Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 20:25, курсовая работа
Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу орындарын қайта құру кезеңінде оқу бағдарламаларында біршама өзгерістер болды. Соның нәтижесінде экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.
Кіріспе................................................................................................................4
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84
Әдебиеттер:
7 ӨНДІРІС
ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
Жоспар:
Әдістемелік кеңес:
Бірінші сұрақта өндірісте қолданылатын өндіріс факторлары мен осы ресурстарды пайдалану арқылы өндірілетін тауарлардың мөлшері арасындағы байланысты қарастырамыз.Басқаша айтқанда өндірушінің нарықтағы тәртібін зерттеуді осы сұрақтан бастаймыз.Қазіргі адамдардың тұтынып жүрген алуан түрлі тауарлар мен қызметтердің, олардың өндіруге қажетті өндіріс құрал-жабдықтардың саны мен сапасы өндіріс процесінде қолданылатын ресурстардың мөлшеріне және қолданылатын технологияға байланысты болады.Сондықтан өндіріс факторлары мен олардың көмегімен өндірілетін тауарлардың арасындағы байланысты талдау, өндірушілердің нарықта қабылдайтын шешімдерін түсінуге көмектеседі: тауарды өндіріп, нарықта ұсыну процесі өнім көлемі мен шығындардың арасындағы технологиялық байланыстарды анықтаудан басталады.Сонымен қатар өндірілетін тауарлардың саны өндірістегі технологиялық әдістердің ерекшеліктеріне байланысты болады.
Өндіріс - бұл тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті өндіріс факторларын қолдану процесі. Өндіріс процесінде қолданылатын факторлардың бәрін екі топқа бөліп қарастырамыз. Олар өндірісте материалдық түрде қолданылатын өндіріс факторлары жер, шикізаттар мен материалдар, өндіріс құрал-жабдықтары, ғимараттар-капитал ресурсы түрінде, ал жұмыс күші (еңбек) және кәсіпкерлік қабілет - еңбек ресурсы болып табылады.
Кез-келген өндіріс процесі өндіріс факторларының нақты сандық және сапалық үйлесімін талап етеді.Оны технология деп атайды.Сөйтіп өндірістің технологиялық әдісі деп - өндіріс факторларын, яғни шикізаттар мен ресурстарды, белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге (тауарларға немесе қызметке) айналдыруды айтамыз.
Өндіріс процесіне ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін енгізген сайын технология да жаңарып отырады. Жаңа технология өндіріс процесін жүргізудің және басқарудың жаңа әдістерін талап етеді. Жаңа технология шектелген экономикалық ресурстарды тиімді қолдана отырып, олардың көмегімен көп, салалы және арзан өнім өндіру мүмкіншілігін береді. Өндіріс процесіне жаңа технология енгізгенде жұмыскерлердің жалпы және кәсіптік- техникалық білім деңгейлеріне, тәжірибелеріне қойылатын талаптар да өседі.
Өндіріс функциясын талдағанда технологияның ролін және оның үнемі өзгеріп тұратынын естен шығармауымыз керек, бірақ өндірушінің қабылдайтын шешімі тұрақты (өзгермеген) технология шеңберінде жүзеге асады деп болжау жасаймыз.Сонымен қатар екі факторлы (еңбек және капитал) поцесі қарастырылады.
Тұрақты технология шеңберінде мейлінше
көп өнім өндіру ұшін қолданылатын өндіріс
факторларының үйлесімі мен сол өндірілген
өнім көлемінің арасындағы байланысты
өндіріс функциясы
дейміз. Егер өндірісте капитал мен еңбек
ресурстары қолданылса, қазіргі технология
шеңберінде өндіріс функциясын былай
көрсетеміз:
Q=f(L,K)
Мұндағы Q - өндірілген өнім көлемі, f – функционалды байланысты көрсететін белгі, L – еңбек ресурсы, K – капитал ресурсы. Егер өндіріске жаңа технология енгізілсе, онда басқа өндіріс функциясы пайда болады.
Нақты өмірде өндірістік процесті зерттеу үшін өндірістік функцияның бірнеше түрлері қолданылады. Бірақ әр түрлі өндіріске тән өндіріс функциясы болғанымен оларға ортақ жалпы қасиеттері болады:
Өндіріс функциясы кез-келген өндіріс үшін нақты мәліметтерге сүйене отырып анықталынады. Оны анықтау өндірісті жоспардау үшін қажет болады.
Өндіріс функциясын өндіріс кестесі арқылы да және графиктің көмегімен де көрсетуге болады. Бір жақты өнім көлемін өндіру үшін қолдануға болатын ресурстардың әр түрлі үйлесімдерін көрсететін қисықты изокванта дейді.Изокванта берілген өнім көлемін көптеген технологиялық жолдармен алуға болатынын көрсетеді.
Изокванта қисығы жоғарыдан төмен енкіш болады. Өнім көлемін өзгертпеу үшін капитал шығынын азайтқан сайын еңбектің шығыын көбейту керек. Изокванталар координаттардың басынан алыстаған сайын олардың бойында жатқан ресурстардың үйлесімдерінің беретін өнім көлемі көп болады.
Өндіріс факторларын өзгертудің мүмкіншілігі уақытқа байланысты болады олар екі түрге бөлінеді. Барлық өндіріс факторларын өзгертуге мүмкіншілік беретін уақытты ұзақ мерзім дейді. Ұзақ мерзімде барлық факторлар өзгермелі болады. Тек қана кейбір жеке факторларды ғана өзгерте алатын уақытты қысқа мерзім дейміз.Қысқа мерзімде өндірісте қолданылатын факторларды тұрақты және өзгермелі деп екіге бөліп қарастырады. Әрбір өндірістің өзіне тән қысқа және ұзақ мерзімі болады. Ол өндірістерде қолданылатын технологияға байланысты.
Изоквантаның көмегімен бір факторды екінші фактормен алмастырудың технологиялық шегін қарастырайық. Капиталды еңбек пен алмастырудың технологиялық шекті нормасы өндіріс көлемін өзгертпей-ақ,әрбір еңбек бірлігімен алмастыруға болатын капиталдың мөлшерін көрсетеді.
Өндіріс факторларын алмастырудың технологиялық шекті нормасын талдағанда еңбек пен капитал бірін-бірі толық алмастыра алмайтыны есте болу керек. Өндіріс факторлары бірін-бірі толықтырады. Сондықтан оларды алмастырудың технологиялық шекті нормасы төмендейді. Изоквантаның қисықтығы тұрақты өнім көлемінің шеңберінде факторларды алмастырудың шегі бар екенін және алмастыру барысында әр түрлі қиындықтардың кездесетінін көрсетеді.
Екінші сұрақты талдағанда біз қысқа мерзімде тұрақты факторлар өзгермейтін болғандықтан, фирма өнім көлемін өсіру үшін өзгермелі факторларды өзгерту керек екенін түсінуіміз керек. Қысқа мерзімдегі қабылданатын шешімнің негізгі мақсаты - әрбір өзгермелі фактордың өнім көлеміне тигізетін әсерін және оның тиімділігін анықтау. Ол үшін басқа факторлар тұрқты жағдайда өзгермелі фактордың көмегімен өндірілетін жалпы, орташа және шекті өнімдердің қөрсеткіштері қолданылады.
Жалпы өнім - басқа өндіріс факторлары тұрақты деп ұйғарып, зерттеліп отырған фактордың белгілі санын пайдалану арқылы өндірілген өнім саны. Жалпы өнімде кейде өндіріс нәтижесін көрсететін фактор деп те аталады, оны өндіріс функциясында У әрпімен белгілейді.
Экономикалық
талдауда жалпы көрсеткіштермен қатар
орташа және шекті
өнімнің көрсеткіштері де кеңінен қолданылады.
Өндіріс процесінде қолданылатын еңбектің
өнімділігін орташа өнімнің (АРL)
мөшерімен анықтаймыз. Айнымалы өндіріс
факторының орташа өнімі жалпы өнім (У)
мен зерттеліп отырған фактордың санының
қатынасымен анықталады және берілген
факторлардың қайтымын немесе қолданылуының
тиімділігін бейнелейді. Орташа өнімнің
мөлшері өндірісте қолданылатын еңбектің
саны мен жиынтық өнімге байланысты болады
және жиынтық өнімді еңбектің санына бөлу
арқылы анықталады:
АРL=У/L
Мұндағы АРL- орташа өнім, У- жалпы өнім, L- қолданылған еңбектің бірлігі.
Бұл көрсеткіш бір уақыт бірлігінде өндірілетін тауарлар санын көрсетеді және ол еңбек өнімділігі деп аталады.Қысқа мерзімде басқа факторлар тұрақты болса, еңбектің шығыны өскен сайын оның өнімділігі біртіндеп төмендейді.Ол өнімділіктің төмендеу заңына байланысты болады.
Капиталдың
орташа өнімі төмендегі формуламен
есептеледі:
АРk=У/К
Берілген
көрсеткіш негізгі өндірістік қордың
қолданылуының тиімділігін
Басқа факторлар тұрақты жағдайда өндірісте
қолданылатын еңбектің саны өскен сайын
жиынтық өнім көлемі шекті өнімнің мөлшеріне
өсіп отырады. Шекті
өнім өндіріс нәтижесінің өзгеруі мен
өндірістік процесте қолданылып отырған
айнымалы фактордың санының өзгеруінің
қатынасымен анықталады. Еңбектің шекті
өнімін анықтау үшін жалпы (жиынтық) өнімнің
өзгерісін еңбектің өзгерісіне бөлеміз.
Яғни капитал мен еңбек үшін олардың шекті
өнімі былай анықталады:
МРk=∆У/∆К;
МРL=∆У/∆L
Мұндағы МРk- капитал ресурсының шекті өнімі
МРL- еңбектің шекті өнімі
L- қолданылған еңбек бірлігі
∆- өзгерісті көрсететін белгі
У- жалпы өнім
Қысқа мерзімде басқа факторлар тұрақты болып, еңбектің саны көбейсе, оның шекті өнімі алғашқыда өскенмен, кейін біртіндеп төмендей бастайды.Ол шекті өнімділіктің төмендеу заңының әсерін көрсетеді.
Үшінші соңғы сұрақты талдағанымызда біз өндірісте қолданылатын факторлардың үйлесімі мен өнім көлемінің арасындағы технологиялық байланысты зерттеу өндіріс процесін талдаудың бірінші сатысы болып табылады, ал нақты өнім көлемін өндіруге қажетті шығындардың құрамын талдау өндіріс процесін талдаудың екінші сатысына жататынын аңғарамыз. Өндірушілердің нарықта қабылдайтын шешімдері тиімді болу үшін пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін барынша аз шығынмен өндіру қажет. Бұл сұрақ өндірістегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты шығындардың қалай өзгеретінін талдауға арналған.
Өндіріс шығындарын зерттеуде мынадай әдістемелік негізге сүйенеміз: шектелген экономикалық ресурстар таңдау және үнемдеу проблемаларын туғызады. Осы проблемаларды шешу экономикалық шығындармен тығыз байланысты.
Осы сұрақты қарастырғанда өндірістің экономикалық және бухгалтерлік шығындарын ажырата білуіміз керек.Өндірушілердің ресурстар нарығынан сатып алатын өндіріс факторына кететін шығындарды сыртқы немесе бухгалтерлік шығындар дейміз.
Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді.Оған мыналар жатады:шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жалдық (аренда) төлемі, салықтар. Бұл ұғымдарды фирманың анық шығындары деп те атайды.
Өндірушілер өндіру процесінде өздерінің меншігіндегі ресурстарды да қолданады. Яғни, олар өздерінің меншігіндегі ресурстарды қолданудың альтернативті (бір екі мүмкіндіктің ішінен біреуін таңдап алу) жолдарынан бас тартады.Альтернативті қолдану жолдарынан алып кеткен шығындарды ішкі немесе альтернативті шығындар дейді. Мысалы, кәсіпкер өзінің 1 айда тапқан 1 млн. теңгесін, қалауы бойынша әрі қарай кәсіпорын дамытуға немесе қыдыруға, я басқа бір қымбат заттар сатып алуға жұмсайды. Альтернативті құндар экономикалық шығынның құрамында есептелінеді. Бухгалтерлер есептейтін шығындардың құрамына альтернативті шығындар кірмейді.
Экономикалық шығындар - өндіріс процесінде қолданылатын жалпы барлық (ішкі және сыртқы) ресурстардың шығыны. Демек, экономикалық шығындар = сыртқы шығындар + ішкі шығындар( оның ішінде қарапайым пайда). Бұдан былайғы талдауымызда біз өндірістік шығындарды экономикалық шығындар деп ұғуымыз керек.
Информация о работе Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары