Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 20:25, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында жоғарғы оқу орындарын қайта құру кезеңінде оқу бағдарламаларында біршама өзгерістер болды. Соның нәтижесінде экономист мамандықтарын дайындайтын барлық жоғарғы оқу орндарында “Микроэкономика” пәні оқытыла бастады. Өйткені, нарықтық экономика кезінде енген бұл пән – негізгі базалық курстың бірі болып есептелінеді. Микроэкономика – экономикалық теориялық негізгі бір бөлімі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді.

Оглавление

Кіріспе................................................................................................................4
Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері..............................................5
Сұраныс және ұсыным икемділігі. Салықтың әсері....................................11
Тұтынушының іс әрекеті................................................................................15
Салыстырмалы статистика және сұранысты талдау....................................21
Үй шаруашылықтары тарапынан еңбек және капитал ұсынысы...............28
Өндіріс шығындары және технология..........................................................32
Бәсекелес фирмалардың пайдасын барынша арттыру................................39
Жетілген бәсеке нарығы.................................................................................46
Монополия және монопсония. Нарықтық билік..........................................49
Монополиялық бәсекелестік және олигаполия............................................55
Өндіріс факторлары нарығы..........................................................................61
Жалпы тепе-тендік..........................................................................................66
Қоғамдық игіліктер.........................................................................................70
Экстрналилер (сыртқы әсерлер)....................................................................73
Асимметриялы ақпараттар нарығы...............................................................81
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары............84

Файлы: 1 файл

Микроэкономика.doc

— 1.13 Мб (Скачать)

16 АСИММЕТРИЯЛЫ АҚПАРАТТАР НАРЫҒЫ 

Жоспар:

1. Асимметриялы (бір-біріне сай емес) ақпараттың маңызы. Нарықтық сигнал (белгі беру)

2. Әр түрлі рыноктағы асимметриялық ақпарат 

Әдістемелік кеңес:

     Бірінші сұрақты бастағанда біз микроэкономиканың қағидасы бойынша әр түрлі сападағы игіліктер – бұлар әр түрлі игіліктер және олар әр түрлі рыноктарда сатылатынын ұғуымыз керек. Бірақ, мынадай жағдай болуы мүмкін, мысалы сатып алушы өзінің сатып алған игіліктерінің сапасын бірден бағалай алмайды. Бұл дегеніміз сатып алушы нені алып жатқанын өзі білмейді. Мұның (заттың) сапасын ол кештеу, сол затты тұтынған кезде аңғарады. Мысал ретінде біз сатып алатын электр лампочкаларын алайық. Лампочкалар өздерінің тұтыну мезгілі бойынша әр түрлі болып келеді. Олардың қаншалықты сапалы жұмыс істегендерін, лампочкалардың істен шығу мерзіміне байланысты анықтауымызға болады.

Егер  тұтынушы тауарды сатып алып жатқанда бір-бірінен айырмашылығын білмесе, онда ол біркелкі тауар болады да, ол тауарға сұраныс бар деп есептелінеді. Тауар туралы ақпараттың аздағынан тұтынушы алған тауары туралы мәлімет білгенімен, бірақ нақты оның сатып алғысы келетін тауарының сапасын білмейді. Осыған байланысты сатып алушының тәуекелділігінің маңызы зор. Асимметриялық ақпараттың тапшылығынан тұтынушылар бейтарап тәуекелділікте болады.

     Егер  сатып алушылар алайын деп тұрған тауарының сапасын білсе, онда олардың сатып алуға деген ынтасы, әдеттегі сұраныс функциясымен көрсетілген болар еді. Ақпараттың шектеулігінен сатып алушы тек ғана рынокта қандай тауар бар, олардың сапасының үлесі қандай т.б. бірақ оның алайын деп тұрған тауары қандай сапаға жататынын білмейді. Оның қолында нарықтағы тауар туралы тек статистикалық (сынақ) ақпарат ғана бар. Бұл жағдайда сұраныс бағасы, әр түрлі сатыдағы ұсынылатын тауарларға сұраныс арқылы анықталады.

     Асимметриялы  ақпараттың екі түрі бар: жасырын  мінездеме және жасырын іс әрекет. Жасырын мінездеме – бұл нарықта қатысушы екі жақтың (сатып алушы мен сатушының) біреуі басқасына қарағанда қолында толық жасырын ақпаратқа ие. Жасырын іс әрекет – бұл қолында толық ақпараттары бар нарыққа қатысушы жақ өз тарапынан қолында ақпараты кем қарсылас жаққа қарағанда көп жасырын іс әрекет – қимыл жасайды.

     Осыған  байланысты төмендегіні айтуға болады. Жасырын мінездеме негізінен, нарықтық мәмленің қасиеттеріне байланысты болады. Мысалы кейбір игіліктер (заттар) бар олардың сапасын тұтынуға дейін-ақ  анықтауға болады, айталық қаламсап, сыртқы киім немесе аяқ киім. Сонымен қатар, кейбір игіліктер (заттар) болады, олардың сапасын тек сатып алып тұтынған кезде ғана анықтай аламыз.

     Айта  кетерлік нәрсе, біз үшінші түрлі ігіліктің бар екенін ұмытпайық – оның сапасын пайдаланып жатқан уақытта да анықтау мүмкін емес. Оған мысал ретінде дәрі-дәрмектер, косметикалық заттады жатқызамыз. Олардың сапасын сатушының айтқан мәліметімен анықтауға болмайды. Осыдан біз аңғарғанымыз соңғы екі түрлі игілік өзінен - өзі ақпараттағы асимметрияны тудырады.

     Кейбір  уақытта асимметриялық ақпарат  рыноктың қызмет істеуіне үлкен ықпал жасауы мүмкін. Сондықтан оны бір спецификалық (өзіне тән) нарықтық құрылым ретінде де қарастырып оны “Лимондар нарығы” деп атайды. Мұндай анықтаманы 1970 жылы американдық экономист Дж.А. Акерлоф еңгізді. Ол пайдаланылған автомобилдердің сапасын анықтаудың қиындығын, проблемасын көрсеткен. Жасырын кемшілігі бар игіліктерді Америкада “Лимон” деп атайды. Бұл “лимондар рыногінің” мәні мынада:

1) заттағы  жасырын мінездеменің болуы, ұятсыз іс әрекет жасауға итермелейді. Оны “жауапсыздық тәуекелділік” деп атайды.

2) жасырын  іс әрекет нарықтың жұмыс істеу механизмін бұзады. Мұны “негативті таңдап алу” деп атайды.

Сұрағымыздың  соңында нарықтық сигнал (белгі беру) туралы айтамыз. Мысалы, сатушы қолданылған автомобилін рынокта ұсынарда, өзінің тауары туралы және оның жоғарғы сапасы туралы қосымша белгі берсе, онда оның өзінің сататын автомобиліне жоғарғы баға сұрауына мүмкіндігі болады. Күшті сигнал болып кепілдік және келісілген шарт та болуы мүмкін. Сонымен қатар фирманың атақ – абыройы, маркасы, белгілері т.б. сигнал болып табылады. Сондай-ақ, сигналдың қатарына жұмыс істеушілердің білім деңгейі, оның сырт пішімі т.б. жатады.

     Тауардың  қызмет көрсету сапасын сіз бірінші  рет көріп, я бас сұғып отырып анықтау мүмкін емес. Бірақ, сіз нарықтық сигнал арқылы ол туралы біліп отыруыңыз мүмкін. Мысалы, қандай да бір ресторан немесе атақты фирмаға бағынышты демалатын орын, сонымен қатар бұрын жақсы аты шыққан көпшілік баратын орындар т.б. осының бәрін нарықтық сигнал арқылы біліп отырасыз.

     Екінші  сұрақта әр түрлі рыноктағы асимметрияық ақпаратқа тоқталамыз. Асимметриялық ақпарат барлық нарықтың түрінде кеңінен қолданылады. Бірінде көп, бірінде аз болуы мүмкін. Жоғарыдағы айтқанымыздай сатушылар өздерінің тауарлары туралы нақты ақпаратқа ие болса, сатып алушылар оны статистикалық тұрғыдан ғана біледі. Бұл тек тауар рыногіна тән десек те, ол еңбек рыногіне де тән болады. Мысалы, жұмысқа орналасушы өзінің мүмкіндігі туралы (білімі, кәсібі, қабілеті, физикалық күш – қуаты т.б.) толық білсе, ал жұмыс беруші бұл туралы статистикалық ғана ақпараты бар, оған белгілісі: жасы, жынысы, білімі және тағы да қосымша кейбір ақпарат болуы мүмкін. Жұмыс беруші жалақыны жұмыскерге оның қолындағы бар статистикалық ақпарат арқылы ғана бере алады. Ал оған беретін жалақының деңгейі жұмыс берушінің ойынша дұрыс деп есептейді. Бірақ, қойылған жалақы тек білімі төмен адамды ғана қанағаттандыруы мүмкін, бұл білімі жоғары жұмыскерлердің ойынан шықпауы мүмкін. Сондықтан жұмыс беруші осыларды еске отырып, өндіріс құрылымына өзгерістер еңгізуі керек.

     Басқа жағдай да болуы мүмкін. Мысалы алушының сатушыға қарағанда игілік туралы толық ақпараты болуы мүмкін. Бұған сақтандыру қызметі рыногін айтуға болады. Мысал ретінде құрылыс объектілерін өрттен сақтандыру копанияларын алайық. Сақтандыру фирмасының ойынша 1000 бір қабатты үйлерде жылына орташа бір өрт болып тұрады делік. Ал фирма болса орташа сақтандыру жарнасын құрылыстың 1/1000 жылдық жарна төлеу құнын белгіледі. Сөйтіп, сақтандыру фирмасының жинайтын жарнасы, үйлері өртенген адамдарға төлеуге толық жетеді деп ойлайық, сонда егер өрт бола қалғанда барлық шығынды өтеуіне толық мүмкіндік туады.

     Шын мәнінде, тұрғындардың өздері үйін өрттен сақтандыру керек, я керек еместігін шешеді. Мысалы, А. деген адам пысық, жауапты, сонымен қатар ол осы үйдегі электр жүйесінің жұмысына жауапты кісі делік. Ол үшін өрттің болу мүмкіндігі 1/1000 жағдайдан төмен. Егер ол тәуекелділіктен қашатын болса, сақтандыру шарты оған ұнамайды, сол үшін ол мүмкіндігінше үйін сақтандыруға бармайды. Ал Б. – деген азамат керісінше, алаңғасыр, ұмытшақ, газ плиткасына қойған шәйнегін ұмытып, төсегінде жатып шылым шегеді т.б. делік. Сонымен қатар оның көршілері де өзі сияқты оңбаған, өрттің болуына көп мүмкіндіктер жасайтындар дейік. Сонда Б. – деген адамға өрттің болу мүмкіндігі 1/1000 ден жоғары болады, сөйтіп ол өз үйін сақтандырады. Бұл жерде өрттің болу мүмкіндігін білу керек. 

Негізгі ұғымдар мен түсініктер:

Асимметриялық ақпарат. Тәуекелділікке байыпсыздық. Дисперсия. Сақтандыру. Сигнал беру. 

Рефераттар  тақырыбы:

1. Нарық  және асимметриялық ақпарат.

2. «Лимондар»  рыногы 

Әдебиеттер:

1. Вериан Х.Р. Микроэкономика. Промежуточный уровень. Современный

    подход. учебн. М. 1997. гл.36,38.

2. Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Моргунов В.И. Микроэкономика, т.2,

   гл.17

3. Долан Дж., Линдсей Д., Микроэкономика  СПБ. 1994, гл.15

4. Курс экономической теории. Учебн. пособие, Под ред. А.В Сидоровича.

    М., МГУ, 1997. гл. 19, 20

5. Макконнелл К., Брю С., Экономикс т.2 гл.33,36

6. Нуреев Р.М. Курс микроэкономики. учебн. М., 2001, гл 12

7. Тарануха Ю.В. Микроэкономика М., 2006. гл. 13

8. Экономическая школа. 50 лекций по микроэкономике т. 2., лекция 49. 

                 

17 СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРУГЕ

АРНАЛҒАН  ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ 

1.Төмендегілердің қайсысын микроэкономика пәні оқытады:

A) Тұтас экономика масштабындағы өндіріс.

B)  Экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны.

C) Жалпы баға  деңгейі.

D) Қант өндірісі, оның баға динамикасы.

E) Жұмыссыздық  мәселесі. 

2. Қайсысы рыноктық  экономикасы белгісі бола алмайды:

A) Бәсеке.

B) Орталықтан жоспарлау.

C) Жеке меншік.

D) Кәсіпкерлік  еріктілік таңдау.

E) Пайда алу мотиві. 

3. «Бәсекелі  рынок» түсінігіне қайшы  не:

A) Көп сатушылар  саны.

B) Рынок туралы  ақпараттың еріктілігі.

C) Монополист-жалғыз  сатушы.

D) Салаға өндірушілердің  кіру жеңілдігі.

E) Барлық жауаптар дұрыс . 

4. Әр тұтынушының  нақты тауарға  жеке сұраныстарының сомасы:

A) Сұраныс.

B) Сұраныс көлемі.

C) Рыноктық  сұраныс.

D) Сұраныс өзгерісі.

E) Барлығы дұрыс. 

5. Сұраныс графигі  нені бейнелейді:

A) Баға мен  сұраныс көлемі арасындағы кері байланыс.

B) Баға мен  сұраныс көлемі арасындағы тура  байланыс.

C) Баға мен  сұраныс көлемі арасындағы оң  байланыс.

D) Рыноктағы  баға өзгерісінің динамикасы.

E) Рыноктағы  сауда көлемінің динамикасы. 

6. Ұсыныс графигі  нені бейнелейді:

A) Баға мен  ұсыныс көлемі арасындағы тура байланыс.

B) Баға мен  ұсыныс көлемі арасындағы кері  байланыс.

C) Баға мен  сұраныс көлемі арасындағы оң  байланыс.

D) Рыноктағы  баға өзгерісінің динамикасы.

E) Рыноктағы  сауда көлемінің динамикасы. 

7. Баға 500 теңге  болғанда сұраныс көлемі 300, ұсыныс көлемі 150, баға 1000 теңге болғанда сұраныс көлемі 220, ұсыныс көлемі 220, баға 1200 болғанда сұраныс көлемі 180 бірлік, ұсыныс көлемі 220 бірлік. Тепе-теңдік баға мен сауда көлемін анықтаңыз.

A) P=1000; Q=220.

B) P=1200; Q=180.

C) P=500; Q=300.

D) P=700; Q=250.

E) P=1300; Q=15 P=1000; Q=220. 

8. Өнім бағасының  өсуі:

A) Сұраныс көлемінің  қысқаруына әкеледі.

B) Сұраныс қисығын  оңға орын ауыстырады.

C) Сұраныс қисығын  солға орын ауыстырады.

D) Тұрмыс-жағдайды  жоғарылатады.

E) Кірісті өсіреді. 

9. Біреуінің  бағасының өсуі екіншісінің сұранын  өсіретін тауарлар жұбы:

A) Бірін-бірі  алмастырады.

B) Бірін-бірі  толықтырады.

C) Бейтарап.

D) Ешбір жауап  дұрыс емес.

E) Барлығы дұрыс. 

10. «Dilmah», «Lipton»  шайларын қарастырайық. «Lipton» бағасы  өсті. «Dilmah» шайына деген сұраныс қалай өзгереді:

A) «Dilmah» шайына  деген сұраныс өседі.

B) «Dilmah» шайына  деген сұраныс қысқарады.

C) «Lipton» бағасы  өскеніне байланысты,«Dilmah» шайына  деген сұраныс өзгермейді.

D) «Dilmah» шайының  бағасы өседі.

E) «Dilmah» шайының бағасы төмендейді. 

11. Мемлекет  шығарылатын тауарларға қосымша салық енгізді. Ұсыныс графигі қалай өзгереді:

A) Ұсыныс қисығын  солға орын ауыстырады.

B) Ұсыныс қисығын  оңға орын ауыстырады.

C) Өндірілген  тауар бағасы төмендейді.

D) Өндірілген  тауар бағасы арзандайды.

E) Сұраныс қисығы  жасайтын бұрыш өзгереді. 

12. Егер сұраныс  ұсыныстан үлкен болса:

A) Тапшылық.

B) Артықшылық.

C) Инфляция.

D) Профицит.

E) Тепе-теңдік.

Информация о работе Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары