Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 20:25, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу орындарын қайта құру кезеңінде оқу бағдарламаларында біршама өзгерістер болды. Соның нәтижесінде экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................4
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84

Файлы: 1 файл

Микроэкономика.doc

— 1.13 Мб (Скачать)
>    Монополиялық бәсекелес нарықта әр түрлелі тауарлар мен қызметтер өндіретін немесе сататын көптеген фирмалар рыноктағы үлестері үшін бір-бірімен бәсекеге түседі. Бұл нарықтың негізгі ерекшеліктері төмендегідей сипатталады:

а) Рынокта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны өте көп болады. Тауарды өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді, тіпті ірі фирмалар жоқ деп айтуға да болады. Болған күннің өзінде де ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі келтірмейді;

б) Монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы, шаштараз немесе жихаз жасайтын шағын шеберхана салуға өте көп қаражат керек емес, сондықтан мұндай кәсіпкерлікпен кез келген адам немесе фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады;

в) Нарықтағы  өнім көлемі, баға және басқа да жағдайлар  туралы деректер ашық белгілі болады;

г) Өндірілетін  тауарлар біртекті емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады. Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады, мысалы, тіс жуғыш пасталардың дәмінің, химиялық құрамының өзгешеліктері және т.б. болады. Сондай-ақ фирмалардың сату маркалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасауы да олардың тауарларына өзгешелік сипат береді.

     Монополиялық бәсекелес нарық таза бәсекелес нарық пен таза монополиялық нарықтарға қарағанда күнделікті өмірде жиі кездеседі. Сондықтан осы нарықтағы монополистердің өнім көлемі мен баға туралы қабылдайтын шешімдерін талдау мен түсінудің маңызы өте зор.

     Монополиялық бәсекелес нарықта пайданы мейлінше жоғары деңгейге көтеретін өнім көлемін MR=MC теңдігімен анықталады. Сұраныс қисығы жоғарыдан төмен қарай еңкіш болып сызылады. Монополист фирма сұраныстың икемділігіне байланысты өнім көлемін өзгерте отырып, баға белгілейді, немесе бағаны өзгерте отырып, мейлінше көп пайда әкелетін өнім көлемін анықтайды. Егер монополист фирма өнімінің бағасы орташа шығыннан жоғары (MR=MC)<P>AC болса, ол қысқа мерзімде экономикалық пайда алады.Қысқа мерзімде монополиялық бәсекелес фирма экономикалық пайда алады. Монополиялық бәсекелес нарыққа кіруге ешқандай кедергі болмағандықтан, ұзақ мерзімде экономикалық пайда жойылады.

      Ұзақ мерзімде рыноктағы фирмалар жаңа кәсіпорындар салу арқылы өнім көлемін өсіре алады. Экономикалық пайда нарыққа жаңа фирмалардың кіруіне себеп болады. Монополиялық бәсекелес нарықта пайда әкелетін өнімнің көшірмесін басқа тауар белгісімен ұсыну жиі кездеседі. Нарықтағы бір–бірінің орнына жүретін тауарлардың саны көбейіп, олардың ұсынысы өседі, баға төмендейді және жеке фирмалардың тауарына сұраныс бағаға икемділеу бола бастайды.

      Осы өзгерістер сұраныс пен шекті табыс қисықтарының орның төмен экономикалық пайда жойылғанша жылжытады. Нарыққа кіретін фирмалардың саны азаяды. Рынокта ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік орнайды. Оны төмендегі 20-шы суреттен көреміз.

20 сурет  Монополиялық бәсекелес нарықтағыфирманың ұзақ мерзімдегі теңдігі 
 
 

     Ұзақ  мерзімдегі тепе-теңдік жағдайында сұраныс  қисығы ұзақ мерзімдегі орташа шығынның қисығына жанама болып сызылады. Сұраныстың төмендеуімен фирма MR=LRMC теңдігімен анықталынатын  өнім көлемін (Qm) сату үшін бағаны (Рm) ұзақ мерзімдегі орташа шығын (LRAC) деңгейінде белгілейді. Яғни А нүктесінде экономикалық пайда нольге тең.

     Егер рынокта сұраныс одан әрі төмендесе, фирмалар зиян шегеді және нарықтан шығуға тура келеді. Ал нарықта қалған фирмалардың өніміне сұраныс қисығы мен шекті табыс қисықтары жоғары қарай жылжи бастайды. Себебі нарықтағы тауар санының кемуі нарықта қалған фирмалардың бағалары мен шекті табыстарын өсіреді. Сұраныс пен шекті табыстың қисықтары рынокта қайтадан теңдік орнағанша жоғары қарай жылжиды.

      Жоғарыдағы 20-шы суретте көрсетілгендей: монополиялық бәсекелес нарықтағы тепе-тең баға (Рm) ұзақ мерзімдегі ең төменгі орташа шығын (LRACmin) деңгейінен жоғары. Егер фирмалар жетілген бәсекелі нарықта жұмыс істесе, Qб өнім көлемін өндіріп, оны ең төменгі орташа шығын деңгейімен анықталынатын бағамен ұсынар еді. Монополиялық бәсекелес фирмалар орташа шығындарын төмендетуге тырыспайды. Яғни, монополиялық бәсекелес фирмалар тұтынушыларға жетілген бәсекелі нарықтағы фирмаларға қарағанда өнімді аз және жоғары бағамен ұсынады: 

Qб>Qm және (Pm=LRAC)>LRACmin 

     Бәсекелес нарықта өндіретін өнім мен монополиялық бәсекелес нарықта өндіретін  өнімнің айырмашылығын артық өндіріс қуаты дейді (Qб-Om). Артық өндіріс қуаты монополистік бәсекелес нарықта экономикалық ресурстардың толық қолданылмайтынын көрсетеді. Экономикалық ресурстарды толық қолдана отырып, тұтынушыларға көп өнімді аз шығынмен ұсынуға болар еді. Бірақ ұзақ мерзімде ең төменгі орташа шығын деңгейінде өнім өндіру мүмкіншілігі тек қана стандартты тауарлар өндіретін нарықта болады. Стандартты тауарларға сұраныс қисығы өте икемді болады. Ұзақ мерзімдегі теңдік жағдайында кез - келген бәсекелес фирма ең төменгі орташа шығынмен тауар ұсынып, қарапайым пайда алады. Ал әр түрлі, бір – бірінен ерекше қасиеттері бар тауар өндірушілердің өніміне сұраныс қисығы жоғарыдан төмен қарай еңкіш. Сондықтан монополиялық бәсекелес фирмалардың экономикалық ресурстарды толық қолдану мүмкіншіліктері болмайды. Монополиялық бәсекелес нарықтағы артық өндіріс қуаты әр түрлі өнім өндіру шығынының бір бөлігін құрайды. Осыдан тұтынушылар әр түрлі тауарлар мен қызметтерді қалайтын болса, оларға жоғары баға төлеуге дайын болулары керек. Бірақ әр түрлі тауарлар мен қызметтерді өндіру артық өндіріс қуатын туғызады.

     Артық өндіріс қуатының мөлшері (ресурстарды тиімді қолдану дәрежесі) нарықтағы фирмалардың санына және монополиялық биліктің дәрежесіне байланысты. Рыноктағы монополиялардың саны аз болса, тепе-тең баға мен шекті пайда жоғары болады. Артық өндіріс қуатын қысқарту үшін нарықтағы монополиялық бәсекелестердің саны көп болғаны дұрыс. Монополиялық бәсекелес фирмалардың саны көбейген сайын нарықтағы монополиялық биліктің дәрежесі де төмендейді.

     Монополиялық бәсекелес нарықта фирмалар тауарлардың сапасына, түрі мен түсіне, қасиеттеріне, тауарды өткізудің әр түрлі әдістеріне көп көңіл бөледі. Сондықтан монополиялық бәсекелес нарықтағы фирмалар үнемі жаңа тауар өндіру немесе ескі тауарларға жаңа қасиеттер беру сияқты қызметтермен көп айналысады. Әдетте атақты фирма белгілерімен өндірілген тауарлар белгісіз фирмалардың тауараларына қарағанда қымбат болады. Сондықтан, фирманың алдындағы негізгі мақсат – тұтынушыларды өздерінің тауарларының басқа фирмалардың тауарларынан ерекше екенін сендіре отырып, оларды қымбат баға төлеуге дайындау. Ол үшін фирмалар белсенді түрде жарнамамен айналысады.

      Жетілген бәсекелес нарықта стандартты және бір-бірінен айырмашылығы жоқ тауарлар сатылатын болғандықтан, шығын шығарып жарнама жасау немесе тауарды өткізудің жолдарын іздеу сияқты жұмыстар атқарылмайды. Жетілген бәсекелес рынокта бәсекеге түсудің негізгі құралы – бағаны өзгерту.

      Монополиялық бәсекелес нарықта тауарға жарнама жасау және оны өткізу үшін фирмалар көптеген шығын жұмсайды. Егер фирманың өніміне сұраныс көбейсе және сауда көлемі өссе, осы шығындар ақталады. Егер жарнама өте ұтымды болып, тұтынушыларды фирманың тауарына қызықтырса, тауарға сұраныс өседі.

     Монополистік бәсекелес фирмаға экономикалық пайда әкелген жарнама ұзақ мерзімде нарыққа жаңа фирмаларды тартады да, бәсекені өсіру арқылы экономикалық пайданың жойылуына себеп болады.

Екінші сұрақты бастамас бұрын, біз өткен тақырыптарды оқып, талдау нәтижесінде жетілген бәсеке және монополия кезінде фирмалардың қандай көлемде өнім өндіріп, олардың бағасын қандай деңгейде белгілейтінің түсіндік. Бұл жоғарыда айтылған нарық құрылымдарында өндіруші фирма өз тауарының бағасын және тиімді өнім көлемін анықтаған кезде тек қана тұтынушының реакциясы мен өзінің жеке өндірістік мүмкіндіктерін ғана ескеріп отырады. Сондықтан бұл рыноктардағы фирмалардың пайданы жоғары деңгейге жеткізу мақсаты, тек қана орташа шығын, шекті шығын қисықтарын және сұраныс қисығын шектеу арқылы іске асырылады.

     Олигаполия нарығында жұмыс істейтін  фирмалардың саны аз және рыноктағы үлестері жоғары болады. Рынокқа жаңа фирмалардың кіруі қиын немесе мүмкін емес. Олигаполист фирмалар рынокта стандартты және әр түрлі тауарлар ұсынады. Олигаполист фирмалардың өнім көлемі мен баға туралы қабылдайтын шешімдеріне әсер ететін негізгі фактор – бәсекелестердің шешімі болып табылады. Сондықтан олигаполист фирмалардың тек қана сұраныстың ерекшелігімен ғана емес, бәсекелес фирмалардың қабылдаған шешімдерімен де санасуларына тура келеді. Олигаполист фирмалар пайданы мейлінше өсіретін өнім көлемі мен баға туралы шешім қабылдағанда, бәсекелес фирмалардың оған жауап ретінде қандай шешімдер қабылдайтынын ескереді. Сонымен, олигаполист фирмалар бір-бірімен тығыз байланысты және бағынышты болады.

     Микроэкономикалық теорияда олигаполия нарығының бір ғана моделі (үлгісі) болмайды. Фирманың әр түрлі нақты жағдайдағы іс-әрекетін көрсететін бірнеше модельдері бар. Олардың әрқайсысы жеке фирмалардың өз бәсекелестерінің іс-әрекеті мен олардың таңдап алған стратегиялық реакциясына (әсерге жауабы) байланысты белгілі болжамына негізделеді.

     Біз төмендегідей моделдерді қарастырамыз: Курно дуополиясы, қарама қарсы мақсаттары бар екі жақтың ойыны, нарықта үстемдік жүргізіп тұрған фирманың моделі және картель. Баға белгілеу мен өнім көлемін анықтауда олигаполия нарығы жетілген бәсеке мен монополия аралығында орын алады. Барлық модельдерді қарастырған уақытта олигаполиялық бәсеке пайданың азаюына, ал келісім мен бірігу пайданың өсуіне әкеліп соқтыратынын көрсетеді. Пайда қуған жеке фирмалар бір-бірімен қатаң қақтығысқа түсуі мүмкін («баға қақтығысы»), бұл кезде олардың әрқайсысы нарықты жаулап алу мақсатымен бағаны төмендетеді. Баға бірте-бірте төмендеп, орташа шығын деңгейіне жетеді де нәтижесінде бұл фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады. Ал кейбір жағдайда фирмалар бір-бірімен келісімге келіп, бағаны жоғарылатып пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізеді. Бұл уақытта нарықты бөлу туралы келісім жасалады, басқаша айтқанда, фирмалар бірігіп картель құрады.

     Сонымен фирмаларға өнімді сату көлемі мен баға туралы жасырын немесе ашық келісімге келу тиімді, бірақ бәсекелестіктің күштілігіне байланысты картель ішкі тұрақсыздықпен сипатталады. Қорыта келе, төмендегідей шешім айтуға болады: бірде бір модель олигаполиялық нарықтағы фирмалардың өзара қатынасы қандай деген сұраққа нақты жауап бере алмайды. Сондықтан белгілі бір модельді қолданбас бұрын қарастырып отырған жағдайды, баға мен шекті шығындардың қатынасын, өндіріс саласындағы шоғырлануды және де фирманың іс-әрекетін анықтайтын басқа да маңызды жағдайларды тыңғылықты талдау қажет.

      Сонымен Курноның дуополие моделін қарастырайық. Рынокта бірдей өнім өндіретін және орташа шығындары тең екі фирма жұмыс істейді деп жорамал жасаймыз. Екі фирмада бір мезгілде, бәсекелесінің өнім көлемі тұрақты деген жорамалмен, өзінің өндіріс көлемі туралы шешім қабылдайды. Олардың ойынша, әрқайсысы өздерінің өнім көлемдерін өзгерте отырып бағаға әсер ете алады. Осы Курноның дуополия моделінің мәнін көрсетеді.

     Курно дуополиясы моделінің негізі мынада: әрбір фирма өнімді шығару жайлы шешім қабылдаған кезде бәсекелесушілердің өндіріс көлемі тұрақты деп санайды және осы берілген шаманы ғана ескереді. Сондықтан, Курно моделінде фирмалардың өзара қатынасы тұрақты баға кезінде өндіріс көлемін таңдау арқылы жүзеге асырылады. Курно моделінің графикалық көрінісін төмендегі 21 суреттен көреміз.  

     Егер  фирма А QА1 өнім көлемін өндірсе, Б фирмасы өзінің жауабының қисығына байланысты өнім өндірмейді. Себебі QА1 өнім көлемінде нарықтағы баға орташа шығынға тең. Егер өнім көлемі өссе, нарықтағы баға орташа шығыннан төмен түсіп кетеді. Фирма А QA2 өнім көлемін өндірсе, Б фирмасы оған жауап ретінде QБ1 өнім көлемін ұсынады. Оған жауап ретінде А фирмасы өнім көлемін QA3-ке қысқартады, ал фирма Б өнім көлемін QБ2-ге жеткізеді. Екі фирма өздерінің жауап беру қисықтарына байланысты өнім көлемін өзгерте отырып, тепе - тең жағдайға қол жеткізеді. Ол жауап беру қисықтарының қиылысқан нүктесіне сәйкес келеді. Ол нүктеде фирмалардың өнім көлемдері Qа* және  Qб*. Осы тепе-теңдікті Курно теңдігі дейді.

     Егер  екі фирма QA2 және QБ3 өнім көлемдерін ұсынса, нарықта бәсекелі тепе-теңдік орнайды, бірақ фирмалар экономикалық пайда алмайды. Сондықтан екі фирма үшін экономикалық пайданы қамтамасыз ететін Курно теңдігі тиімді. Егер екі фирма QA2 және QБ3 өнім көлемдерін таңдай отырып, бір-бірімен шекті табысы шекті шығынына тең жиынтық өнім көлемін қысқарту туралы жасырын келісімге келсе олар өздерінің пайдаларын көбейте алады. 

Негізгі ұғымдар мен түсініктер:

     Монополиялық  бәсекелес нарық. Қысқа және ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсеке. Олигополиялық нарық. Курноның дуополиялық моделі. 

Рефераттар  тақырыбы:

1 Сынған  сұраныс қисығының моделі

2 Олигаполиялық  бәсеке және «баға соғысы» 

Информация о работе Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары