Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 20:25, курсовая работа
Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу орындарын қайта құру кезеңінде оқу бағдарламаларында біршама өзгерістер болды. Соның нәтижесінде экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.
Кіріспе................................................................................................................4
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84
15 теңгеден болатын А өнімінің саны (мөлшері) | 10 теңгеден болатын В саны өнімнің саны (мөлшері) | Ақша сомасы 120 (мың теңге) |
8*15=120т-ге
6*15=90т-ге 4*15=60т-ге 2*15=30т-ге 0 |
0
3*10=30т-ге 6*10=60т-ге 9*10=90т-ге 12*10=120т-ге |
120(120+0)
120(90+30) 120(60+60) 120(30+90) 120(0+120) |
Сонымен, мұнда байқайтынымыз, қолда бар ақша сомасына сатып алушыға не алуға болады.
Бюджеттік
шектеуді графикалық түрде бейнелеуге
болады. Бюджеттік шектеудің көлбеулігі
В тауарының (10 мың т-ге) бағасының А тауарының
(15 мың т-ге) бағасына катынасына тәуелді
болады.
А өнімнің саны
8
6
4
2 В өнімнің саны
3 6 9 12
4 сурет
- Бюджеттік шектеулер
Бюджет шектеуінің орналасуы бірқатар факторларға тәуелді болады. Олардың ең бастысы: ақшалай табыстың шамасы және өнім бағасы.
Ақшалай табыс әсері. Ақшалай табыстың өсуі бюджеттік шектеуді оңға жылжытады, ақшалай табыстың төмендеуі оны солға жылжытады. Баға өзгерісі әсері. Екі өнім бағасының нақты табыс өсуіне эквивалентті төмендеуі, графикті оңға жылжытады. Керісінше, А және В өнімдеріне бағаның өсуі графикті оңға жылжытады.
Енді талғамсыздық қисығын қарастырайық. Талғамсыздық қисығы дегеніміз, бірдей тұтыну маңызы бар немесе пайдалылығы бірдей екі өнімнің әр түрлі комбинациясын көрсететін қисық.
Тұтынушылық таңдау теориясында талғамсыздық қисық сызығы үлкен орын алады. Оның мәнісі мынадай жағдайдан туындайды: кез-келген тұтынушының (жеке адам, үй шаруашылығы) сұранымын зерттей отырып, біз олардың тек қана сатып ала алатын мүмкіндігін ескеріп қоймаймыз, сонымен бірге, олардың нені сатып алуға ықыласты екенін де ескеруіміз керек. Бір немесе басқа бір тауардың белгілі бір санын сатып алу ықыласы тұтынушының ол тауарды артық бағалауын көрсетеді, оны талғамсыздық кисық сызығы деп аталатын құбылыстың жәрдемі мен түсіндіруге болады. Ол әрқайсысының бір шамада пайдалылық қабілеті бар тұтынушылық таңдаудың жиынтық варианттары болып табылады. Сондықтан олардың бірде-біреуі бір-біріне қарағанда артық бағаланбайды. Ал талғамсыздық кисық сызығы дегеніміз талғамсыздық жиынтығының графикалык көрінісі.
А
(апельсин) және В (алма) өнімдері туралы
мысалға оралайық. Айталық тұтынушыларға
оларды қандай үйлесімде сатып алса да
бәрібір болсын делік: 12 апельсин және
2 алма, 6 апельсин және 4 алма, 4 апельсин
және 6 алма, 3 апельсин және 8 алма. Егер
біз осы комбинацияларға сүйеніп график
салсақ, тең пайдалылықтар қисығын, яғни
талғамсыздық қисығын аламыз.
А өнімнің саны
12 А
11
10
9
8
7
6 В
5
4
3
2
1
2 4
6 8
10 12
В
5 сурет
– Талғамсыздық қисығы
Екі өнімнен құралған барлық жиындардың тұтынушы үшін пайдалылығы бірдей. Бір өнімнің қандай да бір санынан бас тарту арқылы жоғалтқан пайдалылықтың орны басқа өнімнің қосымша санынан алынатын пайдамен толтырады. Бірақ пайдалылық деңгейі бойынша ажыратылатын талғамсыздық қисықтарының да жиындары бар. Талғамсыздық қисықтарының мұндай әулеті талғамсыздық картасы деп аталады. Сонымен, талғамсыздық картасы – талғамсыздық қисықтарының жиынтығы. Тұтынушы мінез-құлқын түсіндіруге талғамсыздық қисықтары тұрғысынан көзқарас тұтынушы бюджетіне және талғамсыздық қисықтарына негізделеді.
Үшінші соңғы сұрақта біз тұтынушының тепе-теңдігін қарастырамыз. Талғамсыздық қисығы мен бюджет сызығының көмегімен тұтынушының тепе-теңдігін көрсетеміз. Бұл екуін бір координаттардың жазығына орналастырамыз. Оны төмендегі суреттен көруге болады.
Qy
В2 В4
Qy В3 U3
В0
U1
В1
Qx=3
6-сурет
Тұтынушының тепе-теңдігі.
Тұтынушы В0 қоржынын қаламайды, себебі ол бюджет сызығының ішінде жатыр. Біздің жорамалымыз бойынша тұтынушы табысын толық жұмсау керек. В1В2 қоржындары бюджет сызығының бойында болғанымен, олардың тұтынушыға әкелетін пайдасы аз. Себебі олар координаттардың басына жақындау жатқан талғамсыздық қисығының бойында орналасқан.
Тұтынушы В1-ден В3-ке, немесе В2-ден В3-ке қарай жылжу арқылы координаттардың басына алыстау жатқан U2 талғамсыздық қисығына ауысады. U2 талғамсыздық қисығының бойына орналасқан В3 қоржының әкелетін пайдалылығы В1 және В2 қоржындарын әкелетін пайдалылығынан көп. Сондықтан тұтынушыны В3 қоржыны қанағаттандырады. Бюджет сызығынан тыс жатқан В4 қоржыны басқа қоржындарға қарағанда әлде қайда көп пайдалылық әкелгенімен оған тұтынушының табысы жетпейді.
Сонымен, тұтынушыға барынша көп пайдалылық әкелетін қоржын, бюджет сызығы мен талғамсыздық қисығының бір-біріне жанасқан нүктесінде орналасады. Бұл тұтынушының тепе-теңдік жағдайында екенін көрсетеді. Себебі тұтынушы өзінің бюджетінің шеңберінде барынша көп пайда әкелетін қоржынды алған соң, басқа қоржындарды таңдауға мүдделі болмайды.
Тұтынушының
тепе-теңдік нүктесінде бюджет сызығының
енкіштігі – (Рх/Ру) талғамсыздық
қисығының енкіштігіне тең (МRSxy)
тең:
MRSxy=Px/Py
Егер
MRSxy> Px/Py болса, Х тауардан
алған шекті пайдалылық оған шыққан шекті
шығыннаң көп, сондықтан тұтынушы У тауарды
Х тауармен алмастыру арқылы таза пайда
алады. Яғни, тұтынушы В2-ден В3-ке
қарай жылжиды. Егер MRS< Px/Py
болса, Х тауардан алған шекті пайдалылық
оған шыққан шекті шығыннан аз болады,
сондықтан тұтынушы Х тауарды У тауармен
алмастыру арқылы В1-ден В3-ке
қарай жылжиды. Тұтынушы әрбір тұтынатын
тауардан алған шекті пайдалылықты оның
бағасымен салыстырады. Кез-келген тауарға
шыққан соңғы теңгенін әкелетін шекті
пайдасы бір-біріне тенескенге дейін бір
тауарды екінші тауармен алмастыру тоқтатылмайды.
Осыны эквимаржиналды
принцип дейді. Алмастырудың шекті нормасын
шекті пайдалылықтардың қатынасымен де
көрсетуге болады. Онда тұтынушының тепе-теңдігін
былай сипаттаймыз:
MUx/MUy=Px/Py
немесе MUx/Px=MUy/Py;
Сонымен,
тұтынушының таңдауы екі
Талғамсыздық қисығының түрі және алмастырудың шекті нормасының өзгерістері тұтынушылардың қалаулары туралы ақпарат береді. Оны білу тауарлар мен қызметтерді өндіретін фирмалардың дұрыс маркетингтік шешім қабылдауларына көмектеседі.
Егер
тұтынушы екі тауардың біреуін тұтынудан
бас тартса немесе мүлдем тұтынбайтын
болса, ол бұрыштағы
тепе-теңдік жағдайында болады. Тұтынушының
бұрыштағы тендік жағдайында болуы, тек
қана оның қалауына ғана байланысты емес.
Ол тұтынушының табысы мен сатып алатын
тауарлардың бағаларының ара қатынасына
да байланысты. Табыс өсіп немесе тауарлардың
бағаларының қатынасы өзгерсе, тұтынушы
бұрыштағы тендіктен ішкі тендікке көшу
мүмкін.
Негізгі ұғымдар мен түсініктер:
Тұтынушының
талғамы. Пайдалылық. Жалпы пайдалылық.
Шекті пайдалылық. Табыс әсері. Орын ауыстыру
әсері. Бюджеттік шектеу. Талғамсыздық
қисығы. Тұтынушының тендігі.
Рефераттар тақырыбы:
1 Шекті пайданың кему заңы
2 Тұтынушының таңдау
іс әрекеті моделі
Әдебиеттер:
5 САЛЫСТЫРМАЛЫ СТАТИСТИКА
ЖӘНЕ
СҰРАНЫСТЫ ТАЛДАУ
Жоспар:
Әдістемелік кеңес:
Бірінші сұрақты бастағанда біз қысқа мерзімге қарағанда, ұзақ мерзімде тұтынушының табысы мен нарықтағы бағалар өзгеретінің білуіміз керек. Оларға басланысты тұтынушының шешімі де өзгереді. Осыған дейін біз тұтынушы екі түрлі тауарды ғана таңдайтынын қарастырғанбыз. Бірақ күнделікте өмірде тұтынушылар көптеген тауарларды тұтынады. Бір нақты мерзім ішінде тұтынушы өзінің табысының бір бөлігін Х тауарға жұмсап, қалғанын басқа тауарлар мен қызметтерді сатып алуға қалдырады деген жорамал жасаймыз.
Тұтынушының Х тауарды сатып алу ниеті оның қолындағы табысына байланысты. Тұтынушының табысы өскен сайын оның сатып алу мүмкіндігі де артады. Оны бюджет сызығының орнын оңға жоғары жылжыту арқылы көрсетеміз. Бюджет сызығының орнының жылжуы тұтынушыны жаңа теңдік жағдайына көтереді. Себебі тұтынушы өскен бюджет деңгейінде өзі қалаған тауарларды тұтыну деңгейін көтере алады. Егер біз талғамсыздық қисықтарының картасындағы әрбір бюджет сызығына сәйкес келетін барлық теңдік нүктелерін бір-бірімен қоссақ, онда «табыс-тұтыну» қисығын аламыз. Оны мына төмендегі суреттен көруімізге болады. Табыстың тұтыну деңгейіне тигізетін әсерін талдау барысында тұтынатын тауарлардың бағасы тұрақты деп болжамдаймыз.
Басқа тауарға
Шығаратын
Шығындар
(теңге)
Е4
Qx1 Qx2Qx3Qx4
7 сурет
«табыс-тұтыну» қисығы
«Табыс-тұтыну» қисығы бағалар тұрақты жағдайда, табыстың өсуіне байланысты (U1, U2, U3, U4) тұтынатын оптималды тауарлар жиынтығын (Е1, Е2, Е3, Е4) және жаңа тепе-теңдіктерді көрсетеді. «Табыс-тұтыну» қисығының түріне қарай отырып, Х тауардың тұтынушы үшін қандай тауар категориясына (санатына) жататынын анықтауға болады. Жоғарыдағы 7 суреттегі «Табыс-тұтыну» қисығы Х тауардың әдеттегі тауар екенін көрсетеді. Табыс өскен сайын Х тауарды тұтыну өсіп отыр. Оны «табыс-тұтыну» қисығының төменнен жоғары қарай кескінделген түрінен көруге болады. Сонымен қатар табыс өскен сайын тұтынушының басқа тауарларды тұтыну деңгейі де өсіп отыр. Осы жерде табыс пен тұтынушының тауарға деген сұранысының арасындағы байланысты да көрсете аламыз. Егер Х тауардың бағасы өзгермесе, табыс өскен сайын сұраныс қисығы орнын оңға жылжытады. «Табыс-тұтыну» қисығының төменнен жоғары қарай сызылуы Х тауарға сұраныс мөлшерінің табыспен бірге өсетінін көрсетеді. Сұраныс қисығынын орны көбірек жылжыған сайын Х тауарға сұраныстың табысқа икемді екенін көреміз. Бұл жағдай Х тауардың әдеттегі тауар екенін дәлелдейді.
Информация о работе Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары