Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 20:25, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу орындарын қайта құру кезеңінде оқу бағдарламаларында біршама өзгерістер болды. Соның нәтижесінде экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................4
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84

Файлы: 1 файл

Микроэкономика.doc

— 1.13 Мб (Скачать)

        Сұраныстың бағалық икемділігін есептеуді заттың бағасы өзгеруіне байланысты тұтынушылар шығындарының және сатушылар түсімінін өзгеруін жорамалдау үшін қолданылады.

    Сұраныстың  бағалық икемділігіне мынадай факторлар әсер етеді:

    а) қарастырып отырған тауардың субститут (ауыстырушы) тауарлар көп     болса, онда бұл тауарға деген сұраныс икемді болады, ал субститут тауарлар аз болса немесе жоқ болса, онда бұл тауарға деген сұраныс икемсіз немесе өте икемсіз болады;

    б) тұтынушылардың баға өзгеруіне бейімделуі;

    в) бағаның өзгеруін күту.

    Екінші сұрақта біз сұраныстың табыстық икемділігі Еі тұтынушы табысының көлемі 1%-ке өзгерген уақытта қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше пайызға өзгеретінін көреміз. Табыс бойынша сұраныс икемділік коэффициенті Еі – оң сан, теріс сан және нөльге тең болады. Егер табыс өскен уақытта затқа деген сұраныс та өсетін болса, онда Еі > 0. Мұндай тауарды кәдімгідей тауарлар дейміз. Егер сұраныстың табыстық икемділігінің мәні Еі<0 болса, онда бұл тауарлар сапасыз тауарлар болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға сұраныс азаяды.

    Табыстың  сұраныс бойынша икемділігі мынадай  формуламен анықталады:

    

    Мұндағы Еі(Д) – 1 және 2-сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті;

    

- сұраныс функциясының табыс арқылы алынатын алағашқы туындысы;

    J – тұтынушы табысы, Q - сұраныс көлемі.

    Егер  табыс пен сұраныс көлемі белгілі  бір уақыт аралығында өзгеретін  болса, онда сұраныстың табыстық икемділігі мына формуламен анықталады:

    

    Мұндағы Q1, Q2 – 1 және 2 кезенге сәйкес келетін сұраныс көлемі;

    J1, J2 – 1 және 2 кезенге сәйкес келетін тұтынушы табысы.

Микроэкономикада  тауарлар бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын болғандықтан, бір тауардың бағасының өзгеруі, екінші тауардың сұраныс көлемінін өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін, сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткішті енгіземіз. Бұл коэффициент У тауардың бағасы 1%-ға өзгерген кезде Х тауарына сұраныс көлемі неше пайызға өзгергенін көрсетеді.

    Үшінші соңғы сұрақты қарастырғанда біз мынаны есте сақтауымыз керек, ұсыныс көлеміне әсер ететін ең басты фактор қарастырып отырған тауардың бағасы болып табылады. Баға өзгерген уақытта ұсыныс көлемі де өзгеріп отырады. Осы байланысты табу үшін ұсыныстың бағалық икемділігі деген көрсеткішті қолданамыз. Ер(S)-баға 1%-ға өзгерген уақытта, ұсыныс көлемі неше пайызға өзгергенін көрсететін шама.

    Ұсыныс  икемділігін қарастырған уақытты  үш кезеңге бөлеміз:

    а) дәл қазіргі кезең;

    б) қысқа кезең;

    в) ұзақ мерзімді кезең.

    Нарықтық бағаның көтерілуіне жауап ретінде ұсыным көлемінің өзгеру шамасы ұсыным икемділігі болып табылады. Ұсыным икемділігі 1-ден артық болады, яғни Еs >1. Ұсыным икемділігінің сандық коэффициенті – ұсынылатын тауарлар санының өзгеру пайызының, бағаның өзгеру мөлшерінің пайызға бөлінетін бөліндісі болып табылады. Ұсыным икемділігінің коэффициенті былай анықталады:

    

 

Мұндағы: Еs – ұсыным икемділігінің коэффициенті

                  %Q – ұсыным көлемінің өсу проценті

                  Qp – баға ұлғаюының проценті  

     Ұсыным  икемділігінің коэффициенті мынаны көрсетеді: егер нарықтық баға белгілі  бір пайызға көтерілсе немесе төмендесе, ұсынатын тауар санының (мөлшерінің) қалай өзгеретіндігін көрсетеді. Батыс елдерінің тәжірибесі ұсыным икемділігінің өсу тенденциясын растайды, себебі бағаның өсуі өндіріс көлемінің біршама ұлғаюын ынталандырады.

     Сұраныс пен ұсыным икемділіктері микроэкономикалық талдауда жиі қолданылады. 

Негізгі ұғымдар мен түсініктер:

     Сұраныс және ұсыным икемділігі. Сұраныстың бағалық  икемділігі. Сұраныстың табыстық икемділігі. Сұраныстың қиылысқан икемділігі. Ұсынымның  бағалық икемділігі.

Рефераттар  тақырыбы:

1. Нарықтық сұраныс және оның икемділігі.

2. Сұраныс пен ұсыным теориясының тәжірибелік маңызы.

Әдебиеттер:

  1. Вериан Х.Р. Микроэкономика, промежуточный уровень современный подход, учебник. М. 1999. гл.15.16.
  2. Гальперин В.М. и др. Микроэкономика, том1, СПБ. 1996.гл.4.
  3. Долан Дж., Линдсей Д. Микроэкономика СПБ, 1994. гл.3.
  4. Жуманазар С.А. Экономикалық теория, оқулық құрал, Өскемен, 2004, 5 тақырып.
  5. Макконнелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс, том 2 , М. 1992. гл.22.
  6. Максимов В.Ф. Микроэкономика, учебник, М. 1996. гл.3
  7. Нуреев Р.М. Курс микроэкономики,учебник, М. 2001. гл.3.  
  8. Тарануха Ю.В., Земляков Д.Н. Микроэкономика, учебник, М., 2002. гл.2.
  9. Хайман Д.Н. Современная экономика. Анализ и применение, М., 1992. гл.5.
 

3 ТҰТЫНУШЫНЫҢ ІС ӘРЕКЕТІ 

Жоспар:

  1. Тұтынушының қалауы және талғамсыздық қисықтары.
  2. Тұтынушының бюджеттік шектеулілігі. Бюджет сызығының көлбеуі.
  3. Тұтынушының тепе-теңдігі. Тепе-теңдік шарты.
 

Әдістемелік кеңес:

     Бірінші сұрақты бастағанда, біз нарықтық жағдайда өндірілген өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланыста болатынын ұғуымыз керек. Егер өндірілген өнімдер ұтымды бағамен сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі: Сондықтан, тұтынушылардың сұраныстарын зерттеп, олардың қандай заттарды сатып алғысы келетінін және қандай бағамен келетінін дер кезінде анықтаудың зор маңызы бар. Тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс-әрекеттерінің мәні осы тақырыпта қарастырылады.

  Тауарлар өндірісі мен ұсынысының дамуы үшін тұтынушъшың мінез-құлқының маңызы зор. Тұтынушы таңдау іс-әрекеті үлгісі (мінез-құлқы) тұтынушылардың әр түрлі тауарлар мен қызметтерге сұранысының қалыптасу процесі болып табылады.

     Сұранымның  негізін адамдардың қажеттілігі құрайды. Бұл ең алдымен қалыпты өмір сүру және жұмыс істеу жағдайын қолдау үшін бір нәрсеге қажеттілік. Тұтынушылардың мінез-құлқы олардың қажеттіліктерінің қалай қанағаттандырылатынын, бір немесе басқа материалдық игіліктер мен қызмет көрсетулер қандай пайдалылық әкелетінінен тәуелді болады.

     Тұтыну  игіліктерін алу сферасындағы адамдардың әрекеттері санасына тәуелді және айқын болжауға келмейді. Алайда кез-келген тұтынушы өмір салтынан бірқатар айрықша белгілерді табуға болады:

  • Тұтынушы сұранысы, оның жеке бюджет мөлшеріне әсер ететін табыс деңгейіне тәуелді болады;
  • Әрбір тұтынушы өз ақшасына барлық мүмкін болатын заттарды, яғни жиынтық; пайдалылықты барынша арттыруға ұмтылады;
  • Орта қалыпты тұтынушының талғамының айқын жүйесі және әсемдік, сәндік көзқарасы бар;
  • Тұтынушы сұранысына нарықта өзара алмасатын және бір-бірін толықтыратын тауарлардың бар немесе жоқ болуы әсер етеді.

     Тұтынушының мінез-құлқын шекті пайдалылык теориясы және талғамсыздық қисықтары әдісімен анықтайды. Тұтынушының мінез-кұлқын түсіндіруді шекті пайдалылық теориясы тұрғысынан қарастыру керек.

     Пайдалылық  немесе Ютиль (ағыл: Utility)- тұтынушының тауарлар және қызметтер жиынын тұтынудан алатын ләззаты немесе сезімдік қанағаттануы.

Тауардың  пайдалылығы әр түрлі адамдар үшін әр бөлек және тұтынушының мінез-құлқынан, қалыптасқан дағдысынан, талғамынан, ұнатуынан, көңіл-күйінен және тұрған жағдайынан тәуелді, субъективті түсінік болып табылады. Экономикада пайдалылықты жалпы және шекті пайдалылық деп жіктейді. Жалпы пайдалылық (total utility - TU) - барлық игілік бірліктерін тұтынудан алған жиынтық пайдалылық. Шекті пайдалылық (Marginal utility - MU) -тауар мен қызмет көрсетудің қосымша бірлігін тұтынудан туындайтын косымша пайдалылығы. "Шекті пайдалылық" термині алғашқы рет 1883 ж австриялық ғалым Ф. Визер (1851-1926 жж) ендірді.

     Өнімнің кез-келген санының жалпы пайдалылығын, шекті пайдалылық көрсеткіштерін қосу арқылы анықтайды. Мысалы, тұтынушы 10 алма сатып алады. Олардың жалпы, пайдалылығы 10 ютильге тең, егер 11 -ші алма сатып алынса, онда жалпы пайдалылық өседі де 11 ютильге тең болады. Шекті пайдалылық, яғни косымша 11-ші алманы тұтынудан алған қанағаттану былай анықталады: 

MU=U11-U10/11-10=U11-U10/1; 

     Жалпы пайдалылықтың тұтыну көлемінің -өсуіне қарай өсу тенденциясы болады, онымен бірге жалпы сұранымның, әсіресе, егер ұсыным көтерілсе азаю тенденциясы орын алады. Бұл заңдылық "шекті пайдалылықтың азаю заңы" деп аталады. Шекті пайдалылық теориясының негізіне "Госсен заңы" (неміс ғалымы Г. Госсеннің (1810-1850 жж) атымен аталған) қойылған. Бұл заң бойынша кажеттіліктердің бірте-бірте толығуы барысында заттардың пайдалылығы игіліктердің қоры молаюына карай төмендейді. Игіліктер қоры неғұрлым көп болса, соғұрлым пайдалылығы төмен болады, демек, әрбір келесі игілік бірлігінің құндылығында.

     Пайдалылық  бір немесе басқа тауарға субъективтік қатынастан тәуелді болып коймайды, оның мөлшеріне тауарлардың шектеулігі (сиректігі) әсер етеді. Шектеулік - бұл тілек ететін мөлшермен қолда бар мөлшердің арасындағы қатынас. Егер адамдар оны басқа бір құндылықты құрбандыққа шалмай, өздері қажет ететін мөлшерде ала алмайтын болса, онда игілік шектеулі деп есептеледі. Тұтынушының пікірінше игілік қоры неғұрлым аз болса, соғұрлым әрбір тауар бірлігі ол үшін барынша құнды болады. Тауарларды жеткілікті мөлшерде өндіру неғұрлым көп уақытты қажет ететін болса, соғұрлым сиректік шамасы жоғары болады.

     Әрбір тұтынушы өзінің ақшалай табысын максималды жалпы пайдалы болатындай жұмсағысы келеді. Ол алғысы келетін заттардың бәрін сатып ала алмайды, себебі оның акшалай табысы шектеулі, ал ол сатып алғысы келетін тауарлар белгілі бағаларға ие. Сондықтан тұтынушы шектеулі ақша табысы болған жағдайда тауарлар мен кызметтердің ең ұнамды жиынын алу үшін әр түрлі тауарлар арасынан таңдайды.

     Тұтынушы  мінез-құлқы ережесі мынада, бір тауарға жұмсалған бір теңгеге есептегенде алынатын шекті пайдалылық басқа тауарға жұмсалған бір теңгеге есептегендей шекті пайдалылықка тең болу керек.

      Мұндай  мінез-құлық айқындығы пайдалылықты максималды етеді. Егер 
тұтынушы осы ережеге сәйкес өзінің шекті пайдалылықтарын теңестірсе, оны ешнәрсе шығындық құрылымын өзгертуге итермелемейді, тұтынушы тепе-теңдік жағдайда болады.
 

     Пайдалылық  максималды ету ережесі математикалық мәні былай анықталады:

     Тұтынушының бір тауарды тұтынудағы қанығуы мөлшеріне қарай ол үшін бұл тауардың субъективті пайдалылығы қысқарады. Мысалы, бірінші тоңазытқышты алуға кажеттілік өте жоғары болса, екінші және үшінші тоңазытқыштарды алуға керісінше төменірек болады. Бұл кемімелі шекті пайдалылық заңы әрекет ететінін көрсетеді.

     Тауардың  пайдалылығының төмендеуі екі салдарға әкеледі: табыс әсері (эффектісі) және орын алмастыру әсері. Табыс әсері - егер өнім бағасы (мысалы, құлпынай) төмендесе, берілген тауарды тұтынушының нақты табысы (тұтыну қабілеттілігі) кебейеді. Ол осы ақшалай табысына көбірек құлпынай сатып ала алады. Бұл құбылыс табыс әсері деп аталады.

     Орын  алмастыру әсері - өнімнің бағасына төмендеуі (құлпынайдың) оның басқа тауарларға қарағанда арзандағанын көрсетеді. Құлпынайға бағаның төмендеуі тұтынушыны басқа тауарларды құлпынаймен ауыстыруға (мысалы банан, апельсин) ынталандырады. Құлпынай басқа тауарларға қарағанда тартымдырақ тауарға айналады. Бұл құбылыс орын ауыстыру әсері деп аталады.

       Екінші сұрақта біз, бюджетгік желі (шектеу) және талғамсыздык қисықтарын қарастырамыз. Бюджеттік желі немесе бюджеттік шектеу, тұтынушының қолында бар қаражаты және көрсетілген баға деңгейінде екі тауарды сатып алудың мүмкін болатын барлық комбинациясын көрсетеді. Бұл жердегі негізгі мақсат - шектеулі қаражат жағдайында жалпы пайдалылықты көтеру. Әрбір тұтынушы бюджеттік шеқтеу шеңберінде өзінің табысын әр түрлі тұтыну тауары арасына немесе қызмет көрсетуге салуға тырысады, себебі пайдалылықты максимальдікке жеткізу қажет. Мысалы, егер А өнімі (апельсин) 15 мың теңге, В өнімі (алма) 10 мың теңге тұрса, онда 120 мың теңге табысы бар тұтынушы бұл тауарды кестеде көрсетілгендей әр түрлі комбинацияда сатып ала алады. 120 мың теңге табысы бар тұтынушылар ала алатын А және В өнімдерінің бюджеттік шектеулері. 

Информация о работе Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары