Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 20:25, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу орындарын қайта құру кезеңінде оқу бағдарламаларында біршама өзгерістер болды. Соның нәтижесінде экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................4
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84

Файлы: 1 файл

Микроэкономика.doc

— 1.13 Мб (Скачать)
 

МАЗМҰНЫ 

  1. Кіріспе................................................................................................................4
  2. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
  3. Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
  4. Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
  5. Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
  6. Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
  7. Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
  8. Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
  9. Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
  10. Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
  11. Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
  12. Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
  13. Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
  14. Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
  15. Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
  16. Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
  17. Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

    Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу  орындарын қайта құру кезеңінде  оқу бағдарламаларында біршама  өзгерістер болды. Соның нәтижесінде  экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді. Адамдардың экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады және бұларды құрайтын: қажеттілік, ресурстар (қорлар), технология, өнімдер және оларды пайдалану, бір-бірімен тығыз байланысты болады.

    Еліміздің нарыққа өту кезеңі жоғарғы оқу  орны студенттерінің сапалы және жүйелі білім алуларына талап қояды. Осыған байланысты микроэкономика пәнін  біліп үйрену студенттер үшін экономикалық құбылыстар мен процестерді кіші деңгейде немесе үй шаруашылығы, кәсіпорын, өндірістік кооператив, фирма, кіші өндіріс салаларының жұмыс істеуін зерттеп үйренуіне көмектеседі. Осы тұрғыдан жоғарғы оқу орны студенттерінің микроэкономика пәнін оқып біліуі, олардың басқа экономикамен  байланысты пәндерді түсініп білулеріне, экономикалық ойлау жүйесін нығайтып, тиімді жұмыс істеуіне көп пайдасын тигізеді.

    Микроэкономика  пәнін оқыту кезінде студенттерге теориялық біліммен қатар, олардың  өз ойларын іс (тәжірибе) жүзінде экономикалық өмірде пайдалануын міндеттейді. Студент микроэкономиканың методологиясын біліп түсініп, нарық кезінде микроэкономикалық модельдерді, шаруашылықта пайдалану, экономикалық тепе-теңдікке жету керектігін және нарықты жетілдіру үшін қандай іс-әрекетке бару керектігін үйретеді.

    Бұл ұсынылып отырған оқу әдістемелік  құрал еліміздің Шығыс өңірінде қазақ тілінде жазылған тұңғыш басылым. Осы оқу әдістемелік құралдың мақсаты экономика мамандықтары студенттерінің микроэкономика пәнін оқып үйренуде, терең толық білуде көмекші құрал болып табылады. Бұл әдістемелік оқу құралы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі бекіткен жоғарғы оқу орнының экономика мамандығы студенттеріне арналған жаңа стандарты бойынша жасалып отыр.

    Бұл әдістемелік оқу құралы мүмкіндігінше  түсінікті, жатық тілмен жазылған және әр тақырып бойынша семинар сабағының  жоспары, барлық негізгі сұрақтарға әдістемелік кеңес, рефераттар тақырыбы және қолданылатын әдебиеттер тізімі беріліп отыр.  
 
 
 
 
 
 

1 СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 

Жоспар:

1 Ресурстардың шектеулік проблемалары және таңдау қажеттілігі.

  Ресурстарды бөлу-тарату

2 Сұраныс және оған әсер ететін факторлар

3 Ұсыным және оған әсер ететін факторлар

4 Сұраным мен ұсынымның өзара байланысы. Тепе-теңдік нүкте (баға) 

Әдістемелік кеңес:

    Бірінші сұрақты бастағанда экономикалық ресурстар түсінігі, түрлері және шектеулігіне (тапшылығына) тоқтауымыз керек.

    Ресурстар – бұл игіліктерді өндіруге кететін факторлар болып табылады. Экономикалық ресурстар деп тауар өндіруге жұмсалатын барлық табиғат беретін, адманың еңбегімен жасалған және адамның өзі жатады. Барлық ресурстар мынадай түрлерге бөлінеді: а) табиғат ресурстары – жер, су, ауа, орман-тоғай, табиғат байлығы -  мұнай, газ, көмір, әртүрлі рудалар, өсімдік және жануарлар дүниесі т.б жатады; б) материалдық ресурстар – капитал, үй-жай, құрылыс т.б бұлар адамның еңбегімен жасалған заттар; в) адам ресурсы – бұл еңбек және адмның кәсіпкерлік қабілеті; г) ақпараттық ресурстар – бұларға ғылыми және ғылыми техникалық жоба, конструкторлық, технологиялық, статистикалық, басқару ақпараттары және рухани интеллектуалдық құндылықтар жатады.

    Бұл жерде бір нәрсені естен шығармау керек, ол барлық ресурстар, немесе өндіріс факторларына тән нәрсе олар сирек кездеседі, немесе шектелген көлемде болады. Ресурстардың шектілігіне байланысты тауар өндіру көлемі де өлшеулі болады. Мысалы, жер өте көп, бірақ жыртуға жарамды жерлер шектеулі мөлшерде ғана бар. Жердің көптеген көлемін тау сілемі, орман, тундра, құм масивтері – бос дала және т.б алуда. Бұрындары қуатты пайдалы қазбалар болған жерлер оларды алудың нәтижесінде тозады, істен шығады. Сондай-ақ өндірістік үйлер, алып құрылыстар, машина жабдықтар саны да шектеулі болады – мұның барлығы экономиканың даму жолына белгілі шектеу қояды. Осыдан барып, экономика ғылымының алдында бар ресурстарды мейілінше тиімді қолдану мәселесі туындайды. Себебі халықтың тез өсіп келе жатқан сұранымдарын қанағаттандыру өте қажет.

    Өмірде  экономикалық шешім қабылдау қажеттілігі  мына себептерден туындайды:

  1. Экономикалық субектінің белгілі бір экономикалық іс-әрекеттер жасауға мүмкіндігі болғанда;
  2. Осы экономикалық іс-әрекеттерді орындаудың әр түрлі тәсілдері болғанда.

    Экономикалық  іс-әрекеттердің әр түрлі тәсілдері  міндетті түрде баламалы немесе бірін-бірі ығыстыра алатын болуы тиіс. Бұл шарт орындалмаса орындау тәсілдерінің қай-қайсысын да қолдануға болады және ешқайсысы да біріне-бірі кедергі болмайды.

    Бұдан ұғатынымыз экономикалық шешімді қабылдау проблемасы – шын мәнінде экономикалық іс-әрекеттердің бірнеше баламалы нұсқауларының ішінен біреуін таңдау проблемасы және мұндай жағдай берілген экономикалық субектіге нақты мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар баламалы қадамдардың ішінен таңдау қажеттілігі де берілген уақытта туады.

    Жоғарыда  айтылғандай, әрбір экономикалық іс-әрекет белгілі бір өзіне сай қажеттілікті анықтаумен басталады. Әрине, қажеттілікте шек болмайды. Белгілі бір уақыт аралығындағы қажеттігімізді уақытша қанағаттандырғанда, ол басқа жаңа қажеттіліктер туғызып, күрделене, тереңдей түсетіні сөзсіз. Сондықтан бұл мәселілер көбінесе тұрақты болады. Ал екінші жағынан, біздің қажеттілігімізді қанағаттандыратын ресурстар мен технологиялар әрқашанда шектеулі болады. Біріншіден, бұл табиғатта кездесетін игіліктердің әр түрлі мөлшерде болуы, мысалы, кейбір игіліктер басқаларына қарағанда өте аз болады. Екіншіден адамзат қолы мен жасайтын игіліктер де шектеулі.

    Қорлар  бірін-бірі толықтырып отырады, осыған байланысты игіліктер екі түрге  бөлінеді: қайта өндірілетін және қайта өндірілмейтін. Сонымен, әр түрлі игіліктердің көлемдері мен қорларын толықтыру деңгейі олардың бір-бірімен салыстырмалы шектеулілігін көрсетеді және игіліктердің сиректігі деп аталады.

    Мынаны  есте сақтау керек, кез-келген тұтынушының  қолындағы игілік қоры оның қажеттілігін толықтай қанағаттандыруға жетпеуі мүмкін. Осыған байланысты игіліктердің жетіспеуін, шектеулі болуын игілік тапшылығы деп айтамыз. Сөйтіп тапшылық пен сиректік игіліктердің шектеулігін сипаттайды. Ал игіліктердің шектеулігі адамдардың экономикалық қызметтерінде қолданылатын барлық игіліктерге тән қасиет.

    Әр  түрлі қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қанағаттандыру іс-жүзінде  мүмкін емес, сондықтан қажеттіліктердің кейбіреуі түгелімен қанағаттандырылмайды. Сондықтан, кез-келген экономикалық іс-әрекет, қарастырып отырған уақыттағы қанағаттандырылатын қажеттілікті таңдап алу болып есептелінеді және осы уақытта басқа қалған қажеттіліктерді қанағаттандырудан бас тарту керектігін көрсетеді.

    Белгілі бір ресурстардың белгілі бір  мөлшерін қажеттілікті қанағаттандыру үшін жұмсайтын болсақ, онда қалған қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыруға мүмкіндігіміз аз, себебі игіліктер немесе ресурстар жетпеуі мүмкін. Осыдан таңдау проблемасы үнемдеу проблемасымен тікелей байланысты болады. Үнемдеу проблемасы – берілген экономикалық субектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді ойластырып және шектеп жұмсауы, соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізуін айтамыз.

    Мынаны  түсіну керек, жекелей өндіріс факторларының ешқайсысы өнім шығарып табыс бере алмайды. Сондықтан өндіріс процесі факторлардың өзара бірігуінін қарым-қатынасын білдіреді. Шығарылған өнім саны оны өндіруге қолданылған өндіріс факторлары мен олардың комбинацияларына тәуелді. Факторлардың әр түрлі комбинациясы бар болса, бұл олардың оптималды үйлесіміне жеткізетін варианттың бар екендігін білдіреді.

    Демек өндірістік функция – бұл өндіріс факторларының шығындарының жиынтығы мен максималды өнім шығару арасындағы өзара байланысты көрсететін техникалық арақатынас.

    Экономикалық таңдау кезінде балама шығындарды есептеу микроэкономикалық таңдаудың маңызды принцптерінің бірі болып табылады. Балама шығындарды өндіріс мүмкіндіктерінің қиысғы арқылы көрсетуге болады. Бұл қисық – екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы шикізаттан дайын өнім өндіргенде бір ғана балама игіліктің өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игілік өндірісі азаяды және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымдарының балама мүмкіндіктері өте көп болады (май өндіру мен зеңбірек өндіру, автомобиль және танк өндірісі т.б).

    Екінші  сұрақты бастағанда мынаны түсінуміз керек сұраным мен ұсыным нарықты экономиканың негізгі элементтері болып табылады. Ол бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты тұтқа. Нарық өндірушілер мен тұтынушылардың өзара байланыстарын ерекше нысан ретінде өндіріс пен тұтыну арасында болатын белгілі бір тепе-теңдікті қажет етеді. Сұраным дегеніміз – бір мезгілде, бір бағамен сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің саны. Басқаша айтқанда сұраным дегеніміз төлем қабілеті бар қажеттілік. Сұранымды бағадан тыс анықтау мүмкін емес. Себебі ол бағамен байланысты өзгеріп отырады. Мысалы біз дүкен сөрелерінен кажетті, қымбат бағалы затты көрсек, бірақ біздің қалтамыздағы ақшамыздын аздығынан оны сатып ала-алмайтын болсақ онда ол тауарға сұраным жоқ деп есептеуіміз керек.

    Тауардың  нарықтық бағасы мен сұраным мөлшерінің арасында барлық уақытта да белгілі бір арақатынас болады. Оны графиктік түрде сұраным қисығының сызығы деп аталады.

    Сұраныс заңы бойынша, егер баға төмендесе, әдетте тұтынушылар тауарды көп мөлшерде сатып алады. Ал егерде тауарға деген баға өссе, онда оларға деген сұраным азаяды. Сұраным қисығының сызығы бір қалыпты тұрмайды, ол мезгіл-мезгіл жылжып отырады. Қисық графигінің оңға қарай ойысуы - тауарға сұранымның өскенін, ал солға қарай ауысуы - сұранымның азайғанын көрсетеді.

    Оны мына төмендегі суреттен көреміз:

    P баға

            8    д                                 Р-баға=2,6,4,8   

            6                                        Q-дана=1,2,3,4   

Информация о работе Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары