Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 20:25, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу орындарын қайта құру кезеңінде оқу бағдарламаларында біршама өзгерістер болды. Соның нәтижесінде экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................4
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84

Файлы: 1 файл

Микроэкономика.doc

— 1.13 Мб (Скачать)

      -  Баға, технология және ықтимал пайда жөніндегі ақпараттар белгілі болады;

      - Салаға немесе рынокқа жаңа фирмалардың кіруіне немесе шығып кетуіне ешқандай кедергілер қойылмайды.

      Бұл туралы біз өткен тақырыпта толығырақ  айтқанбыз. Бәсекелес фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайтын болғандықтан, ол бағаны сырттан белгіленген баға ретінде қабылдайды. Бұл - өндірілетін өнімнің кез келген мөлшерін фирма бір ғана бағамен сатады деген сөз. Жеке өндірушінің сұраныс қисығы көлденең (горизонталь) сызылады. Аталған қисықты нарықтық сұраныс қисығымен шатастыруға болмайды. Салалық немесе нарықтық сұраныс қисығы жоғарыдан төмен қарай еңкіш болады. Ол сұраныстың бағаға икемділігі әртүрлі деңгейде болатынын көрсетеді. Нарықтағы бағаның қалыптасуы сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Ал жеке фирма нарықта қалыптасқан бағамен кез – келген өнім көлемін сата отырып, жалпы рынокта қалыптасқан жағдайды өзгерте алмайды.

      Мысалы, рыноктағы жұмыртқаның 10 данасы 100 т-ге тұрады делік. Осы бағамен бір айда 2 млн. жұмыртқа ұсынылады. Төмендегі 18-суретте нарықтағы бағаның қалай қалыптасатыны көрсетілген. Жергілікті нарықтағы жұмыртқа сатушылардың саны 800 делік және олардың әрқайсысы бір айда ең кем дегенде 350 жұмыртқа ұсына алады.                         

     Өнімнің өндірілген әрбір қосымша бірлігі  тұрақты Р0 бағамен сатылатындықтан, жалпы түсім өсімі немесе шекті түсім MR нарықтық бағаға тең болады, яғни MR=P0. Сондықтан жетілген бәсекелестік жағдайында шекті түсім (MR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен (D) сәйкес келеді. Фирмаға белгіленген Р0 бағасы нарықтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің нәтижесі екендігін көрсетеді.

     Екінші сұрақты талдағанда біз жетілген бәсеке нарығында ешқандай фирма өнім бағасына әсер ете алмайтының білуіміз керек. Ұзақ мерзімде фирма мінез құлқы әрдайым өзгеріп тұратын өндіріс деңгейіне жауап ретінде оның барлық факторларды өзгертуге мүмкіндігі бар. Бұл кезеңде фирма еңбекті капиталмен ауыстырып және керісінше істеп факторларды комбинация жасау арқылы шығындарды азайтуға ( Минимизациялауға) ұмтылады.

        Жетілген бәсеке рыногында ешқандай фирма өнім бағасына әсер ете алмайды. Кәсіпкер максималды пайда табу үшін ол тек өнім көлемін өзгерте алады. Онда мынадай сұрақ туады: максималды пайда табу үшін фирма қандай өнім саның өндіру керек? Бұл сұраққа жауап беру өнімнің рыноктық бағасын фирманың шектік шығындарымен салыстыру қажет. Егер фирма өз өнімін бірнеше бірлікке көбейтсе, әрбір келесі бірлік (айталық, әрбір жаңа өнім – компьютер) жалпы табысқа да, жалпы шығынға да бір нәрсе қосып отырады. Бұл нәрсе – шекті табыс және шекті шығын.

        Егер шекті табыс шекті шығыннан көп болса, онда әрбір өндірілген жаңа компьютер жалпы табысқа жалпы шығынға қосқаннан көп шама қосады. Олай болса шектік табыс (МR-mazqinal revenue) және шектік шығындар (MC-mazqinal cost) арасындағы айырма, яғни пайда (Р-rofit) көбейеді: РMR-MC. Шекті шығындар шекті табыстан көп болса керісінше болады.

       Ұзақ мерзімді кезеңде фирма өз өндірісінде қолданатын факторларының барлығын өзгерте алады, соның ішінде кәсіпорын ауқымын да өзгертуі мүмкін. Ол өз өндірісін ұлғайта алады немесе саладан шыға алады. Егер экономикалық пайда алса, онда өндірісті ұлғайтуға тырысады. Төмендегі 19-шы суретте ұзақ мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыру график түрінде көрсетілген.

     Р0 бағасына қысқа мерзімді кезеңде фирманың пайдасы АВСD ауданына тең. Ұзақ мерзімді кезеңде баға өзгермейтін болса, фирма өндіріс көлемін Q1-ден Q2-ге көбейте отырып, пайданы AEFG ауданына дейін арттыра алады, яғни, баға шекті шығындарға тең болғанша өндіріс көлемі ұлғайтылады. (LRMC: P0=LRMC). Алайда фирма мұндай пайданы ұзақ уақыт бойы ала алмайды. Пайда алуды мақсат тұтқан фирмалар осы салаға келе бастайды, нәтижесінде саланың өнімінің нарықтық бағасы төмендей бастайды, мұндай жағдай баға ұзақ мерзімдегі ықтимал орташа шығындардың (LRAC) ең аз мөлшеріне дейін төмендегенше байқалады, яғни Р=LRAC min (біз осы саладағы барлық фирмалардың шығындар функциясы бірдей деп қарастырамыз).

      Нәтижесінде фирманың өнім шығару көлемі Q3-ке дейін төмендейді, ал экономикалық пайда нольге тең болады. Сонымен фирма инвестицияланған капиталға тек қана қарапайым (кәдімгі) пайда алады.

     Ал егер Р<LRAC min болса, онда фирмалар бұл саладан кете бастайды, бұл жағдай баға көтеріліп, экономикалық пайда нольге тең болғанша жүріп отырады.

      Өндірістік операцияларды осылайша реттеу нәтижесінде салада ұзақ мерзімдік бәсекелестік орнайды. Ол біріншіден, қызмет етіп тұрған фирмалардың өндірісті не ұлғайтуға, не азайтуға ынтасы жоқ екендігін көрсетеді, өйткені барлық фирмалар P<LRAC min болғандықтан экономикалық пайдалары нольге тең болады. Екіншіден, әр фирма ұзақ мерзімді кезеңде P=LRAC-ға тең болатын өнім өндіре отырып пайдасын мейлінше арттырады. Үшіншіден, саланың жиынтық ұсынысы жиынтық тұтыну сұранысына тең болады.

       Сөйтіп саланың ұзақ мерзімдегі ұсыныс қисығы тепе-тең жағдайдағы ұсынылған өнімдер мен бағаның арасындағы байланысты көрсетеді. 

Негізгі ұғымдар мен түсініктер:

Жетілген  бәсекелестік шарты. Қысқа мерзімдегі нарықтық тепе-теңдік. Бәсекелес фирманың қысқа мерзімдегі ұсынысы. Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік және бәсекелес фирманың ұсынысы. 

Рефераттар  тақырыбы: 

1 Жетілген бәсеке жағдайындағы рынок механизмінің қызметі.

2 Жетілмеген бәсекенің ысыраптары.

                                  

Әдебиеттер:

1. Вериан Х.Р. Микроэкономика. Промежуточный уровень. Современный

   подход. учебн. М., 1997. гл.9.10

2. Долан Дж. , Линдсей Д. Микроэкономика, СПБ. 1994. гл. 7.9.10.

3. Емцов Р.Г. , Лукин М.Ю. Микроэкономика учебн. М., МГУ, 1999. гл.9.10

4.  Макконнелл К.Р. , Брю С.Л. Экономикс. том 2. гл. 25.26

5.  Мамыров Н.Қ. Есенғалиева Қ.С. , Тілеужанова М.Ә.   Микроэкономика,

    Алматы, 2000. 7 тарау

6.  Нуреев Р.М. Курс микроэкономики, М., 2001. гл.7.8. 
 

    1. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПСОНИЯ. НАРЫҚТЫҚ БИЛІК
 

Жоспар:

1 Монополияның пайда болуы, түрлері

2 Монополия және жетілген бәсеке. Жетілмеген бәсекенің үлгілері.

3  Монополияларды мемлекет тарапынан реттеу. Монополияға қарсы заңдар.

    Бағалық дискриминация саясаты. 

Әдістемелік кеңес:

     Бірінші сұрақты бастағанда біз XIX - ғасырдың екінші жартысында ҒТП-тің әсерінен өндірісті шоғырландыру мен орталықтандыру процесі жоғарғы қарқында жүрді, және ол өз кезегінде монополияның құрылуына әкеп соққаның түсінуіміз керек. Монополия (грек: «монос»-бір, «полео»-сатамын) жеке өндіруші тауар нарығын бақылап және сол нарықта үстемдік жүргізуін айтады.

     Монополияның мақсаты – нарықта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкіндігінше жоғары табыс алу. Монополияға тән: жеке дара сатушы, жақын – ауыстырушы өнімдер болмайды, бағаны өздері белгілейді, басқа бәсекелестердің салаға кіруіне жол жоқ. Сөйтіп, берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық – монополия, ал фирма – монополист деп аталады.

     Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.

      Егер рынокта жеке өндірушінің монополиялық билігі орнықса, онда қоғам жалпы белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемін азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейді. Сондықтан да әлемнің көптеген елдерінде нарықты монополиялауды шектейтін монополияға қарсы заңдар қабылданып, іске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан дүниежүзінің барлық елдерінде өндіруші - монополистер бар. Экономикалық тұрғыдан қарағанда тиімді болады деп есептелетін кейбір рыноктарды монополиялауға да мүмкіндіктер туғызылады. Оларды монополиялық  рынокқа енудің тосқауылы деп атайды. Және де олар кез келген жаңа өндірушінің рынокқа кіріуіне мүмкіндік бермейді. Бұл шектеулер мынаған байланысты:

а) ірі өндірістің басымдылығы;

б) ашық, жасырын емес (легальный) тосқауылдар (шикізат қорын, жерді, ғылым техникалық жетістіктерді монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндіру үшін өкіметтен алынған ерекше құқықтар);

в) бәсекені әділетсіз жүргізу.

      Ірі өндірушілердің ұсақ өндірушілермен салыстырғанда өте көп артықшылықтары бар. Мысалы, ұсақ бәсекелестердің шикізат көзіне, несиеге, рыноктық ортаға шығуына ірі өндірушілер тосқауыл қоя алады.

     Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатыны іс жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны айтуға болады.

    Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар құқықтық (праволық) шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі – жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте сирек кездесетін шикізат я тауар болса онда бұл фирма монополист болады. Жасырын – емес тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Жасырын емес тосқауылдың тағы бір түрі жеке өндірушіге мемлекет тарапынан белгілі бір тауарды өндіруге ерекше түрде (монополиялық) құқық беру. Мұндай жағдайда елдің ұлттық қәуіпсіздігі көзделеді. Көп жағдайда арақ – шарап өнімдері, қару – жарақ шығару, дәрі - дәрмек шығаруда  қолданылатын есірткілік заттар бір мемлекеттік фирмада өндіріледі.

     Монополияның түрлері оның пайда болу себептеріне байланысты төмендегідей болады. Егер фирманың монополиялық билігі заң жүзінде қорғалған болса оны жабық монополия дейді. Патенттер мен авторлық құқықты немесе жаңа технологияны қолдана отырып рынокта билік орнатқан фирмаларды ашық монополистер дейді. Олардың рыноктағы билігі уақытша болады. Яғни бұл берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай. Табиғи монополия – бұл белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы. Мысалы, кейбір өнімдер мен қызметтерді (халықты – ыстық сумен, жылумен, газбен, электр энергиясымен қамтамасыз ету қызметтері) көлемі үлкен жалғыз фирмаларда өндірген арзанға түседі. Ол өндіріс көлемінің үнемділігінен туындайды. Сондықтан жеке фирмалар мемлекеттің бақылауымен сондай өнімдер мен қызметтерді өндіруге ие болады. Оларды табиғи монополистер дейді.

      Екінші сұрақты талдағанда біз монополияның мақсаты – рынокта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкін болғанша жоғары деңгейде табыс алу. Мақсатқа жету құралы болып орташадан жоғары пайданы қамтамасыз ететін монополиялық баға құрылуын ұсынады.

      Монополияның пайда болуы рыноктық қатынастардың қатысушыларының өзара қалай бәсекелесуіне байланысты жетілген (еркін) және жетілмеген бәсеке рыногі деп бөлінеді. Жеке фирмалардың өнім бағасына (базар нарқына) әсер етуі неғұрлым аз болса, соғұрлым рынок бәсекелік деп саналады.

     Жетілген бәсеке (еркін бәсеке) рыногі дегеніміз нарықта бір біріне тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет ететін және тең мүмкіндіктері мен құқықтары бар бәсекенің идеалды бейнесін айтады.

    Жетілген бәсекенің негізгі белгісі: әрбір фирманың үлесі жалпы өнімге шаққанда аз болғандықтан, ешқайсысының бөлшек бағаға әсері өте төмен болады. Ұсыныс бағалары төменгі шекте теңеледі. Сатылатын тауарға баға деңгейін рынок белгілейді. Осы жағдайда фирма өз пайдасын бағамен айлалы әрекет жасау жолымен емес, жиынтық шығындары барынша аз болатын өндіріс көлемін іздеу арқылы көбейте алады.

     Жетілген бәсеке және «таза» абсолютті монополия екі логикалық шекті, қарама – қарсы рыноктық жағдайды бейнелейтін теориялық абстракциялар. Бұл үлгілер әрбір осы жағдайларда өз пайдасын барынша көбейтуге ұмтылатын жеке фирманың ұтымды (рационалды) тәртібінің шарттарын тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары