Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 20:25, курсовая работа
Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу орындарын қайта құру кезеңінде оқу бағдарламаларында біршама өзгерістер болды. Соның нәтижесінде экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.
Кіріспе................................................................................................................4
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84
4 д
2 Q дана
1 2 3 4
1 сурет – Сұраным қисығының сызығы
1 суретте
төмен қарай, солтүстік-
Нарықтық сұраныс бағамен байланысты және ол байланыссыз факторлардың әсері арқылы қалыптасады. Олар:
а) бағаның деңгейі
б) сатып алушылардың ақшалай табысының өзгеруі
в) тұрғындардың ұнатуынан және артық бағалауынан
г) нарықтың шамасынан
д) жиналған мүліктен
е) сатып алушылардың санынан және т.б.
Сұраныс көлемінің оны анықтайтын факторлардан тәуелділігі сұранымның қызметі (функциясы) деп аталады. Тауарға сұранымнын мөлшері халықтың (тұтынушылардың) ақшалай табысының деңгейіне тура пропорционалды және баға деңгейіне кері пропорционалды. Баға неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тауарға сатып алушылар тарапынан болатын сұраным азаяды.
Сұраныс жағдайына көптеген, оның ішінде экономикалық (барынша жаңа, пайдалануда тиімді өнімдер); аймақтық (табиғат климаттық жағдайларға байланысты әртүрлі аймақтардағы сүраным ерекшелігі); психологиялық (сатып алу кездейсоқтығының шамасы); демографиялық (әр түрлі жастағы ерлердің, әйелдердің, балалардың ерекше сұранымы);
Кәсібилік (білім дәрежесі, айналысатын кәсібі мен қызмет түрлеріне байланысты болатын тауарды ұнату мен артық бағалау ерекшеліктері). ¥лттық діни сипаттағы және басқа факторлар әсер етеді. Нарықты басқару дегеніміз осы факторлардың көмегімен сұранымға тиімді және мақсатты бағытта әсер ету болып табылады.
Үшінші сұрақ ұсынымның анықтамасынан басталады. Ұсыным дегеніміз тауар өндірушілердің бір бағамен, бір уақытта сататын тауарларының саны. Немесе ұсыным нарықты тұрған немесе соған жеткізуге ұйғарылған, белгілі бір бағасы бар тауарлар жиынтығы. Ұсыным сұранымды өндірілген тауар ассортименті (әр алуан тауарлар жиынтығы) мен олардың бағасы арқылы қалыптастырылады; ал сұраным болса тауар үсынымның көлемі мен құрылымын белгілейді, себебі тұтынушы мойындаған нәрсе ғана ұдайы қайталанып өндіріледі.
Баға мен ұсыным арасындағы тәуелділік кері емес тікелей болады. Баға өскен сайын өндірушілер сатуға тауарды көптеп шығарады, ал баға төмендегенде ұсынылатын тауарлар саны азаяды.
Нарықтық баға мен өндірушілердін ұсынғысы келетін тауарлар санының арасында ұсыным кисығының сызығы деп аталатын белгілі бір аракатынас болады.
¥сыным
қисығының сызығы, әдетте оңтүстік-батыстан
солтүстік-
шығыска қарай көтеріледі.
Мына
көрсетілген графикте шығарылған өнім
көлемінің (Q) рыноктік бағаға (Р) тәуелділігі
көрсетілген
P баға
8 S Р-баға=2,6,4,8
6
4
2 S Q дана
1 2 3 4
2
сурет – Ұсыным қисық сызығы (графигі)
Баға өскен кезде тауар өндірушілер сатылатын тауардың көлемін неғұрлым көбейтіп, тездетіп сатып пайда табуды көздейді. Басқаша айтқанда тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оны өндіру пайдалы, соғұрлым өндірушілер оны көбірек өндіруге және рынокта сатуға дайын болады. Ұсыным мөлшерінің көбеюі ұсыным кисығының сызығын оңға қарай, ал ұсыным мөлшерінін азаюы — солға карай жылжытады.
Ұсыным қисығының сызығына мына бағадан тыс факторлар әсер етеді:
а) ресурстардың бағасының өзгеруі;
б) қолданылатын өндіріс технологиясының сипаты;
в) салықтар мен дотациялар;
г)
берілген (нақты) тауарлар мен оған ұқсас
тауарлардың бағасының
өзгеруі;
д) бағаның өзгеруін күту;
е) сатушылардың санының өзгеруі;
ж) табиғи-климатгық жағдайлар;
з) өндірістік шығындардың өзгеруі және т.б.
Төртінші соңғы сұрақты бастағанда тепе-теңдікті қалыптастырудың басты реттеуші механизмі тепе-теңдік бағаны қалыптастыру болып табылатынын ескеру керек. Тепе-теңдік баға сұраным мен ұсыным теңескенде пайда болады. Экономикалық ақыл-ойдың әртүрлі мектептерінің өкілдері өздерінің теориялық зерттеулерінде тепе-теңдік баға қалыптасуының көптеген варианттарын қарастырады: сатып алушы мен сатушының субъективті бағалауының негізінде сұраным меи ұсыным көлемі және бағалардың өзара әсері негізінде, капитал мен ресурстардың пайдасыз саладан өндірістің пайдалырақ саласына ауысуы негізінде жүргізіліп отырылады.
Сұраным мен ұсыным бір-бірімен өзара байланыста және қайшылықта болады. Қандай нарыкты экономикада болмасын, сүраным мен үсынымның тепе-теңдігін орныктыру және ұстап тұру жеңіл шаруа емес. Нарықтың тепе-теңдігін сұраным мен ұсыным тең болғанда қалыптасатын нарық жағдайы мен бағаның белгілі бір деңгейі деп түсінуіміз керек. Тепе-теңдік нүктесі сұраным мен үсыным қисықтарының қиылысқан жерінде болады. Тепе-теңдік нүктесіне сәйкес нарықтық баға тепе-теңдік баға деп аталады. Сұраным мен ұсынымның өзгеруіне қарай тепе-теңдік бағасы да өзгереді.
Мысалы, бір кәсіпкер өзі тұратын шағын ауданда оқушылар дәптерін жасайтын шағын қағаз фабрикасын салмақшы болды делік. Ол алдымен, сол аудан халқына қанша дәптер керектігі туралы сұрау жүргізді делік. Соның нәтижесінде ауданға 70 мың дана дәптер қажет екенін анықтайды. Ал, ол әр дәптердің бағасын 3 теңгеден болады деп шамалайды. Алайда шағын қағаз фабрикасы жұмысын бастаған жоқ болатын. Есептеп келгенде, егер әр дәптердің бағасы 3 теңге болса, сүраным 70 мың дана болады. Бірақ кәсіпкер дәптердің бағасын 3 теңгеден сататын болса, оның жұмсаған шығындары ақталмайды.
Сондықтан, ол үшін үкімет тарапынан оның шығынын өтеуге дотация керек болады, сонда ол өз шығынын ақтауы мүмкін. Бірақ үкімет дотация бермейді. Сондықтан ол дәптер бағасын 4 теңгеге көтереді. Осы кезде ұсыным 25 мың дана болады, ал сұраным 70 мыңнан 50 мыңға азаяды. Баға 5 теңге болғанда дәптерге деген ұсыным мен сұраным теңеседі. Сөйтіп баға өскен сайын ұсыным көбейіп, сұраным кеміп отырады.
Осы көрсетілген мысалда тепе-теңдік баға заттың бірлігіне 5 теңге болғанда жүзеге асып, сұраным мен ұсынымның 35 мьң дәптер деңгейінде іске асады. Енді осыны график түрінде көрсетейік.
Бағаның әсерінен сұраным мен ұсынымның
өзгеруі (графигі)
Р баға (теңге)
8 Ұсыныс қисығы
7
6
5
4
3 Сұраным қисығы
2
1
0 10 20 30 40 50 60 70 Q дана
3 сурет- Сұраным мен ұсынымның өзара байланысы
Мына суретте көріп отырғанымыздай, тепе-теңдік нүктесі сұраным мен ұсыным қисықтарының қиылысқан жерінде тұр .
Тепе-теңдік нүктесіне сәйкес нарыктық баға тепе-теңдік баға деп аталады.
Жалпы тепе-теңдіктің бұзылуы экономикада сәйкессіздіктің тууына, қоғамдық кажеттіліктер мен өндірістің қозғалысында теңсіздіктердің пайда болуына, ақыр соңында әр түрлі қолайсыз әлеуметтік - экономикалық зардап - салдарға әкеліп соқтырады.
Өндіруге
ниеттеніп отырған нарықтық механизм,
сұраным мен ұсыным тепе-теңдігі принципі
бойынша әрекет етеді. Өндіріс барлық
уақытта тауарлар мен қызметтерге сұранымды
теңестіруге тырысады. Егер де сұраным
ұсынымнан артық болса, ол өндірісті ұлғайтуға
ынталандырады, ал керісінше, егер ұсыным
мөлшері сұранымнан артып кетсе, онда
өндіріс көлемі азаяды. Осындай ауытқуларды
тіркейтін барометр - нарықтық баға болып
табылады.
Негізгі ұғымдар мен түсініктер:
Ресурстардың
түрлері, шектеулігі. Сұраныс заңы.
Ұсыным заңы. Сұраныс пен ұсынымға
әсер ететін факторлар. Тепе-теңдік баға.
Рефераттар тақырыбы:
1 Сұраныс пен ұсынымның өзгерісіне нарықтың әсері.
2 Дефицитті
(тапшы) экономика кезіндегі сұраным мен
ұсынымның ерекшелігі.
Әдебиеттер:
5 тақырып.
2 СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫМ ИКЕМДІЛІГІ.
САЛЫҚТЫҢ
ӘСЕРІ
Жоспар:
1. Сұраныстың бағалық икемділігі
Әдістемелік кеңес:
Бірінші сұрақты талдау кезінде есте сақтайтын нәрсе сұраным мен ұсынымның икемді (эластично) және икемсіз (не эластично) болуы мүмкін. Нарықты жағдайларды зерттеген уақытта, сүраныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэффициентін пайдаланады. Бұл абсолюттік емес салыстырмалық (относительді) коэффициент. Сондықтан, сұраныстың икемділік коэффициенті зерттелгелі отырған сұраныс функциясының факторы 1 % - ке өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.
Бағаның әсер етуі арқылы сұранымнын сандық өзгеру қасиеті оның икемділігі деп аталады. Сұраным икемділігі бағаның әсерінен өнімге деген жиынтық сұранымның сандық өзгеру дәрежесімен анықталады. Оның үш түрлі баламалы варианттары бар. Біріншісі - бағаның кез-келген өнімге белгілі процентінің төмендеуі, ол өнімге сұранымның ұлғаюын (% түрінде) туғызады және жалпы акшалай түсімді өсіреді. Бүл сұраным икемді деп аталады. Екіншісі - бағаның проценттік мөлшерінің төмендеуі сұранымның сондай боп ұлғаюына алып келеді, бірақ жалпы ақшалай түсім өзгеріссіз қалады. Бұл біркелкі икемді сұраным. Үшіншісі - бағаның проценттік төмендеуінен сұранымның проценттік ұлғаюы кем. Бұл икемсіз сұраным. Сұранымның икемділік коэффициенті былай белгіленеді - "Е".
Егер "Е" көрсеткіші 1-ден көп болса, айталық 0,5 сұраным икемсіз. Бүл коэффициент сатып алатын тауар санының салыстырмалы түрде төмендеуіне бөлумен анықталады:
Мұнда: Еd - сұраным икемділігінің коэффициенті
Xd (%) - сұраным көлемінің өсу проценті
Р (%) - бағаның төмендеу проценті
Әр түрлі топтағы тауарлар үшін сұраным икемділігі бірдей емес. Бұл коэффициент, берілген және баска тауарларға сұранымды қанағаттандыру шамасынан, рынокта бар сол сияқты тауарлардан тәуелді болуы мүмкін. Әдетте күнделікті пайдаланатын қажетті тауарлар, әсіресе тамақ өнімдеріне (нан, қант, май, шәй, ет, түз т.б.) икемсіз сұраным болады. Баскаша айтканда, оларға деген сұраным бағаның өсуі себепті айтарлықтай өзгере қоймайды. Мысалы, нанның бағасы 20 тиыннан 35 теңгеге дейін өсуі оны тағам ретінде тұтынуды күрт қысқарта алған жок. Сұраным бүл ретте оңтайсыз, икемсіз болып отыр. Керісінше, бағалардың өсуінің әсерінен зергерлік бұйымдар, алтын әшекейлер, қымбат жиһаздар, жеңіл автокөлік және т.б. тауарларға төлем кабілеті бар сұраным күрт қысқарды. Ал бүл көрсеткіш сұранымның икемділігін сипаттайды. Басқаша айтканда, күнделікті пайдаланатын тауарларға баға канша есе көтерілседе де біз оны тұтынуды азайтпаймыз, бүған сұраныс икемсіз болады, ал керісінше күнделікті тұтынбайтын тауарларға баға көтерілсе біз оған деген сұранысты азайтамыз, бұған сұраныс икемді болады.
Информация о работе Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары