінде мыналарды біріктіреді:
Сұраныс, ұсыным және барлық игіліктер бағасы және өндіріс факторлары жалпы тепе-теңдік үлгісін шешудің элементтерін құрайды. Бағаның кез-келген нарықтағы өзгерісі бірден басқа рыноктардағы тепе-теңдік жағдайды өзгертеді.
Берілген тауарлар ұсынымы тиімді болады, егер бір тұтынушының тұрмыс жағдайын басқа тұтынушының тұрмыс жағдайын төмендету арқылы қол жеткізсе. Сонымен қатар ресурстарды ұсыну тиімді болады, егер өндіруді көбейту мүмкін болмайды, біз кем дегенде өндірілетін тауарлар ішінен біреуін кемітпесек.
Өнім өндіру үшін өндірістің барлық факторларының өзара әрекеті қажет, олардың жеке дара өнім өндіруге де, пайда табуға да қабілеті жоқ екендігі даусыз. Өндіріс процесінде оның факторлары өзара байланысты әрекет етеді, кей жағдайда бірін-бірі толықтырады, алмастырады. Нақты өндіріс жағдайында кәсіпкерді әрдайым толғандыратын мәселе-өндіріс процесінде белгіленген өндіріс факторларымен өндірілетін өнімнің саны мен сапасы. Техника мен еңбек өнімділігінің белгілі бір даму кезеңінде белгіленген өндіріс факторларының қуатымен өнім өндірудің максималды шамасына жетуі мүмкін.
Өндірістің екі факторының өзара байланысын сипаттайтын арақатынас өндірістік функцияны көрсетеді. Өндірістік функция деп - өндіріс факторларының жиынтық шығындары мен максималды өнім өндірудегі өзара байланысын сипаттайтын техникалық арақатынасты айтамыз.
Өндіріс функциясының мән маңызы альтернативті (бірдей) мүмкіндіктің барлығына әр қилы өндіріс факторларының үйлесімділігі. Өндірістің әр қилы факторлары орын алатындықтан, олардың оптималды арақатынасын қамтамасыз ету мүмкіндігі де бар. Өндірістік функция өндіріс факторларының бір бірімен алмасу мүмкіндігі болатындығын көрсетеді.
Сұрақтың соңында Парето бойынша тиімділікті талдаймыз. Бәсекелес нарықта фирмалардың біреуінің қабылдаған шешімі екіншісінің қабылдайтын шешіміне әсер етеді. Сондықтан олар шешім қабылдағанда, өздерінің бәсекелестерінің қарсы қабылдайтын жауаптарын болжап білуге және оларды жан-жақты талдай отырып, өзінің пайдасына айналдыруға тырысады.Нарықта бір бірімен байланысты қабылданатын шешімдердің ұтымды болуы немесе нарықта жалғыз тепе-тендіктің орнауы міндетті емес. Әрбір фирманың қабылдайтын шешіміне көптеген факторлар әсер етеді. Сондықтан өзара байланыстылық шеңберінде нарықта әр түрлі тепе-тендіктер қалыптасуы мүмкін.
Жетілген
бәсекелік нарықта жалпы
Екінші сұрақты талдағанда біз экономикалық іс- әрекеттердің әр түрлі тәсілдері міндетті түрде баламалы немесе бірін-бірі ығыстыра алатын (жоққа шығаратын) болуы тиіс. Бұл шарт орындалмаса орындау тәсілдерінің қай қайсысын да қолдануға болады және ешқайсысы да бір-біріне кедергі болмайды.
Бұдан түсінетініміз, экономикалық шешімді қабылдау проблемасы - шын мәнінде экономикалық іс-әрекеттердің бірнеше баламалы нұсқаларының ішінен біреуін таңдау проблемасы және мұндай жағдай берілген экономикалық субъектіге нақты мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар баламалы қадамдардың ішінен таңдау қажеттігі де берілген уақытта туады.
Жоғарыда айтылғандай, әрбір экономикалық іс әрекет белгілі бір өзіне сай қажеттілікті анықтаудан басталады. Әрине қажеттікте шек болмайды. Белгілі бір уақыт аралығындағы қажеттілігімізді уақытша қанағаттандырғанда, ол басқа жаңа қажеттіліктер туғызып күрделене, тереңдей түсетіні сөзсіз. Сондықтан бұл мәселелер көбінесе тұрақты болады. Ал екінші жағынан біздің қажеттігімізді қанағаттандыратын ресурстар мен технологиялар әрқашанда шектеулі болады. Біріншіден, бұл табиғатта кездесетін игіліктердің әр түрлі мөлшерде болуы, мысалы, кейбір игіліктер басқаларына қарағанда өте аз болады. Екіншіден, адамзат қолымен жасайтын игіліктер де шектеулі. Бұл тек белгілі уақыт аралығындағы белгілі игілік түрінің қор мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар оны толықтырып отыру мүмкіндігіне де байланысты. Осыған байланысты игіліктер мына түрлерге бөлінеді: а) қайта өндірілетін және б) қайта өндірілмейтін. Сонымен, әр түрлі игіліктердің көлемдері мен қорларын толықтыру деңгейі олардың бір – бірімен салыстырмалы шектеулігін көрсетеді және игіліктердің сиректігі категориясы деп аталады.
Кез – келген тұтынушының қолындағы игілік қоры оның қажеттілігін толықтай қанағаттандыруға жетпеуі мүмкін және өмірде бұл өте жиі кездеседі. Қажеттілікке байланысты игіліктердің жетіспеуіне, шектеулі болуын игілік тапшылығы категориясы арқылы түсіндіреді. Осы айтқандарды қорыта келсек тапшылық пен сиректік игіліктердің шектеулігін сипаттайды. Ал игіліктердің шектеулігі (соның ішінде ресурстар мен технологияның) адамдардың экономикалық қызметтерінде қолданылатын барлық игіліктерге тән қасиет.
Әр түрлі қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қанағаттандыру іс жүзінде мүмкін емес, сондықтан қажеттіліктердің кейбіреуі түгелімен қанағаттандырылмайды. Сондықтан кез – келген экономикалық іс - әрекет, қарастырып отырған уақыттағы қанағаттандыратын қажеттілікті таңдап алу болып есептеледі және осы уақытта басқа қалған қажеттіліктерді қанағаттандырудан бастарту керек екенін көрсетеді. Белгілі бір ресурстардың белгілі мөлшерін бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін жұмсайтын болсақ, онда қалған қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыру мүмкіншілігі аз, себебі игіліктер немесе ресурстар жетіспеуі мүмкін. Осыдан таңдау проблемасы үнемдеу проблемасымен тікелей байланысты болады.
Игіліктердің шектеулігінің және балама тәсілдердің ішінен таңдап алу қажеттілігін ескере отырып, кез – келген экономикалық қызметтегі шығындар проблемасын қарастыратын болсақ, онда белгілі бір игілікті алуға бағытталған кез – келген әрекет дәл осы мезгілде басқа баламалы игіліктерді алудан бас тартуға мәжбүр етеді. Көп жағдайларда таңдау мүмкіншіліктері екі варианттан көп болады. Экономикалық субект әр баламалық нұсқаларда қолданылатын ресурстардың тиімділігін бағалап, нәтижесінде пайдасы ең жоғары деңгейде болатын баламалық нұсқаны таңдап алады.
Балама
шығын деп жүзеге аспаған балама мүмкіндіктердің
ең жақсысынан түсетін пайданы айтамыз.
Экономикалық таңдау кезінде балама шығындарды
есептеу микроэкономикалық талдаудың
маңызды принциптерінің бірі болып есептелінеді.
Балама шығындарды өндіріс мүмкіндіктерінің
қисығы арқылы көрсетуге болады. Бұл қисық
– екі секторлы экономикалық модель. Берілген
өндірістік ресурстар қорын және белгілі
деңгейдегі технологияны пайдаланып,
осы шикізаттан дайын өнім өндіргенде
бір ғана балама игіліктің өндірісін кеңейтуге
болады, бірақ осы уақытта басқа игілік
өндірісі азаяды. Және де бұл кезде ресурстардың
өндірістік құрылымдарының балама мүмкіндіктері
өте көп болады. Нәтижесінде ресурстардың
шектеулі және өзіндік ерекшеліктері
болуына байланысты, балама өнімдердің
кез келген бір түрін өндіруді жоғарылатқан
кезде балама шығындар әрдайым өседі.
Негізгі ұғымдар мен түсініктер:
Тұтынудағы
тиімділік. Жалпы тепе-теңдік. Парето
бойынша тиімділік. Өндірістік мүмкіндік
қисығы. Өндірістік тиімділік.
Рефераттар тақырыбы:
1 Тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері.
2 Нарықтағы
тепе – теңдік және молшылық
Әдебиеттер:
1 Вериан Х.Р. Микроэкономика. Промежуточный уровень Современный
подход: учебн. М., 1997 гл. 28,30
2 Гальперин В.М., Игнатьев С.М. , Моргунов В.И. Микроэкономика, М.,
1994. гл. 9.
3 Курс экономической теории, учебн. пособие, под ред. А.В. Сидоровича,
М., МГУ, 1997, гл.16.
4 Макконнелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс т.2. гл.32
5 Нуреев Р.М. Курс микроэкономики, М., 2001, гл.11
6 Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономики, учебн. М., 2002. гл.8
7 Тарануха Ю.В. , Земляков Д.Н. Микроэкономика, учебн. М.2002. гл.8.
8 Фишер С., Дорбнуш Р., Шмалнези Р. , Экономика М., 1993. гл.10.
9 Хайман
Д.Н.Современная микроэкономика, М., 1993.гл.
10.
14
ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕР
Жоспар:
1 Жеке меншік игілік және қоғамдық игілік.
2. Игіліктің шекті пайдалылығы және игіліктің шекті қоғамдық
пайдалылығы. Қоғамдық игіліктердің сұранысы
мен ұсынымы.
Әдістемелік кеңес:
Бірінші сұрақты талдамас бұрын, біз тұрғындардың көптеген тұтыну қажеттіліктері қоғамдық игіліктердің көмегімен қанағаттандырылатынын білуіміз керек. Қоғамдық игіліктерді өндіру және олардың көмегімен тұтыну қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру әрбір мемлекеттің мүддесіне сәйкес келеді. Нарықты экономика жағдайында сыртқы әсерлердің салдарынан қоғамдық игіліктер тиімді (оптимальды) деңгейден аз өндіріледі. Сондықтан қоғамдық игіліктерді өндіру мен тұтыну нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеуді талап етеді.
Әрқайсысы жеке дара бағаланылатын және сатылатын экономикалық игіліктерді таза жеке игіліктер дейді. Олар тек қана жеке сатып алған адамдарға пайда әкеледі. Таза жеке экономикалық игіліктерді өндіру мен тұтыну үшінші адамдарға сыртқы жағымсыз немесе жағымды әсерлер туғызбайды. Мысалы дүкеннен нан сатып алынса, одан тек қана сатып алған адам пайда алады. Таза жеке игіліктерді өндіру және тұтыну нарық экономикасы принциптеріне сәйкес жүзеге асады.
Информация о работе Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары