Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 20:25, курсовая работа
Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу орындарын қайта құру кезеңінде оқу бағдарламаларында біршама өзгерістер болды. Соның нәтижесінде экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.
Кіріспе................................................................................................................4
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84
Қарапайым пайда – бұл кәсіпкерлік пен айналысуға ынта туғызатын ең төменгі ақы. Тауарлар мен қызметтерді өндіру немесе сатумен айналысу үшін фирма ең болмаса қарапайым пайда алуы керек. Сондықтан қарапайым пайда ішкі шығындардың құрамында есептелінеді. Ол банктер төлейтін пайыз ставкасына байланысты анықталынады. Экономикалық шығындарды есептеу фирманың істеген жұмысына баға беріп қана қоймай, оның болашағын да болжауға мүмкіндік береді.
Альтернативті шығындар айқын болмағанымен, оларды фирма шешім қабылдағанда міндетті түрде ескереді. Фирмада айқын, бірақ шешім қабылдағанда ескерілмейтін шығындар да болады. Оларды қайтарылмайтын шығындар дейді. Бұл шығындардың альтернативті құны болмайды.
Бухгалтерлік шығындар экономикалық шығындардан аз болады. Бұл бухгалтерлік және экономикалық пайданың айырмашылығын көрсетеді.Оларды былай анықтаймыз:
Экономикалық шығындардың мөлшері қолданылатын ресурстардың саны мен олардың бағасына байланысты болады. Өнім көлемі мен оны өндіруге жұмсалған ең төменгі шығындардың арасындағы байланысты шығындар функциясы дейміз. Шығындар функциясын анықтағанда технология мен ресурстардың бағаларын тұрақты деп жорамалдаймыз.
Жалпы өндіруші үшін аз шығынмен мейлінше көп өнім өндіру негізгі проблема болып табылады. Осы проблеманы шешу үшін өндіруші капитал мен еңбекті қолданудың ең тиімді жолдарын іздейді. Капитал мен еңбектің әртүрлі үйлесімдерінің шығындары бірдей болуы мүмкін. Яғни өндірушіге олардың ішінен ең тиімдісін таңдау қажет. Жиынтық шығындары бірдей капитал мен еңбектің әртүрлі үйлесімдерін көрсететін қисықты изокоста дейді.
Сұрағымыздың соңында біз қысқа мерзімде өндірісте қолданылатын факторлар тұрақты және өзгермелі болып бөлінетін болғандықтан, олардың шығындары да тұрақты және өзгермелі болып екіге бөлінеді. Жоғарыда айтқанымыздай, қысқа мерзім кезеңі деп – белгілі бір уақыт аралығын айтамыз. Ол уақыт ағымында өндірістің кейбір факторлары өзгермей қалады. Сондықтан қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы шығындарын (ТС) анықтағанда, оның тұрақты (ҒС) және өзгермелі (айнымалы) (VС) шығындарын ажыратады, яғни ТС = ҒС + VС
Тұрақты шығындар (ҒС) деп – қысқа мерзім кезеңінде өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға жататындар: амортизациялық өтемдер, тұрақты салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы және т.б.
Өзгермелі шығындар (VС) деп – шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Бұған жататындар: шикізаттар мен материалдардың, жанар-жағар майдың, электр энергиясы мен отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге, жұмысшылардың еңбекақысы және т.б. шығындар жатады.
Есте сақтайтын нәрсе, өндірістік шығындарды талдағанда, жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз.
Өндірістің
орташа жалпы шығындары (АТС), жалпы
шығынның (ТС) өндірілген өнім көлеміне
(Q) қатынасымен анықталады да өнімнің
бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығынды
көрсетеді. Сөйтіп, орташа жалпы шығындар
мына формуламен есептелінеді:
АТС=ТС/Q
Берілген көрсеткіш өнімнің өзіндік құнының жақын нұсқасы болып табылады, бірақ ол соңғысынан айқынсыз шығындар шамасымен өзгешеленеді.Орташа жалпы шығындарды екі түрге бөлуге болады:
Олар
мына формуламен анықталады:
АҒС=ҒС/Q;
АVС=VС/Q;
Өндірістің
шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың
өзгеруінің (∆ТС) өнім көлемінің өзгеруі
(∆Q) қатынасына тең болады және өнімнің
қосымша данасын шығарғанға кететін қосымша
шығындарды көрсетеді, яғни:
МС=∆
ТС/∆Q
Өнім
шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар
өзгермейтіндігі белгілі, сондықтан жалпы
шығынның өсуі әрқашан айнымалы шығындардың
өсуіне тең болады. Осы айтылғандарды
ескере отырып, шекті шығынды былай есептеуімізге
болады:
МС=∆VС/∆Q
Сұрағымыздың
соңында ұзақ мерзімде өндірісте
қолданлатын барлық факторларды өзгерту
арқылы өнім көлемін өсіру мүмкіншілігі
пайда болады. Ұзақ мерзімде фирмалар
қосымша цехтар немесе жаңа кәсіпорындар
ашу арқылы өндірістің ауқымын өсіре алады.
Ұзақ мерзімде тұрақты шығындар жоқ, барлық
шығындар өзгермелі болады. Себебі, барлық
факторлар өзгермелі факторларға жатады.
Қысқа мерзімге тән өнімділіктің төмендеу
заңы әсер етпейді. Ұзақ мерзімді шығындардың
қисықтары кез-келген өнім көлемін өндірудегі
ең төменгі шығындарды көрсетеді.
Негізгі ұғымдар мен түсініктер:
Өндіріс
факторлары. Өндіріс функциясы. Изокванталар.
Өндіріс факторларының орташа және шекті
өнімі. Бухгалтерлік және экономикалық
шығындар. Қысқа және ұзақ мерзімдегі
өндіріс шығындары.
Рефераттар тақырыбы:
1. Өндіріс шығындарының теориялары және түрлері.
2. Шығындарды
төмендету жолдары.
Әдебиеттер
8 БӘСЕКЕЛЕС ФИРМАЛАРДЫҢ ПАЙДАСЫН БАРЫНША
АРТТЫРУ
Жоспар:
1. Фирма қызметтерінің мақсаттары. Экономикалық пайда
2.Бәсекелестік нарықта фирма пайдасын барынша арттыру немесе шығындарды мейлінше азайту ережесі
3. Ұзақ
мерзімді кезеңдегі
Әдістемелік кеңес:
Бірінші сұрақты бастамай тұрып біз ең алдымен бұл тақырыптың мақсаты жеке фирманың нарықтың белгілі бір үлгісіндегі (моделіндегі), яғни жетілген бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Сонымен қатар біріншіден, жетілген бәсекелі нарықтағы фирманың пайданы мейлінше арттыруға қажетті өнім көлемін қалай анықтайтынын талдау; екіншіден, қысқа және ұзақ мерзімдегі ұсыныс мөлшері мен оған әсер ететін факторларды зерттеу; үшіншіден, жетілген бәсекелі нарықтың тиімділігін бағалау.
Жетілген бәсекелі нарықтың үлгісі екі жеңілдетілген болжауға сүйенеді. Біріншісі, фирма бір ғана өнім өндіреді деп болжау жасаймыз. Шын мәнінде қазіргі фирмалар көптеген өнім өндіріп, ұсынатыны белгілі. Екіншісі, фирманың мақсаты - пайданы мейлінше арттыру деп болжау. Фирма пайданы ең жоғарғы көтеруден де басқа әр түрлі мақсаттарды көздеуі мүмкін.
Бірақ осы жеңілдетілген болжаулардың көмегімен құрастырылған үлгі жеке фирмалардың баға белгілеу және өнім көлемін анықтау туралы қабылдайтын шешімдерінің түпкі мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Жетілген бәсекелес нарық – бұл нарықтағы бағаны өзгерте алмайтын, саны өте көп, көлемі шағын фирмалар жұмыс істейтін нарықтық құрылым.
Онда мынадай шарттар орындалуы тиіс:
а) Нарықта сатып алушыға стандартты немесе біртекті өнім ұсынатын тәуелсіз сатушылар саны өте көп болады;
б) Әр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесі елеусіз болады. Сондықтан, оның өнім көлемі туралы өндірістік шешімдері жалпы ұсынысқа ықпал етпейді, соған орай ол өнімнің нарықтық бағасына да әсер ете алмайды;
в) Өндірушілер
мен сатушылар нарықтағы жағдайлар (баға,
технология,пайда т.б.) туралы толық хабардар
болады. Сонымен қатар фирмалар шешім
қабылдағанда өздерінің бәсекелестерінің
шешімдерімен санаспайды.
г) Жаңа фирмалардың салаға кіруіне немесе одан шығуына ешқандай кедергілер қойылмайды.
Бәсекелес фирмалардың өнімдері біркелкі болғандықтан, жеке фирманың өніміне сұраныс бағаның өзгерісіне абсолютті икемді. Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайтын болғандықтан, ол бағаны сырттан белгіленген баға ретінде қабылдайды. Бұл - өндірілетін өнімнің кез келген мөлшерін фирма бір ғана бағамен сатады деген сөз. Жеке өндірушінің сұраныс қисығы көлденең (горизонталь) сызық болып табылады. Көлденең сұраныс қисығы фирма кез келген өнім көлемін сату арқылы нарықтағы бағаны өзгерте алмайтынын көрсетеді.
Естеріңізде болсын, жеке фирманың өніміне сұраныс пен нарықтық сұраныс қисығын шатастырмау керек. Салалық немесе нарықтық сұраныс қисығы жоғарыдан төмен қарай еңкіш болады. Ол сұраныстың бағаға икемділігі әр түрлі деңгейде болатынын көрсетеді. Нарықтағы бағаның қалыптасуы сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Ал жеке фирма нарықта қалыптасқан бағамен кез-келген өнім көлемін сата отырып, жалпы нарықта қалыптасқан жағдайды өзгерте алмайды.
Егер бір сатушы нарықтағы ұсынысты өсірсе немесе кемітсе, ол нарықтағы ұсыныс қисығын не төмен, не жоғары қозғалта алмайды. Яғни, жеке фирмалар жеке ұсыныс мөлшерін өзгерту арқылы нарықтағы бағаны өзгерте алмайды. Себебі фирмалардың саны көп және әрбір фирманың нарықтық ұсыныстағы үлесі өте аз. Сондықтан өндірушілердің немесе сатушылардың жетілген бәсекелі нарықта қалыптасқан бағаны қабылдауларына тура келеді. Сол себептен оларды «баға қабылдаушылар» дейді.
Сұрақтың соңында қарастыратынымыз экономикалық пайда – бұл жалпы табыс немесе түсім (TR) мен экономикалық (жалпы) шығындар (TC) арасындағы айырма:
П=TR-TC
Егер фирманың жалпы табыстары оның шығындарына тең болса, онда экономикалық пайда нөлге тең немесе қалыпты болады. Қалыпты пайда бұл неоклассикалық теориядағы жетілген бәсекелестік үлгісіндегі пайданың негізгі түсінігі.
Кез келген фирманың мақсаты-белгіленген баға арқылы мейлінше көп пайда алуға, немесе мейлінше аз зиян шегуге мүмкіндік беретін өндіріс көлемін таңдап алу болып табылады.
Екінші сұрақты талдағанда біз, бәсекелес фирманың мақсаты-пайданы мейлінше арттыру екенін аңғарамыз. Ол бір ғана өнім өндіреді және оның шығыны өнім көлеміне байланысты болады. Өнім нарықтағы бағамен сатылады. Осындай жағдайда фирманың басқарушысының мақсаты пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін анықтау.
Естеріңізде болсын пайда мен табысты шатастырмау керек. Пайда (П) Жиынтық табыс (TR) пен Жиынтық шығынның (TC) айырмасы. Оны біз жоғарыда көрсеттік немесе: П=TR-TC.
Жалпы табыс баға мен сатылатын өнім көлемінің көбейтіндісі (P·Q) Бағаны фирма өзгерте алмайды. Яғни, фирма өзінің жалпы табысын өсіру үшін тек қана сатылатын өнім көлемін арттыру керек.Бірақ өнім көлемінің ұлғаюы фирманың шығынын өсіреді.
Экономикалық шығын (TC)-ішкі (альтернативті) және сыртқы (бухгалтерлік) шығындардың қосындысы. Егер жалпы табыс экономикалық шығындардан артық болса, фирма экономикалық пайда алады. Фирманың жалпы табысы экономикалық шығынға тең болса, ол өзінің барлық шығындарын өтейді және қарапайым пайда алады. Қарапайым пайда – фирманың иелігіндегі ресурстардың альтернативті құны. Егер фирма экономикалық шығынын өтей алмаса, яғни қарапайым пайда алу мүмкіншілігі болмаса, ол өзінің игілігіндегі ресурстарды қолданудың альтернативті жолдарын қарастырады.
Информация о работе Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары