Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 20:25, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу орындарын қайта құру кезеңінде оқу бағдарламаларында біршама өзгерістер болды. Соның нәтижесінде экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................4
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84

Файлы: 1 файл

Микроэкономика.doc

— 1.13 Мб (Скачать)

Вериан.Х.Р. Микроэкономика.Промежуточный  уровень. Современный подход: учебн. М., 1997 гл.5.6

Долан.Д.Ж. Линдсей  Д.Микроэкономика,СПБ,1997.гл 5.6

Емцов    Р.Г; Лукин. М.Ю. Микроэкономика учебн.М.МГУ 1999.гл 5-6

Жұманазар С.А. Экономикалық теория,оқу құралы.  Өскемен, 2004. 16 тақырып

Мамыров Н.Қ. Есенғалиева  Қ.С., Тәлеужанова М.Ә. Микроэкономика оқу       құралы. Алматы, 2000, 4 тарау

Хайман Д.Н. Современная  микроэкономика.  Анализ и применение, М.,1992, гл.4.5.  
 
 

  1. ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ  ТАРАПЫНАН ЕҢБЕК 

ЖӘНЕ  КАПИТАЛ ҰСЫНЫСЫ 

Жоспар:

1. Үй шаруашылығы өндіріс факторлары нарығында. Еңбек ұсынысы.

2. Табыс-демалыстың үлгісі үшін салыстырмалы статистика. Еңбек сынысы қисығы. 

Әдістемелік кеңес:

     Бірінші сұрақты бастағанда біз фирмалар тауарлар мен қызметтер өндіру үшін үй шаруашылығынан ресурстар сатып алуы керек екенін ұғуымыз керек. Сұрақта ресурстар нарығында қалыптасатын баға механизмі қарастырылады. Ресурстар нарығындағы баға белгілеудің принциптері дайын өнімдер нарықтарындағы баға белгілеге ұқсас болғанымен, өзіне тән ерекшеліктері мен қиындықтары бар.

     Бәсекелі  еңбек нарығының қызмет істеу  механизмдерінің ерекшеліктерін талдау үшін алдымен жалпы ресурстар нарығының ерекшеліктерін, ресурстарға сұраныс пен ұсынымның ерекшеліктерін және өндіріс факторларының ұтымды үйлесімін қамтамасыз ететін мәселелерді қарастыру керек.

     Өндіріс факторларының нарығында фирмалар өнім өндіруге қажетті өндіріс факторларын (еңбек, капитал, жер) сатып алады  немесе оларға уақытша қолдану үшін сұраныс білдіреді. Өндіріс факторларының қызметінің ақысы (бағасы) нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады. Бірақ ресурстар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың өздеріне тән ерекшеліктері бар.

     Ресурстарға баға белгілеудің маңызы төмендегі  себептермен анықталынады:

   1.Үй шаруашылығының нарықтағы  табыстары мен фирмалардың өндіріс  шығындары ресурстар нарығындағы қалыптасатын бағаға байланысты. Егер экономикалық субъектілердің негізгі мақсаттары мейлінше пайдалылықты, табысты немесе пайданы көтеру болса, олардың мүдделерінің жүзеге асуы осы ресурстардың бағаларына байланысты болады;

   2. Ресурстар нарығында қалыптасатын бағаға байланысты шектелген экономикалық ресурстар фирмалар мен өндіріс салаларының арасында бөлінеді. Шектелген ресурстардың бөлінуі жалпы өкономиканың дамуына және халықтың тұрмыс жағдайына әсер етеді. Сондықтан, экономикалық ресурстарды тиімді бөлу мәселесі маңызды роль атқарады;

   3. Ресурстардың бағасы үй шаруашылығының нарықтық табыстарының көзі болғандықтан, халықтың тұрмыс жағдайы осы ресурстардың бағаларына байланысты болады. Ресурстардың бағаларының әр түрлі деңгейде қалыптасуы ұлттық табысты бөлгенде және жеке табысты тұтынғанда әлеуметтік теңсіздіктер туғызады. Бұл мемлекеттің алдына көптеген әлеуметтік мәселелер қояды.

     Еңбек ресурсы өндіріс процесінің маңызды факторына жатады. Еңбек қызметінің ақысы нарықтық табыстардың негізгі бөлігін құрайды. Еңбек қызметін ұсыну мен оған сұраныстың өзіне тән ерекшеліктері бар. Жеке адам өзінің еңбек процесіне сәйкес келетін қара күші мен ақыл-ой қабілетін ұсынады. Оны сатып алу және қолдану адамның өзінен бөлек болмайды.Ол еңбекті жалдаушының иелігіне мүлдем өтпейді, оны тек қана уақытша қолданады. Еңбек – адам ресурсы, сондықтан оның қызметін қолдану барысында жұмыскерлер мен қызметкерлерге ерекше әлеуметтік, экономикалық және психологиялық жағдайлар жасау керек.

     Ресурстардың  салалық ұсынысы өндіріс шығындарының өзгерісіне және өндіріс көлемін өзгертуге қажетті уақыт мерзіміне байланысты. Егер саладағы өндіріс шығыны тұрақты болса, ресурстардың ұсынысы нарықтық бағаға өте икемді болады. Мұндай салалардың сатып алатын ресурстары нарықтағы ұсыныстың өте аз мөлшерін қамтиды. Сондықтан саладағы ресурсқа сұраныс өскенмен ол ресурстың бағасына көп әсер ете алмайды. Егер ұзақ мерзімде өндіріс қуаты ұлғайып, өндіріс шығындары өссе, саладағы ресурстарға сұраныс та өседі. Ол ресурстар бағасының өсуіне әкеледі.Ресурстардың бағалары өссе, олардың ұсынысы да өседі. Демек, ресурстардың нарықтық ұсынысы қысқа мерзімде төменнен жоғары қарай көтеріледі. Ресурстардың ұсынысы, оларды ұсынудың альтернативті құнына байланысты болады. Нарықта ұсынылатын ресурстар ішінде еңбек ресурсының орны ерекше болады.

     Екінші сұрақты талдағанда біз еңбек қызметінің альтернативті құны жұмыстан бос уақыттың құндылығымен өлшенетінін ұғуымыз керек. Кез келген адам өз еңбегінің қызметін нарыққа ұсыну туралы шешім қабылдағанда, ақшалай табыс пен демалыстың құндылығын салыстырады. Осы шешімді талғамсыздық қисығының көмегімен талдаймыз. Осы талдау әдісінің көмегімен еңбек ұсынысының қисығының түрі қалай өзгеретінін көрсетеміз. Кез-келген адам өзінің уақытын жұмыс пен демалысқа бөле отырып, ең жоғары пайдалылық алуға тырысады. Осы мақсаттың жүзеге асуын уақытты бөлудегі тепе-теңдік дейді. Оны график арқылы төмендегі 13 суреттен көруге болады. 

табыс

          М

                                                   U3

           I*                      E             U2

                                                    U1

                                                  A

                                 H*                                     уақыт (сағат) 
 
 

13 сурет  Жұмыс пен демалысты таңдау 

     Бұл суреттегі МА- "табыс-бос уақыт" бюджет сызығы. Еңбекақы W теңгеге тең болса, бюджет сызығының бойындаңы кез-келген нүкте әртүрлі табыс пен бос уақыттың үйлесімін көрсетеді. Бюджет сызығының теңдігі: I=W(24-H), мұндағы I-бір күндегі табыс, H-бір күндегі демалыс сағаты (бір күн 24сағатқа тең), (24-H)-бір күндегі жұмыс уақыты.

     Егер  бір сағаттағы еңбекақы W=10т-ге, жұмысшы 16 сағат демалады және 8 сағат жұмыс істейді деп жорамалдасақ, жұмысшының күнделікті табысы 80 т-ге (10т-ге ∙ 8) болады.

     Жұмыскердің жұмыс уақытын немесе демалысты таңдауы, оның қалауына және еңбекақының мөлшеріне байланысты болады. Жұмыскердің жұмысты немесе демалысты таңдауын оның талғамсыздық қисығы көрсетеді. Жоғарыдағы суреттегі талғасыздық қисығы мен бюджет сызығының түйіскен Е нүктесі жұмыскердің теңдігін көрсетеді. Е нүктесіндегі демалысты еңбекпен алмастырудың шекті нормасы: MPSні=W.  Е нүктесіндегі теңдестікке қол жеткізген жұмыскердің демалысы H* сағатына тең, жұмыс уақыты (24-H*) сағатына тең. Онда жұмыскердің табысы: I*=W (24-H).

     Жұмыскердің еңбек пен демалысты таңдауы еңбекақының ставкасының өзгеруінен туындайтын екі әсерге байланысты болады: алмастыру әсері және табыс әсері.Осы екі әсердің еңбек ұсынысын қалай өзгертетінің төмендегі 14 суреттен көруге болады. 

Табыс теңге

   

        M

                                                E’ 

        B

         I2                         E                        E2

                                                U2

         I1                                            U1

         

           0          H3       H2 H1 A          G                                

                                                                                                 Бос уақыт(сағат)  
 

14 сурет   Еңбекақының өзгеруінен туындайтын алмастыру

әсерімен  табыс әсері. 

     Еңбекақы  өскенде бос уақыттың бір сағатының  альтернативті құны өседі. Ол демалысты азайтып, жұмыс уақытын ұзартуға ынта туғызады. Демалыс еңбекпен алмастырылады. Алмастыру әсері еңбекақы өскенде еңбектің ұсынысын көбейтеді. Алмастыру әсері еңбекақы төмендегенде еңбекті демалыспен алмастыруға әкеледі де еңбектің ұсынысы азаяды. Егер еңбекақының өзгеруі тек қана алмастыру әсерін туғызатын болса, еңбектің ұсынысын төменнен жоғары көтерілетін сызық арқылы көрсетуге болады.

     Бірақ еңбекақының өзгеруі алмастыру  әсерімен қатар табыс әсерін де туғызады. Егер еңбекақы өссе, табыс өседі  де әдеттегі тауарларға сұранысты қөбейтеді. Демалыс әдеттегі игілікке жататын  болғандықтан, табыс өскен сайын адамдар жұмыс уақытын қысқарту арқылы демалыс уақытын ұзартуға тырысады. Сөйтіп табыс әсері алмастыру әсеріне қарсы келеді.

     Алғашқы бюджет сызығы MС1, жұмыскер Е нүктесінде теңдік жағдайда болады. Оның бос уақыты Н1-ге тең. Енді еңбекақы өсті делік, онда жұмыскердің бюджет сызығы сағат тілінің бағытымен оңға жоғары МС-тен М'С-ға бұрылады. Жұмыскердің табысы I1-ден I2-ге өседі де, ол жаңа теңдік Е нүктесіне ауысады. Бос уақыт Н1 Н2-ге қысқарады.

     Алмастыру әсері мен табыс әсерін сандық жағынан анықтау үшін осы өскен табысты ВМ мөлшерге қысқартайық. Бірақ жұмыскердің тұрмыс жағдайын еңбекақы өскенге дейінгі деңгейде қалдырамыз. Ол үшін жұмыскер өзінің бұрынғы U1 талғамсыздық қисығының бойында қалуы керек. Табыстың қысқаруы  М'С бюджет сызығының орны, ВА сызығына ауыстырады, жаңа бюджет сызығы U1 талғамсыздық қисығына жанама болуы керек. Табыс қысқарғанмен, жұмыскердің еңбекақысының деңгейі әлі де жоғары, аса төмендеген жоқ. Ол Е'' нүктесіндегі теңдікке ауысады және оның күніне Н3-ке тең бос уақыты болады. Н3Н1 еңбекақы өскендегі алмастыру әсері. Сонымен еңбекақының өсуі алмастыру әсерін туғыза отырып, бос уақытты қысқартты да еңбектің ұсынысын көбейтті.

     Енді  табысты ВМ' мөлшерге қайтадан көбейтейік. Жұмыскер Е' теңдік жағдайына оралады. Ол бос уақытты Н3Н2 сағатқа ұзартады, яғни жұмыс уақытын осы сағатқа қысқартады. Н3Н2 алмастыру әсеріне қарсы тұратын табыстың өзгертуінің әсері. Графиктегі алмастыру әсері табыстың өзгеру әсерінен басым.

     Сол сияқты еңбекақы төмендесе, алмастыру  әсері еңбектің ұсынысын қысқартады. Себебі бос уақыттың алтернативті құны төмендейді. Еңбекақы төмендесе, табыстың өзгеру әсері еңбектің ұсынысын өсіреді.

     Сұрақтың  соңында, біз жоғарыда талдаған еңбекақының  ставкасының өзгеруінен туындайтын алмастыру әсері мен табыстың өзгеру әсерінің салдарын қолдана отырып, нарықтағы еңбектің ұсынысының қисығын қөрсетеміз. Бәсекелі еңбек нарығында еңбек ұсынысының қисығы артқа қарай, бұрылған қисық ретінде көрсетіледі. Оны төмендегі 15 суреттен көреміз. Егер еңбекақы W*-ден төмен болса, оның өсуі еңбектің ұсынысын көбейтеді. Ол еңбекақы өскендегі алмастыру әсері. Еңбекақының W* деңгейіне дейін алмастыру әсері табыстың өзгеруі әсерінен басым. Еңбекақы W* деңгейіне жеткеннен кейін өссе, еңбектің ұсынысы біртіндеп қысқара бастайды. Сондықтан ұсыныс қисығы артқа қарай бұрылады. Бұл табыстың өзгеру әсерінен басым екенін көрсетеді. 

Бір күндегі  еңбек                Sl

ақы (теңге)        W* 

                               

                                 0                                                          Бір күндегі жұмыс уақыты(сағ.) 

15 сурет Нарықтағы еңбектің ұсыныс қисығы

     Әрбір мүмкін еңбекақының деңгейінде ұсынылған  жеке еңбектердің қызметтерінің  қосындысы нарықтық ұсыныс. Еңбектің нарықтық ұсынысы еңбек жасындағы халықтың саны демографиялық факторларға, көшіп-қону процесінің деңгейіне байланысты өзгереді. Еңбек нарығындағы белсенділік білдіру әр адамның жеке басының ерекшеліктеріне (денсаулығы, еңбекке қабілеті және т.б.) де байланысты. Жеке адамдардың еңбекке деген ынтасына еңбектің альтернативті құны, зейнетақы мен жәрдемақының мөлшері, табыс табудың еңбектен басқа көздері де әсер етеді. 

 Негізгі  ұғымдар мен түсініктер:

Өндіріс факторлары нарығы. Еңбекке сұраныс пен ұсыныс. Еңбек ресурсының орны. Еңбек пен демалыс. Еңбек ұсынысының қисығы. 

Рефераттар  тақырыбы:

1. Еңбек рыногы және мемлекеттің халықты жұмыспен қамту саясаты.

2. Тұтынушыларды еңбекпен қамтуды мемлекеттік реттеу. 

Информация о работе Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары