Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 20:25, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу орындарын қайта құру кезеңінде оқу бағдарламаларында біршама өзгерістер болды. Соның нәтижесінде экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................4
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84

Файлы: 1 файл

Микроэкономика.doc

— 1.13 Мб (Скачать)

  I             

  I3             «Табыс-тұтыну» қисығы 

                E3  

  I2                              U3 

  I1 

                              E2

                    E1              U2

                            U1 

           

             Qx3   Qx1    Qx2                                                                    Qx 

8 сурет  Сапасыз тауарлардың «табыс-тұтыну»  қисығы 

     Егер  табыс өскен сайын Х тауарды  тұтыну азайып, ал басқа тауарларға шығатын шығын өссе, онда «табыс-тұтыну» қисығы солға қарай бұрылады немесе төмен оңға қарай еңкейе бастайды. Ол Х тауардың сапасыз тауарлар категориясына жататынын көрсетеді. Бұл сапасыз тауардың «табыс-тұтыну» қисығы 8 суреттегі графиктің өрнегімен көрсетілген.

     Тұз, сіріңке, сабын, кір жуғыш ұнтақ  және т.б. күнделікті қолданылатын, немесе табыстағы үлесі өте төмен  тауарларға сұраныс және оларды тұтыну деңгейі табысқа байланысты болмайды. Олардың «табыс-тұтыну» қисығы тік болып сызылады. Оны төмендегі 9 суреттен тік «табыс-тұтыну» қисығынан көреміз.

      I

     I3 

     I2                  E3      U3 

                                  

            I1                E2     U2

                               

                                 E1       U1 
 

              0             Qx                                                                        Qx

9 сурет  Тік «табыс-тұтыну» қисығы 

     Сұрақтың  соңында, «табыс-тұтыну» қисығының көмегімен Энгель қисығын құрастыруға болатынын қарастырамыз. Егер сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты болса, Энгель қисығы табыс пен тұтынатын тауар санының арасындағы байланысты көрсетеді. Энгель қисығы 19-ғасырда адамдардың тұтыну қажеттіктері, отбасының табысына байланысты қалай өзгерітінін зерттеген немістің экономист-статистик ғалымы Эрнст Энгельдің (1821-1896жж) атымен аталады.

      Кез-келген тауардың Энгель қисығын  алу үшін «табыс-тұтыну» қисығын  қолданамыз. Графиктің тік осінде тұтынушының табысын, ал көлденен осінде сатып алатын тауар санын көрсетеміз. Жоғарыдағы 7 суретте көрсетілген «табыс-тұтыну» қисығының бойындағы Е1, Е2, Е3, Е4 нүктелерін бір-бірімен қоссақ, Энгель қисығының бойындағы А, В, С, Д нүктелерін аламыз. Оны төмендегі 10 суреттен көруге болады.

                                    Энгель қисығы

    I                         Д        

                                                   

    I4             400                  C              100

                                    Qx=2

    I3             300

    I2                              B

                       200         

    I1             100   A                 100

                         Qx=4 

                 Qx1 Qx2    Qx3    Qx4                                      Qx

                                      

10 сурет Энгель қисығы 

     Егер  Х әдеттегі сапалы тауарға жататын  болса, онда Энгель қисығы төменнен жоғары қарай созылады. Өйткені табыс  өскен сайын ондай тауарды  тұтыну да өседі. Энгель қисығының еңкіштігін анықтау үшін табыстың өзгерісін  сатып алатын Х тауардың санының өзгерісіне бөледі. 

 

     Энгель  қисығының түріне қарай отырып, тұтынушының  табысы мен сатып алатын тауардың санынын арасындағы байланысты анықтауға  болады. Суреттегі Энгель қисығы Х  тауарды тұтынудың табыс өскен сайын төмендейтінін көрсетеді. Табыстың қосымша 100 теңгеге өсуі (А мен В-ң арасы) Х тауардың санын 4 данаға өсірді, бірақ табыс 300 теңгеден 400 теңгеге өскенде (С-дан Д-ға дейін) табысқа қосылған 100 теңге Х тауар дың санын тек қана екі данаға өсірді. Егер табыс әрі қарай өссе, тұтынушы Х тауарды тұтынудан бас тартуы да ықтимал. Күнделікті тұтынудан тауарлардың саны табысқа байланысты болмаса, Энгель қисығы тік болып сызылады. Ал, дәстүрлі қымбат тауарларды тұтыну табыс өскен сайын өседі, олардың қисығы дөңес немесе ойыс болады.

     XIX ғасырда Энгель табыс пен сатып  алатын игіліктердің арасындағы  байланысты зерттеу барысында  мынандай заңдылықтардың бар  екенін анықтады:

  1. Егер барлық игіліктердің бағалары тұрақты болса, жанұяның табысы өскен сайын, азық-түлікке жұмсалатын табыстың үлесі төмендейді
  2. Әр түрлі қызметтерді(дәрігерлік, білім алу, демалу, құқық қорғау және т.б.) тұтыну шығындардығ өсуі табыстың өсуінен жоғары болады. Осы заңдылықтары экономистер Энгель заңдары деп те атайды.

  Екінші сұрақты талдағанда біз тұтынушының тұтыну деңгейі тек қана табысқа ғана емес, тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағаларына да байланысты болатынын аңғарамыз. Бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушы талғамынын қалай өзгеретінін талдау арқылы сұраныс заңын ары қарай толықтырамыз. Егер басқа тауарлардың бағалары мен тұтынушының табысы түрақты болса, Х тауардың өзгеруі бюджет сызығы бұрышының өзгеруіне әкеледі.Оны алдыңғы сұрақтарда қарастырдық. Төмендегі 11 суреттегі графикте Х тауар бағасының арзандауы тұтынушының табысына, оның теңдестік жағдайына және тауарды тұтыну деңгейіне қалай әсер ететіні көрсетілген.

     Х тауардың бағасының арзандауы тұтынушының табысының сатып алу қабілетін өсіреді. Оны табыс қисығының бір жағын сағат тілінің қозғалысына қарсы өзгерту арқылы көрсетеміз. Нақты табыс өскен сайын тұтынушы Е1 теңдігінен Е2 одан Е3 теңдігіне қарай ауыса отырып, тұтынатын Х тауардың санын Qх1-ден Qх3-ке дейін көбейте алады. Х тауардың бағасының төмендеуінен пайда болған тұтынушының жаңа теңдіктерінің нүктелерін бір-бірімен қоссақ «баға тұтыну» қисығын аламыз. 

Басқа

тауарларға

шығатын

шығын

(теңге)

                                            

                                            

                                              

                      E E2   E3 

                            U1        U2        U3

                  0            Qx1     Qx2 Qx3                                          

                   

                                                                                                  Qx

    

11 сурет «Баға-тұтыну» қисығы

     Бір есте сақтайтын нәрсе «баға тұтыну»  қисығының көмегімен сұраныс  қисығын да құрастыруға болады. Ол үшін «баға тұтыну» қисығының бойында орналасқан тұтынушының теңдік нүктелерінен төмен қарай екінші графиктің обцисс осіне перпендикуляр түсіреміз. Ал оның ординат осінде тауардың бағасын белгілейміз. Жалпы сұраныс қисығы мен «баға тұтыну» қисықтары сатып алатын тауар санының бағаға байланысты қалай өзгеретінін көрсететін екі түрлі әдіске жатады.

    Сұрағымыздың соңында бағаның өзгерісі тұтынушының таңдауына қалай әсер ететінін табыс әсері мен алмастыру әсерінің көмегімен де түсіндіруге болады. Алдыңғы сұрақтарда қарастырылған табыс әсері мен алмастыру әсерәнің мәнін толқтыра отырып, тұтынушының шешімі сұраныс занының талабына сәйкес жүзеге асатынын көреміз. Төмендегі 12-ші суретте табыс әсері мен алмастыру әсері әдеттегі тауарды таңдау қалай жүзеге асатынын көреміз. 

                    Qy

                     R

                                       A

                    C1                                 

                    C2                          D                B

                                           

                         

                                        F1      E   S            F2

                       0                                                                        Qx 
 
 

      Алмастыру әсері                     Жалпы әсер                   табыс әсері

                                

12 сурет  Табыс әсері мен алмастыру  әсері және әдеттегі тауарды  таңдау 

     Жоғарыдағы  суретте RS алғашқы бюджет сызығы. Qх тұтынушының бір айда тұтынатын азық-түліктің мөлшері, Qу киімнің мөлшері. Тұтынушы U талғамсыздық қисығының бойындағы А қоржынын таңдай отырып, тепе-тең жағдайда болады. Ол бір айда ОF1 мөлшерінде азық-түлік сатып алады. Енді азық-түліктің бағасы арзандады деген жорамал жасайық. Азық-түліктің киімге қарағанда арзандауы бір мезгілде алмастыру әсері мен табыс әсерін туғызады. Осы әсерді бөліп қарастыру үшін RT бюджет сызығына параллельді U1 талғамсыздық қисығын жанап өтетін қосымша бөджет қисығын жүргіземіз. Оның енгіштігі жаңа бағамен анықталады.

     Азық-түлік  арзандағанда, киім азық-түлікпен салыстырғанда қымбаттайды. Бір тауардың бағасы арзандаса, тұтынушы қымбат тауарды арзан тауармен алмастыра отырып, бұрынғы тұтыну деңгейін сақтайды (бұл алмастыру әсерінің мәні). Сондықтан қосымша бюджет сызығы U1 талғамсыздық қисығын жанап өтуі керек. Ал тұтынушы А теңдігінен Д теңдігіне ауысады. Енді ол ОЕ-ге тең азық-түлік тұтына алады. Ғ1Е кесіндісі қымбат киімді (азық-түлікке қарағанда) азық-түлікпен алмастыру әсерін көрсетеді.

     Азық-түліктің бағасы арзандағанда тұтынушының нақты табысы өседі. Оны қосымша бюджет сызығының орнын RT сызығына ауыстыру арқылы көрсетеміз. Бағаның арзандауы табыстың сатып алу қабілетін өсіреді.Енді тұтынушы U2 талғамсыздық қисығының бойындағы В қоржынын таңдайды.Себебі В қоржыны А-ға қарағанда көп пайдалылық береді.Бағаның арзандауы тұтынушыға бір айда тұтынатын азық-түлік санын Ғ1 Ғ2 мөлшеріне көбейтуге мүмкіндік береді. Жалпы тұтынатын азық-түліктің көлемі ОҒ2. Мұндағы ЕҒ2 табыс әсерін көрсетеді. Бағаның өзгерісінен туындаған жалпы әсер алмастыру әсері мен табыс әсерінің қосындысына тең.

  Алмастыру әсері баға арзандағанда тұтыну деңгейінің өсетінін көрсетеді. Ал табыс әсері сұраныс мөлшерін бір жақты ғана өзгертпейді. Табыстың сатып алу қабілетінің өсуі сұраныс мөлшерін өсіруі немесе төмендетуі мүмкін. Ол тауар категориясына байланысты болады. Сапасыз тауар болса, табыс әсері теріс болады. Табыс өссе, сапасыз тауарларды тұтыну қысқарады. Соған қарамастан табыс әсері алмастыру әсерінен артық болмайды. Сондықтан сапасыз тауарлардың бағалары арзандаса, оларды тұтыну да өсуі мүмкін.

Мынаны  есте сақтау керек «нарықта ерекше жағдайлар» да кездеседі. Егер табыс әсері оң болып, алмастыру әсерінен асып кетсе, онда сұраныс қисығы төменнен жоғары қарай сызылады. Сұранысы осындай тауарларды Гиффен тауарлары дейді. Бірақ Гиффен тауарлары күнделікті өмірде сирек кездеседі. Олар туралы экономикалық теорияда әр түрлі ойлар айтылады. 

 Негізгі ұғымдар мен түсініктер:

   Табыс-тұтыну қисығы.Энгель қисығы. Баға-тұтыну қисығы.Алмастыру ісері.   Табыс әсері. Гиффен тауарлары.

                      

Рефераттар тақырыбы:

1.Тұтынушының  таңдау теориясы.

2.Пайдалылық  және тұтынушының қалауы. 

Әдебиеттер:

Информация о работе Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары