Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 20:25, курсовая работа
Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу орындарын қайта құру кезеңінде оқу бағдарламаларында біршама өзгерістер болды. Соның нәтижесінде экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.
Кіріспе................................................................................................................4
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84
Әрбір өнімнің шекті сыртқы шығыны 10 т-ге болса Q1 мың дана өнімнің жиынтық сыртқы шығыны (жағымсыз сыртқы әсер, немесе зиян) А В Z1 C төртбұрышының ауданына тең болады. Нарықтағы тепе-тең жағдайда шекті коғамдық шығын (MSC) шекті қоғамдық пайдалылықтан (М S В) көп. Олардың теңдігі Z2 нүктесінде Q2 өнім көлемін өндіргенде қамтамасыз етіледі. Демек, өндірілген өнім көлемі тиімді өнім көлемінен артық .
Суретте көрсетілген Q1 мың дана өнім көлемі өндірілгендегі зиян Z1 Z2 В үшбұрышының ауданына тең. Егер өнім көлемін тиімді деңгейге дейін қысқартсақ, Z1 Z2 В үшбұрышының ауданы таза ұтыс болар еді.
Егер жағымсыз сыртқы әсер туғызатын фирма
оның қызметінен зардап шегетіндерге
әрбір өнім үшін 10 т-ге төлейтін болса,
немесе фирманың әрбір өніміне 10 т-ге салық
(Т) салынса, оның шекті шығыны өседі:
М S C = М Р С +М Е С = М Р С +10 т-ге.
Бұл жағдайда фирма өнім көлемін тиімді деңгейге дейін қысқартады, өнім бағасы 100 т-геден 106 теңге-ге өседі. Қоршаған ортаны ластау D Z2 F G төртбұрышының ауданына тең мөлшерге қысқарады, бірақ толығымен жойылмайды. Нарықтағы баға 106 теңгеге көтерілгенде, фирма үшін өнім көлемін қысқарта отырып, әрбір өнімге 10 т-ге салық төлеу пайдалы болады.
Сонымен,
тиімді өнім көлемін шекті коғамдық шығын
мен шекті қоғамдық пайдалылықтың теңдігімен
анықтауымыз керек: М S В =М S С. Ол Z2
нүктесіне сәйкес келеді, оптимальды өнім
көлемі Q2 мың дана,
бір дана өнімнің нарықтағы бағасы 106 т-ге
болуы керек. Жағымсыз сыртқы әсер болған
жағдайда тиімділікке қол жеткізудің
алғышарты:
М Р С +М Е С =М S C =М S В
Жетілген бәсекелі нарықта жағымсыз сыртқы әсердің болуы шекті жеке шығынның құрамында шекті сыртқы шығынды есептемеуге әкеледі. Осы себептен өнім көлемі тиімді мөлшерден көп өндіріледі және оның бағасы төмен болады.Жағымсыз сыртқы әсердің болуы шектелген экономикалық ресурстардың тиімсіз қолданылатынын көрсетеді.
Игіліктердің бағасында есептелінбейтін пайдалылықты Жағымды сыртқы әсер дейді. Игіліктерді өндіруге немесе тұтынуға қатысы жоқ үшінші адам ешқандай шығын шығармай – ақ пайдалылық (полезность) алады. Жағымды сыртқы әсердің салдарын төмендегі 25 суреттегі графикті талдау арқылы көруге болады.
Нарықтағы тепе –теңдік Z1 нүктесіне сәйкес келеді. Жағымды сыртқы әсер туғызатын өнім көлемі Q1, ал тепе –тең баға 250 т-ге. Жағымды сыртқы әсердің мөлшері А В Z1 C төтрбұрышының ауданына тең. Жағымды сыртқы әсер туғызатын өнімнің ұсынысы шекті қоғамдық шығын (М S C ) мен шекті жеке пайдалылықпен анықталады (М Р В ). Шекті жеке пайдалылық (М Р В ) шекті қоғамдық пайдалылықтан (М S В) аз. Шекті сыртқы пайдалылық (үшінші адамдардың тегін алатын пайдалылығы) нарықтағы бағада есептелінбейді. Сондықтан рыноқта ұсынылатын өнім көлемі тиімді өнім көлемінен төмен: Q1 < Q2. Демек, жағымды сыртқы әсер туғызатын өнім қоғамдағы шектелген ресурстардың тиімсіз қолдануына әкеледі.
Тиімді өнім көлемі Z2 нүктесіне сәйкес келеді
(Q2).
Бұл нүктеде шекті қоғамдық пайдалылық
шекті қоғамдық шығынға тең :
М S В=М Р
В + М Е В =М S С
Өндірілген өнімнің бір данасының нарықтағы
бағасы 300 т-ге болуы керек.Ол үшін шекті
қоғамдық пайдалылықтың құрамыңда шекті
жеке пайдалылық пен шекті сыртқы пайдалылықтар
есептелінулері керек:
М S В =М
Р В +М Е В =М Р В +100 т-ге
Тиімді өнім көлеміне сұраныс туғызу үшін өнімнің бір данасының бағасы шекті жеке пайдалылық қисығының бойындағы F нүктесіне сәйкес келетін 200 теңгеге арзандауы керек. Өндіріске қатысы жоқ үшінші адамдар шекті сыртқы пайдалылыққа тең 100 теңгені төлеулері керек. Ол P Z2 F G төртбұрышының ауданымен анықталынады.(тиімді өнім көлемін 100 теңгеге көбейтеміз). Сонда ғана өндіріс көлемін тиімді деңгейге көтере аламыз.
Сонымен, жағымды сыртқы әсер туғызатын өнімдер мен қызметтер тиімді көлемнен аз өндіріледі және бағалары қымбат болады. Сыртқы жағымды және жағымсыз әсерлердің пайда болуы нарық экономикасы механизм-дерінің жұмысындағы кемшіліктерді көрсетеді. Сыртқы әсерлердің пайда болуы жалпы экономиканың тиімсіз жұмыс істеуіне, экономикалық ресурстарды тегін қолдануға және қоршаған ортаны ластауға әкеледі.
Екінші
сұрақты талдағанда біз жеке шығындар
мен қоғамдық шығындардың , жеке пайдалылық
пен қоғамдық пайдалылықтардың бір
– бірімен сәйкес келмеуі экономикалық
ресурстарды тиімсіз қолдануға әкелетінін
түсінеміз. Бұл мәселені шешу үшін шекті
қоғамдық шығындар шекті қоғамдық пайдалылыққа
тең болуы керек :
М S C = М
S В
мұндағы М S C =М Р С + М Е С ,
ал М S В=М Р Р+ М Е В болғандықтан
М Р С + М Е С =М Р В +М Е В.
Сыртқы әсерлерді реттеудің көптеген жолдары бар Р.Коуз (1910 ж) теоремасына сүйенсек, сыртқы әсерлерді экономикалық ресурстарға меншік құқығының нақты анықталмағандығы туғызады. Р. Коуздың ойынша, егер мемлекет әркімнің ресурстарға меншік құқығын нақты анықтаса, әрбір меншік иесі мемлекет анықтаған ережені ерікті түрде орындаса және меншік құқығы еркін сатылатын болса, өзара келісу арқылы және нарықтық механизмдердің көмегімен жағымсыз сыртқы әсерлерді ішкі әсерге айналдыруға болады.
Бірақ сыртқы әсерлердің проблемаларын шешу барысында әр түрлі қиындықтар кездеседі. Көптеген ресурстарға меншік құқығын анықтау өте көп шығынды талап етеді немесе оны анықтау мүлдем мүмкін емес.
Мысалы, ауаға немесе өзендегі суға меншік иесін анықтау және оның құқығын сату өте қиын болады. Коуз теоремасын қолдану үшін меншік иелерінің өзара келісуге шығатын шығындары келісімнен алатын пайдадан аз болуы керек. Сыртқы әсерлердің салдарын келісімге келе отырып шешу үшін оған қатысатын экономикалық субъектілердің немесе адамдардың саны көп болмауы қажет. Сыртқы әсерлер туғызатын нақты себептерді де анықтау қиын болады. Сонымен қатар сыртқы шекті шығындар мен шекті сыртқы пайдалылықтардың деңгейі туралы ақпарат та толық болмауы да мүмкін.
Демек, нарық механизмдерінің көмегімен өзара келісімге келе отырып, сыртқы әсерлерді оның ішінде экологиялық проблемаларды толығымен шешу мүмкін емес. Сондықтан сыртқы әсерлерді реттеуде мемлекеттің қызметіне көп көңіл бөлінеді. Сыртқы әсерлерді мемлекеттік реттеу әр түрлі әкімшіл бұйрықтар мен заңдардың көмегімен жүзеге асады. Олардың ішінде табиғатты қорғау, таза ауа, таза су туралы және де басқа заңдар қабылданады және олардың міндетті түрде орындалуына бақылау қойылады.
Қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорыңдар әрбір өндірілген өнімнің шекті сыртқы шығынының мөлшерінде мемлекетке салық төлейді : Т = МЕС, мұндағы Т – салықтың мөлшері. Салықтың арқасында шекті жеке шығын шекті қоғамдық шығынмен теңеседі: М Р С + Т = М S С. Ол жағымсыз сыртқы әсер туғызатын өнім көлемінің тиімді, деңгейге дейін қысқаруына әкеледі. Оны біз жоғарыдағы мысалдан көрдік.
Жағымды сыртқы әсерлер туғызатын өнімдер тиімді деңгейден аз мөлшерде өндірілетін болғандықтан , мемлекет әрбір өндірілген өнімнің әкелетін шекті сыртқы пайдалылығына тең реттеу субсидия береді: G =МЕВ, мұндағы G - мемлекеттің реттеу субсидиясы.
Субсидияланған (мемлекет тарапынан көмек) Өнім көлемінің әкелетін шекті жеке пайдалылығы оның шекті қоғамдық пайдалылығына теңеседі. Мемлекеттің осы реттеу әдісі жағымды сыртқы әсер туғызатын өнім көлемін тиімді деңгейге дейін өсіруге ынта туғызады.
Сыртқы әсерлерді, оның ішінде экологиялық проблемаларды мемлекеттің көмегімен реттеудің қажеттілігіне және маңыздылығына қарамастан, экономистердің ойынша оның мынадай кемшіліктері бар :
а) Мемлекеттің қабылдаған заңдарына, әр түрлі әкімшілік әдістердің қолдануына қарамастан қазіргі кезде экологиялық проблемалар әлемдік сипат алып отыр. Қоршаған ортаның ластануы мен оның зардаптары, әсіресе, дамушы елдердегі маңызды проблемалардың қатарына жатады. Көп жағдайда дамушы елдердегі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және институционалдық факторлар мемлекеттің жағымсыз сыртқы әсерлерді тиімді реттеуіне кедергі болады;
б) Экологиялық заңдар мен олардың орындалуын қатал талап ету экономикалық өсудің қарқынын төмендетеді деген ойлар жиі айтылады. Қоршаған ортаны қорғауға немесе экологиялық проблемаларды шешуге кететін шығындар ұлттық инвестицияның деңгейін төмеңдету арқылы экономикалық өсудің қарқынын төмендетеді.Осы жерде қоршаған ортаны ластаудың оптимальды мөлшерін анықтау туралы ой айтылады;
в) Экономистердің ойынша, экологиялық заңдарда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралардың экономикалық тиімділігі ескерілмейді. Мемлекеттің шығыны экономикалық жағынан тиімді болу үшін қоршаған ортаны (ауаны және суды) ластайтын әрбір заттың әлеуметтік–қауіпсіздік деңгейін әрбір кәсіпорын үшін және әрбір ластаудың көзі үшін жеке–жеке анықтау қажет. Бұл әрине өте қымбат және қиын жұмыс. Сондықтан салықтар мен субсидиялардың да (кімге қанша субсидия беру керек, немесе кімге қанша салық салу керек ) нақты көлемін анықтау қиынға түседі. Сондықтан көптеген кәсіпорындар салықтарын төлей отырып, қоршаған ортаны әрі қарай ластауын жалғастыра береді. Осы себептерге байланысты экономистер мемлекеттің экологиялық проблемаларды реттеуде қолданатын әкімшіл - әміршіл әдістерін экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп есептейді.
Қоршаған ортаны ластау үшінші адамдардың азаматтық құқығын, меншік құқығын және қоғамдық тәртіпті бұзу болып есептелінеді. Сондықтан жағымсыз сыртқы әсерлердің салдарын реттеуде азаматтық құқық бұзу заңының маңызы зор. Осы заңға сүйене отырып, сот арқылы әрбір адам өзінің бұзылған құқығын қорғау мүмкіншілігіне ие болады. Бұл әдістің де өзіне тән кемшілігі бар : біріншіден, көп жағдайда адамдарға ауаның, судың ластануы туралы ақпарат белгілі болмайды; екіншіден, жағымсыз сыртқы әсерлерден шеккен зардаптардың салдарын дереу анықтау да қиынға түседі. Жағымсыз сыртқы әсер туғызған экономикалық субъектіні дәл анықтау оңай емес. Мысалы, улы қалдықтарды ауаға жергілікті кәсіпорын таратуы мүмкін немесе олар желмен басқа жақтан келуі де мүмкін; үшіншіден, көп жағдайда сот арқылы бұзылған құқықты қорғау үшін көп шығын жұмсауға да тура келеді; төртіншіден, қоршаған ортаны ластаудан зардап шеккен адамдардың саны өте көп болса, олардың бәрінің құқықтарын және талаптарын сот арқылы қанағаттандыру да мүмкін емес. Осындай жағдайда экологиялық апаттардан зардап шеккен адамдардың құқығын қорғау міндетін жергілікті басқару ұйымдары өз мойындарына алса, тиімді болар еді.
Сыртқы әсерлерді реттеуде, мемлекеттің әкімшілік әдістерін нарық механизмдерімен бірге қолданудың тағы бір жолы – ластау құқығының рыногін қалыптастыру немесе қалдықтарды лицензиялау. Лицензияға сұраныс әрбір кәсіпорынның өндіріс қалдықтарын жоюға кететін шекті шығынына байланысты болады. Егер шекті шығын өте жоғары болса, шығыны төмен кәсіпорындардан қосымша лицензия сатып алуға тура келеді. Қосымша лицензия сатып алу қымбатқа түсетін фирмалар қалдықтардың деңгейін азайтатын жаңа технологиялық әдістер іздеуге және оны өндіріске еңгізуге ынталы болады.
Сонымен, қазіргі кезеңде сыртқы әсерлерді
оның ішінде экологиялық проблемаларды
реттеудің әр түрлі әдістері қолданылады.
Олардың көмегімен жергілікті немесе
аймақтық деңгейде пайда болатын жағымсыз
әсерлерді тиімді реттеуге болады. Ал
ғаламдық сипат алып отырған экологиялық
проблемаларды шешу үшін жаңа ғаламдық
реттеу әдістері қажет.
Негізгі ұғымдар мен түсініктер:
Сыртқы
әсерлер. Шекті сыртқы шығын. Шекті
қоғамдық пайдалылық. Жағымды және
жағымсыз сыртқы әсерлер. Қалдықтарды
лицензиялау. Сыртқы пайдалылықты реттеу
субсидиялары.
Рефераттар тақырыбы:
1. Жағымды және жағымсыз сыртқы әсерлердің экономикалық мәні
2. Коуз-Стиглер
теоремасының мәні
Әдебиеттер:
1. Вериан Х.Р. Микроэкономика. Промежуточный уровень. Современный
подход, учебник М., 1997, гл. 35
2. Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Моргунов В.И. Микроэкономика М., 1996
гл.17
3. Долан Дж., Линдсей Д. Микроэкономика СП Б, 1994, гл.15
4. Емцов Р.Г., Лукин М.Ю. Микроэкономика, учебн. М., МГУ, 1999, гл.14.15
5. Курс экономической теории, уч. пособие под ред. А.В. Сидоровича,
М., МГУ, 1997. гл.18
6. Максимова В.Ф. Микроэкономика, учебник. М., 1996
7. Пиндайк Р., Рубинфильд Д., Микроэкономика, М., 2000, гл.17
8. Фишер С., Дорбнуш Р., Шмалнези Р., Экономика, М., 1995. гл.4
9. Экономическая
школа. 50 лекций по микроэкономике, т. 2.
лекция 45.
Информация о работе Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары