Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 20:25, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу орындарын қайта құру кезеңінде оқу бағдарламаларында біршама өзгерістер болды. Соның нәтижесінде экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................4
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84

Файлы: 1 файл

Микроэкономика.doc

— 1.13 Мб (Скачать)

    Жетілген бәсеке толық түрде болмайды. Оған тек жуық шамада жақындауға болады. Еркін бәсеке деп 19 – ғасырдың  ортасында болған бәсекені шартты түрде айтуға болады. Сол кездегі ҒТП-тің дамуының әсерінен өндірістің шоғырлануы мен орталықтануының салдарынан ірі және аса ірі кәсіпорындардың, яғни монополиялық бірлестіктердің құрылуына әкелді. Олардың мақсаты рынокта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкін балатын жоғары табыс алу. Мақсатқа жету құралы болып орташадан жоғары пайданы қамтамасыз ететін монополиялық баға құрылуын ұсынады.

    Жетілген (еркін) бәсеке нарығындағы монополияның түрлері мыналар: картель, синдикат, трест,  концерн және конгломерат.

      1)  Картель – (фр: келісім, одақ) – шығарылып отырған өнім мен өткізу нарығын бөлу туралы келісім квотасы (үлесі).

      2) Синдикат (грек: қауымдастық) - өнімді бірлесіп өткізуді ұйымдастыру мақсатымен бірігу.

      3) Трест (ағыл: сенім) – монополияға енетін фирмалардың меншік, өндіріс және өнімді өткізуге байланысты бірігуін көрсетеді.

      4) Концерн (ағыл: бірлестік) – қаржы орталығы бір, бірақ жалпы технологиясы біріккен әр түрлі фирма, салалардың ұйымдық формалары кіретін монополия.

      5) Конгломерат (лат: жинақталған) – бір – бірімен ешбір өндірістік және технологиялық байланысы жоқ ірі корпорациялардың салаға кіруіне негізделген бірлестік.

      Монополияның пайда болуы бәсекені жетілмеген (жетілмеген бәсеке нарығы) сипатта дамытады. Жетілмеген бәсеке деп еркін бәсекенің шарттарының кем дегенде біреуі орындалмайтын нарықты айтады.

     Жетілген бәсекеге қарағанда, жетілмеген бәсеке мемлекеттің және монополияның әсерінен шектеліп отырады. Жетілмеген бәсекенің бірнеше үлгілері бар: 1) монополиялық бәсеке 2) олигополия және 3) таза монополия.

     Монополиялық бәсеке көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті өнімді сатуынан құрылады. Өнімдерді бір бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы әрлеуі бойынша ажыратуға болады, сондай-ақ ассортименті, қызмет көрсетуі бойынша да бөлуге болады.

    Монополиялық бәсекенің ерекшелігі  мынада:

а) Нарықта  тауарды сатушылар мен сатып  алушылар саны көп болады. Тауарды  өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді, тіпті ірі фирмалар жоқ деуге болады, болған күнде де ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі келтірмейді.

б) Монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл  саладан шығып кету де оңай. Мысалы, шаштараз немесе жиһаз жасайтын шеберхана  салуға өте көп қаражат керек емес, сондықтан мұндай кәсіпкерлікпен кез-келген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.

 в)  Нарықтағы өнім көлемі, баға және  де басқа да жағдайлар туралы  деректер ашық белгілі болады.

г) Өндірілетін  тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл тауарлар бірін – бірі ауыстыра алады. Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады, мысалы, тіс жуғыш пасталардың дәмінің, химиялық құрамының өзгешеліктері және т.б. Сонымен қатар фирмалардың сату маркалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жоғары деңгейдегі сервис, жарнама жасауы да олардың тауарларына өзгешелік қасиет береді.

    Олигополиялық бәсеке (грек сөзі: аздаған сату) – дегеніміз нарықта бірнеше үлкен фирмалардың үстемдік етіп жұмыс істеуі. Оған тән – бірнеше фирмалардың болуы, өндірілетін өнім стандартталған (біртекті) немесе дифференцияланған (біртекті емес) болады, бағаға бақылау жасалады, фирмалардың салаға кірерінде үлкен кедергілер жасау, әсіресе баға бәсекелестігі біркелкі болмайды.

   Олигополия нарығының ерекшеліктері мынада:

а) Бұл  нарықта көлемді сату үлесі бар  және бір – бірімен бәсекелес  бірнеше фирмалар болады.

б) Жоғарыдағы айтылған фирмаларды, көбінесе басым (лидер) фирмалар деп атайды және олар нарықтағы  тауарлардың бағасы мен сату көлемінің өзгеруіне едәуір ықпал етеді.

в) Олигополиялық  фирмалардың өндіріс шешімдері  тек қана тұтынушы іс-әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес  фирмалардың стратегиялық шешімдеріне  де байланысты болады.

г) Олигополиялық  фирмалар тауардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы шешім қабылдағанда өзімен бәсекелес фирманың барлық мүмкіндіктерін ескеріп, талдап отырады.

    Өндірілетін өнімге байланысты олигополияны таза және біркелкі емес деп бөледі. Таза олигополияда бір текті, бір үлгідегі өнімдер шығарады (мысалы, алюминий, болат, химия өнеркәсібі өнімі) екіншіде әр текті немесе жіктелген өнімдер (мысалы, әр түрлі маркалы автомобиль, компьютер, ауыл шаруашылығы құрал сайманы т.б.)

     Олигополияға қарама-қарсы құбылыс олигопсония болып табылады. Ол нарықта бірнеше сатушы емес, сатып алушылардың қызмет етуін қарастырады, яғни тұтынушылар нарығы монополиясы белең алады.

     Таза монополия – нарықта ешқандай бәсекелестерсіз, бір ғана өндіруші бір текті өнімді сатуды жүзеге асырады және ол өнімді шығарғанда жақын ауыстырушылар жоқ. Таза монополияға мысал ретінде жергілікті қоғамдық қолдану-тұтыну кәсіпорындары қызмет жасауы мүмкін: жергілікті телефон байланысы, электр жүйесін жөндеуші т.б. Қоғамдық қызмет жасау жүйелері жатады.

     Кейбір жағдайда нарықта тек бір ғана сатып алушы болады. Ол монопсония деп аталады (жалғыз сатып аламын деген сөз).

 Үшінші  сұрақты бастағанда біз көптеген елдерде жеке фирмалардың монополиялық биліктерін шектеу үшін белгілі зандар қабылданып, олардың қызметтерін реттеуде әр түрлі механизмдерді қолданылатының ұғамыз. Мысалы, жоғары деңгейдегі баға белгілеу, шектеу, реттеу, салықтар және т.б.

    Монополиялық фирмалар рынокта билік, үстемдік жүргізу арқылы тауарлардың бағасын неғұрлым жоғары қойып, ал өнім көлемін солғұрлым төмендететінін білеміз. Көпшілік елдерде жеке фирмалардың монополиялық билігін тежеу үшін арнайы заңдар қабылданады және оның іс-әрекетін жөндеу үшін түрлі реттеу механизмдері қолданылады. Осы тәсілдердің бірі бағаны шектеу, реттеу және салық салу болып табылады.

    Монополияға қарсы зандар. Монополияның рөлі экономикада екі жақты. Оның жақсы жағы монополиялық компаниялардың өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленеді, ол ірі көлемді өндіріс шығындарын азайту мен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

    Жаман жағы монополия нарықта үстемдік етеді және монополиялық жоғары баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар, бәсеке жоқ жағдайда монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарылату ынтасын жоғалтады.

     Осыны ескере келе мемлекет бәсекені қолдай отырып, монополизмге қарсы тұруға ұмтылады. Бұл үшін маңызды құрал антимонополиялық заңдар қолданылады, яғни бәсеке мен монополияның арасындағы тепе-теңдікті мемлекеттік қолдау құралы болып табылатын заңдар пакеті қабылданады.

     Олар Республика Парламентінің Заң актілерінде көрсетілген. Монополияға қарсы заңдар – бұл бәсекелестік пен монополияларды теңестіріп, зиянды іс тәжірибені шектеп экономиканың тиімділігін арттыруға бағытталған.

     Монополияға қарсы зандардың негізі АҚШ пен Канадада жасалған. АҚШ-тың монополияға қарсы заңдары барынша жетілдірілген болып табылады, оның бұрыннан келе жатқан тарихы бар. Ол «үш китке», үш негізгі заңдар актілеріне бағындырылған:

1)  Шерман заңы (1890ж.) - бұл заң сауданы құпия монополияландыруға, бір салада жалғыз үстемдік етуге, баға жөнінде келісімге келуге тиым салады.

2)  Клейтон заңы (1914 ж.) - өткізу саласында шектеу іс-әрекеттеріне, баға алалаушылығына (барлық жағдайда емес, тек күнделікті бәсекенің ерекшілігіне байланысты), бірігудің кейбір түрлеріне тыйым салды.

3)  Робинсон-Пэтмен заңы (1936 ж.) – баға алалаушылығы, «баға қайшысы», т.б. Сауда саласындағы істерді шектеуге тыйым салды.

     1950ж. Клейтон заңына Селлер-Кофовер түзетуі қабылданды, заңсыз бірігу ұғымы пысықталды. Активистерді сатып алу арқылы бірігуге тыйым салынды. Егер Клейтон заңымен ірі фирмалардың көлбеу бірлігіне кедергі қойылса, Селлер-Кофовер түзетуі тікелей бірігуді шектейді.

    Қазіргі монополияға қарсы реттеу заңдары екі бағытта жүргізіледі: бағаны бақылау және компаниялардың бірігуіне жол бермеу болып табылады. Қазақстанда 1996 ж. Бәсеке және сауда рыногындағы монополиялық қызметті шектеу туралы заң қабылданды, және антимонополиялық саясат бойынша мемлекеттік комитет құрылды. Бірақ, өкініштісі бұл заң әлі жетілмеген және толық қолданылып жұмыс атқармайды.

    Сұрақтың соңында бағалық дискриминация саясаты туралы тоқталамыз. Егер монополиялық билігі бар фирма, тұтынушылардың сұраныс икемділігін ескере отырып, бір тауарды тұтынушылардың әр түрлі категориясына әр түрлі бағамен сататын болса онда, ол бағалық дискриминация (алалап, құқығын шектеу) саясатын жүргізеді деп айтамыз.

    Монополист бағалық дискриминация саясатын, қайталанып сатуға жатпайтын тауарлар өндіргенде ғана іске асыра алады. Бұл жағдай орындалмаса бағалық дискриминация саясаты алып сатарлыққа (спекуляция) әкеліп соқтырады да монополистке қосымша пайда алуға мүмкіндік бермейді. Монополистің бұл саясатын жүргізудің негізгі тәсілі сұранысы икемді және икемсіз тұтынушылардың табысын өзара қайта бөлу болып табылады және көбінесе бұдан сұранысы икемсіз тұтынушылар ұтуы керек.

   Монополист жетілген бәсеке саясатын жүргізу нәтижесінде тұтынушы ұтымын түгелдей иемденіп алады. Бірде бір тұтынушы ұтым ала алмайды, себебі монополист сатып алушының әрқайсысына төлей алатын ең жоғары деңгейдегі бағаны белгілейді. Сондықтан тұтынушы ұтымы түгелімен монополистке пайда ретінде келіп түседі. Мемлекеттік басқару ұжымдары бағалық дискриминация саясатына өте қатаң қарамайды, себебі монополистер мұндай саясат жүргізе отырып өнім шығару көлемін ұлғайтады.

         

Негізгі ұғымдар мен түсініктер:

Таза  монополия. Монополиялық билік. Жабық  монополия. Ашық монополия. Табиғи монополия. Монопсония. Олигаполия. Жетілген және жетілмеген бәсеке. 

 Рефераттар тақырыбы:

  1. Ұзақ  мерзімдегі монополиялық тепе-теңдік.

2.   Монополиялық биліктің экономикалық және әлеуметтік шығындары.

                    

Әдебиеттер:

1. Гальперин В.М. , Игнатьев С.М. , Моргунов В.И. Микроэкономика, том 2.  М., 1994. гл. 9.

2. Долан Дж. , Линдсей Д. Микроэкономика, СПБ, 1994. гл. 7.9.

3. Емцов Р.Г., Лукин М.Ю. Микроэкономика: учебн. М., МГУ, 1999. гл.9.

4. Жуманазар С.А. Экономикалық теория. оқу құралы, Өскемен, 2004. 14 тақырып

5. Макконнелл К.Р. , Брю С.Л. Экономикс, т. 2, гл 25

6. Максимов В.Ф. , Микроэкономика, учебн. М., 1996. гл.7.

7. Нуреев Р.М. Курс микроэкономики, учебн. М., 2002 гл.6.

8. Тарануха Ю.В. ,Земляков Д.Н. Микроэкономика, учебн. М., 2002. гл.6.

10. Фишер С., Дорбнуш Р., Шмалнези Р. Экономика, М., 1993. гл.9.12. 
 
 
 
 
 
 

    1. МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ ОЛИГАПОЛИЯ
 

Жоспар:

1. Қысқа және ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсеке. Тепе-теңдік.

2. Олигаполиялық нарық. Дуополия. Курно үлгісі.

 

Әдістемелік кеңес:

     Бірінші сұрақты талдағанда біз нарықтың монополиялық бәсеке моделі нарықта жиі кездесетінің, және бұл монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері жетілген бәсеке мен монополияға тән кейбір қасиеттерге сәйкес келетінін түсінуіміз керек. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жихаз жасау, кітап басып шығару, қызмет көрсетудің басқа да көп түрлері осы монополиялық бәсеке рыногінің іс әрекеті. Нарық құрылымының бұл моделін қарастырғанда фирмалардың ұзақ және қысқа мерзім кезеңдерінде өнім шығару көлемін қалай анықтайтынын және тауарлар мен қызметтердің бағасын қалай белгілейтінің талдап түсіндіреміз.

Информация о работе Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары